Әнәс (р.а.):
Сағд ибн Убаданың үйіне қонаққа барған
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Сағд ерекше құрмет көрсетіп, дастарханға нан мен
зәйтун майын қояды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) дастархандағы дәмнен ауыз
тиіп: «Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын.
Дастархандарыңнан әрдайым салиқалы, тақуа жандар
дәм татсын*. Періштелер сендер үшін Алладан
рақым, жарылқау тілеп дұға жасасын», – деп бата
берді», – деген.
(
Әбу Дәуіт, атғимә 54)
* Ораза ұстаған адамға ауызашар беру, салиқалы
жандарды тамақтандыру аса сауапты іс.