Арапа күнінің маңыздылығы

12 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 7, 2022, 4:55:45 AM7/7/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Арапа күнінің маңыздылығы

Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн «Арапа күні» деп аталады. 8 шілдеде (жұма) Арапа күні болады. 9 шілде (сенбі) – Құрбан айттың алғашқы күні.

Қасиетті түндерге өзінен кейін келетін күннің атауы беріледі. Яғни алдымен түні, кейін күні келеді. Бірақ Арапа және Құрбан айттың үш түні ондай емес. Бұл төрт түн күндерінен кейін келеді. Арапа – тек қана Зүл-хиджаның 9-шы күні, яғни Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн (8 шілде). Ораза айттың алдындағы күнге және басқа да күндерге Арапа деп айтылмайды.

Арапа күні жасалатын амалдардың кейбірлері мыналар:

1) Арапа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінді намазына дейінгі 23 намазда еркек-әйел барлық адам парыз намаздан кейін сәлем бере сала «Аллаһумма әнтәссәлам...» дұғасын оқымай тұрып уәжіп болған тәшриқ тәкбірін оқуы керек.

Тәшриқ тәкбірі: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд».

Парыз намазынан басқа айт және жұма намазынан кейін де оқылады. Мешіттен шыққаннан кейін немесе сөйлескеннен кейін оқу міндетті емес. (Халеби)

 

2) Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұту өте сауапты болады, бірақ Арапа күні ораза тұтудың сауабы одан да көбірек. Хадис шәрифтерде былай айтылған:

«Арапа күні ораза тұтқан адамға Адам алейһиссаламнан бастап Сур үрленгенге (қияметке) дейін өмір сүрген бүкіл адамзат санынан екі есе көп мөлшерде сауап жазылады». (Р. Насихин)

«Арапа күні ұсталған ораза 1000 күн тұтылған (нәпіл) оразаға тең». (Табарани)

«Арапа күні 1000 рет «Ихлас» сүресін оқыған  адамның барлық күнәлары  кешіріледі және дұғасы қабыл болады». (Әбушшәйһ) (Барлығын бисмиллаһпен оқу керек).

«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі өткен жылғы, екіншісі келер жылдың күнәлары». (Мүслим) (Яғни Арапа күні тұтылған ораза өткен және келер жылда жасалатын тәубелердің қабыл болуына себепші болады).

«Арапа күнінен үстемірек күн жоқ. Ол күні Аллаһу та’ала жер жүзіндегілермен мақтанып көктегілерге «Ей, көктегілер, құлдарыма қараңдар, олар мейіріміме қауышу үшін және азабымнан құтылу үшін ұзақ жерлерден келді...» дейді. Арапа күні тозақтан көп құл құтылатыны сонша, басқа күндерде мұншама құл құтыламайды». (Ғуния)

«Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді». (И. Малик)

«Аллаһу та’ала Арапа күнінде құлдарына назар салады. Түйірдей иманы бар адамды кешіреді». (Ғуния)

«Арапа түні ғибадат жасаған адам тозақтан азат болады». (С. Әбәдия)

«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені Арапа – Аллаһу та’ала қадірлеген күн». (Дәйләми)

«Арапа – өте құнды күн. Ол күні мейірім есіктері ашылады». (Дәйләми)

 

3) Бұл күнді мүмкіндік деп білу қажет. Оны жіберіп алмауға тырысу керек. Хадис шәрифте айтылғанындай:

«Дұғаның қадірлісі – Арапа күні жасалған дұға». (Бәйһақи)

 

4) Арапа күнін ғибадатпен, Аллаһу та’аланы зікір, тәфәккур етіп өткізуге, адамдарға жақсылық жасауға тырысу керек! Ең құнды ғибадат ілім үйрену болып табылады. Әһли сүннет ғұламалары жазған ілімхал кітаптарын оқу арқылы ең дұрыс ілімді үйренген боламыз. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені Арапа – Аллаһу та’ала қадірлеген күн». (Дәйләми) (Құрметтеу күнә істемеу арқылы жүзеге асады).

«Арапа күні құлағына, көзіне және тіліне ие болған адам кешіріледі». (Табарани)

Құлағына ие болу – ғайбат, сазды аспап секілді харам нәрселерді тыңдамау деген сөз. Егер бұлар біздің қалауымыздан тыс құлағымызға келетін болса, бізге күнә болмайды. Көзге ие болу – харам нәрселерге қарамау және мубах нәрселерден ғибрат алу деген сөз. Тіліне ие болу - өтірік, өсек, сөз тасу, жаман сөз, тіпті бос сөзден тыйылу, ешкімді тілімен ренжітпеу дегенді білдіреді. Осы аталғандарға мойынсұнып, осы бойынша жүрген адам Арапа күнін құрметтеген болады.

Арапа түні – Арапа күні мен Құрбан айттың бірінші күні арасындағы түн. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Рақымдылық есіктері төрт түнде ашылады. Ол түндері жасалған дұға мен тәубе қабыл болады. Ораза айты мен Құрбан айттың алғашқы түндері, Бәрат түні және Арапа түні». (Исфахани)

«Төрт түннің күндізі де түні секілді құнды болып келеді. Аллаһу та’ала ол күндері дұға еткен адамның тілегін зая етпейді, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсанға қауышады. Бұлар: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні, жұма түні және күндері». (Дәйләми)

«Арапа түні ғибадат еткен адам тозақтан азат болады». (С. Әбәдия)

 

Арапа күнінде ораза

Сұрақ: «Арапа күні де мұсылмандардың мейрамы. Сондықтан, Арапа күні ораза тұтуға болмайды» деп айтатындар бар. Арапа күні ораза тұтпау керек пе?

Жауап: Хазреті Әбу Хурайра «Расулуллаһ Арафатта Арапа күні ораза тұтуға тыйым салды» деген. Ал хазреті Ибн Абидин айтқан: «Арапа күні қажының ораза тұтуы Арафатта уақфаға тұруға және дұғаларға кедергі болмау шартымен мүстаһаб болады. Ораза ұстау адамды әлсірететін болса, ораза ұстау мәкрух болады». (Рәдд-ул-мухтар)

Яғни, Арафатта болып, ораза тұта алмайтындарға Арапа күні ораза тұту мәкрух болуы барлық адамдарға қатысты емес. Арапа күні ораза тұту өте сауапты болады.

 

Мың рет «Ихлас» сүресін оқығанда сөйлеу

Сұрақ: Арапа күні мың рет «Ихлас» сүресін оқығанда арада сөйлеуге немесе бір жұмыспен айналысуға бола ма, әлде арасын үзбей оқу керек пе?

Жауап: Жоқ, үзбей оқу шарт емес, арасын бөлуге болады. Мәселен, бір бөлігін азанда, бір бөлігін түсте немесе түстен кейін оқуға да болады.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages