Миғраж түні мүбәрәк болсын!

4 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jan 15, 2026, 12:50:01 AMJan 15
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01DB6F40.FF3B2D60

Миғраж түні

Бүгінгі түн, яғни 15 қаңтардан 16 қаңтарға (бейсенбіден жұмаға) қараған түн – Миғраж түні. Барша мұсылмандарды қасиетті Миғраж түнімен құттықтаймыз!

Ражаб айының 27-түнін «Миғраж түні» деп атайды. Миғраж «баспалдақ» деген сөз. Жәбрейіл алейһиссалам келіп, пайғамбарымызды 52 жасында Ражаб (Ережеп) айының 27-ші түнінде Меккедегі Мешіт Харамнан Құдыстағы (Иерусалим) Мешіт Ақсаға және одан аспанға алып кетті.

Ислам ғалымдары былай дейді: «Миғраж рухпен және денемен бірге жүзеге асты. Аятпен көрсетілгендіктен, Меккеден Құдысқа апарылғанына сенбеген адам кәпір болады. Көктерге, білінбейтін жерлерге апарылғанына сенбеген адам күнәһар болады».

Расулуллаһ Миғражда жұмақты, тозақты, сансыз жерлерді көріп, күрси, арш және рух әлемдерінен өтіп, мекенсіз, уақытсыз, бағытсыз, сипатсыз түрде Аллаһу та’аланы көрді. Ешкім білмейтін, түсіне алмайтын ниғметтерге бөленіп, бір сәтте Құдысқа, ол жерден Мекке-и Мүкаррамаға келді.

Миғражда бес уақыт намаз парыз болды. Миғраждан бұрын тек таң және екінді намаздары ғана бар болатын. Миғраж түнінде шам намазы 3 рәкат, басқа намаздар 2 рәкат парыз болды. Мәдина-и Мунаууарада екінші бұйрық арқылы таң мен шамнан басқасы 4 рәкатқа арттырылды. Хижраның 4-ші жылы бұлар жолаушы үшін 2 рәкатқа түсірілді. Азан шақыру да хижреттен бұрын Меккеде Миғраж түнінде басталды. Хижраның 1-ші жылы намаз уақыттарын хабарлау үшін азан шақыру бұйырылды.

Миғраж оқиғасы арқылы мұсылмандардың имандары күшейді, кәпірлердің дұшпандығы артты. Кәпірлер сенбей «Мешіт Ақсаның қанша есігі, қанша терезесі бар?» деген сияқты сұрақтар қойды. Пайғамбарымыз Миғражда бұларға мән бермеген болатын. Сол сәтте Жәбірейіл алейһиссалам Мешіт Ақсаны Оның көз алдына алып келді. Ол соған қарап жауап берді.

Миғраж түнін ғибадатпен, күнін оразамен өткізу керек. Бұл туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бұл түнде жақсы амал жасаған адамға жүз жылдық сияпат бар». (И. Ғазали, Әбу Мұса әл-Мәдәни).

«Ражаб айының 27-ші күні ораза тұтқан адамға 60 жылдық ораза сауабы беріледі». (И. Ғазали, Әбу Мұса әл-Мәдәни).

Бұл қасиетті түнде қаза намаздарды оқу, Құран кәрімді оқу керек, тәубе етіп, дұға жасау керек, ғалымдарға бару, сұхбаттарына қатысып ілім алу қажет, мұсылмандарды, кедейлерді қуантып, садақа беру керек, дүние мен ахирет бақытын тілеп барлық мұсылмандарға дұға ету керек. Сауабын өлілерге бағыштау қажет.

Барлық қасиетті түндер аса қадірлі, бірақ Миғраж түнінің ерекше құндылығы бар. Бұл түн қасірет пен қуаныш бір мезгілде көрініс тапқан түн. Пайғамбарымыз бір ай бойы Таифте Ислам дінін уағыздады, ешкім Оған сенбеді, тіпті мазақ қылып, балаларға тас лақтырғызды.

Ренжулі күйде қайтып келе жатып бір баудың шетіне отырып, біраз демалды. Аддас есімді баудың бағбаны (қызметшісі) жүзім әкеліп берді. Пайғамбарымыз «Бисмилләһиррахманиррахим» дегенінде Аддас таңқалып «Бұл сөзді бұл жерлерде әлі естімедім» деді. Пайғамбарымыз «Сен қайдан боласың?» деп сұрағанында «Нинауаданмын» деді. «Бауырым Юнустың өлкесінен екенсің, ол да мен секілді пайғамбар еді» деді. Аддас «Юнус туралы бұл жақтағылардың ешқайсысы білмейді, бұл көркем жүзді, көркем сөзді кісінің өтірікші болуы мүмкін емес» деп иман келтірді, «Мен де сізбен бірге кеткім келеді» деді. «Қазір сен осында қал, жақында есімімді барлық жерде еститін боласың, сонда кел» деп бұйырды. Бір ай бойы ешкім сенбеген еді, жолда қайтып келе жатып бір кісі иман етті.

Түнде көкесінің (әкесінің ағасының) қызы Уммиханидің үйіне келді. Уммихани «Келетініңізді хабар бергеніңізде жейтін ас дайындап қояр едім, енді қазір беретін ештеңем болмай тұр» деді. Пайғамбарымыз «Ішіп-жеу ойымда жоқ, Раббыма ғибадат ететін жер болса, маған жеткілікті» деді.

Аллаһу та’ала Жәбрейіл алейһиссаламға «Сүйіктім осындай жағдайда да маған жалбарынуда, қатты ренжулі күйде, оны мен қуантайын, бар, сүйіктімді маған алып кел!» деп бұйырды. Пайғамбарымыз алдымен Ақса мешітіне келді, бүкіл пайғамбарларға имам болды. Кейін көктерге көтерілді. Аллаһу та’аланы белгісіз, түсініксіз түрде көрді. «Йа Раббым, үмбетіме де осыны қалаймын» деді. Сонда бес уақыт намаз бізге Миғраж ретінде берілді.

Пайғамбарымыз Миғраж оқиғасын былай баяндап берген: «Маған берілген Бураққа (жәннат жануарына) мініп Бәйтул-Мақдиске (Ақса мешітіне) келдім. Оны бұрынғы пайғамбарлар байлайтын алқаға байладым, кейін мешітке кіріп, екі рәкат намаз оқып шықтым. Хазреті Жәбрейіл бір ыдыста шарап (жәннат сусынын) және тағы бір ыдыста сүт алып келді. Мен сүтті таңдадым. Жәбрейіл «Жаратылысқа сай болғанын таңдадың» деді. Кейін бізді 1-ші қабат аспанға алып шықты. Аспан қақпасында «Сен кімсің?» деген дауыс келді. «Жәбрейілмін» деді. «Жаныңдағы кім» делінгенде «Мұхаммед алейһиссалам» деп жауап берді. «Ол пайғамбар болып жіберілді ме?» делінді. Жәбрейіл «Иә» деп жауаптады. Кейін аспан есіктері ашылып, хазреті Адаммен кездестім. Маған сәлем беріп, қайырлы дұғалар етті. 2-ші қабат аспанға көтерілдік. Ол жерде де алдыңғы секілді сұрақтар мен жауаптар өтті. Кейін есік ашылып, мұнда хазреті Иса және хазреті Яһиямен кездестім. Олар да маған сәлем беріп дұға етті. 3-ші қабат аспанға шыққанда да алдыңғы сөздер қайталанды. Есік ашылып хазреті Юсуфты көрдім. Ол да дұға етті. 4-ші қабат аспанға көтерілгенде де сол сөздер айтылды. Есік ашылып, хазреті Идристі көрдім. Ол да дұға етті. 5-ші қабат аспанға көтерілдік. Алдыңғы сөздер айтылып, есік ашылды. Хазреті Харунмен кездестім, ол да дұға етті. 6-шы қабат аспанға шықтық. Тағы сол сұрақтардан кейін есік ашылды. Хазреті Мұсаны көрдім, ол да сәлем беріп, дұға етті. 7-ші қабат аспанға шыққанда да сол сұрақтар қайталанып, есік ашылды. Арқасын Бәйтул-мамурға сүйеген хазреті Ибраһимді көрдім. Ол да дұға етті. Кейін Жәбрейіл алейһиссалам мені Сидрат-ул Мунтаһаға алып барды. Аллаһу та’ала күніне 50 уақыт намаз оқуды парыз қылды. Хазреті Мұсаның қасына келгенімде 50 уақыт намаз парыз қылынғанын айттым. «Раббыңнан азайтуын сұра, үмбетің әлсіз, бұған шамасы жетпейді, мен бұдан бұрын адам баласын сынап көргенмін, тәжірибем бар» деді. Осылайша бірнеше рет Раббымның алдына барып азайтуын сұрадым. Соңында Раббым былай деп бұйырды:

«Ей сүйіктім, бес уақыт намазды парыз қылдым. Әр уақыт үшін он сауап бар. Осылайша елу уақыт намаз болады». (Мүслим).

Пайғамбарымыз Уммиханиге Миғражын айтқанында «Мұны ешкімге айтушы болма, бұған ешкім сенбейді, сеніп жүргендер де бастартады» деді. Пайғамбарымыз болса «Айтуым керек, сенбейтіндер кейін де бастартады, шіріген тастардың үстіне ғимарат салынбайды, бастартатындары қазірден бастап шықсын, беріктері қалсын» деді. Ақыл тоқтады, уақыт тоқтады, барлық нәрсе тоқтап, иман басталды. Пайғамбарымыздың мүлдем өтірік айтпайтындығын мүшриктер де білетін еді. «Жәннатты, тозақты барып көргендер бар ма екен?» деп сұрайтындар шығып жатады. Иә, бар. Кім бар? Өмірінде мүлдем өтірік айтпаған Мұхамед алейһиссалам бар.

Пайғамбарымыз Миғраж оқиғасынан кейін Қағбаның жанына барып, халыққа Миғражды айтып берді. Мұны естіген кәпірлер оны мазақ қылды: «Мұхаммед ақылынан адасыпты» десті. Мұсылман болуға ниеттеніп жүргендер де райларынан қайтты. Кәпірлердің біразы қуанып, Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) үйіне барды. Өйткені оның ақылды, тәжірбелі және абыройлы саудагер екенін бәрі білетін. Олар: «Ей, Әбу Бәкір! Сен Құдысқа көп барасың. Меккеден Құдысқа барып келуге қанша уақыт кетеді?» деп сұрады. Әбу Бәкір: «Бір айдан көп» деп жауаптады. Кәпірлер бұған қуанып: «Ақылды адамның сөзі осындай болады» деді. «Сенің досың Құдысқа бір түнде барып келдім дейді» деп, Әбу Бәкірге құрмет көрсетті.

Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың атын естіген соң: «Егер Ол айтса, дұрыс айтқан, сенемін! Бір сәтте барып келген!» деп ішке кірді. Кәпірлер не болғанын түсінбей қалды. Кейін: «Әй, Мұхаммед, қандай сиқыршы едің, Әбу Бәкірді сиқырлап тастапты» деді.

Әбу Бәкір дереу киініп, Расулуллаһтың қасына барды. Топ адамның арасында тұрып: «Йа, Расулаллаһ! Миғражыңыз құтты болсын! Аллаһу Та’алаға шексіз шүкіршілік етемін. Бізді сіз сияқты ұлы пайғамбарға қызмет етуді бұйырды. Сіздің  жарқын жүзіңізді көріп көңілді жаулайтын сөздеріңізді естуді бұйырды. Ей, Расулаллаһ, сіздің барлық сөзіңіз шын, ақиқат. Мен сенемін. Жаным сізге пида» деді. Әбу Бәкірдің сөзіне кәпірлер таңқалды. Айтатын сөз таппай, тарай бастады. Күмәні бар, иманы әлсіз адамдардың жүрегіне сенім ұялатты. Расулуллаһ сол күні Әбу Бәкірге «Сыддық»  деген есім тақты.

Миғражда сан алуан хикметтер бар. Намаз оқымайтын адам миғраждан мақұрым қалады. 1400 жыл бойы жалғасып келген ешқандай оқиға жоқ. Ал миғраж оқиғасы 1400 жыл бойы жалғасып келеді. Миғраж – ақыл тоқтап, иманның басталған жері. Мұсылманның миғражы – намазы. Аллаһу та’ала намаз сияқты үлкен ниғметті адамдарға сыйлады. Намаз Аллаһ сүйіспеншілігін арттырады, дұғаның қабыл болуына себепші болады. Намаз бар болса, өмір де бар. Намаз жоқ болса, өмір кешудің ешкімге де, ешнәрсеге де пайдасы болмайды. Кімде-кім намаздан мақұрым қалатын болса, миғраждан да мақұрым қалды деген сөз. Ал миғраждан мақұрым болған адам барлық нәрседен мақұрым қалды деген сөз.

cid:image002.jpg@01DB6F40.FF3B2D60

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages