Сәһл ибн Сағд әс-Сәғиди (р.а.): «Бірде
сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Алланың елшісі!
Мені Алланың һәм адамдардың сүйіспеншілігіне
бөлейтін бір істі айтыңызшы», – деп өтінді.
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм): «Дүниеге құмар болма, сонда Алланың
сүйіспеншілігіне бөленесің. Ел-жұрттың қолына
қарап телмірме, сонда адамдар да сені жақсы
көреді», – деп айтты», – деген .