АСХАБИ КИРАМ – 81

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
May 4, 2024, 1:07:04 AMMay 4
to islam...@googlegroups.com

КЕРБЕЛА ОҚИҒАСЫ (3)

Зәжир бин Қайс Имам Хусейннің (радиаллаһу та'ала анһ) шәһид етілгенін Язидке хабар бергенде ол басын иіп, үндемей отырды. Кейін басын көтеріп: «Хусейнді өлтірмей, оған бағынуларыңды қалаған едім. Егер өзім сонда болғанда Хусейнді кешіретін едім» дегені «Насих-ут тауарих» кітабының 269-шы бетінде жазылған. Иранда басылған шиилердің «Нәһж-ул ахзан» кітабының 321-ші бетінде: «Біреу келіп Язидке «Сүйінші! Хусейннің басы келді» дегенде оған ашуланып, «Сүйінші көрмейтін бол» деді». «Насих-ут тауарих» кітабының 229-шы бетінде: «Шимир-зил жәушан Имам Хусейннің мүбәрәк басын Язидтің алдына қойып, мақтанып, «Түйемнің қоржындарын алтын мен күміске толтыр, атасы және анасы тарапынан адамдардың барлығының ең жақсысы болған адамды өлтірдім» дегенде ол «Менен ешқандай сыйлық күтпе» деп жауап берді. Шимир қорқып, қобалжып, кері қайтты. Дүниеден және ахиреттен еш нәсібі болмады». «Оны өлтіргенді Аллаһ жазаласын!» дегені де 272-ші бетінде жазылған.

Шии кітаптарының айқын жазғаны бойынша, хазреті Муауия және Язид хазреті Хусейннің (радиаллаһу та'ала анһ) мүбәрәк қанына қол тигізбегеніндей, Ибн Зияд пен Ибн Сад, тіпті Шимир де шәһид етушілердің арасында емес. «Рафақат-и Хусейн» кітабында жазылғаны бойынша, шии кітаптарында былай дейді:

1) Имам Хусейнмен соғысқандар шамдықтар мен хижаздықтар емес еді. Бәрі Куфа халқы еді. (Хуласат-ул мәсаиб, 201 бет).

2) Имам Хусейнді ирақтықтар шәһид етті. Араларында шамдықтар жоқ еді. Әһли бәйтке зұлымдық еткендер куфалықтар еді. (Мәсуди).

3) Имам Хусейнді шәһид еткендер арасында шамдықтардың болмағаны анық аңғарылады. (21 бет).

4) Әби Махнәф Ибн Зияд әскерінің сексен мың атты әскер екенін хабар берді. Олардың барлығы куфалық еді деді. (Насих-ут тауарих, 6 том, 173 бет).

5) Ол кезде Куфадан басқа жерлердегі шиилердің ешбірі имамға көмектесуге келмеді. Алайда Имам Хусейн куфалықтардың хаттарына жауап жазғанда басралықтарға да хат жолдап, оған көмектесуін сұраған болатын. Басралық шиилер көмектесетінін жазған еді. (Жила-ул уюн).

Имам Хусейнді Кербелада шәһид еткендер одан бұрын Имам Әлиге және Имам Хасанға да қиянат етіп, зұлымдық көрсеткен болатын. Он екі мың адам бірігіп, Имам Хусейнге хат жазды. Оны Куфаға шақырды. Көмектесетініне сөз берді. Бірақ Имам Хусейн жіберген көкесінің ұлы Мүслим бин Уқайлды шәһид етті. Кейін Имам Хусейн келгенде Язидтің әскері кейіпіне еніп, оны да Кербелада шәһид етті. Мусәйиб бин Нухбә есімді шиидің Омар бин Сад бин Әби Уаққаспен бірге Кербелаға барғанын «Мәжалис-ул мүминин» атты шии кітабы жазуда.

6) Шис бин Рәбии Омар бин Садтың бұйрығымен төрт мың шииге қолбасшы болып имамға қарсы шабуылдады. (Жила-ул уюн).

7) Имамның мүбәрәк басын кесу үшін атынан бірінші болып түскен оңбаған Шис бин Рәбии еді. (Хуласат-ул мәсаиб, 37 бет).

8) Имам Хусейн оған шабуылдағандардың арасынан Мужар бин Хажәрді және Язид бин Харисты көргенде «Маған жазған хаттарың арқылы өздерің шақырғандарыңды ұмыттыңдар ма?» деді. (138 бет).

9) Имамның әскерінің сол тараптағы қолбасшысы Хабиб бин Музахир имам шәһид болғанда күлді де, «Ашура күні – қуаныш пен мейрам кезі» деді.

10) Шии ғалымдарының атақтыларынан қазы Нуруллаһ Шустәри де Имам Хусейнді шәһид еткендердің шиилер екенін хабар берді.

Анықтама: Әһли сүннет ғалымдары мазһабсыздардың адасушылықта екенін және исламды іштен құлатуға тырысқанын хабарлау үшін көп кітап жазды. Осы құнды кітаптардың отыз екісінің атауы және авторларының есімі екі жүз алпыс үшінші беттегі 80-ші хаттың соңында жазылған.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages