Жұма мүбәрәк болсын!

7 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 20, 2024, 8:04:33 AMJun 20
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жылан жанның дұшпаны, ал жаман дос...

Жылан адамды өлтіріп, жанын алуы мүмкін. Ал жаман дос адамның жанын да, иманын да алып, пәлекетке жетелейді. Өйткені «Адамның діні – досының діні секілді» делінген.

Адам өзінің және күллі болмыстың жаратушысын тануға бейім болып жаратылған. Жаратушысына ғибадат ету және Оған жақындау деген қалау әрбір адамда болады. Бірақ, бұл бейімділіктің және қалаудың ешқандай құны жоқ. Өйткені нәпіс, шайтан және жаман дос адамды алдап жаратылысындағы бұл қасиеттерін бәсеңдетіп, жойып жібереді.

Дін ғұламалары былай деген: «Иманның төрт дұшпаны бар: Оң жақта жаман дос, сол жақта нәпістің қалаулары, алда дүниеге берілушілік және артта шайтан бар, бәрі де иманды ұрлағысы келеді. Жаман дос дегеніміз адамның тек мүлкімен ақшасына қол салып, дүниесін алғысы келетіндер емес. Достың ең жаманы, ең зияндысы – адамның дінін, иманын, әдебін, ұятын, ахлақын бұзуға тырысатындар, яғни дүниесі мен ахыретіне, мәңгі бақытына шабуыл жасайтындар».

Хазреті Ахмед Намық Джами жақсы достың қандай болатынын түсіндіріп жатып, былай дейді: «Көрісіп, бірге жүрген адамның жақсы дос немесе жаман дос екенін білудегі маңызды нәрселер мыналар: Көрісіп жүрген адамдарың сендердің Аллаһу та'аланы еске алуларыңды және ұмытпауларыңды қамтамасыз етіп, мұны жаңалап, жүректеріңді ояу ұстаса бұл жақсы дос деген сөз. Ал бірге жүрген адамдарың сендерге Аллаһу та'аланы және Оны зікір етуді ұмыттырып жатса, ол жаман дос деген сөз. Ондай адамнан жыртқыш аңнан қашқандай қашу керек. Өйткені жыртқыш аң әрі кетсе адамның жанын алады, бірақ иманына зиянын тигізе алмайды. Жаман дос болса, адамның иманының да, жанының да кетуіне, оның мәңгі пәлекеттерге ұшырауына себепкер болады».

Жақсы досты тапқан кезде көп шүкір ету керек және әр уақытта жақсы адамдармен бірге болу керек, сонда қияметте өкініште болмаймыз. Адамның басына келетін әрбір пәлекет жаман достың себебінен келеді. Ондайлардан аулақ болу керек.

Жақсы дос адамды төменнен жоғарыға жетелейді. Жаман дос болса мұның керісін істейді. Кез-келген адаммен дос болмау керек. Сөйлесіп жатқан адамның ақылы мен түсінігіне қарай сөйлеу керек.

Тәкаппарланбау керек және сырын әркімге айта бермеу керек. Әр адамның сөзіне алданбау керек. Адамдардың сөзіне емес, ісіне қарау керек. Өз-өзіне пайдасын тигізе алмай жүрген адамнан сақтану керек. Ондай адамның өзгеге қалай пайдасы тисін. Жаман адаммен дос болған жақсы адам, оны өзіне бұрып, жақсы адам ете алса керемет болады, егер мұны істей алмай, өзі де сол адам секілді бұзылып кетсе, ең жаманы міне осы».

Ибраһим бин Әбу Талиб Бәтаиһидің айтып бергені:

«Хазреті Әбу Бәкір бин Қаууамның хал-жағдайын сұрайын деп жолға шықтым. Жолда бір керуенге кездестім, сол керуендегілермен дос болып бірге жол жүріп келдік. Олар жол бойы арақ-шарап туралы ауыздары суланып әңгімелесіп келді. Әбу Бәкір бин Қаууам хазреттерінің құзырына барғанымда менен:

– Ей Ибраһим, бұл халің не? – деп сұрады.

– Менің халіме не болыпты, ұстазым?

– Қолыңда шарап ұстап тұрған сияқтысың ғой.

– Жолда келе жатып керуендегілермен жолдас болып едім. Олар келгенше шарап туралы сөйлесті. Демек әңгімелері маған әсер еткен ғой,- дегенімде бұл сөзіме хазреті Әбу Бәкір бин Қаууам:

– Балам жақсы адамдармен бол! Жаман адамдардан қолыңнан келгенше аулақ жүр! Өйткені олармен сөйлесу дүниеде де, ахыретте де жүзіңді қарайтады,- деп бұйырды».

Стамбулда жетілген ғұлама-әулиелердің бірі болған Мұхаммед Мурад хазреттері, өзінің шәкірттеріне үнемі былай насихаттайтын: «Ғұламалар мен әулиелер мына маңызды жәйтті айтып ескерткен: Мына үш адаммен дос бол. Біріншісі: Ілімді және қолында өнері бар адаммен дос бол. Дүние мен ахырет бақытына қауышуың оңай болады. Екіншісі: Көркем (жақсы) мінезді адаммен дос бол. Өйткені мұндай адамдар достың айыбын көрмегендік танытып жасырады және бұл айыптарды насихатпен түзетеді. Бұл жолда көп тер төгеді. Үшіншісі: Жаман ниеті болмаған, дүниеге берілмеген, сенімді, адал және ықыласты адамдармен дос бол.

Мына үш түрлі адамнан сақтану керек: Біріншісі пасық және азғын, күнә жасайтын, нәпістеріне еріп Аллаһу та'аланың әмірінен шыққан адамдар. Мұндай адамдармен дос болу бұл дүниеде рахат таптырмайды және ахыретте де рахметке қауыштырмайды. Екіншісі: Өтірікші және қиянатшы болғандар. Мұндай адамдармен достық құру ауыр азапқа және пәлекетке себеп болады. Сенен өзгеге, өзгеден саған сөз тасиды. Үшінші түрдегі адамдар: Ақымақтар. Мұндай адамдардың сөзіне мән берілмейді. Бұлардан адамға не пайда келмейді, не адамды зияннан да арашалап қала алмайды. Олардың жақсы дегендері жаман, жаман дегендері жақсы болады. Зиянды дегендері – пайдалы болып шығады».

Хазреті Фудайл бин Ияд: «Маған жаман мінезді адамның дос болғанынан гөрі, күнәһәр болса да жақсы мінезді адамның дос болғаны абзал» деген.

Дауди Таии хазреттері: «Сенен кемшілік іздейтін, жаман адамдармен дос болма!» деп ескерткен.

Қорыта айтқанда жаман достың барлық түрінен сақтану керек. Хазреті Мухаммед бин Фадлдың айтқанындай: «Жаман дос – өкініш пен қайғы деген сөз».

 

Жаманменен жолдас болған оңбайды,

Жаманменен басыңа бақ қонбайды,

Жылан жанның дұшпаны, ал жаман дос,

Жанмен қоса иманыңды жалмайды.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 27, 2024, 8:07:42 AMJun 27
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Бәле-жала мен қиыншылық күнә кесірінен келеді

Барлық ізгілік пен әр ниғмет Аллаһу та'алаға ықыласпен бағынып, ғибадат етуден, ал барлық жамандық пен қиыншылық күнә істеуден пайда болады. Әр адамға дерт пен бәле-жала күнә жолымен, ал рахаттық пен шаттық бағыну жолымен келеді. Аллаһу та'аланың әдеті осындай. Аллаһу та'ала ешкімге себепсіз бәле-жала жібермейді. Аяти каримада айтылған:

«Бір қауым өзін-өзі бұзбайынша Аллаһ олардың жағдайларын өзгертпейді». (Ра'д, 11).

Салих әл-Мәрри хазрет айтқан: «Адамдардың басына келген бәле-жала мен қиыншылықтар істеген күнәлары кесірінен келеді».

Омар бин Абдулазиз айтқан: «Хажжаж адамдардың күнәлары, қателіктері кесірінен Аллаһу та'ала тарапынан жіберілген пәлекет еді».

Имам Ағзам хазрет айтқан: «Залым патша саған тиісіп, сен соның кесірінен дініңде кемшілік жіберетін болсаң, әрі өзің үшін, әрі ол үшін тәубе мен истиғфар етіп, сол кемшілікті жамауға тырыс».

Мұхаммед бин Юсуф бір күні таныстарының бірінен хат алған еді. Хат жазған адам еліндегі әкімнің зұлымдығына шағымданған болатын. Ол хатты оқыған соң былай жауап жазып жіберді:

«Бауырым, хатыңыз бізге жетті. Өзіңіз де білесіз, қарсы шыққан адам өзіне қиындықтар келетінін жоққа шығара алмайды. Меніңше, сіз ұшыраған жағдай өзіңіздің күнәларыңыздан, кемшіліктеріңізден туындауда».

Харун Рашид жазықсыз бір адамды қамауға алады. Қамалған адам оған мынадай хат жолдайды:

«Ей, Харун, жақсы біліп ал, қамауда өткізген әр күніме, көрген әр қиыншылығыма сенің өміріңнен бір күн азаюда және ниғметтерің кемуде. Ұмытпа, есептесу күні жақын! Ол күні арамызда төреші Аллаһ болады!»

Харун Рашид хатты оқыған соң оны қамаудан шығарып, оған сый-сияпат көрсетті.

Малик бин Динар хазрет айтқан: «Тауратта жазылуы бойынша, Аллаһ айтады: Кім маған бағынса, оларды оған рахмет құралы қыламын. Ал кім маған қарсы шықса, оларды оның басына бәле қыламын. Сендер патшаларыңды балағаттаумен әуре болмаңдар. Маған тәубе мен истиғфар айтыңдар, оларды сендерге мейірімді қылайын».

Ұлы ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) айтады: «Бұрындары «Йа, Раббым, елімізді қахт-у ғаладан, таун-у уәбадан, шаматат-и а'дадан қорғай көр!» деп дұға ететін. Қахт – жоқшылық, ғала – қымбатшылық деген сөз. Таун, уәба (оба) – жұқпалы аурулар, эпидемия. Шаматат – қуану деген сөз. Шаматат-у а'да – дұшпандардың қуануы дегенді білдіреді. Қазір мұндай дұғалар ұмытылды. Тек қана шағымдану қалды».

Қорыта келе, басымызға келген бәле-жала мен қиыншылықтың кетуі үшін истиғфар ету қажет. Өйткені Аллаһу та'ала «Тәубе етсеңдер көмектеріңе келемін» дейді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 4, 2024, 8:45:12 AMJul 4
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Адам ештеңеге мұқтаж болмаса, әлбетте құтырады!

Адам баласы мал-мүлкінің көп болуын, яғни бай болуды армандап өмір сүреді. Адамның елге қызмет ете алуы үшін бай болуы әрине өте пайдалы. Бірақ, егер байлықты басқара алмай қалса, пайдасынан зияны көбірек тиеді. Тарихта миллиондаған адамдарды, тіпті мемлекеттерді, халықтар мен мәдениеттерді жойып жіберген нәрсе молшылық пен өте жоғары тұрмыстық деңгей болған. Адам әр қалаған арманына жете беретін болса, өмірдің қызығы қалмай, жалқаулық пен салақтық басталады. Бұл болса құлдыраудың бастамасы деген сөз.

Байлықтан туындайтын бейқамдық адамды жолынан аздырады. Аса тоқтық рухани құндылықтарды жойып, қате жолдарға түсуге, қырсықтыққа, тәкәппарлық пен менмендікке жол ашады. Өзінен басқа ешкімді ойламайтын халге түсіреді. Иманды әлсіретіп, адам ұят, заң деген шектеулерді менсінбейтін және жақсылықты білмейтін шүкірсіз болып қалады. Тоқтық және ешнәрсеге мұқтаж болмауға қоса, қанағатсыздық та басталады. Ішкілікке, есірткіге салыну сияқты әртүрлі ақылға қонымсыз әрекеттермен адам шектен шығады. Құран кәрімде: «Адам ешнәрсеге мұқтаж болмаса, әлбетте жолдан азады!» делінген. (Алақ, 6-7)

«Қарун оқиғасы» – заманымыздағы осылай байлықтың кесірінен азған адамдарға терең ой салатын тамаша ғибрат.

Қарун – Мұса пайғамбардың (алейһиссалам) туысы еді. Алғашында кедей және көркем мінезді кісі еді. Мұса алейһиссалам оған дұға етіп, оған химия ғылымын үйретті. Мұса алейһиссаламға иман келтіргеннен кейін ол өзін толықтай ғылымға және ғибадатқа арнады. Хазреті Мұса және хазреті Харуннан кейін Исраил ұлдарының ең білімдісі еді. Жүзінің сұлулығы таңқаларлықтай болғандықтан, бәрі оған «Нұр жүзді» дейтін еді.

Алайда, шайтан Қарунды алдап, дүниелікке қызықтырды. Қарун меңгерген химия ғылымын қолданып, қысқа уақытта байыды. Байып кеткені соншалық, тек қазыналарының кілттерін ғана қырық қашыр таситын еді.

Қарун байығаннан кейін бұрынғы көркем мінезі де қалмады. Зұлымдық пен әділетсіздік жасай бастады. Тіпті, оған білім берген Мұса алейһиссаламға да қарсы шыға бастады. Оның істегендеріне тосқауыл болуды, Ол туралы өсек таратуды, мұғжизаларына сиқыр деуді бастады. Мұса алейһиссалам оған насихат айтып, бұдан бастартуын сұрады. Кейіннен мүминдерге зекет парыз болғанда хазреті Мұса Қарунға зекеттің қай мөлшерде берілетіндігін хабар берді. Бірақ, ол нәсіпсіз бұйырылған мөлшерді көп деп санады. Мұны беру нәпсіне ауыр келді. Жақтастарына «Мұсаның бүкіл қалағанын істедіңдер. Ал қазір, өздерің де көріп тұрсыңдар, мал-мүлік жинағысы келіпті. Бұған да бағынасыңдар ма?» деп Аллаһу та'аланың зекет әмірін қабыл етпей, өзін құрдымға жетеледі. Ақыр соңында Мұса алейһиссаламға жала жапты. Хазреті Мұса «Йа, Раббым! Оның жазасын бер!» деп жалбарынды. Осы қарғыстан кейін Қарунды бүкіл байлығымен бірге жер жұтты.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 11, 2024, 7:17:05 AMJul 11
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Аллаһ қолы ашық адамды жақсы көреді

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Біздің дініміз жақсылық жасау, мейірімділіктің діні. Құран кәрімде «Міндетті түрде Аллаһ жақсылық жасағандарға жәрдем етеді, айналасына көмектескен, қолын берген адамдарды жақсы көреді» делінген. Қолы ашық, барын беретін жомарт адамға Аллаһ та береді. Ашық қолды болу, беруші болу – жақсы қасиет, жақсы мінез. Адамдар көбіне сараң болады, ешнәрсесін бергісі келмейді. Осы себептен дерттен құтыла алмайды, өйткені тұрып қалған су сасиды, микроп қайнарына айналады.

Сүйікті пайғамбарымыз Мәдинаға хижрет еткен кезде «Ей сахабаларым, екі заты бар адам бірін берсін, екі үйі бар болған адам бірін берсін, екі құрмасы бар болған кісі бірін берсін, бір құрмасы бар болған адам жартысын бөліп берсін!» деді. Не себептен пайғамбарымыз беруге осыншалықты ынталандыруда? Себебі, бір күні жанымызды береміз. Адам өмірде беруге үйренбесе, ең құнды болмысы болған жанын қалай береді? Өлім азабын ең қатты шегетіндер, ең қиын жан беретін мүминдер – өмірде беруге дағдыланбаған адамдар. Қазірден бастап өзімізді үйретуіміз керек. Уақытымызды, мүмкіндіктерімізді Аллаһ жолына берейік, кедейлерге садақа берейік. Осылай істесек ұтамыз. Жәрдем беруден бас тартпайық, жәрдем беруге деген ынтамызды баспайық, жәрдемге мұқтаж болған достарымызға көмектесейік. Өйткені садақа беру пәлекеттің алдын алады. Одан бөлек пайғамбарымыз «Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер!» деген. Тамақтандырайық, киім, ақша берейік, күлімдеген жүз сыйлайық, көңілін сұрайық, жәрдемдесейік.

Ертең тым кеш болып кетеді. Бүгін қолымызда тұр, нағыз уақыты – осы сәт. Ертеңгі күнді ойлау, ертеңгі күнге қалдыру онсыз да пәлекеттің басы. Қолымызда қандай кепілдік бар? Бәлкім өміріміздің соңғы күнін сүріп жатқан шығармыз, бәлкім соңғы намазымызды оқып жатырмыз, бәлкім соңғы рет тыныс алып жатырмыз. Хаким Юнус Әмрә айтады:

Мал иесі, мүлік иесі, қайда мұның өз егесі?

Мал да жалған, мүлік те жалған, барып біраз сен де алдан.

Ислам әлемінің басына төнген бұлттар, пәлекеттер бекер емес. Құран кәрімнің ең басында «Инфақ етіңдер!», яғни «Беріңдер!» делінген. Адам баласы сараң, өзімшіл (эгоист) болып келеді. Бүкіл әлем құдды өзінің мүлкі сияқты, барлық нәрсеге толықтай иемденудей ақымақ пікірде жүр. Алайда мүлік Аллаһтікі. Біздің денеміз де біздікі емес, мүлік біздікі болу былай тұрсын. Әр күні мыңдаған адамдар өлуде. Олардың мал-мүлкі, идеалдары, абыройы қайда қалды? Бәрі бітті, қиялға айналды. Ал енді олар қандай адам болса, біз де сондай адам емеспіз бе? Әлде біз адамбыз, олар адам емес пе? «Бергенің сенің мүлкің, алып пайдаланғаның емес» хадис шәрифін де ойлап, қолымыздағылардың бізде қалуы үшін қайырымдылыққа жұмсауымыз қажет.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 18, 2024, 8:34:57 AMJul 18
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Құндылығы ең жоғары болған екі нәрсе бар. Бұл екі нәрседен асқан құнды еш нәрсе жоқ. Бұлардың біріншісі Аллаһу та’алаға иман, екіншісі Оның құлдарына пайдалы болу, адамдарды қуанту. Ең жаман болған екі нәрсе бар, яғни одан асқан төмен ешнәрсе болмаған. Біріншісі Аллаһу та’алаға серік қосу, екіншісі Оның құлдарын ренжіту. Қағбаны бұзу қаншалықты үлкен күнә екенін білеміз. Ал бір мұсылманды ренжіту болса, Қағбаны жетпіс рет бұзудай үлкен күнә. Адамды ренжітудің қаншалықты жаман екенін осы жерден де түсінуге болады.

Мұсылман мұсылманның бауыры. Кімде-кім бір мұсылман бауырына көмектессе Хақ та’ала оған да көмектеседі. Кім бір мұсылман бауырының айыбын жабатын болса, Хақ та’ала да ахиретте оның айыбын жабады. Кім бір мұсылман бауырын қуантса, Аллаһу та’ала да ахиретте оны қуантады. Кім бір мұсылман бауырының мұқтаждығын кетірсе, Аллаһу та’ала да оның мұқтаждығын кетіреді.

Дін ғұламаларының жолының негізі – адал болу. Адамдардың жақсы жақтарын көріп жақсы көру. Бір-бірімізді жақсы көруіміз, нәпсімізді жақсы көрмеуімізге байланысты. Нәпсін жақсы көретін адам, дін ғұламаларын және Аллаһу та’аланы жақсы көре алмайды. Өйткені көңілде (жүректе) екі жақты махаббат болмайды.

Мұсылманның көзінің нұры, көңілінің шаттығы – намаз. Дерттеріне дауа, қиындықтарына шара – намаз. Аллаһу та’аланың құзырына шығу (кездесу) уақыты – намаз. Намаз оқымайтын адам бұл кездесуді тастап кіммен кездесуге бармақ! Әлхамдулилләһ – Аллаһу та’алаға хамд, шүкір болсын деген сөз. Намаз оқитын адам күніне 40 рет шүкір етеді, өйткені намазда Фатиха сүресін оқиды. Аллаһу та’ала намаз оқитын адамды қаншама күнәсына қарамай құзырына қабылдауда. Бұл адам қабыл етілгендерден болып саналуда. Көп адамдар бар оларды мүлдем алдына қабыл етпеуде. Намаз оқитын адам осы үшін де көп шүкір етуі керек. Ал намаз оқымайтын адам да осы жөнінде қатты ойлануы керек.  

Сахабалардан біреуі, пайғамбарымызға келіп: «Табысымның көптігіне қарамай тұрмыс ауыртпалығын тартудамын» деп жағдайын айтады. Пайғамбарымыз

- «Үйіңде намаз оқымайтын адам бар ма?»- деп сұрайды. Ол

- «Жоқ, үйде барлығымыз намаз оқимыз, намаз оқымайтын адам жоқ»- деп жауап береді. Пайғамбарымыз:

- «Көршілеріңнен немесе сол көшелеріңде намаз оқымайтын адам бар ма?»- деп сұрайды. Сахаба:

- «Көршілерімізден де көшемізде де намаз оқымайтын адам жоқ»- дегенде пайғамбарымыз:

- «Бір сұрастырып көр, көшелеріңнен бір намаз оқымайтын біреу өтті ме екен?» деп сұрайды. Қайтып келген сахаба:

- «Сұрастырдық көшеден намаз оқымайтын ешкім өтпеген екен»- дейді. Пайғамбарымыз:

- «Бұл берекесіздік намаз оқымаудан туындауда»- дегенде сахаба қайтадан сұрастырып:

- «Йа, Расулаллаһ, намаз оқымаған біреудің жаназасы өтіп бара жатып табыты біздің үйдің дуалын сызып кеткен екен»- дейді. Бұған пайғамбарымыз:

- «Міне, үйіңдегі берекесіздіктің себебі осы, ол дуалды тез арада бұзып қайта тұрғызыңдар!»- деп бұйырады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 25, 2024, 8:12:12 AMJul 25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мейірім иманнан туындайды. Бұл дін осы күнге дейін мейірім арқылы жеткен. «Ант етіп айтамын, кімде-кім Аллаһу та’аланың махлұқтарына (жаратқандарына) мейірімділік жасаса, Аллаһ оған да мейірімділік жасайды» хадис шәрифі мейірімнің маңызын білдіруде. Расулуллаһтың хазреті Хасан мен хазреті Хусейнді сүйгенін көрген бір кісі «Менің он балам бар. Әлі ешбірін сүймедім» дейді. Ол адамға «Мейірімділік жасамаған адам мейірімге қауыша алмайды» деп жауап береді. «Жомарттық – жақсы мінез болғаны соншалық, адамның жаман мінездерін жабады. Сараңдық – жаман мінез болғаны соншалық, адамның жақсы мінездерін жабады» хадис шәрифі жомарттықтың жақсы екенін, ал сараңдықтың жамандығын көрсетуде. Сараң болған ешбір адам Аллаһтың досы бола алмайды. Әулие адамдар әрдайым барын беретін еді. Берген кезде алған адамнан да көбірек қуанған кісі – шынайы мүмин деген сөз. Жомарттық – Хақ та’ала өте жақсы көретін қасиеттердің бірі. Бұл нәрсе әр құлға нәсіп болмайды. Жомарт болған кәпірге соңғы демінде иман нәсіп болу ықтималы өте жоғары.

Ұлы ғалымдарымыз «Әссахиу хабибуллаһ уәләу канә фасиқан. Әл-бахилу адууллаһ, уәләу канә арифән (яғни жомарт адам, күнәхар болса да, Аллаһтың сүйіктісі. Ал сараң, ғалым, тақуа болса да, Аллаһу та’аланың дұшпаны)» деген. «Жомарттың дастарханындағы ас – шипа. Ал сараңның дастарханындағы ас – дерт, у болады» хадис шәрифі дәл осы жағдайдың ауыртпалығын білдіруде. Адамдарға бастық болайын деп жатқан адамнан талап етілетін алғашқы қасиет – жомарттық пен мейірімді болу. Кедей болған бір мүшрик «Мен өте кедеймін, маған бір нәрсе беріңізші!» деп садақа сұраған кезде, сүйікті пайғамбарымыз «Жарайды, мына өріске қара!» дейді. Қараса, өрісті толтырған қойлардың отарын көреді. «Бұл қойлардың бәрі сенікі, бұларды алып кет!» дейді. Мүшрик таң қалып «Йа Расулаллаһ, бұл отарды алудан бұрын басқа нәрсеге қауышқым келеді. Маған мұсылмандықты үйретіңіз, мен мұсылман болғым келеді» дейді.

Міне осы жомарттықтың салдарынан мұсылман болады. Отарды алып ауылына кетеді. Өмір бақи кедей өткен бұл адамның үлкен отарын көрген ауылдағылар қызығып, мұнша байлықтың қайдан келгенін сұрайды. Оларға болған жағдайды айтып береді: «Мен көптеген адамдарды көрдім, бірақ басқаларға ұқсамайтын сондай жомарт бір адамды көрдім, ол мені өзіне ғашық қылды. Ол кісіден садақа сұрадым, ол маған мына отарды берді. Бұл заманда кім бұлай істей алады? Қалай болса да, бәрің барып мұсылман болыңдар!» – дейді.

Сол жердегі барлық адамдар топ-топ болып барып мұсылман болады.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages