|
37) ӘЛИ МҰРТАЗА (радиаллаһу анһ): Расулуллаһтың көкесі Әбу Талибтың төртінші ұлы. Хулефа-и рашидин және Ашара-и мубәшшәраның төртіншісі. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) күйеу баласы және ең жақыны еді. Әһли бәйттің, әһли абаның біріншісі еді. Аллаһу та'аланың арыстаны еді. Түрлі хадис шәрифтерде мақталған. Ол әһли сүннеттің көз қарашығы, әулиелердің көшбасшысы, кереметтердің қазынасы. Хижреттен 23 жыл бұрын Меккеде дүниеге келді. Анасы Фатима бинти Әсад бин Хашим. Ол он жасында бисәттің екінші күні иманға келді. Жаяу хижрет етіп, мүбәрәк аяқтары ісіп кетті. Бүкіл соғыстарда арыстандай шайқасты және көп жарақат алды. Ухудта он алты жерінен жараланған болатын. Тәбук соғысында Мәдинада қорғаушы ретінде қалдырылған болатын. Аяти каримамен мақталып мадақталған. Үш халифаға да биат еткен (бағынған), шын көңілімен растаған. Үшеуіне де көп көмектескен. Ол 35 жасында халифа болды. 36-шы жылы Жәмәл оқиғасында Айша Сыддықаны тұтқынға алған кезде құрмет пен сый-сияпат көрсетіп, өзінің әскері арасындағы Мұхаммед бин Әбу Бәкірмен бірге Мәдинаға жолдаған. 37 жылы Сыффин деген жерде хазреті Муауияның әскерімен жүз күнде тоқсан рет майданда шайқасып, әскерінен жиырма бес мың, қарсы тараптан қырық бес мың адам шәһид болған еді. Қарсы тараптың бейбітке келу ұсынысын қабылдаған соң әскерінен жеті мың адам айрылды. Олар «харижи» деп аталды. Халид бин Зәйдті оларға насихат айту үшін жіберсе де, мұның пайдасы болмады. Оларға шабуылдап, тас-талқан етті. Харижилер оған көп жала жапты. Шамдағы ислам ғалымы Әбу Хамид бин Мәрзук 1387 [м.1967] жылы басылған «Ән-нақд-ул мухкәм» кітабында былай деп жазған: «Имам Хайдар Әлиге (кәрәмаллаһу уәжһәһ) тіл тигізгендердің бірі Ибн Тәймия Харрани. Ол «Минхаж-ус суннә» кітабында сахабалардың дұшпандарына қарсы харижи кітаптарынан дәлелдер келтіргенде хазреті Әлиге және әһли бәйтке өте жаман жалалар жапқан». Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) харижилерден Абдуррахман бин Мүлжәм тарапынан қырқыншы [40] жылы Рамазанның он жетінші күні таң намазын оқытып жатқанда қылышпен басынан жарақаттанды. Екі күннен кейін шәһид болды. Нәжәфте жерленген. Үшеуі Фатимадан туылған он сегіз ұлы және сегіз қызы бар еді. Ол орта бойлы, бидай реңді, ақ және ұзын сақалды еді. 13, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 58, 60, 61, 62, 63, 65, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 75, 79, 82, 83, 85, 86, 88, 96, 97, 98, 99, 101, 103, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 138, 140, 143, 161, 164, 165, 166, 167, 168, 170, 171, 172, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 221, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 237, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 248, 249, 250, 251, 254, 257, 258, 259, 260, 264, 265, 267, 271, 279, 298, 302, 303, 304, 305, 318, 323, 329, 331, 344, 345, 352, 355, 356, 357, 358, 359, 381, 382, 385, 386, 396, 399, 402, 408, 409. 38) ӘЛИ РИЗА: Мұхаммед Жәуад Тақи хазреттің әкесі және Мұса Қазым хазреттің ұлы. Он екі имамның сегізіншісі. 153 жылы Мәдинада дүниеге келіп, 203 [м.818] жылы Тус қаласында қайтыс болды. Харун Рашидтың қабірінің қасына жерленген. Бұл қала қазір Мешхед деп аталады. Халифа Мәмун оны қатты жақсы көретін, құрметтейтін және өзіне күйеу бала қылған болатын. Имам ертерек қайтыс болмаса, оны өзінен кейін халифа қылмақшы еді. 158, 342, 359. 39) АМИДИ: Сәйфәддин Әли бин Мұхаммед ислам ғалымдарының ұлыларынан. Амид қаласында, яғни Диярбакырда 551 жылы дүниеге келіп, 631 [м.1234] жылы Шамда қайтыс болды. Шафии мазһабында еді. Мысырда, Шамда жылдар бойы мүдәррис болды (сабақ оқытты). Кәлам, фиқһ, логика және хикметте құнды туындылары бар. 75, 205. 40) АММАР БИН ЯСЕР: Ата-анасымен бірге ең алғаш исламға келгендерден. Кәпірлерден көп қорлық пен азап көрді. Анасы Сумәйя ханым азапталып жатқанда шәһид болды. Алғаш ислам шәһиді – Сумәйя. Әбу Жәһлдің сүңгісінен шәһид болды. Аммар (радиаллаһу анһ) хадис шәрифпен мақталған. Барлық соғысқа қатысты. «Мәсжид-и Құба»-ның құрушысы. Мусәйләмәтул кәззабпен соғыс кезінде бір құлағы кесілді. Халифа Омар заманында Куфа әкімі болды. 37 жылы Сыффин соғысында 94 жасында шәһид болды. Ұзын бойлы, бидай реңді, ақ сақалды еді (радиаллаһу та'ала анһ). 28, 105, 113, 176. 41) АМР БИН АС: Сахабалардың атақтыларынан. Хижреттің сегізінші жылы Меккенің жаулап алынуынан алты ай бұрын Халид бин Уәлидпен бірге Мәдинаға келіп мұсылман болған еді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Омандағы әкімі болып, қызметінен ешқашан босамады. Әбу Бәкір тарапынан Шам жорығына жіберілді. Халифа Омар тарапынан Палестина әкімі болды. Мысырды жаулап алды. Мысырға әкім болды. Сыффин соғысында ижтиһады хазреті Муауияның ижтиһадына сай болды. Қайтадан Мысырға әкім болып, қайтыс болуына дейін сол қызметте қалды. 43 жылы қайтыс болды. Өте зерек, әйгілі кемеңгер еді. Қысқа бойлы, ержүрек, әдебиетші және шешен еді (радиаллаһу та'ала анһ). 19, 62, 65, 75 76, 105, 172, 180, 249, 251, 340, 358, 405. 42) АЗАД: Әмір Ғұлам Әли бин сәйид Нұх – Үндістанның атақты ақындарынан. Төрт қасидасы өте мәшһүр. 1200 [м.1786] жылы қайтыс болды. 151. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |