ИМАМ РАББАНИ АХМЕД ФАРУҚИ СӘРҺӘНДИ (қуддиса сиррух) ХАЗРЕТТІҢ ӨМІРБАЯНЫ (3) |
7) Осыншалықты білімі мен баршаның алдындағы кемелдігімен қатар жүрегінде Ахрария ғұламаларына деген махаббат оты жанып тұрған еді. Бұл жолда жазылған кітаптарды оқитын. Әкесінің қайтыс болуынан бір жыл өткен соң қажылыққа бару үшін ол Сихриндтен шықты. Үндістанның үкімет орталығы Дехли [яғни Дели] қаласына келгенде ол жақта Мұхаммед Бақи Биллаһты (қуддиса сиррух) зиярат етті. Алдына келгенде жүрегінде нұр жарқырады. Магниттің инені тартқанындай тартылды. Сол кезге дейін естімеген, білмейтін нәрселер жүрегіне толды. Қажылықтан кейін келіп білім алуға ниет еткен болса да, жүрегіндегі сүйіспеншілік пен ынтасы оны жібермей, ертеңіне алдына келіп, Ахрария фәйзіне қауышқысы келетінін айтты. Сөйтіп қызмет етуге қалды. Әдеппен, шын көңілімен сөздері мен хәлдеріне байланды. Яғни қағбаға барудан бас тартып, қағбаның иесін қалады. Жоғары қабілетімен және жан-тәнімен еңбектеніп, бүкіл кемелдік оның бойында пайда болды. Ұстазының мейірімімен, қамқорлығымен екі айдың ішінде ешкімде байқалмаған хәлдерге қол жеткізді. Бірнеше айдан кейін ұстазының Ахрарияның күмәнсіз, шартсыз толық ижазатын (дипломын) алды. Өз еліне қайту әмір етілді. Ұстазы шәкірттерінің көбін жетілдіруді оған тапсырып, оларды да артынша Сихриндке жіберді. Еліне келгенде захири және батыни білім мен нұрларын әлемге жаюды, талапкер шәкірттерді жетілдіруді және дәрежелерін көтеруді бастады. Даңқы әлемге жайылып, жан-жақтан келген ғашықтарының арасында өз ұстазы да оның нұрынан пайдалануға келетін еді. Ол әркімнің жүрегін білім және нұрға толтырып, Мұхаммед алейһиссаламның дінін тірілтіп күшейткен еді. Заманының патшаларын, әкімдерін, қолбасшыларын, ғалымдарын, қазыларын өте әсерлі хаттар жазу арқылы дінге, сүннети сәнияға шақыратын еді. Көп ғұлама мен әулие жетілдіретін еді. 8) Батын білімін Мұхаммед Бақидан (қуддиса сиррух) алған болса да, Аллаһу та'ала оған одан да көбін нәсіп етті. Өзіне тән болған ілімдерді де әлемге жайды. Ұстазы да сол жаңа ілімдерге қол жеткізу үшін алдына келіп, құрметпен отыратын. Тіпті бір күні келген кезінде оның жүрегімен айналысып отырғанын көріп, бөлмеге кірмеді, қызметшіге де хабар жолдап, «Мазаламаңдар!» деді де, есік алдында үндемей күтіп тұрды. Біраз уақыттан соң Имам Раббани (қуддиса сиррух) орнынан тұрып: «Есікте кім бар?» деп сұрады. Сонда ұстазы «Фақыр Мұхаммед Бақи (рахимәһуллаһу та'ала)» деді. Есімін естігенде дереу есікке жүгіріп, әдеппен, қарапайымдылықпен қарсы алды. Ұстазы оған көп сүйінші айтты, жақындарына оны мақтап, қайтыс болатын кезінде бүкіл шәкірттеріне оған бағынуды әмір еткен еді. 9) Қожа Мұхаммед Бақидың (қуддиса сиррух) шәкірттерінің ең үстемдерінен және ең мәртебелі ғалымдарынан болған Сәйид Мұхаммед Нуман (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: Имам Раббаниға бағынуды ұстазым маған айтқанда мұның қажеті жоқ екенін айту үшін «Жүрегімнің айнасы тек сіздің жарқын жүрегіңіздің нұрына ғана қарап тұр» дедім. Ұстазым қатал дауыспен «Сен Ахмедті кім деп ойлайсың? Оның күндей нұры біз секілді мыңдаған жұлдыздың жарығын басуда» деді. 10) Қожа Мұхаммед Бақи заманының ғалымдарының ұлыларынан кейбір жақындарына жазған хаттарының бірінде айтқан: «Сихринд» қаласынан жас жігіт келді. Білімі көп. Әр іс-әрекеті біліміне сай. Бірнеше күн бұл фақырдың қасында болды. Оның бойында көп нәрсе көрдім. Әлемді нұрға толтыратын күн болатынын түсінудемін. Туыстары мен бауырларының барлығы да гауһардай қадірлі, ғалым жігіттер! Олардың да аз уақытта қандай гауһар екенін түсіндім. Әсіресе Ахмедтің ұлдары да бар, әрқайсысы Аллаһу та'аланың қазынасы. 11) Бір ретінде айтқан: Осы үш-төрт жылдың ішінде баршаға тура жолды, құтылу жолын көрсетуге тырыстым. Әлхамдулиллаһ, бұл талпынысым зая кетпеді. Өйткені ол сияқты тұлға шықты. 12) Қожа Мұхаммед Бақи (қуддиса сиррух) бірде айтқан: Жүректерге дауа, рухтарға шипа болған осы тұқымды Самарқанд пен Бұхарадан әкеліп, Үндістанның берекетті топырағына ектім. Шәкірттерді жетілдіріп, кемелге жетуіне тырыстым. Ол барлық дәрежені асып, үстемдіктердің соңына барғанда өзімді арадан алып, шәкірттерді оған тапсырдым. (Жалғасы бар...) |
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |