|
2) АБДУЛАЗИЗ ХАН: Османлы патшаларының отыз екіншісі және ислам халифаларының тоқсан жетіншісі. Сұлтан екінші Махмұдтың екінші ұлы. 1245 [м.1830] жылы дүниеге келіп, 28 маусым 1277 [м.1861] жылы халифа болды. 1293 [м.1876] жылы Долмабахче сарайынан алынып, Топкапы сарайына қамалды. Бес күннен кейін Мидхат паша және сераскер [қорғаныс министрі] Хусейн Авни паша, Сүлейман паша және достары тарапынан Фәрийя сарайында Құран кәрім оқып отырғанда білек тамырларын кесіп шәһид етілгені Сұлтан Уахидеддиннің бас хатшысы Әли Фуадтың естеліктерінде жазылған (рахметуллаһи та'ала алейһ). Фәрийя сарайы Бешикташ пен Ортакөй арасында Галатасарай лицейінің орта жағы болған ғимарат. Сұлтан Махмудтың кесенесінде жерленген. Сұлтан Мұрад осы азапты өлімді естігенде қорқыныштан есі кетіп, ақылынан алжыды. «Құжаттарымен Түрік тарихы журналы»-ның 1967 жылғы қараша айының 2 нөмірлі санында жазылуы бойынша, Стамбұл университетіне қарасты құнды туындылар қатарында Ибнул Әмин Махмұд Кемал бейдің [3310] нөмірлі дәптерінде сұлтан Абдулазиз ханның анасы Пертевниял ханым өзі сөйлеп жаздырған «Сәргузәшт-нама» (басынан өткерген оқиғалары жинағы) бар. Йылдыз құжаттары арасында байқалып, Ибнул Әмин Ахмед Тәуфиқ бей 1336 [м.1918] жылы көшірмесін шығарған осы сәргузәштнамада Пертевниял ханым сол күндерді былай баяндайды: 1293 [м.1876] жылы жәмазиәл әууал айының жетінші [30 мамыр] күні таңға жақын сағат сегізде сұлтанның анасын оятып төсегінен тұрғызады. Анасы ұлы Абдулазиз ханды оятады. Халифа: «Ана, мұны маған кім істеді? Мені сұлтан Сәлимге жолдамақшы ма? Мен кімге не істеп қойдым?» дейді. Сұлтанның анасы: «Авни паша істеді» дейді. «Авни жалғыз өзі істемеді. Рушду паша мен Ахмед және Мидхат пашалардың да бұл іске қатысы бар. Мен бұл пәлекетті отыз-қырық рет түсімде көрдім. Бұдан кейін Жәбрейіл аспаннан түссе де ел басшысы болмаймын. Аллаһу та'аланың тағдыры осындай екен» дейді. 30 мамыр 1876 жылдың сейсенбі күні қайықпен Топкапы сарайына апарылып, үшінші Сәлим хан шәһид етілген бөлмеге қамалады. Оған сорпа жібереді. Қызметші «Қасықсыз мырзамыздың алдына қалай қоямын?» дегенінде сынған ағаш қасық береді. Халифа біраз сорпа ішеді. Дәрет алуға шәркей сұрайды. «Рұқсат жоқ» деп бермей қояды. Дәретханаға жалаң аяқ кіреді. Үш күн қара тақтайдың үстінде аш, сусыз қалдырылады. Қайықта жаңбырдан суланған киімін шешейін деп пижама сұрайды. «Болмайды» деп бермейді. Сұлтан Мұратқа ашықхат пен хат жолдау арқылы қайғысын білдіріп жалбарынады. Төртінші күні (2 маусымның таңы) сұлтан Мұраттың жарлығы деп Фәрийя сарайына апарады. Ішке жылдам кіргендіктен қарауыл әскер көкірегінен итереді. Сұлтан: «Анам қайда?» деп сұрайды. Анасы жүгіріп келіп жоғары шығарады. Әскердің құрметсіз сөйлегенін байқап: «Анашым, бұлар мені өлтіреді» деп жылайды. Екі күннен кейін ескі жыртық киімдер жібереді. Әскер «Қылышын берсін» деп келе береді. Өзі бермесе де анасы жасырын түрде беруге мәжбүр қалады. 4 маусымның таңында анасы ішке кіріп, есіктің ашық екенін және халифаның қан жоса күйде жатқанын көріп айқайлайды. Халифа қолын анасының кеудесіне қойып «Аллаһ, Аллаһ» дейді. Келгендер анасын басқа бөлмеге апарып, құлағындағы сырғасын және жүзігін шешіп алады. Халифаны ескі пердеге орап, Ортакөй полиция бөлімшесіне апарады. Жан таласып жатқанында Рушду, Мидхат және Авни пашалар мен сыбайластары «Бізді қызметтен босат!» деп мазақ етеді. Анасы: «Арыстаным шәһид болды. Мені де шәһид етсін!» деп айқайлайды. Әскер келіп: «Сұлтан Мұрат бұйрық берді, сізді Бейлербейі сарайына апарамыз» дейді. Анасы: «Менің орным Жаңа сарай» дейді. Анасын қолынан сүйреп жалаң аяқ, орамалсыз полиция бөлімшесіне апарады, мұның бәрін пашалардың көзінше істейді. Халифаның жұбайларының бірі Тирял ханым келіп: «Аллаһ разылығы үшін намысын таптамаңдар. Ең болмағанда көлікпен апарыңдар» дейді. Пашалар жетістіктеріне қуанып, қарқылдап күліп тұрған еді. Тирял ханымның көлігіне мінгізіп, жаңа сарайға (Топкапы сарайына) апарады. Басқа көлікпен Тирял ханымды да қинап сол жаққа апарады. Үш күннен кейін қыздардың тәрбиешісі Топкапы сарайына келеді. Екі сұлтанның бөлек бөлмелерде есінен танып жатқанын көреді. Алты түннен кейін бөлмелеріне шырақ жібереді. Отыз сегіз күннен кейін Фәрийя сарайына апарады. Есік-терезелері шегеленеді. Сегіз күн бойы анасына зорлық көрсетіп, «Байлығың қайда, жасырған жеріңді айт» деп қинайды. Тоғызыншы күні терезелері ашылады. 31 тамыз, 1876 жылы бесінші Мұрат тақтан түсіріліп, Долмабахче сарайынан Чыраған сарайына көшіріледі. Сұлтан Абдулхамид хан таққа отырғанда зорлық-зомбылықтан құтылып, бәрі жеңілдік табады. Сұлтандарға көрсетілген қорлықтардың олар сұлтан Мұраттың бұйрығымен болғанын айтатын еді. Алайда сұлтан Мұраттың ештеңеден хабары жоқ еді. Сұлтан Абдулазиздың ашықхаттарын және жалбарынуларын пашалар сұлтан Мұратқа көрсетпеген. Сұлтанның атынан өздері жауап жазып алдағаны [м.1959] жылғы әскери тарих журналында ұзақ жазылған. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |