|
Бірі оң жағында, бірі сол жағында, өзгелері қару кезеніп, ішке кірді. Жәбрейіл (алейһиссалам) бұған дейін Омардың иман келтіргенін және жолда келе жатқанын хабарлаған еді. Расулуллаһ Омарды күлімдеп қарсы алып: «Жіберіңдер, қасынан кетіңдер» деді. Олар босатты. Омар Расулуллаһтың алдына тізерлеп отырды. Расулуллаһ Омардың қолынан ұстап: «Иман келтір, ей, Омар!» деді. Ол таза жүрекпен калима-и шаһадатты айтты. Сахабалар қуаныштарынан дауыстап тәкбір айтты. Осы уақытқа дейін олар иманды жасырын түрде қабылдайтын. Хазреті Хамзаның, одан үш күннен кейін хазреті Омардың мұсылман болуы арқылы мұсылмандар күшейді. Омар (радиаллаһу анһ): «Бауырларымыз қанша?» деп сұрады. «Сенімен бірге қырық болдық» деді. «Онда не күтіп тұрмыз? Жүріңдер, ашық түрде Харам мешітіне барып оқиық!» деді. Расулуллаһ мұны қабылдады. Алда Омар, одан кейін Әли, содан соң Расулуллаһ, оң жағында Әбу Бәкір, сол жағында Хамза, артында басқа сахабалар болып, Харам мешітіне қарай жүрді. Құрайштың басшылары сол жерде Омардан жақсы хабар күтуде еді. «Омар Мұхаммедтің адамдарын жинап әкеле жатыр» деп қуанды. Бірақ Әбу Жәһл айлакер, өте қу болғандықтан, бұл келісті ұнатпады. Алға шығып: «Ей, Омар, бұл не?» деп сұрады. Хазреті Омар еш мән берместен: «Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммадән расулуллаһ» деді. Әбу Жәһл не айтарын білмей, аң-таң болып қалды. Хазреті Омар оларға бұрылып: «Мені танитын таниды. Танымайтын білсін, мен Хаттабтың ұлы Омармын. Кім әйелін жесір, балаларын жетім қалдырғысы келсе, орнынан тұрсын!» деді. Барлығы кейін шегініп, тарап кетті. Мұсылмандар Харам мешітінде сап түзеп, дауыстап тәкбір айтты. Алғаш рет ашық түрде намаз оқыды. Сол күннен бастап хазреті Омар нағашысы Әбу Жәһлге және кәпірлердің басшыларына ашық түрде қарсы шықты. Сахабалар Мәдинаға жасырын түрде хижрет еткен еді. Ал Омар (радиаллаһу анһ) қаруларын асынып, ашық түрде хижрет жасады. Мәдинаға алдын ала жетіп, Расулуллаһтың келе жатқанын сүйіншіледі. Ол барлық соғыстарға қатысты. Арыстандай шайқасты. Ухудта Расулуллаһтың жанынан бір сәт те ажырамады. Әрдайым шындықты айтқандықтан, оған «Фаруқ» деген ат берілді. Расулуллаһ қайтыс болған кезде туындауы мүмкін алауыздықтың алдын алды. Халифаға барлық ісінде көмектесті. Халифа Әбу Бәкір қайтыс болар алдында сахабалардың үлкендерін шақырып, кеңескеннен кейін, хазреті Омарды халифа етіп тағайындады. Ол он үшінші жылы халифа болды. «Әмир-ул мүминин» (мүминдердің әмірі) деген атақ алды. Қысқа уақыт ішінде көп жерді бағындырғаны соншалық, бұл тарихшыларды таңғалдырды. Құдысқа барып, өзінің әділдігімен румдарды таң қалдырды. Қадсия жеңісінен кейін әскерлері Азақ теңізіне дейін жетті. Туниске дейінгі жерлер жаулап алынды. Төрт мыңнан астам мешіт пен ғибадат орны салынды. Хазреті Муауияны (радиаллаһу та’ала анһ) Шам аймағына әкім етіп тағайындады. Өзі де Шамға барды. Жыл сайын қажылық жасады. Он жыл алты ай жеті күн бойы әлемде бұрын-соңды болмаған әділдікпен халифалық етті. 23 жылы зүл-хиджа айында таң намазына бара жатқанда Муғира ибн Шубә хазреттің құлы Әбу Лулу Фируз тарапынан қарнынан пышақталып, сол жарақаттан жиырма төрт сағаттан кейін 63 жасында шәһид болды. Ол хужрә-и саадатқа жерленді (радиаллаһу та’ала анһ). Ол өте әділ, құлшылыққа берілген, аса мейірімді, қарапайым, кішіпейіл, кедейшілікпен өмір сүрген тұлға еді. Құдысқа бара жатқанда түйеге құлымен кезектесіп мінетін. Қалаға кірер кезде түйеге міну кезегі құлына келгендіктен, өзі түйенің алдында жаяу жүрді. Оның күші, әділдігі және әскерлері үш құрлықты дүр сілкіндірген ислам халифасын көруге келгендерді таңғалдырған еді. Ол әділ болғаны соншалық, тіпті өз ұлы күнә жасағанда Аллаһу та'аланың үкіміне сай дүре соғылуын бұйырды. Сахабалар қанша жалынса да, бір соққыны да кемітуге келіспеді. Соның салдарынан ұлы қайтыс болды. Ол қатты қайғырып, мұңайғанын білдірді, бірақ шешіміне өкінбеді. Ол қайтыс болғанға дейін бүкіл ислам әлемі Расулуллаһтың заманындағыдай тыныштық, шаттық пен бейбітшілікте өмір сүрді. Ол әр түрлі хадис шәрифпен мақталған. «Менен кейін пайғамбар келер болса, ол Омар болар еді» деген хадис шәриф оның дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін түсінуге жеткілікті. Оның үстемдігі мен қадірін түсіндіру үшін дін ғалымдары да, дінсіздер де том-том кітаптар жазған. Ол асхаби кирамға дәрежесіне қарай құрмет көрсететін. Бәдір соғысына қатысқандарға ерекше мән беретін. Хашимилерді бәрінен жоғары қоятын. Хазреті Әлиді бәрінен үстем көріп, істерінде онымен ақылдасатын. Хазреті Омарды мадақтайтын хадис шәрифтердің көбін хазреті Әли жеткізген. 12, 14, 17, 18, 21, 22, 23, 28, 38, 40, 44, 49, 50, 52, 54, 55, 60, 61, 62, 63, 66, 72, 73, 75, 76, 79, 82, 85, 100, 103, 110, 111, 113, 114, 115, 117, 118, 119, 120, 123, 124, 125, 127, 129, 142, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 177, 179, 180, 181, 182, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 196, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 211, 212, 215, 223, 229, 230, 232, 236, 237, 238, 239, 245, 246, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 256, 257, 258, 266, 279, 302, 303, 309, 312, 316, 319, 323, 325, 329, 340, 351, 352, 356, 358, 378, 383, 385, 386, 387, 389, 399, 402, 407, 408. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |