Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында,
Алла тағала адал садақаны ғана қабыл алады.
Кімде-кім адал табысынан бір ғана құрманың
бағасындай мөлшерде садақа берсе, Алла тағала ол
садақаны оң қолымен* қабыл алады. Содан соң,
қайсыбіріңнің мініс тайын баптап өсіргені
секілді, Алла тағала да, адал садақаның
берекесін арттырып, берген адам үшін таудай
сауапқа айналдырады», – деп айтты» – делінген.
(Бұхари, зәкәт 8/тәухид 23; Муслим, зәкәт 63)
* Яғни, міндетті түрде қабыл алады.