|
Хазреті Әли айтқан: «Қай жақсы амалда бірінші болғым келсе, Әбу Бәкірді бәрінде менен озғанын көрдім». Тағы айтқан: «Расулуллаһтан кейін адамдардың ең қайырлысы Әбу Бәкір мен Омар. Мүмин кісінің жүрегінде маған деген сүйіспеншілік пен Әбу Бәкірге және Омарға деген дұшпандық бірге бола алмайды». Хазреті Әли әр хұтбасында: «Йа, Раббым! Хулефа-и рашидинді дұрыстағаның секілді бізді де дұрыстай көр!» дейтін. «Хулефа-и рашидин кім?» деп сұралғанда көзі жасқа толып: «Олар мен ең қатты жақсы көретін Әбу Бәкір мен Омар» деді. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) әрдайым «Әбу Бәкір біздің сәйидіміз» дейтін. Тағы ол: «Әттең Әбу Бәкірдің кеудесіндегі бір қыл болсам ғой» дейтін. Тағы ол: «Жәннатта әр мезетте Әбу Бәкірді көргім келеді» дейтін. Тағы хазреті Омар: «Ешбір жақсылықта Әбу Бәкірге жете алмадым» дейтін. Хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) мейірімі, қамқорлығы өте көп болғандықтан, оны «Әууаһ» деп атайтын (радиаллаһу та'ала анһ). Жәбрейіл алейһиссаламның Расулуллаһпен сөйлескенін тек қана хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ) еститін. Үлкен ғұлама Бәдреддин Махмуд бин Ахмед Айни (рахимәһуллаһу та'ала) «Зәйнул мәжалис» кітабында жазуы бойынша, хазреті Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) «Адамға зиян тілінен келеді» деген мақалға сүйеніп, Аллаһу та'ала разы болмайтын сөз айтып қоймау үшін он екі жыл мүбәрәк аузына тас салып жүретін. Исламға немесе әдепке сай бір нәрсе айтпақшы болғанда тасты шығаратын. Жаз күндері ораза ұстайтын, қыс күндерінде ұстамайтын. Аллаһу та'ала қатты қорқатыны сонша, бір құсты көріп: «Ей, құс, неткен бақыттысың, жемістерді жейсің. Жапырақтардың арасында көлеңкелейсің. Қияметте есепке тартылмайсың. Әттең Әбу Бәкір де сен сияқты құс болса ғой» деген еді. Бір ретінде: «Әттең көк шөп болсам ғой. Жануарлар мені жейтін еді. Осылайша қиямет күні жаратылып есепке тартылмасам ғой» деген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда ансар сахабалар бір жерге жиналып, «Бізден бір әмір, мухажир сахабалардан бір әмір болсын» десті. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ) мұны естігенде хазреті Омарды (радиаллаһу та'ала анһ) қасына ертіп сол жерге барды да, «Халифалар құрайш тайпасынан болады» деген хадис шәрифті оқыды. Хазреті Омар да: «Ей, ансар сахабалар! Расулуллаһтың хазреті Әбу Бәкірді имам қылғанын ұмыттыңдар ма? Қайбірің Әбу Бәкірден үстем екенін айта алады?» деді. Ансар сахабалар бәрі бір ауыздан: «Әбу Бәкірден үстем болуды айтудан Аллаһу та'алаға сиынамыз» десті. Бәрі Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) халифа сайлады. Хазреті Әли мен хазреті Зубәйр (радиаллаһу та'ала анһума) ол жақта жоқ еді. Ертеңіне олар да мешітке келіп, асхаби кирамның барлығы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) хазреті Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) бір ауыздан халифа сайлады. Тәфсир кітаптарында жазылуы бойынша, «Фәтх» сүресінің: «Арабтан сендерге бағынбағандарға айт...» деген бұйрығы хазреті Әбу Бәкірдің халифалығының хақ және дұрыс екенін көрсетеді. Өйткені бұл аяти карима келген соң мұсылмандарды кәпірлерге қарсы соғысуға шақыру хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) мүртәдтемен соғысуға шақыруынан кейін екені анық. Бұл аяти каримада: «Оған бағынатын болсаңдар, Аллаһу та'ала сендерге сауап береді» делінген. Хазреті Әбу Бәкірдің халифалығы (радиаллаһу та'ала анһ) әділетсіз болғанда, оған бағынғандарға сауап беріледі деп айтылмайтын еді. Әмір Жамаледдин Юсуф Захиридің «Мәуридил ләтафа» кітабында жазылуы бойынша, Аллаһу та'ала бүкіл адамзат арасында үш адамға халифа деген: Адам алейһиссаламға, Дауд алейһиссаламға және хазреті Әбу Бәкірге (радиаллаһу та'ала анһ). Хазреті Әбу Бәкір хазреті Омарды (радиаллаһу та'ала анһума) қазы қылды, хазреті Османды (радиаллаһу та'ала анһ) хатшы қылды. Әбу Убәйда (радиаллаһу та'ала анһ) тәртіп сақшыларының басшысы еді. Ол Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) күміс жүзігін саусағына тақты. Халифа болғанында да сауда-саттығын тоқтатпады. Асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) сауда жасауын лайықты көрмей, оған бәйтул малдан күніне жарты қой, жылына 2500 күміс ақша, жаздық және қыстық бір-бір қабат киім берілді. «Мират-и Каинат» кітабынан алынған жазба осы жерде тәмәм болды. Аллаһумма инни әузу бика мин азабил қабри мин азабиннар уә мин фитнатил махия уәлмәмати уә мин фитнатил Мәсих-ид-дәжжал. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |