Әбу Сайыд (р.а.):
«Бірде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм): «Сырнай ұстаған періште* сырнайды
аузына тақап, «үрле» деген бұйрыққа құлағын
түріп, дайын тұрған кезде, мен қалайша (жалған
дүниенің) қызығына батайын?» – деген еді. Бұл
сөздер сахабаларға өте ауыр тигендей болды. Соны
байқаған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) оларға: «Бізге Алланың мейірімі,
кеңшілігі жетеді, Ол қандай керемет Қамқоршы деп
Аллаға мадақ айтыңдар», – деді», – деген .