Хаким ибн Хизам (р.а.) жеткізген хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Жоғары (береген) қол төмен (алаған) қолдан
әлдеқайда қайырлы. Беретініңді алдымен өзің
бағып-қағуға міндетті жандардан баста. Садақаның
қайырлысы – артылған дүниеден берген садақа.
Кімде-кім харамнан тыйылып, арын таза ұстауға
тырысса, Алла оны арлы қылады*. Ал кімде-кім
қолда барға қанағат қылып, ешкімге зәрулік
танытпаса, Алла оның көңілін тоқ қылады», – деп
айтты» – делінген.