|
Бұл хат ұзын. Көне грек философтары «Мадум (жоқтық) бар болмайды. Ал бар болмыс жоқ болмайды» деген. [Қазіргі заманымыздағы ғылымдағы фанатиктер де осылай айтады. Бұл сөз ислам дініне қайшы болғандықтан, осылай айтатындарға ілгерішіл дейтіндер бар. Мұсылмандар «барлық нәрсе жоқ еді. Аллаһу та'ала барлық нәрсені жоқтан бар қылды» дегендіктен мұсылмандарға керітартпа деп кемсітпек болатындар да бар]. Олар мұны қияли ойларымен айтады. Барлық нәрсені жоқтан бар қылу және бар кезінде жоқ қылу Аллаһу та'аланың шексіз құдіретінің алдында өте оңай. [1209 (м.1794) жылы француз революционерлер өлім жазасына тартқан француз химигі Лавуазье де химиялық реакцияларында заттың жоқ болып кетпегенін көріп, «табиғатта ештеңе жоқ болып кетпейді және еш нәрсе жоқтан бар болмайды» деді. Барлық нәренің химиялық реакцияларға бағынышты екенін ойлап осылай айтты. Өздерін ілгерішіл, ал мұсылмандарды керітартпа дейтін кәпір ғылым фанатиктері Лавуазьенің бұл сөзін дәлел ретінде қолданып, еш нәрсе жоқтан бар болмаған деген сөзді ұран етіп мұсылман шәкірттерін алдады. 1955 жылы өлген неміс физигі Эйнштейн заттың жоқ болып энергияға айналғанын дәлелдегенде әлгі фанатиктер абдырап қалды. Үндері өшті. Аллаһу та'аланың тек химиялық реакцияларға бағынышты екенін ойлайтын осы ақымақ ілгерішілдер ислам дініне тиісуге қазір басқа себептер іздеп жүр]. Бүкіл діндер әлемнің жоқтан бар етілгенін бір ауыздан айтуда, бұған сенбейтіндерге кәпір деуде. «Мәриәм» сүресінің 67-ші аятында: «Адам ойланбай ма, біз оны жоқтан бар еттік қой» делінген. Тәфсир ғалымдарының бас тәжі Қазы Абдуллаһ Бәйдауи «Әнуарут-тәнзил» атты тәфсирінде: «Аллаһу та'ала адамды жоқтан бар қылды» деген. Әр уақытта барлық нәрсе жоқтан бар етілмесе, Аллаһу та'ала жұмыссыз, күшсіз болуы қажет болады. Аллаһу та'ала әр затты жоқтан бар қылғаннан кейін әрқайсын әр мезетте бар қылып ұстап тұр. Сондықтан ешбір зат өздігінен жоқ болып кете алмайды. Заттардан денелер пайда болады. Сипаттары әрдайым өзгеріп тұрады. Бұлардың бәрін істейтін тек қана Аллаһу та'ала. Тек қана Аллаһу та'ала және Оның сипаттары мәңгі бар. Жоқ кезде кейіннен бар қылынған жоқ, әрі ешқашан жоқ болмайды. Әлем, яғни барлық болмыс жоқ кезде илми илаһиде бар еді. Илми илаһиде бар болғандар «А'яни сабитә» және осы бар болуға «Субути әшия», сыртта бар болуға «Вужуди әшия» деп аталған. Абдият, құлдық Аллаһу та'алаға сену және Оны жақсы көру деген сөз. Мұның белгісі ислам дініне бағыну және бидғаттардан сақтану. Барлық нәрсенің жоқ кезде өте керемет реттілікпен, есеппен жаратылғанын көріп жүрміз. Мысалы адамның бүкіл мүшелері ретті және есепті жаратылған. Бұл жағдай барлық нәрсені шексіз білім мен құдірет иесінің жаратқанын көрсетеді.
ЕКІНШІ ТОМ, 89-шы ХАТ Әр түрлі жұмыстармен әуре болсаңыз да ықыласқа қол жеткізуді қалауыңыз бізді қуантты. «Беруді қаламаса, қалауды бермес еді» делінген. Науқас адам өз ауруын дәрігерге айтуы керек. Фәйздің қайнар көзі Расулуллаһ. Бірақ арашылар арқылы келген кезде ауысады. Ғұламаларымыздың жолында фәйзге жету үшін мүршидтің сұхбатына үздіксіз қатысу шарт. Мүршидтің жүрегінен талапкердің жүрегіне махаббаты мен қабілетіне қарай фәйз келеді. Мүршид таба алмайтын болса бұрынғы мүршидтердің бірінің кітаптарын оқып, оны жақсы көргені шамасында оның рухынан фәйз алады. Увәйс Қарни [яғни Уәйсәл Қарани хазрет] Расулуллаһты көре алмай, алыстан фәйз алып, үлкен әулие болды, дегенмен асхаби кирамның ешбірінің дәрежесіне жете алмады. Табииннің ең үстемі болды. Тасаууфшыларға деген махаббатыңыз үлкен ниғмет. Бұл ниғметтің қадірін біліңіз! «Әр адам сүйгенімен бірге болады» хадис шәрифі бізге сүйінші. Сүйіктілеріміздің жүректерінен нәр алатынымызды сүйіншілейді. Ғибадаттарды орындауға аса мән беріңіз! Музыкамен, ойын-сауықпен құнды уақытыңызды зая етпеңіз! Дүниеде қонақ екенімізді, қабір мен қиямет азаптарын көп ойлаңыз. Құтылудың исламды ұстануда және бидғаттардан сақтануда екенін ұмытпаңыз! Бидғатшылармен және мазһабсыздармен достық құрмаңыз! Олар – дін ұрылары. Адамның дінін, иманын ұрлайды. Исламға бағынуда немқұрайлы қарайтын шәйхтарға, тариқатшыларға алданбаңыз! [Рафизилерден, уаһһабилерден, олардың кітаптарынан, радио мен теледидардағы бағдарламаларынан сақ болыңыз]. Ешкімге шағымым жоқ, жылаймын тек өз күйіме, Дірілдеймін қылмыскердей, қарағанда келешегіме! (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |