Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі қолын қос
иығыма қойып тұрып: «Бұл дүниеде, бір жерде
уақытша ғана жүрген жат елдік адам немесе
жолаушы секілді болғын», – деп айтты», – деген.
Осы хадисті риуаят етуші: «Ибн Омар: «Кеш
батқанда таңға дейін көрер күнім бар ғой деп,
таңның атуын және таң атқанда кешке дейін өмір
сүрермін деп кештің батуын күтпе. Денсаулығың
барда ауырып, науқастанатын шағыңды, көзіңнің
тірісінде де о дүниелік болатыныңды ойлап,
сауапты істерді көбірек істеп қалғын», – деп жиі
айтатын еді», – деген».