Рамазан айының оразасы...

30 views
Skip to first unread message

Rasulullah.kz

unread,
May 31, 2016, 9:19:34 PM5/31/16
to rasulu...@googlegroups.com

0
عَنْ أَبي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّٰهِ ﷺ: «قَالَ اللّٰهُ: كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلَّا الصِّيَامَ فإِنَّهُ ليِ وَأَنَا أَجْزي بِهِ. وَالصِّيَامُ جُنَّةٌ فَإِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَصْخَبْ فَإِنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ: إِنّي صَائِمٌ. وَالَّذي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللّٰهِ مِنْ ريحِ الْمِسْكِ. لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ يفْرَحُهُمَا: إِذَا أَفْطَرَ فَرِحَ بِفِطْرِهِ وَإِذَا لَقِيَ رَبَّهُ فَرِحَ بِصَوْمِهِ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ұлылығы шексіз Алла тағала: «Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық істері (құлшылықтары) өзіне*. Ал оразаның жөні бөлек, өйткені ораза Менің разылығым үшін ұсталады, сондықтан оның қарымын (сауабын) Өзім беремін», – деген. Ораза – (иесін күнәлардан, тозақтан қорғайтын) қалқан. Кім болса да, ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін. Егер оған біреу тіл тигізсе, не болмаса онымен ұстасып, төбелеспек болса, оған: «Менің аузым берік!» – деп ескертсін. Мұхаммедтің жанын уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Ораза ұстаушының аузынан шыққан жағымсыз иіс Алла тағаланың құзырында мисктен (хош иісті әтірден) де жұпары болып табылады. Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанда, ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағаны үшін қуанады», – деп айтты», – деген.
(Бұхари, саум 9; Муслим, сиям 163)
* Яғни, оразадан өзге намаз, зекет, қажылық сынды құлшылықтар қандай ниетпен өтелсе де, адамдардың көз алдында атқарылады. Алайда, оразаның жөні бөлек, “мен ауыз бекіттім”, деген кісінің ниетінің шынайылығы Бір Аллаға ғана мәлім.
1
2 3


Virus-free. www.avast.com
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages