Жұма мүбәрәк болсын!

60 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 15, 2022, 9:12:05 AM9/15/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Сізді не күлімдетті, йа, Расулаллаһ?

Саид бин Кәсир әл-Ансари хазрет – хадис ғұламасы. 146 (м.763) жылы Мысырда дүниеге келді. Малик бин Әнәс секілді үлкен ғұламалардан хадис ілімін алды. 226 (м.841) жылы Мысырда қайтыс болды. Жеткізген хадис шәрифтерінің кейбірлері төменде:

Хазреті Осман (радиаллаһу анһ) бір күні су сұрап, дәрет алды. Кейін күлімдеді және «Не үшін күлімдегенімді сұрамайсыңдар ма?» деді. Көргендер «Сізді не күлімдетті, йа, әмир-ул мүминин?» деп сұрады. Сонда: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) осында су сұрады да, мен дәрет алған жерде дәрет алды, кейін күлімдеді. «Мені күлімдеткен нәрсені сұрамайсыңдар ма?» деп сұрады, сол есіме түсіп күлімдедім. Біз Расулуллаһтан «Сізді не күлімдетті, йа, Расулаллаһ?» деп сұрадық. Пайғамбарымыз былай жауаптады: «Мүмин құл дәрет алып жатқанда, бетін жуғанда бетіне қатысты бүкіл күнәларын Аллаһу та'ала кешіреді. Қолдарын жуғанда қолдарымен, басына мәсіһ тартқанда басымен, аяқтарын жуғанда аяқтарымен жасаған күнәларын осылай кешіреді, осы мені күлімдетті» деді».

Әбу Алқама (радиаллаһу анһ) былай риуаят еткен: «Осман бин Мазун (радиаллаһу анһ) қайтыс болған еді. Расулуллаһ жерлеуге дайындауын бұйырды. Жуындырып, кебіндеп және жаназасы оқылған соң қабірге түсірілді. Сол кезде Османның жұбайы «Ей, Осман! Жәннат саған құтты болсын!» деді. Сонда пайғамбарымыз «Сен мұны қайдан білесің?» деп сұрады. Жұбайы «Йа, Расулаллаһ! Ол күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын» деп жауап берді. Расулуллаһ «Аллаһу та'аланы және Расулын жақсы көретін еді десең де (жәннат саған құтты болсын деуге) жеткілікті» деді».

Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етеді: «Әйюб пайғамбар (алейһиссалам) бір күні шөл далада жалғыз өзі ғұсыл құйынып жатқанда кенеттен үстіне алтын шегіртке қонған еді. Хазреті Әйюб ол шегірткені алып, қалтасына салды. Сонда Аллаһу та'ала оған: «Сені мына көрген дүние мал-мүлкіне қанағатшыл етпедім бе?» деді. Әйюб алейһиссалам «Йа, Раббым, иә, ұлылығыңа ант етемін, солай. Бірақ мен сенің қайыр және берекетіңе әрдайым мұқтажбын» деп жауап берді».

Расулуллаһтың Адба атты түйесі бар еді, ешкімнің түйесі оны оза алмайтын. Бір бәдәуи түйесіне мініп, одан озып кетті. Бұл сахабаларға ауыр тиді. Сонда Расулуллаһ жағдайды түсініп, «Аллаһу та'ала бір нәрсені көтерген болса, кейіннен міндетті түрде оны төмендетеді» деді.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 22, 2022, 8:01:05 AM9/22/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жақсы амалдар жамандықтарды жоя ма?

Әһли сүннет ғұламалары кітаптарында «Ахиретте сауаптар күнәлардан кішкене басым болса да, ол адам тікелей жәннатқа кіреді» дейді. Сауаптар күнәларды жояды, бірақ кіші сауаптар үлкен күнәларды жоя алмайды. Тапаншамен, мылтықпен ұшаққа қарсы тұру мүмкін бе? Оған аспан зеңбірегі керек. Аздаған кісі ақысын өтеуге үлкен сауап керек. Бір адам өмір бойы тәһәжжуд намазын оқыса, онымен бір тиын кісі хақысын да өтей алмайды. Харамдарға қарсы парыздармен өтем қажет болады.

Екінші мыңжылдықтың мужәддиді, ислам ғалымдарының көсемі Имам Раббани хазрет былай дейді:

«Біреуден әділетсіз алынған бір тиынды иесіне қайтару мыңдаған ақшамен садақа беруден әлдеқайда сауапты. Кімде-кім пайғамбарлардың ғибадаттарын орындаса, бірақ мойнында біреудің бір тиындық хақысы болса, сол бір тиынды өтемейінше жәннатқа кіре алмайды».

«Қияметте бір данқ (жарты грамм күміс) хақы үшін жамағатпен оқылған, қабыл болған жеті жүз намазы алынып, сол хақы иесіне беріледі». (Дуррул мухтар).

Дінімізде харамнан сақтану сауап істеуден бұрын тұрады. Үлкен-кіші барлық күнәлардан сақтану керек. Күнә істеп, артынша тәубесі жасалмаса, онда жақсылық жасау керек. Хадис шәрифте: «Әр жамандықтан кейін бір жақсылық жаса – оны жойып кетсін!» делінген. (Тирмизи).

Жоғарыда айтылғандай жақсылықтың бәрі жамандықтың бәрін жоймайды. Жоятындары бар, жоймайтындары да бар. Құран кәрімде «Әлбетте хасанат сәйиятты жояды» делінген. (Худ 114).

Хасанат – әр түрлі жақсылық пен сауап деген сөз. Ал сәйият – әр түрлі күнә амалдар дегенді білдіреді. Бұл жерде бес уақыт намаз оқығанда күнәлар кешірілетіні хабар берілуде. (Мәдарик тәфсирі).

Намаз оқымайтын адам қанша көп жақсылық жасаса да, жасаған жақсылығы ешбір күнәсін жоймайды. Намаз оқымау көптеген жақсы амалдар мен сауаптардың қабыл болмауына себепші. Хадис шәрифте:

«Әдейі (кешірімді себепсіз) намаз оқымайтын адамның басқа амалдарын Аллаһу та'ала қабыл етпейді. Тәубесіне келгенше Аллаһтың қамқорлығынан ұзақ болады». (Исфәхани).

«Бес уақыт намаз оқымайтын адам Аллаһу та'аланың қорғауынан және амандығынан мақұрым қалады». (Ибн Мажа).

Қабыл болмайды дегені босқа зая кетеді деген сөз емес, намаз оқымау арқылы үлкен күнәға батқандықтан, сол жақсы амалдан тапқан сауабы оны жаба алмайды деген сөз.

Ғибадаттар иманның бөлшегі емес. Яғни сене тұра бір ғибадатты орындамаған немесе харам істеген адам кәпір болмайды. Бірақ намазға қатысты үкімде бірауыздан келісім болмады. Намаз оқымау имансыз өлуге, ал намаз оқу екі жаһанның бақытына себепші болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 29, 2022, 7:45:25 AM9/29/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Парақорлық – әлеуметтік індет

Парақорлық – жеке басының пайдасын алу, бір мәселесін тындыру мақсатымен үкіметтік қызметтегі адамға заңға қайшы түрде берілетін ақша, мүлік секілді бір пайда деген сөз. Осы жолмен әділетсіз пайдаға қол жеткізіледі немесе біреудің хақысы желінген болады. Тартып алынған затты және зұлымдықпен, ұрлықпен алынған әрі пара, өсім, құмар ақылары және басқа да қиянат жолдардың бірімен алынған табысты жеуге және басқаларға да жегізуге дініміз тыйым салған. Аллаһу та'ала:

«Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді өзара (құмар, ұрлық, тартып алу, пара беру секілді) жаман себептермен жемеңдер!» деген.

Сотта пара беру арқылы әділетсіз үкім шығаруына себеп болатындарға пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):

«Үкім шығарғанда пара бергенге және алғанға Аллаһ лағнет етсін!» деген.

Парақорлық – мемлекетке қарсы жасалатын қылмыстардың бірі. Бұл адамды қарабет қылатын әрекет. Үкімет қызметкерінің мемлекет берген билікті жаман жолда пайдалануға жатады.

Парақорлық – әлеуметтік індет. Қоғамда парақорлықтың тарауы мемлекетті әлсіретеді және азаматтардың үкіметке деген сенімін түсіреді. Ал бұл жағдай мемлекеттің беделінің түсуіне, басқаруда немқұрайлықтың өршуіне, анархияның дамуына әкеп соғады.

Парақорлық себебімен зұлымдықтың, әділетсіздіктің көбеюі, осылайша адамдар арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің жоғалуы да мемлекеттегі бірлік пен ынтымақтың жойылуына, ақыр соңында құлауына жол ашатын себептердің бірі.

Парақорлық – елді рухани және материалдық тұрғыда құлдырататын індет екені ақиқат. Уәкілеттілерге көмектесу – әр адамның міндеті.

 

Хазреті Әлидің көз жасы!

Жабир бин Абдуррахман хазрет түнде түс көріп, түсінің үрейімен таңды әрең аттырады. Таң намазына мешітке келген бойда, тікелей хазреті Әлидің алдына барады. Намаздан кейін Хазреті Әлиге:

- Йа, әмир-ул мүминин! Түс көрдім, қатты қорықтым, өтінемін, жорып беріңізші. Үлкен-үлкен сиырлар көрдім, кішкентай сиырларды сауып жатты. Өзендер көрдім, кеуіп кеткен еді, бір тамшы суы да жоқ, бірақ жағасы жап-жасыл... Мешіттер көрдім, михрабтарында, мінберлерінде үлкен-үлкен пұттар отырған еді,- дейді.

Мұны естіген хазреті Әли жылай бастайды да, былай жориды:

- Көрген түсің бұл үмбеттің соңына таман басына келетін пәлекеттерге ишара! Бірінші белгі, мансап иесі болған, басшы, басқарушы болған адамдар пара алмағанша жұмыс істемейді, парамен күн көреді, мансабын ақшаға ауыстырады. Екінші белгі, іші бос болса да, өздерін өте қасиетті санайтын және өзгелерге өзін солай көрсететін адамдар болады, бәрі оларды әдептілігі, абыройы үшін құрметтейді. Ол адамдар – өздеріне берілген билікке,  беделдікке, әдептілікке сүйеніп, айналасындағыларға зұлымдық көрсететін залым басқарушылар... Мешіт мінберіндегі, михрабтағы пұттар болса ең үлкен пәлекет болып, дін атынан шығып сөйлейтіндер, жазатындар. Олар өздеріне сенгендердің діннен шығуына, сенімдерінің бұзылуына себеп болады...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 6, 2022, 7:01:28 AM10/6/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Қияметтің басталуы

Өткен жылдары кей адамдар «Мая күнтізбесі бойынша қиямет басталады екен» деген болатын. Үрейі қашып, дүрбелең туғызғандар болды. Адамдар қияметтің басталуын жер сілкінісі секілді құбылыс деп қабылдаса керек. Өйткені сондай хабарлардан кейін «сенімді» деп басқа жерлерге көшкендер болды. Ал қазір «Қиямет 120 жылдан кейін басталады» дегендер шықты.

Қияметтің басталуының белгілері бар. Ол белгілер шықпайынша қиямет басталмайды. Құнды кітаптарда былай жазылады:

Қияметтің қашан басталатыны нақты хабар берілмеген, мұны ешкім біле алмайды. Бірақ пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көптеген белгілерін және бастамаларын хабар берді:

Хазреті Мәһди келеді, Иса пайғамбар (алейһиссалам) аспаннан Шам қаласына түседі, Дәжжал шығады. Яжуж және Мәжуж барлық жердің астан-кестенін шығарады. Күн батыстан туады. Үлкен зілзалалар болады. Діни білім ұмытылады. Күнә, жамандық көбейеді. Барлық жерде харам істеледі. Йеменнен өрт шығады. Аспан мен таулар бөлшектенеді. Күн мен ай қараяды. Теңіздер бір-біріне араласып, қайнап, кеуіп кетеді. (Иман және Ислам).

Аллаһу та'ала қияметтің басталғанын қалаған кезде Исрафил алейһиссалам Сурды үрлейді. Сол мезетте таулар ұшады, бұлт секілді жүре бастайды. Теңіздер бір-біріне тасиды. Күннің жарығы кетіп, қарайып қалады. Таулар шаңға айналады. Әлемдер (және ғаламшарлар) бір-біріне кіреді. Жұлдыздар үзілген моншақтың шашылғанындай жайылады. Аспан гүл майы секілді еріп, диірмендей айналып, өте тез қимылдайды. Аллаһу та'ала аспандардың парша-парша болуын әмір етеді. Жер мен көкте тірі ешкім қалмайды, жандының бәрі өледі. (Қиямет және Ахирет).

Имам Раббани хазрет айтады:

Қиямет басталған кезде жұлдыздар орнынан айрылып шашылатыны, аспанның бөлшектенетіні, жер жүзі мен таулардың күл-талқаны шығатыны Құран кәрімде айқын хабар берілген. Аяти карималарда былай делінеді:

«Сурға бір рет үрлегенде жер жүзі мен таулар орындарынан көтеріліп сілкінеді. Ол күні қиямет басталады, аспан жарылып шашылады». (Хаққа 13-16).

«Барлық нәрсе жоқ болады, тек Ол ғана қалады!». (Қассас 88).

Құран кәрімде осы секілді тағы түрлі аяти карималар бар... Жаратылыстардың жоқ болып кететініне сену жоқтан бар етілгеніне сену секілді иманның шарты болып табылады. (Мәктубати Раббани).

Бір адам пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Қиямет қашан басталады?» деп сұрады. Расулуллаһ оған «Қияметке не дайындадың?» деді. Ол «Көп ғибадатым жоқ. Бірақ мен Аллаһты және Расулын жақсы көремін» деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз:

«Әркім сүйгенімен бірге болады. Сен де ахиретте сүйгеніңмен бірге боласың» деп жауаптады. (Бұхари).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 13, 2022, 7:03:03 AM10/13/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Күнәдан сақтану әркімге парыз

Күнә – Аллаһу та'аланың бұйрығын орындамау, тыйымдарынан сақтанбау, Оған қарсы шығу деген сөз. Күпірден және бидғаттан басқа күнәлар екіге бөлінеді:

1) Аллаһу та'ала мен құл арасындағы күнәлар. Ішкілік ішу, намаз оқымау секілді.

2) Құлдар арасындағы күнәлар. Ұрып-соғу, өлтіру, ұрлау, ғайбаттау, жала жабу секілді.

Күнәлардың үлкенінен де, кішісінен де аса сақтану қажет. Өйткені хадис шәрифте айтылған:

«Зередей (яғни өте аз) күнәдан сақтану бүкіл жын мен адамзаттың ғибадаттарының қосындысынан жақсырақ».

Күнәлардың барлығы Аллаһу та'аланың бұйрығын орындамау болғандықтан үлкен саналады. Кіші күнәні істемеу бүкіл әлемнің нәпіл ғибадаттарынан сауаптырақ. Өйткені нәпіл ғибадат парыз емес. Ал күнәлардан сақтану әркімге парыз. Тәубесі жасалмаған кезкелген күнәға Аллаһу та'ала өш алуы мүмкін. Себебі Ол ашуын күнәлардың ішінде сақтаған. Жүз мың жыл бойы ғибадат еткен жақын құлын бір күнәсі үшін мәңгілікке қабылдамай қоюы мүмкін. Ештеңеден тартынбайды да. Мысалы, екі жүз мың жыл бойы бағынған Ібілістің (шайтанның) тәкәппарланып сәжде етпегені үшін мәңгілікке малғұн болғандығын Құран кәрім хабар беруде.

Үлкен күнәлардың түрі өте көп, дегенмен кейбірлері төмендегілер:

1) Аллаһу та'аланың мейірімінен үміт үзу.

2) Аллаһу та'аланың азабынан қорықпау.

3) Ата-анаға қарсы шығу.

4) Адам өлтіру.

5) Өсім алу. Өсім алғандардың қабірлерінен шайтан ұрғандай тұратыны, ауыр азапқа душар болатыны хабар берілген.

6) Сиқыр (дуа) жасау.

7) Зина жасау.

8) Лиуата жасау (гомосексуалдық).

9) Өтірікке ант ету.

10) Ішкілік ішу. Дүние мен ахирет бақытын ойлап, түрлі алкогольді ішімдіктерден бастарту қажет.

11) Намаз оқымау.

12) Сыла-и рахымды тәрк ету (туыстармен араласпай қою). Сыла-и рахым – ата-ана және басқа да жақын туыстарды зиярат ету деген сөз.

13) Ғайбат айту.

14) Сөз тасу.

15) Өтірік айту.

16) Сауда-саттықта қулық жасау.

17) Біреуді ренжіту.

18) Көре алмаушылық, күндеу. Көре алмаушылық өмірді қысқартады. Адамды бақытсыз етеді.

19) Аманатқа қиянат жасау.

20) Тәкәппарлану, өзін үстем санау.

21) Ұрлық жасау.

22) Есірткі қолдану.

23) Өтірік куәгер болу.

24) Соғыста дұшпаннан қашу.

25) Пара алу және беру.

26) Зекет пен ұшыр бермеу.

27) Жануарды тірідей отқа жағу.

28) Құран кәрімді үйренген соң оқуды ұмытып қалу.

29) Әурет жерлерді көрсету және біреудің әурет жеріне қарау.

30) Жасаған жақсылығын міндетсіну.

31) Білім алудан қашу және сауатсыздықта табан тіреп алу.

32) Өзіне қол жұмсау.

33) Кіші күнәні үздіксіз жасау.

Аздаған күнә істеп қойған кезде дереу тәубе етіп, истиғфар айту керек. Аллаһу та'ала тәубесі жасалып, истиғфар айтылған бүкіл күнәларды кешіретініне уәде берген...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 20, 2022, 9:07:52 AM10/20/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ғибадаттардан ләззат алмайтын адам

Әбуддәрда (радиаллаһу анһ) хазрет – ұлы сахабалардың бірі. Бір күні оған бір адам келіп, былай деді:

- Йа, Әбуддәрда! Менің үлкен ауруым бар. Соны емдеуге маған көмектесіңіз!

- Қандай ауру?

- Менің жүрегімде дүниелікке деген махаббат көп, дүние жүрегімді толықтай жаулап алғандай. Ғибадаттарымнан ешқандай ләззат, рахат ала алмаймын.

- Ей, адам! Сенің ауруың аурулардың ең үлкені. Мұны тездетіп емдеуің керек! Әйтпесе, Аллаһ сақтасын, иманыңды да жоғалтуың мүмкін! Саған айтар кеңесім мынау: жиі-жиі науқастарға барып көңілін сұра! Жаназа намаздарына қатыс! Қабірлерді зиярат ет! Осы үшеуін бұлжытпай орындайтын болсаң, ол аурудан құтыласың. Көңіліңдегі дүниелікке деген махаббат кетеді. Жүрегің нұрланып, көкірегің ояу болады.

Келген адам айтылған үш амалды біраз уақыт орындап жүрді, бірақ бойында ешқандай өзгеріс байқамады. Әлі сол баяғы күйде еді. Мұңайып қайта келіп былай деді:

- Йа, Әбуддәрда! Кеңестеріңізді бұлжытпай орындадым. Бірақ бойымда ешқандай өзгеріс байқамадым.

- Айтқанымдай науқастардың көңілін сұрап бардың ба, жаназаларға қатыстың ба, қабірлерді зиярат еттің бе?

- Иә, осы үшеуін тұрақты жасап жүрдім.

- Олай болса, сен жаназаға малдың өлігіне барғандай барған екенсің! Енді сөзімді жақсылап тыңда! Науқастың көңілін сұрап барғанда бір күні сен де ол сияқты әлсіз, жүдеп кеткен, төсек тартып қалған жағдайда болатыныңды ойла! Тіпті бір жұтым суды да өзің алып іше алмайсың, біреудің көмегімен ғана іше аласың! Осы ақиқаттардың барлығынан кейін не мақсатпен әлі дүниеге байланудасың? Өзің де көріп тұрсың, дүниедегі байлық адамның осы хәлге келуіне тосқауыл бола алмады. Науқастың қасында осыны ойла және ішіңдегі нәпсіңе: «Мынаның жағдайына қара, ғибрат ал! Сенің де соңың осы, сондықтан дүниені жақсы көруден бастарт!» деп айт!

Жаназа намазына барғаныңда «Бұл адамды дүниенің бүкіл ниғметтерінен айырды. Табыттың ішіне салып, далада қалдырды. Жақындары, бүкіл өмірін оларға арнаған сүйікті бала-шағасы оған сырттан қарап тұр.

Мазарға барғанда қабірде жатқандардың жағдайын ойла! Бір күні сен де олар секілді жатасың! Нәзік денең шіріп, құрт-құмырсқаға жем болады.

Осы үшеуін жасағанда осыларды ойлап, өзіңді олардың орнына қоятын болсаң, аз уақытта қауіпті ауруыңнан құтыласың!

Әлгі кісі бұл насихаттарды дәлме-дәл орындады. Айналасындағы адамдарға ғибратпен қарайтын болды. Көкірегі ояу, көреген болды. Дұрысты бұрыстан ажырататын болды. Бұдан кейін бүкіл өмірін ахиретті ойлап, соған дайындалумен өткізді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 27, 2022, 7:12:47 AM10/27/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Бауырыңның құрметіне сен де құтылдың!

Ата-анаға жақсылық жасап, сый-сияпат көрсету – баланың мойнындағы парыз. Ата-ана залым болса да, зұлымдық көрсетсе де, баласы оларды ренжітпеуі керек.

Ата-ананың алдында кішіпейіл, қарапайым болу керек, өмірінің соңына дейін оларға қызмет етіп, разылықтарын алу қажет.

Бала ата-анасына мейіріммен, қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен қараса, оған осы қарағанына қабыл болған қажылықтың сауабы жазылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Әкесіне және анасына мейіріммен қараған балаға қажылық пен умра сауабы жазылады» деді. Мұны естігендер: «Күніне мың рет қараса да осындай сауап па?» деп сұрағанда: «Күніне жүз мың рет қараса да...» деп жауап берді.

Дін ғұламалары да айтқан: «Ата-анаға, қайын ене мен қайын атаға құрмет көрсету, қызмет етуді ең маңызды міндет деп білу қажет».

Ата-ананы зиярат етпеу, яғни оларға бармау, хабарласпау үлкен күнә болады. Егер алыста болса, ең болмағанда сәлем жолдап, жылы хат жазып, телефон соғып көңілдерін аулау керек.

Аллаһу та'аланың разылығы дінін ұстанатын ата-ананың разылығында, Аллаһу та'аланың ашуы дінін ұстанатын ата-ананың ашуында...

Ата-ананың перзентіне жасаған дұғасы пайғамбардың үмбетіне жасаған дұғасы секілді екенін еш ұмытпаған жөн.

Бір кездері ағайынды екі бауыр бар еді. Төсек тартып жатқан аналарына бір түні бірі, бір түні екіншісі кезектесіп қарайтын. Өзара солай келіскен болатын. Көп ғибадат ететін бауыры нәпіл ғибадатқа беріліп, таңға дейін ғибадат жасайтын. Сол үшін бауырына «Бүгін анама менің орныма сен қызмет етші, мен ғибадатымды жасай берейін» дейтін. Осылайша анасына қарау кезегі оған мүлде келмейтін. Бауыры оның да сауап алуы үшін көп ғибадат ететін бауырына кейде «Бүгін сенің кезегің» дейтін. Ол болса тағы өтініш жасап, таңға дейін ғибадатпен айналысатын.

Сондай бір түні таңға дейін ғибадат етудің ләззатынан бауырына әдеттегідей кезегін беріп «Бұл түні де сен қарашы, мен ғибадат етейін» деді. Бауыры келісіп, анасына қызмет етуге барды, ол ғибадатына кірісті.

Бір кезде көзі ілініп ұйықтап кетіп, түс көрді. Түсінде нұрлы жүзді бір кісі оған:

- Бауырың кешірілді, - деді. Жігіт таңқалып сұрады:

- Ал мен неге кешірілмедім?

- Сен де кешірілдің, бірақ бауырыңның құрметіне кешірілдің.

- Мен Аллаһу та'алаға ғибадат етемін. Ал бауырым анама қызмет етеді. Бірақ менің оның құрметіне кешірілуімнің хикметі неде?

- Аллаһу та'ала сендерге нәпіл ғибадатты парыз етпеді, бірақ ата-анаға қызмет етуді парыз қылды. Оның үстіне сенің анаң қызметке мұқтаж. Бауырың әмірге бағынғаны үшін кешірілді және дәрежесі көтерілді. Оның арқасында сен де кешірілдің, - деген екен.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 3, 2022, 8:20:58 AM11/3/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Мені Әбу Шубә хазретке апарыңдар!

Фақиһ Әбу Шубә хазрет Шафии мазһабының фиқһ ғалымы. Йеменде өмір сүрген. 676 (м.1277) жылы қайтыс болды. Заманының алдыңғы қатарлы танымал ғалымдарынан фиқһ және басқа да ғылымдарды үйренді. Ал одан өте көп адам білім алды. Көп кереметтері байқалды. Жүнди хабар берген:

Күндердің бірінде күндегідей дәріс алу үшін оған барған болатынмын. Дәріс өтетін мешіттің есігіне келгенімде іште бір топ адамның ұстазыммен сөйлескенін естідім. Алдында адамдар бар екен деп ойлап ішке кірмедім. Біраз күтіп тұрдым. Іштегі дауыстар басылған соң сыртта күтіп тұрғанымды білдіру үшін жөтеліп дауыс шығардым. Ұстазым «Кім бар?» деп сұрағанда есімімді айтып «Қызметшіңіз пәленше» дедім. «Кір!» деген соң ішке кірдім, ұстазымның қасында ешкім жоқ екенін көрдім. «Ұстазым, бағана сізбен біреулердің сөйлескенін, сізге сұрақ қойғанын, сіздің жауап бергеніңізді естіген едім, сізге қонақ келді деп ойладым. Бірақ мұнда сізден басқа ешкім жоқ екен, мұның хикметі не?» деп сұрадым. Бұл сұрағыма ұстазым таңқалып «Сен ол әңгімені естідің бе?» деді. «Иә» деп едім, «Алдыма жын тайпасынан шәкірт бауырларыңнан бір топ келген еді. Менен біраз мәселелерін сұрады. Мен сұрақтарына жауап бердім. Кейін олар кетіп қалды» деп жауап берді.

Шәмс-ул Бүләйкани – мемлекеттік қызметтегі алдыңғы қатарлы адамдардың бірі еді. Бір кездері ол өте қатты ауырып қалды. Ауруы асқынғаны соншалық, өмір сүретініне үміт қалмаған еді. Түні бойы ауырып шыққан Бүләйкани таңертең жазылған, денсаулығы түзелген күйде оянды. Дереу жолға шығатындай дайындала бастады. Жанұясына және достарына «Фақиһ Әбу Шубә хазретке барғым келеді» деді. Кейін қасындағы адамға сүйеніп, оның көмегімен орнынан тұрды да, фақиһ хазретке жолға шықты. Алдына барған соң фақиһ Әбу Шубә оның қал-жағдайын сұрады. Ол былай айтып берді:

«Ұстазым! Кеше түнде түсімде көкемнің ұлын көрдім. Оның қайтыс болғанына біраз уақыт өткен болатын. Маған келді. Екеуіміз мешітіңіздің есік алдына келдік. Мен ішке кіріп, сізге сәлем бердім және көкемнің ұлына айтқандарымды хабарладым. Ол сыртта мені күтіп тұрған еді. Сіз мына терезеге жақындап, сыртта күтіп тұрған көкемнің ұлына «Ей, пәленше! Ішке кір! Өйткені көкеңнің ұлы сенімен бармайды» дедіңіз. Сіз осыны айтқан соң мен оянып кеттім. Ешқандай ауруым қалмаған еді. Ұстазым! Жазылып, денсаулығымның түзелуі сіздің берекетіңізбен болғанын түсіндім» деді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 10, 2022, 6:17:33 AM11/10/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Парызды орындамаудың күнәсі

Дінімізде маңызды қағида бар: «Парызды орындамаудың күнәсі харам істеудің күнәсінен көбірек». Харамнан сақтанудың сауабы да парызды орындаудың сауабынан әлдеқайда көбірек.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Парыздан кейін ең құнды намаз – түнде оқылған тәһәжжуд намазы». (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Мажа).

Бір адам ең құнды сүннет болған тәһәжжуд намазын өмірінде мүлде оқымаса да, ахиретте оған ешқандай жаза берілмейді, тек сауабынан мақұрым қалады. Бірақ бір парызды орындамаудың жазасы өте үлкен. Діни кітаптарда былай делінеді:

«Дұшпанның алдында парыз намазды оқуға мүмкіндік бола тұра оқымаудың жазасы жеті жүз үлкен күнәға тең». (Жамиул-фәтауа, Умдәтул-Ислам).

«(Хадис құдсида) Аллаһу та'ала айтады: Бес уақыт намазды шарттарына сай уақытылы оқитын адамды жәннатқа кіргізетініме сөз бердім. Оқымайтын адамға берген сөзім жоқ». (Әбу Дауд, Ибн Мажа).

«Жиһад үшін басылған қадам мен бір парызды орындау үшін басылған қадамнан үстем ештеңе жоқ». (Тирмизи).

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса, сол бір күннің сауабына жете алмайды». (Тирмизи).

Парыз оразаның қазасын өтеген адам оразаның қарызынан құтылады, бірақ парызды өз уақытында орындау сауабын ала алмайды. Тіпті өмір бойы нәпіл ораза ұстаса да, бір парызды уақытылы орындаудың сауабына жете алмайды. Парыздың қаншалықты маңызды екенін осы хадис шәриф айқын көрсетіп тұр.

Парыз намазды қазаға қалдыру үлкен күнә. Мүмкіндік бола тұра қазасын өтемесе, бөлек үлкен күнә істеген болады. (Әл-Кәбаир уәс-сағаир).

Парыздан қарызы бар адамның нәпілмен айналысуы парызды кешіктіргендігі себепті күнә болады.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Парыздарды үйреніп, онымен амал еткен немесе біреуге үйреткен адамға Аллаһ мейірім танытсын». (Әбуш-шәйх).

«Аллаһу та'аланың саған парыз қылған нәрсесін орында, сонда адамдардың ең абиды боласың». (Ибн Адий) (Адамдардың ең абиды (ең көп ғибадат жасайтыны) көп нәпіл ғибадат ететін емес, парыздарды өткізбейтін адам болып табылады).

«Қияметте іші орындаған парыздарына толы болған адамға сүйінші!». (Дәйләми).

«Парыз намаз үшін дұрыстап дәрет алып, сол күні аяқтары жүрген, қолдары ұстаған, көздері қараған, құлақтары естіген, тілі сөйлеген, нәпсі қалаған жаман нәрселері кешірілмейтін ешбір мұсылман жоқ». (Ибн Асакир).

Хазреті Әбу Бәкір хазреті Омарға (радиаллаһу анһума) айтқан өсиетінде былай деген: «Аллаһтың түнде істеуің керек болған хақын күндіз істесең және күндіз істеуің керек болғанын түнде істесең, қабыл етпейді. Мойныңа парыз болған ғибадаттарды өтеместен нәпіл ғибадатыңды қабылдамайды». (Имам Әбу Юсуф, Китабул Хараж).

«Қарыз бар кезде берілген садақа қабыл болмайды». (Бұхари).

Қарызды өтеу парыз. Ал садақа беру нәпіл. Парыздың қарызын кешіктіру де күнә. Осы тұрғыдан, берілген садақа кешіктіру күнәсін кешіртпегендіктен қабыл болмайды делінген.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 17, 2022, 7:13:24 AM11/17/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жүрек қатайған кезде

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Мына бес нәрсе қатайған жүрекке ем болады:

1) Салихтармен бірге болу.

2) Құран кәрім оқу.

3) Халалдан аз тамаққа қанағаттану, өйткені халал жеу жүректі нұрландырады.

4) Кәпір және күнәһарларға дайындалған ауыр азапты ойлау.

5) Өзін Аллаһу та'алаға құлшылық міндетін атқаруға әлсіз және нұқсан көру, сонымен қатар Аллаһу та'аланың мейірімі мен қамқорлығын ойлау. Бұл тәфәккур саналады, бұдан ар-ұят пайда болады.

Мына үш нәрсені ойлау да тәфәккурге жатады:

1) Аллаһу та'аланың сенің ішкі және сыртқы дүниеңді білетінін, әр сәтте көріп тұрғанын ойлау.

2) Дүние өмірін, күйбең тіршілігінің көптігін, дүние өмірінің өте тез өтетінін, ал ахиреттің және ниғметтерінің тұрақты екенін естен шығармау. Осы тәфәккур дүниеге берілмей, ахиретке бет бұру секілді жемісін береді.

3) Өлімді ойлау және мүмкіндікті жіберіп алған соң өкінудің пайдасы жоқ екенін білу. Мұндай тәфәккурдың жемісі – ұзақ өмір сүруді аңсамау, амалдарды түзеу, ахиретке дайындық жасау.

Тілмен өтірік айтпау, көзбен харамға қарамау, жүрекпен мұсылман бауырымызды күндемеу, кек сақтамау және жақсы амалға ұмтылу керек. Бұлай істемеген адам соңында бейбақ болады.

Жақсылық жасаған адамға жамандық істеуге бола ма? Бұл бізді жаратқан және шексіз сыйлар берген Аллаһу та'алаға шүкірсіздік болады. Жақсылық жасағанға жамандық еткен адам жамандық жасағанға қалайша жақсылық етсін?

Ашкөз адам ашкөздік шынжырына байланған өліге ұқсайды. Жүректегі ашкөздік жүректі мөрлейді, ал мөрленген жүрек өлі саналады. Мұсылман ашкөз болмайды, нәпсінің құмарлығы мен қалауларына ермейді.

Ең пайдалы қорқыныш – күнә істеуге бөгет болатын, қолдан жіберіп алған мүмкіндік үшін қайғыруға себеп болатын және қалған өмірді үздіксіз ойландыратын қорқыныш. Ең пайдалы үміт – амал етуді жеңілдететіні.

Үміт үшке бөлінеді:

1) Жақсы амал жасап, қабыл болуын күтетін адамның үміті.

2) Жаман іс жасаған соң тәубе етіп, кешірілуін күтетін адамның үміті.

3) Тұрақты түрде күнә істеп, Аллаһу та'ала оны кешіретінін ойлайтын адамның үміті. Бұл үміт қабыл болмайды.

Амалдағы ықылас амалдың өзінен қиынырақ. Құл өзі мен Аллаһу та'ала арасындағы мәселелерде толықтай адал, шыншыл болса, Аллаһу та'ала оған ғайып қазыналарын білдіреді.

Аллаһу та'ала жүректі оны еске алу үшін жаратқан бола тұра адамдар оны шәһуатқа, қалауларға және мақсаттарға толтырған. Жүректегі шәһуаттың ізін өшіретін нәрсе тек қана Аллаһу та'аладан қорқу және жақсы көру.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 24, 2022, 6:24:22 AM11/24/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жалғанның соңынан қалмай жүгіресіңдер!

Өлімнен бұрын келетін барлық нәрсе «Дүние» деп аталады. Олардың өлімнен кейін пайдалы болатындары дүниелік саналмай, ахиреттік саналады. Өйткені дүние – ахиреттің егістігі. Ахиретте пайдасы тимейтін дүниеліктер зиянды. Құран кәрімде былай делінеді:

«Дүние өмірі – тек қана ойын және бос нәрсемен айналысу. Ахирет пен оның ниғметтері тұрақты болғандықтан қайырлырақ. Бұлардың айырмашылығын түсінбейсіңдер ме?» (Әнам 32).

Аллаһу та'ала «Рахман» сүресінде: «Барлық нәрсе фәни (өткінші), тек қана Аллаһу та'ала бақи (мәңгі)» делінген.

Үлкен ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) айтқан:

«Күлли шәй ин фән» – барлық нәрсе өткінші. Барлық нәрсе қиял. Өмір қиял. Бұл дүние де өткінші, бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Адамның өмірі түс секілді өтіп жатыр. Өміріміздің өткен шағы қиял болып өтіп кетті, келетін шағы да қиялға айналады. Адамдар ұйқыда, өлген кезде оянады, шынайы өмір, нағыз өң өліммен басталады.

Дүние қадірсіз, оны қадірлеп, соңынан жүгірген адам да қадірсіз. Дүниенің Аллаһтың алдында мүлде қадірі жоқ. Хадис шәрифте: «Бұл дүниенің Аллаһтың алдында шыбынның қанатындай қадірі бар болғанда, кәпірге бір жұтым су да бермес еді» делінеді.

Аллаһу та'ала бұл дүниені қадірлемейді. Бұл жақты бізге жәннатқа баруымыз үшін жаратты. Мұнда түрлі-түрлі ниғметтер көріп жүрміз. Бірақ сол үшін өмір сүруден абай болайық. Өйткені олардың негізі жәннатта. Заттың негізі болмаса, айнадағы көрінісі де болмайды ғой. Қолжеткізген ниғметтеріміздің барлығының негізі болмаса, бұл дүниедегі көрінісі де болмас еді.

Бір замандары үлкен ғұлама болған екен. Бір күні шәкірттеріне дәріс берген соң аяғында:

- Қазір сендерге өтірік айтамын!, - дейді. Шәкірттері бұған дейін мұндайды естімеген соң аң-таң болып сұрайды:

- Ұстаз, кешіріңіз, бірақ түсіне алмадық, ол не дегеніңіз?

- Түсінбейтін несі бар, қазір сендерге өтірік айтамын. Егер өтірік айтқаным кейіннен мәлім болса, маған күнә болар еді. Бірақ мен басынан ескертіп айтып қойдым сендерге.

Шәкірттер мұқият тыңдап отырады. Сол кезде ұстаздары айтады:

- Дәл қазір мына есіктен ішке өте атақты біреу кірмекші!

Шәкірттердің бәрі бірден терезеге жүгіреді. Бірақ келе жатқан ешкім жоқ еді.

- Ұстаз, ешкім жоқ қой!, - дегенінде ғұлама:

- Дұрыс, мен сендерге басынан өтірік айтамын деп ескерттім ғой, сендер сонда да терезеге жүгірдіңдер... Айта-айта шаршадық. Бүкіл кітаптарда жазылған «Бұл дүние жалған» деп. Сендер сонда да оның соңынан жүгірудесіңдер. Яғни жалғанның соңынан қалмай жүгіресіңдер. Адамның нәпсі осы. Шайтанның алдап-арбауы осы. Адамды түстің соңынан, қиялдың соңынан жүгіртеді, - деген екен.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 1, 2022, 6:40:36 AM12/1/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ең үлкен ғибадат – уақытты босқа өткізбеу

Ибн Фәрғани хазрет – үлкен әулиелердің бірі. Жүнәйд Бағдади және Суфян Сәури секілді үлкен ғұламалардың сұхбаттарына қатысқан. Жастық шағын Иракта өткізді. Кейінректе Мәрв қаласына орналасты. Пәндік ғылымдарда да ғалым болған Ибн Фәрғани хазрет 320 (м.932) жылы қайтыс болды. Сөздері, ғибратты оқиғалары және насихаттары өте мәшһүр. Ұстазы Жүнәйд Бағдади Ибн Фәрғаниға жазған хатында былай деген:

«Йа, Әбу Бәкір! Ғалымдар мен басшылар – Аллаһу та'аланың адамдарға көрсеткен мейірімі. Адамдарға сөз айта алатындай түрде олардың хал-жағдайын түсін. Олардың шамасына және жағдайына қарай сөйле. Сен оларға жағатын әдемі сөздер айт».

Ибн Фәрғани хазрет айтқан: «Ғибадатты қорғау оны орындаудан қиын. Ол оңай сынатын шыны ыдыс секілді. Оған рия, мақтаныш, менмендік, тәкәппарлық тисе, сынып қалады».

«Ынта ынтаны талап етеді. Ал ынта шынайы достықты талап етеді. Егер адамда ынта болмаса, ол сүйіспеншіліктің не екенін білмейді».

«Ең үлкен ғибадат – уақытты босқа өткізбеу».

«Жасаған ғибадатына жүгіну (сенім арту) Аллаһу та'аланың сыйын ұмыту деген сөз».

«Мақсатына адал адамның белгісі – денесімен достарының арасында болса да, жүрегімен Аллаһу та'аланы ұмытпауы».

«Аллаһу та'аланың берген ниғметтерін жасаған ғибадаттарыңның марапаты деп ойлайтындардан болмаңдар».

«Нәпсің қалаған істерге көңіл бөлме, нәпсің қаламаған істерге көңіл бөл».

«Ең жаман мінез – тағдырға жазылғанға қарсы болу, әзәли жазмышты бар қалауымен, дұғамен өзгертуді тілеу».

«Ұялған адамның маңдайынан аққан тер – ондағы қасиеттің белгісі».

«Жақсы мінез – алғырлығыңның арқасында ешкімге дұшпан бола алмауың және ешкімнің саған дұшпан бола алмауы».

«Жасалған ғибадатқа марапат күту – Аллаһу та'аланың мейірімін ұмыту деген сөз».

«Ешкім пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дәрежесіне жете алмаған. Оның дәрежесінен астым немесе асамын дейтін адам тура жолдан адасқан болады. Өйткені әулиелердің ең соңғы дәрежелері – пайғамбарлардың ең бастапқы дәрежелері».

«Адамдар үш топқа бөлінеді: бірінші топқа Аллаһу та'ала хидаят нұрларын нәсіп еткен. Осы себептен олар күпір, ширк және екі жүзділіктен аулақ. Екінші топқа Аллаһу та'ала инаят нұрларын нәсіп еткен. Олар үлкен және кіші күнә істемейді. Үшінші топқа Аллаһу та'ала кифафатты нәсіп еткен. Олар Аллаһты ұмытқандарға тән әрекеттер жасамайды».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 8, 2022, 6:19:59 AM12/8/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Күнкөрісі қиындаған адам истиғфар айтуды тоқтатпасын!

Садық бин Әли Айдәруси хазрет – үлкен әулиелердің бірі. 1588 (х.997) жылы Йеменде Тәрим қаласында дүниеге келді. Сәйид болып, тегі пайғамбарымызға дейін жетеді. Йемен ғұламаларынан тәфсир, хадис, фиқһ және т.б. ілімдерді оқыды. Тасаууф ілімінде жетілді. Ұстаздарынан ижазат (диплом) алып, кейін Үндістанға барып, Бәндәрсура қаласында көкесі Шәриф Мұхаммедті зиярат етті. Сұхбаттарына қатысып, білім алды. 1653 (х1064) жылы сол жақта қайтыс болды. Өз сұхбаттарында былай деген:

«Бес адамның сұхбатынан, яғни бес адаммен бірге жүруден сақтан: біріншісі, өтірік айтатын адамнан сақ бол. Өйткені, сен оған әрдайым алданасың. Саған жақсылық жасаймын деп жамандық істейді. Екіншісі, сараңнан сақ бол. Үшіншісі, ақымақтан, яғни ақылы аз адамнан сақтан. Өйткені, ең қажетті кезде ол сені тастап кетеді. Төртіншісі, жаман ниетті адамнан сақ бол. Өйткені, жағдайы қиындаған кезде опасыздық жасап, сені пайдаланып кетеді. Бесіншісі, пасықтан, яғни күнә істеуге ұялмайтын адамнан сақ бол! Өйткені, сені бір кесек нанға сатып кетеді».

«Мұсылман бауырың туралы жаман іс еститін болсаң, бірден жетпіске дейін оны ақтайтын себеп ізде. Таба алмасаң, «Бәлкім мен түсінбеген бір себеп бар болар» деп ол мәселені жап».

«Мұсылман бауырларыңнан мағынасын түсінбеген бір сөз естісеңдер, жақсыға жорыңдар. Одан да жақсысы шықпайтындай етіп жақсыға жорыңдар. Түсіне алмағандарың үшін өздеріңді айыптаңдар».

«Қате істеп қойған кездеріңде истиғфар айтыңдар, қатеден қайтпай табан тіреп тұрып алу құрып кетуге себеп. Кімде-кім күнкөрісте қиналып жүрген болса, үздіксіз истиғфар айтсын».

«Қиындыққа шүкір етпеген адам ниғметке шүкір ете алмайды».

«Бейсенбі күні екінді (аср) уақыты келгенде Аллаһу та'ала періштелерін аспаннан жерге түсіреді. Періштелерде күмістен парақтар және алтыннан қаламдар бар. Олар ертеңіне күн батқанша Расулуллаһқа айтылған салауатты жазады».

Аллаһу та'ала дүниеге әмір етті: «Ей, дүние, маған қызмет еткенге сен қызметші бол! Ал сенің артыңнан қалмай жүгіргенге қиыншылық, әбігерлік бер!».

«Мына төрт нәрсені әр қадірлі адам істеуі керек. Істемеу оған жараспайды: 1) Отырған жеріне әкесі келсе, орнынан тұру. 2) Қонаққа қызмет ету. 3) Жүз қызметшісі болса да, мұқтаж болмаған кезде көлігіне (атына, түйесіне) ешкімнің көмегіне жүгінбей өз күшімен міну. 4) Білім берген ұстазына қызмет ету».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 15, 2022, 5:31:14 AM12/15/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жанұяны асырау ер кісінің міндеті

Неке (үйлену) – әрі еркекті, әрі әйелді бақытты қылатын киелі одақ. Мамандардың айтуынша: «Депрессияға түскен әйелді айықтыру үшін оны тұрмысқа беріп, балалы болуына жол ашу керек. Ер кісіні де бақытты қылу үшін дәл осы шараны қолдану қажет».

Қазіргі таңда, әсіресе батыс елдерінде, адамның жәннаты деуге болатын жанұя, яғни бақытты отбасы бұзылуда. Әйел күнде жұмысқа сыртқа шыққан кезде, өзінен бастап балаларына дейін барлық жанұя мүшелерін бақытсыз етуде.

Әйел онсыз да әлсіз және нәзік жаратылыс. Үйдің жұмыстары және балалардың тәрбиесі жетіп тұрғанда, тағы сыртқа жұмысқа шығуы, кәсіп иесі болып жұмыс істеуі оны әбден шаршатып, бақытынан айыруда.

Жұмыс істейтін ана таңертең балаларын тастап жұмысқа шығарда өзін кінәлі сезінеді. Қазіргі замандағы әйелдердің отбасын құрудан қашуының, бәлкім, ең үлкен себептерінің бірі осы болар.

Ананың күнде үйінен жұмысқа шығуының кесірінен пайда болған маңызды мәселелердің бірі – балаларының қажетті қамқорлық пен мейірімнен мақрұм қалуы. Балалар азыққа қалай мұқтаж болса, ана қамқорлығына да солай мұқтаж.

Көбісі «әйелдер ақша табу, осылайша жанұясын қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді» деп ойлайды. Алайда, жасалған сауалнаманың қорытындысы бойынша, жұмыс істейтін аналардың 84 пайызының негізгі мақсаты ақша табу емес, оқып алған дипломын ақтау және мамандығын қолдана алу арманын орындау.

Дініміз әйелдің жұмыс істеуіне белгілі шарттарда және зәру жағдайларда рұқсат береді. Жанұяның, бала-шағаның напақасын (азығын, киімін, баспанасын және т.б.) қамтамасыз етуді үйдің еркегіне парыз қылды. Еркектер әйелдерден күштірек болып жаратылған. Еркектердің міндеті – ақша табу, жұбайының және бала-шағасының күнкөрісіне қажетті заттарды қамтамасыз ету. Ал әйелдің ең маңызды міндеті – үйінде үйдің жұмыстарымен және балаларының тәрбиесімен айналысу. Әйелдер еркектерге қарағанда мейірімдірек, биязы және сезімтал келеді. Еркектер үйдің ішіндегі жұмыстарды әйелдері сияқты жақсы атқара алмағанындай, әйелдер де сыртта жұмыс істеу тұрғысында еркектер сияқты бейім бола алмайды. Әйел жұмыс орындарындағы жұмысына қанша берілуге тырысса да, үй жұмыстарының өзіне тән екендігін жоққа шығара алмайды. Ол үйдің мәселелеріне жұмыстағысына қарағанда көбірек мән береді.

Еркек пен әйелдің құқықтары тең, бірақ жаратылыста екеуі тең емес. Екеуінің табиғаты өзгеше. Олар бір-біріне мұқтаж, бірі болмаса екіншісі нұқсан қалатын болмыстар. Яғни олар жанұяда бірігіп, бірін-бірі толықтыратын, екі жарты бір бүтін болатын өзгеше жаратылыстар.

Жақсы отбасы әрі еркекті, әрі әйелді бақытты қылатын, шаттық пен ырыс беретін одақ. Осы бақыттың тұрақты болуы үшін әйелдерге артық жүк бермеген жөн...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 22, 2022, 6:03:45 AM12/22/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Парызбен салыстырғанда нәпілдің еш құны жоқ

Құтб-и Раббани хазрет мәшһүр әулиелердің бірі. Есімі Мұхаммед, 1260 (х.658) жылы Үндістанда Панипут қаласында дүниеге келді. Кіші жасында Шәрәфуддин Әбу Әли Кәлендер хазреттің тәрбиесіне берілді. 1363 (х.765) жылы сол жерде қайтыс болды. Көптеген құнды еңбектер жазып қалдырған. «Фәуаид-ул-Фуад» атты кітабында былай деген:

Аллаһу та'ала разы болған амалдар – парыздар мен нәпілдер. Парызбен салыстырғанда нәпілдің еш құны жоқ. Бір парызды уақытылы орындау мың жыл үздіксіз нәпіл ғибадатты орындаудан әлдеқайда құндырақ. Нәпілдің барлық түрі, мысалы намаз, зекет, ораза, умра, қажылық, зікір, бәрі осындай. Тіпті бір парызды орындағанда оның бір сүннетін және бір әдебін орындау басқа нәпілдерді орындаудан әлдеқайда құндырақ...

Әмир-ул мүминин Омар-ул Фаруқ (радиаллаһу анһ) бір күні таң намазын оқығаннан кейін жамағат арасынан біреуді көре алмаған соң себебін сұрайды. Жамағаттағылар «Ол әр түні нәпіл ғибадатпен айналысады. Бәлкім ұйықтап қалып, жамағатқа келе алмаған шығар» деседі. Сонда халифа «Түні бойы ұйықтап, таң намазын жамағатпен оқығанында жақсырақ болар еді» дейді. Бұдан аңғарылатыны, бір парызды орындағанда оның әдебін орындау және мәкрухынан сақтану зікірден, тәфәккурден әлдеқайда құндырақ. Иә, бұлар сол әдептерді орындаумен және мәкрухтардан сақтанумен бірге орындалса, әлбетте өте пайдалы болады. Бірақ оларсыз болса, ештеңеге жарамайды. Осы секілді, бір теңге зекет беру мың теңге нәпіл садақа беруден жақсырақ. Сол бір теңгені берерде әдебін де сақтап орындау, мысалы жақын туысқа беру сол нәпіл садақадан әлдеқайда жақсырақ болады.

Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) хабар бергені бойынша, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Бес уақыт намаз және жұма намазы келесі жұмаға дейін және рамазан оразасы келесі рамазанға дейін істелетін күнәларға кафарат (өтем) болады. Үлкен күнә істеуден сақтанып жүретіндердің кіші күнәларының кешірілуіне себеп болады». Арада істелген кіші күнәлардан кісі хақысы араласпағандарын жояды. Кіші күнәлары кешіріліп таусылған адамдардың үлкен күнәларына берілетін азаптарының жеңілдеуіне себеп болады. Үлкен күнәлардың кешірілуі үшін тәубе ету де қажет. Үлкен күнә жоқ болса, дәрежесінің жоғарылауына себеп болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 29, 2022, 5:58:23 AM12/29/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ғасырлар бұрын айтылған алтын насихаттар...

Ибраһим бин Әдхам хазрет – ұлы әулиелердің бірі. 12 ғасыр бұрын қайтыс болғанымен, әлі күнге дейін ұмытылмады. Даналық және ұлағатты сөздері, үлгілі ұстанымы адамдарда сүйіспеншілік пен таңданыс тудыратын.

Бір күні әулие кісінің алдына адамдар жиналып насихат сұрады. Сонда оларға мынадай алтын насихаттар айтқан екен:

* Адамдар дүние жұмыстарымен әуре болғанда сендер ахирет жұмыстарымен әуре болыңдар! Мақсаттарың дүние болмасын!

Мақсаты дүние болғандардың ғибадаттары көп болса да, сауабы аз. Яки мүлде жоқ.

«Жүрегінде дүниеге деген сүйіспеншілігі бар адамның ғибадаттары ықыласты болмайды!»

Бойындағы рия, тәкәппарлық, менмендік және көре алмаушылық сияқты жаман қасиеттерден құтыла алмайды. Бұл қасиеттер оның ғибадаттарын жарамсыз қылады. Ал жүрегінде дүниелікке деген сүйіспеншілігі болмаған адамдардың ғибадаттары, Аллаһу та'ала үшін болғандықтан, аз болса да, құнды болады.

* Адамдар сыртқы көріністерін көріктендіруге тырысып жатқанда сендер ішкі дүниелеріңмен айналысыңдар!

Маңызды болғаны – жүрек тазалығы. Сондай таза жүрекке Раббымызға деген сүйіспеншілік толады. Ыдыстағы суды төккенде ішіне бірден ауаның кіргені сияқты... Мұндай жүрек Аллаһу та'ала назар салатын мекен болады және шайтандар оған жақындай алмайды!

* Адамдар үйлерін жайластыруға тырысқанда сендер қабірлеріңді жайластыруға мән беріңдер!

Дүниедегі үйде қалу мерзімі қабірде қалатын уақытқа қарағанда өте қысқа. Осы дүниедегі үйімізде тіпті бір күн де қалатынымыз нақты емес, сонда да дүниедегі үйімізге сонша көңіл бөлеміз. Ал қияметке дейін ішінде тұруға мәжбүр болған қабірімізге еш мән бермейміз.

«Адам қандай оғаш жаратылыс, тастап кететіні нақты болған жерге сонша мән береді де, ұзақ тұратындығы нақты болған жерді тіпті есепке де алмайды.»

Тапқан ақшасына қуанады, өмірінің қысқарғанына қайғырмайды. Өмір біткеннен кейін байлықтың не пайдасы бар?

* Адамдардың көбі өзгелердің кемшіліктерін іздейді, сендер өз кемшіліктеріңмен айналысыңдар!

Біреудің кемшілігін іздеу өте үлкен күнә. Сонымен қатар бұл күнәда кісі ақысы да бар. Қиямет күні сауаптарымыздан айрылуымызға себеп болуы мүмкін. Адамның екі көзі бар, бірақ көретін нүктесі бір. Өзгелердің кемшіліктерін іздеген кісі өз кемшіліктерін көре алмайды және одан құтылуға да тырыспайды. Нәтижесінде қиыншылықтарға тап болып, үлкен зиянға ұшырайды.

* Адамдардың көбі жұрттың мақтауын алуға тырысады. Адамдардың разы болуы оларға ең маңызды нәрсе. Сендер Раббыларыңның разылығын алуға тырысыңдар!

Бүкіл әлемді жоқтан бар қылған, қалаған кезінде жоқ қылып жіберуге құдіретті болған Раббымыздың разылығына қолжеткізе алсақ, ең үлкен ниғметке бөленген боламыз. Бұдан асатын бақыт жоқ! 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 5, 2023, 7:06:12 AM1/5/23
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Мән беру керек болған төрт нәрсе

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ең үлкен дәулет, ең үлкен байлық – Әһли сүннет сенімінде болу. Имам Раббани хазрет «Әр адамға бәрінен бұрын қажет болғаны – Әһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей сену, кейін осы ғалымдар білдірген ілімхал білімдерін үйрену» деген. Ілімхал білімдері дегеніміз – неге қалай сенетінімізді, нені қалай, не үшін істейтінімізді түсіндіретін білімдер.

Харам, мәкрух, мүфсид, парыз, уәжіп, сүннет, мүстаһаб, мубах деп аталатын осы білімдерге «Әфал-и мүкәлләфин» делінеді. Яғни әрбір мүкәлләф (балиғатқа толған, ақылы кірген) адамның орындауы және сақтануы қажет болған амалдар. Бұларды толық орындаған адам әулие құл болады. Осы нәрселерді білдірген ғалымдардың жолын ұстанған, олар көрсеткен жолмен жүрген адам олар барған жерге барады.

Олай болса, олар барған жерге бару үшін мына төрт нәрсеге мән беру керек:

1) Әһли сүннет сеніміне сай иман,

2) Өзіне қажетті илмихал білімдерін дұрыс қайнардан үйрену,

3) Үйренгендеріне сай ықыласпен амал ету,

4) Дін ғұламаларын танып, оларды жақсы көру және өз ақылын тастап, сол ғалымдарға мойынсұну.

Осыларды орындаған адам олармен бірге болады, олармен бірге болған адам олардың қауышқандарына қол жеткізеді.

Ғалымдардың жолына түсу ұшаққа мінуге ұқсайды. Бұл ұшақ арнайы біз үшін ұшпауымен қатар, біздікі де емес. Бірақ ол баратын жерге біздің де бара алуымыз үшін кейбір шарттарды орындау керек. Билет алу, ұшатын уақытында, ұшатын жерінде дайын болу, жолаушы ретінде тіркеуден өтіп, орнымызға отыру, пилоттың жұмысына еш араласпау керек. Яғни шарттарды орындағанымызда сол ұшақтың баратын жеріне мансапты, абыройлы адамдармен бірге бару мүмкін болады. Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін ғалым болу шарт емес. Әһли сүннет сенімінен кейін илмихал білімдерін үйреніп, әмір етілген күйде орындау арқылы Аллаһтың рұқсатымен жәннатқа кіру мүмкін болады.

Уақыт судай ағып жатыр, өмір өтіп жатыр. Жақсысы да, жаманы да мұны көріп, басынан өткізіп жатыр. Дүние өмірі – қиял. Бұл қиялға көңілімен байланғандарға, қиялға алданғандарға қандай обал!

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 12, 2023, 7:02:10 AM1/12/23
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Садақа түрлі ауру мен бәле-жаланы кетіреді

Аллаһ разылығы үшін жасалған материалдық және рухани әртүрлі жақсылықты «Садақа» деп атайды. Шайтан бергізуді қаламаса да, садақа беру керек. Аяти каримада былай делінеді:

«Шайтан кедей болып қаласыңдар деп қорқытып, сендерге сараңдықты, жаман нәрселерді үгіттейді, садақа бергізуді қаламайды. Аллаһ болса өз қамқорлығынан сендерге кешірім және мол ниғмет уәде етеді. Аллаһтың сый-сияпаты мол, Ол барлығын жақсы біледі». (Бақара 268).

Садақаның пайдалары туралы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәле-жаланы кетіреді». (Бәйһақи).

«Жақсылық жасау өмірді ұзартады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды». (Табарани).

«Садақа берген адамның ризығы артады және дұғасы қабыл болады». (Ибн Мажа).

«Садақа шайтанды құлдыратады». (Дәйләми).

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Жәбрейіл періште келіп, айтады:

«Йа, Расулаллаһ, ләуһи махфузда көрдім, пәлен жігіт бұл түні қайтыс болады».

Пайғамбарымыз ол жігіт үшін қайғырып, оны шақырып алады, «Балам, бір қалауың бар ма?» деп сұрайды. Жігіт жауап ретінде:

«Йа, Расулаллаһ, пәлен қызды қатты жақсы көремін, бірақ оны маған бермей жатыр, онымен үйлендірсеңіз қатты қуанамын. Сондай-ақ тәтті жегім келеді» дейді.

Әрине жігіт өлетінін білмейді... Дереу қыздың үйіне барып, қолын сұрайды. Жігітке сұраған тәттілерін де алып береді.

Сол түні пайғамбарымыз жігітті үйлендіреді. Таңды үреймен күтіп отырады, өйткені таңертең өлім хабары келетін еді...

Сүйікті пайғамбарымыз таң атқан соң біреуді жіберіп, «Әлгі жігіттен хабар бар ма?» деп сұрайды. Жіберген адамы «Бәрі жақсы, жайбарақат үйінде отыр, ешқандай қиыншылығы жоқ» деген хабар әкеледі. Сол мезетте Жәбрейіл алейһиссалам келіп, оқиғаны былай айтып береді:

«Йа, Расулаллаһ! Кеше бұл жігіт отбасымен бірге отырған еді. Тәтті жемекші болып дастарханға отырған мезетте бір кедей келіп қалады да, «Қанша күннен бері аш жүрмін, ештеңе жемедім, бір үзім нанға мұқтажбын. Аллаһ разылығы үшін маған бір нәрсе берші» деп сұрайды. Ол жігіт өте жомарт екен. Жұбайына «Қарсы болмасаң, мен мына тәттіні түгелдей бермекшімін» дейді. Жұбайы қарсы болмай, мақұлдаған соң тәттінің бәрін кедейге беріп жібереді. Кедей кісі «Аллаһу та'ала сенен разы болсын, өмір-жасың ұзақ болсын» деп дұға етеді. Жігіттің бұл ісі және кедейдің сол дұғасы Аллаһу та'алаға ұнап, жігіттің өмірін ұзартады. «Садақа және дұға бәле-жаланың алдын алады» деген сөз жүзеге асқан болды».

Жәбрейіл алейһиссалам осы оқиғаны айтып болған соң «Йа, Расулаллаһ, жастықтың астына тексерсін» дейді.

Жігіттің жастығын көтеріп қараса, астында үлкен жылан бүрісіп сол жерде өліп қалған екен! Жігіт жұбайымен бірге отыз жыл бақытты өмір сүрген екен.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 19, 2023, 6:46:54 AM1/19/23
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әйелдердің жәннатқа кіруі оңайырақ

Дінімізде білу зәру болған нәрселерді әр мұсылманның білуі қажет. Білмеу үзірге, яғни кешірімді себепке жатпайды. Адам жасаған ісін не үшін жасағанын білуі қажет. Істеп қойғаннан кейін «Білмегенім үшін істедім» деп айту адамды жауапкершіліктен құтқармайды.

Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары, әсіресе әйелдер кәпірлердің істегендерін істеп жүр және сол күндерді мұсылмандардың мейрамы деп санап, кәпірлер секілді бір-бірлеріне сыйлық беріп жүр. Үйлерін, дүкендерін, заттарын, дастархандарын кәпірлер секілді сәндеп, әшекейлеп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекшелеп жүр. Бұлардың барлығы ширк, күпірлік саналады. Бұл жайт Құран кәрімдегі «Юсуф» сүресінде былай айтылған:

«Біз Аллаһу та'аланың бар екеніне, бір екеніне, барлық нәрсені Ол жаратқанына сендік, мұсылман болдық дейтіндердің көбісі өзгелерге ғибадат етіп, өзгелерге бағынып және тағы көптеген әрекеттер жасап, сөздер айтып, мүшрик болуда».

Әйелдер қабір зияратында да үлкен қателіктер жасайды. Кесене үшін құрбандық шалады. Малды кесенеге апарып, қабір басында сояды. Бұлар Аллаһ разылығы үшін емес, қабірде жатқан адам үшін сойылса, ол кезде қауіпті болады. Осылай құрбан шалуды фиқһ кітаптары ширк деп санаған.

Дініміз бойынша құрбандық тек қана Аллаһу та'ала разылығы үшін сойылады, пайда болған сауап кесенеде жатқан әулиеге бағышталады. Қабірдегі әулиеден шапағат етуі сұралады.

Мынаны жақсылап біліп алу қажет, мысалы, ол жаққа ауру үшін барған болса, ауруды жазатын кесенедегі әулие емес. Науқасқа шипа беретін тек қана Аллаһу та'ала. Ол жақтағы әулие тек арашы, шапағатшы ғана...

Қабірде шүберек байлау, шам жағу да дінімізде жоқ. Бұлар кейіннен шығарылған бос ырымдар.

Негізінде ер кісілерге қарағанда әйелдердің ісі оңайырақ. Олардың жәннатқа кіруі әлдеқайда оңай. Ер кісілерге қарағанда олардың жауапкершілігі азырақ. Жасайтын істері белгілі. Хадис шәрифте:

«Төрт нәрсені істейтін, яғни күйеуіне қиянат жасамайтын, бес уақыт намаз оқитын, Рамазан айында ораза ұстайтын және бөтендерге ашық күйде көрінбейтін әйел жәннатқа кіреді» делінген. Өйткені, дұрыс оқылған намаз адамды күнә істеуден қорғайды және исламның шарттарын орындауға деген ынтаны арттырады.

Бұл аптадағы жазбамызды үлкен ислам ғұламасы Хусейн Хилми бин Саидтың (қуддиса сиррух) сөзімен аяқтайық:

«Намазын оқып жүрген және алпыс жастан асқан мұсылман шәһид ретінде өледі. Бірақ әйелдер үшін жас шектеуі жоқ, намазын оқып, оранып жүріп, намысын қорғайтын болса, қай жаста өлсе де шәһид болады».

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages