|
63) ШЫҢҒЫС ХАН: [Dschingis-chan] Шыңғыс немесе Тимучин деп атайды. Түрік емес. Моңғол болғаны бүкіл тілдердегі тарих кітаптарында жазылған. Ең танымал және ең залым моңғол патшасы болған. Кәпір еді. Ислам дұшпаны еді. 551 [м.1155] жылы туылып, 624 [м.1227] жылы қайтыс болды. Үлкен тарихшы Шәмсәддин Сами бек «Қамус-ул алам» кітабында жазған: «Шыңғыс дүниедегі ең үлкен жаулаушы және ең әйгілі залым мен қан төгуші. Моңғол. Ислам дініне көп зияны тиген бұл адам тайпа көсемі болған кезінде 599 [м.1202] жылы «Қарақұрым»-да моңғол мен татар хандарының басы, яғни ханы болды. Надан және жабайы моңғолдар мен татарлардан үлкен әскер, дұрысырақ айтқанда қарақшылар тобын жинап, Шығыс Түркістанды және Қытайды жаулады. 616 [м.1219] жылы сұлтан Мұхаммед Харезм шахтың мемлекетіне шабуылдады. Хорасан, Кандағар, Мултан секілді мәдениет орталықтарын өртеп қиратты. Миллиондаған мұсылманды өлтірді. Көбін мешіт ішінде қылыштан өткізді. Өз әскері де жүз мыңдап шығын болды. Бұхара, Самарқанд, Герат секілді білім қайнары үлкен қалаларды қиратты. Әйелдерді тұтқын деп әскеріне таратты. Өте жаман нәрселер істеді. Ислам мәдениетіне қалпына келмейтіндей соққы жасады. Кавказия, Ресей, Анадолыға жайылды. 621 [м.1224] жылы Қарақұрымға қайтты. Кінәсіз адамдардың, әйелдер мен балалардың қанын төгу оның ең үлкен зауқы еді. Әскері де зауқы үшін адам өлтіретін. Ол кірген қалаларындағы қара халықтың бәрін өлтіруді әмір ететін. Алты жүз жылда түрлі еңбекпен қол жеткізген, тіпті ислам дініне дейін жасалған түрлі мәдениет туындыларын, кітапханаларды, мектептерді, обсерваторияларды, [құнды кітаптарды, тарихтың маңызды деректерін, дәлелдерін] жойып жіберді. Ислам ғалымдарының көптеген еңбектерінің қазіргі таңда болмауы ең баста Шыңғыс пен немерелері және олардың әмірімен шабуылдаған жабайы моңғол қарақшылары жасаған шапқыншылықтың, қиратудың нәтижесі. Азғындық пен құтырғандық уақыты қысқа сүрсе де, қиратқан мәдениеттері бұрынғы қалпына келе алмады». «Мират-и каинат» кітабында бүкіл әлемге танымал болған және сенімді деп қабылданған үлкен ғұлама Имам Суютидің «Тарих-ул хуләфа» кітабынан алынып, былай жазылған: «Шыңғыс моңғол еді. Тілдері үнді тілімен аралас еді. [Яғни түркі тілін білмейтін. Ешбір тұрғыда түркілерге қатысы жоқ еді. Тіпті түркілермен соғысты, көп зиянын тигізді]. Олар Қытай шөл даласында өмір сүретін. Қала, тіпті ауыл да құра алмады. Қалаларға шабуылдады. Қарақшылықпен күн көретін. Қан төгуді, жамандық жасауды жақсы көретін. Шапқыншықтарында садақ қолданатын. Әйелдері де соғысатын. Бәрі кәпір және ислам мен мәдениеттің азғын дұшпаны еді. Олар күнге табынатын. Ешбір жамандық олардың сенімінде тыйым салынбаған, харам емес еді. Көбісі адам етін де жейтін. Әскер арасында некеге тұру және отбасы құру сезімі болмай, бір әйелді түрлі еркектер қолданатын. Өтірікші әрі қанішер еді. Қалаларды өртеп, қиратып, бала, әйел, қария демей, өздерінен болмаған барлық адамды өлтіретін. Моңғол патшасы Душ ханның әйелі Шыңғыстың апасы (әкесінің қыз бауыры) еді. Душ өлгенде баласы болмағандықтан Шыңғыс оның орнына отырды. Қытайдың барлық жерін жаулап патша болды. 616 [м.1212] жылы Түркістанға шабуылдады». Ол көп түрік өлтірді. Шыңғыстың жабайы қауымнан тарағанын, барлық жерді қиратып өртегенін тарих кітаптары жазуда. Ұйымдасқан, дайындалған тәртіпті әскері болмағаны, әскер емес, хайуандар тобы болғаны анық. Қалаларды қиратып, кінәсіз адамдарды қанға батырып, найзағайдай жылдам шабуылдауға жауынгерлік деп атау, жабайыларда тәртіп іздеу, әсіресе жиырмасыншы ғасырда шыққан стратегиялық білімдерді Шыңғыстың және оның қарақшылар отарының тактикасы деп көрсетуге тырысу тарих кітаптарына сай келмейді. Жевдет паша «Тарих-ул хуләфа» кітабында былай дейді: «Шыңғыс хан жеті жүз мың атты әскерімен Харезм шахқа шабуылдады. Шыңғыстың атты әскерін қазіргі замандағы тәрбиеленген атты әскерге ұқсату дұрыс емес. Иә, қазір жүз мың атты әскерді басқару мүмкін емес. Оның атты әскері өз отауымен, малдарымен, әйелдерімен бір әскердей жүретін. Малдарының етімен, сүтімен азықтанатын. Малдары жерді қазып, шөптің тамырын жейтін. Қаруларын өздері жасап, ер-тоқымдарын өздері тігетін. Өнеркәсіп топтары, басқару, қолбасшылық құрылымдары жоқ еді. Аймақ пен әулет басшылары және тайпа хандары өз-өздерін басқаратын, Шыңғыс ханның бұл мәселелерден хабары да болмайтын». 317, 338, 389. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |