ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 172

6 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 14, 2022, 11:45:37 PM10/14/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ӘЛИ РИЗА (радиаллаһу анһ)

Имам Әли Риза Имам Мұса Казымның ұлы. Он екі имамның сегізіншісі. Күнясі әкесінің күнясі секілді Әбул Хасан. Әкесі «Өз күнямді оған сыйладым» деген. Лақабы «Риза». Әкесінен «Халифа Мәмун оған разы болғандықтан ұлыңызды Әли Риза лақабымен шақырасыз ба?» деп сұралғанда жауап ретінде: «Жоқ, Аллаһу та'ала және Расулы (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) одан разы болғандықтан. Осылайша осы лақаппен аталарына байланыстырылған болады. Өйткені оған ергендер одан разы болғанындай, қарсыластары да одан разы» деді. Әкесі Мұса Казым (радиаллаһу анһ) «Ұлымды Риза деп шақырыңдар» дейтін. Ал өзі «Йа, Әбул Хасан» деп шақыратын. Атасы Жафәр Садықтың (радиаллаһу анһ) қайтыс болуынан бес жыл өткен соң, хижреттің жүз елу үшінші жылы, рабиул ахир айының он бірінші бейсенбі күні Мәдинада дүниеге келді. Туылған күні бұдан басқаша да айтылған. Екі жүзінші жылы рамазан айының жиырма бірінде, жұма күні Тус қаласында қайтыс болды. Мүбәрәк қабірі Харун Рашидтың қабірінің құбыла тарапында орналасқан.

Анасы күң еді және танымал есімі Нахима. Нахима – Мұса Казымның (радиаллаһу анһ) анасы Хамиданың күңі еді. Хамида түсінде Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрді. Расулуллаһ оған түсінде «Нахиманы ұлың Мұсаға бер. Жақында өз дәуірінің адамдарының ең үстемі болатын ұлдары болады» деді. Имам Әли Ризаның (радиаллаһу анһ) анасы былай айтып берген: «Оған жүкті кезімде мүлде ауыртпалық сезбейтінмін. Ұйықтаған кезімде ішімнен тәсбих пен тахлил дауыстарын еститінмін. Мені үрей мен сұс басатын. Оянғанымда ешқандай дауыс естімейтінмін. Әли Риза туылған кезде қолдарын жерге қойып, басын аспанға көтерді. Сөз сөйлейтін және дұға ететін адамдай мүбәрәк еріндерін жыбырлататын».

∙ Имам Әли Ризаның әкесі Мұса Казымның (радиаллаһу анһума) үлкен шәкірттерінің бірі былай айтып берген: «Бір күні Мұса Казым (радиаллаһу анһ) менен «Батыстық саудагерлерден келгендер болды ма?» деп сұрады. «Білмеймін» деп едім, «Келді» деді. Бірге атқа мініп бардық. Батыстық бір саудагерді таптық. Бізге жеті күң көрсетті. Ол ешбірін қабылдамай «Тағы біреуін көрсет» деді. Батыстық саудагер «Бір күң бар, бірақ ол ауру» деп оны көрсетпеді. Ертеңіне Мұса Казым хазрет мені жіберіп, «Қанша сұраса да, сол ақшаға әлгі күңді сатып алып кел» деді. Мен бардым, саудагер «Пәлен ақшадан төмен бермеймін» деді. Мен «Онда сол ақшаға сатып алдым» дедім. Саудагер «Болды, саттым» деді. Менен «Кеше сенімен бірге келген адам кім еді?» деп сұрады. «Хашим ұлдарының бірі» деп едім, «Қай тайпадан?» деп сұрады. Мен «Бұдан артық ештеңе білмеймін» деп айтпай қойдым. Саудагер маған «Саған бір нәрсе айтайын, бұл күңді мен батыстағы қалалардың ең алыс жерінен сатып алдым. Әһли кітаптан бір әйел бұл күңді көрсетіп менен «Бұл кімдікі?» деп сұрады. Мен «Өзіме сатып алдым» деп едім, «Жоқ, бұл күң сенікі болатындай қабілетте емес. Ол жер жүзінің ең жақсы адамының қасында болады» деді» деп айтып берді. Саудагердің бұл айтып бергендерін тыңдаған соң ол күңді Мұса Казым хазретке апардым. Ол күңнен Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) дүниеге келді».

∙ Имам Әли Ризаның әкесі Мұса Казым (радиаллаһу анһ) былай айтып берген: «Түсімде Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрдім. Әмир-ул мүминин хазреті Әли (радиаллаһу анһ) та алдында еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Әли, сенің бұл ұлың Аллаһу та'аланың нұрымен қарайды. Сөздері хикметті және әрбір ісі оңды. Ол қателік жасамайды, ол ғалым. Білім мен хикметке толы» деді».

Имам Әли Ризаның (радиаллаһу анһ) оқиғалары мен қасиеттері ел арасында ауыздан ауызға жетіп танымал болған және кітаптарда жазылған. Шексіз қасиеттері мен оқиғаларын теңіздің бір тамшысындай осында бірнешеуін қысқаша баяндаймыз.

∙ Халифа Мәмун Имам Әли Ризаны (радиаллаһу анһ) өзіне ізбасар қылды. Мәмунмен көріскісі келген кезде қызметшілер мен қарауылдар оны кездестіретін. Мәмун отыратын жердің есігінде асулы тұрған пердені көтеретін. Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) ішке кіретін. Алайда қызметшілер оған қарсы еді. Бір күні өзара оны кездестірмеуге және есіктегі пердені көтермеуге шешім қабылдады. Имам Әли Риза келді. Бәрі отырған еді. Амалсыздан орындарынан тұрып, қарсы алып, пердені көтерді. Кейін «Біз неге олай істедік?» деп қарсы алмауға және пердені көтермеуге қайтадан келісіп алды. Бір күні Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) тағы келді. Қарауылдар мен қызметшілер орындарынан тұрып, сәлем берді. Бірақ пердені көтеруге асықпады. Сол мезетте Аллаһу та'ала жел жіберді. Жел пердені олардан бұрын көтерді. Имам Әли Риза ішке кірді. Жел тоқтады. Сыртқа шығатын кезде қайтадан жел тұрып, пердені көтерді. Қарауылдар бұл жағдайды көріп, «Аллаһу та'ала қадірлі еткен адамды ешкім төмен қыла алмайды» десті және одан кейін күнделікті әдеттерін жалғастырды.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages