Сұрап үйренген ғалым...

24 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Aug 31, 2026, 8:45:32 AMAug 31
to islam...@googlegroups.com

Шайтан және оның зияндары

Сұрақ: Шайтанның түрлері бар ма, қандай зияндары бар?

Жауап: Аллаһу та’аладан ұзақтататын нәрселерге шайтан делінеді. Шайтанның үш түрі бар: Ібіліс, нәпіс және жаман дос.

1) Ібіліс және жәрдемшілері: Бұл шайтандар жын тайпасынан және Ібілістің ұрпағынан. Ібіліс үлкен ғалым еді. Адам алейһиссаламға қарай сәжде етуі әмір етілгенде тәкәппарланып сәжде етпеді. Одан бұрын періштелердің ұстазы болғанымен, кейіннен мәңгілікке лағнеттелді және шайтандардың басшысы болды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ашу шайтаннан. Шайтан оттан жаратылды. От сумен сөнеді. Ашуланған адам дәрет алсын.» (Нәсаи)

«Ашуланған адам отырсын, отырғанда ашуланған адам жатсын.» (Әбушшәйһ)

«Түшкіру Рахманнан, есінеу шайтаннан.» (Тирмизи)

«Қатты түшкіру де шайтаннан.» (Ибн Сүнни)

«Намазда есінеу шайтаннан.» (Бұхари)

«Асығу шайтаннан, баяулық (мұқияттылық) Рахманнан.» (Тирмизи)

«Мына бес нәрседен басқа кезде асығу шайтаннан болады. Қызын үйлендіру, қарызды қайтару, жаназа істерін тез жасау, қонақты тойдыру, күнәға дереу тәубе ету.» (И.Ахлақы)

«Айқайламай жылаңдар, себебі көз бен көңілден келген нәрселер Аллаһтан, ал қол мен тілден келетін нәрселер шайтаннан болады.» (Бұхари)

«Жылау мейірімнен келеді. Ал айқайлап жылау шайтаннан.» (Ибн Саид)

«Түнде есек ақырса және ит үрсе шайтаннан Аллаһқа сыйыныңдар, өйткені жануарлар сендердің көре алмайтын нәрселеріңді көреді.» (И.Сүнни)

«Уәсуәса шайтаннан. Нәжісті тазалаған кезде уәсуәсадан сақтаныңдар!» (Тирмизи)

«Намазда хайздың келуі және қалғу шайтаннан.» (И.Мажа)

«Намазда есінеу, құсу және мұрынның қанауы шайтаннан.» (Тирмизи). (Осы және осыған ұқсағандардың басқа түрлері де бар. Мысалы Рамазан айында есінеу шайтаннан емес, жүйкеден болып табылады. Құсу, мұрынның қанауы, қалғу сияқтылардың шайтаннан болмағандары да бар.)

«Жұмада қалғу шайтаннан. Қалғыған кезде орындарыңды ауыстырыңдар.» (И.Әби Шәйба)

«Жақсы түс Аллаһтан, жаман түс шайтаннан. Жаман түс көрген адам мұны ешкімге айтпасын, сол жағына түкірсін (тфу, тфу деп түкіргендей болсын) және шайтаннан Аллаһу та’алаға сыйынсын. Осылай істеген адамға ол түсі зиян бермейді. Жақсы түс көрген адам да мұны сүйікті адамдарына айтып берсін.» (Бұхари)

Имам Ғазали хазрет былай деген:

Кедейліктен қорқу, ырымдарға сену де шайтаннан. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Шайтан кедейлікпен қорқытып, сендерге сараңдықты әмір етеді.» (Бақара 268)

Шайтан әуре болып, алдап, күнәға тартқан кезде дереу Аллаһты зікір ету керек, яғни кәлимаи тәуһид айтып, әстағфируллаһ деп Аллаһу та’аланы еске алу керек. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Рахман болған Аллаһты зікір етуден мақрұм болған адамға қасынан еш айрылмайтын бір шайтанды қосып қоямыз.» (Зухруф 36)

Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Шайтан зікір етілген кезде қашады, зікір етілмесе, уәсуәса беруін жалғастырады.» (Әбу Яла)

Жәлаләддин Суюти хазрет былай деген:

Шайтанның уәсуәсасынан және қиыншылықтардан құтылу үшін күнде мына дұғаны оқу керек:

«Йа Аллаһ-ур-Рақиб-ул-Хафиз-ур-Рахим. Йа Аллаһ-ул-Хайй-ул-Халим-ул-Азыйм-ур-Рауф-ул-Кәрим. Йа Аллаһ-ул-Хайй-ул-Қаййум-ул-Қаиму алә кулли нәфсин бимә кәсәбәт, һул бәйни уә бәйнә адууи!» (Китаб-ур-рахмә фит-тибби уәл-хикмә)

 

2) Адамның нәпсі: Ішімізде болады, тек жамандықты қалайтын бір қуат. Бұл нәпіс шайтанға қарағанда зияндырақ, өйткені іште орналасқан. Іштегі жара сияқты мұның емделуі өте қиын. Шайтан бір мәселеде бір рет уәсуәса беріп кетеді. Ал нәпіс өте қырсық, алдамағанша қоймайды. Имам Раббани хазрет былай деген:

Шайтаннан келетін ауруларды аздаған дәрімен кетіруге болады. Нәпсіміз – әрдайым жанымызда болған жанның қас дұшпаны. Сырттағы дұшпанымыз осы ішкі дұшпанның жәрдемімен бізге шабуылдайды. Оның жәрдемімен бізді жаралайды. Нәпістің барлық қалаулары – Аллаһу та’аланың тыйым салған нәрселері. Әр ісі егесі және бүкіл жақсылықтардың иесі болған Аллаһу та’алаға қарсы келуде. Әрдайым өзінің қас дұшпаны болған шайтанға бағынады.

 

3) Жаман дос: Үш дұшпанның ең қауіптісі осы. Дүниеде опасыз қылады, ахиретте де тозаққа түсіреді. Кітап, газет, журнал, радио, теледидар, ғаламтордағы сайттар да бір-бір дос болып табылады. Бұлар жаман болса, адамға пәлекет болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Адамның діні досының діні сияқты болады. Кіммен достық құрғаныңа мұқият бол.» (Хаким)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 7, 2026, 9:07:47 AMSep 7
to islam...@googlegroups.com

Екі күн бірдей болмау керек

Сұрақ: Дінімізде екі күні бірдей болған адам зиянға ұшырайды, сонда күнде бірдей ғибадаттарды орындаған адам зиянға ұшырамайды ма? Әлде күнде алдыңғы күндегіден көбірек ғибадат жасау керек пе?

Жауап: Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Екі күні бірдей болған (күнде ілгерілемейтін, жаңа нәрсе үйренбейтін) адам өзіне зиян келтірді.» (Бәйһақи)
«Екі күні бірдей болған адам алданды, ал бүгіні кешегі күнінен жаман болған адам лағнеттелген.» (Бәйһақи)
Дүниелік істердегідей, діни істерде де ілгерілеу керек. Күнде бірдей ғибадаттарды орындаған адам, мысалы күнде бес уақыт намаз оқыған адам зиянға ұшырамайды.
Ғибадаттардың құндылығы ниетке, ықыласқа және иманның қуатына, жарқырауына байланысты. Яғни иманы жарқын, ниеті түзу және ықыласы көп болған адамның ғибадаты құндырақ болады. Ғибадаттар тұрақты ықыласпен орындалатын болса, иман күн сайын қуаттанады, жарқырайды және осылайша ғибадаттардың құндылығы артады. Ғибадаттардың құны да мөлшерімен емес, сапасымен өлшенеді. Күнде бірдей істер жасалса да, құндылығы әр түрлі болады. Мысалы хазреті Әбу Бәкірдің екі рәкат намазы бүкіл мұсылмандардың намаздарының жиынтығынан да құнды. Асхаби кирамнан бәрінің имандары өте қуатты, жарқын болғандықтан және ықыластары көп болғандықтан, олардың екі рәкат намазының сауабы біздің өмір бойы оқыған намаздарымыздың сауабынан көбірек.
Олай болса, зиянға ұшырамау, күн сайын ілгерілеу үшін иманды жарқырату, қуаттандыру керек. Ықыласпен ғибадат еткен сайын иманның жарқырауы артады. Осы тұрғыдан бүгін оқылған екі рәкат намаз кеше оқылған екі рәкат намаздан құндырақ болады. Күнә істемеген және ғибадаттарын қалдырмаған адамның екі күні бірдей болмаған, күн сайын көбірек пайда көрген болып саналады. Егер ықыласы нұқсан болса, иманын жарқырата алмаса немесе әр түрлі күнә істеп, иманның жарқындығын азайтқан болса, ғибадаттардың құндылығы азаяды, кешеге қарағанда бүгін зиян көрген болады.
Барған сайын иманды қуаттандырудың орнына иманды әлсіреткендер зиянға ұшырайды. Ғайбат, өтірік сияқты күнә істеген адамның да сауаптары азаятындықтан, ол да зиянға ұшырайды.
Осы мысалдардан аңғарылғаны бойынша, бүгін жиырма рәкат намаз оқыған адамның алданбауы үшін ертеңіне жиырма рәкаттан көбірек намаз оқуы қажет емес. Зиянға ұшырамауы үшін күнә істемеуі, ықыласпен ғибадат жасап, иманның жарқындығын жоғалтпауы керек.

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 14, 2026, 8:47:26 AMSep 14
to islam...@googlegroups.com

Жылы сөз бен күлімдеп жүрудің маңызы

Сұрақ: Күлімдеп жүру мен жылы сөздің маңызы жайында айтып бересіз бе?

Жауап: Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман жылы жүзді, ал мұнафиқ (екі жүзді) қабағын асып жүреді.

Күлімдеу – тегін, оны алған адамды шаттандырады, бергенді қинамайды.

Бақыттың кілті – күлімдеу.

Күлімдей алмайтын адам – бейшара.

Күлімдеудің жылылығында балқымайтын металл жоқ.

Күлімдей алу екі дүниенің бақытына себеп болады.

Ислам діні – сүйіспеншілік, күлімдеген жүз, жылы сөз, дұрыстық және жақсылық діні.

Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек.

Жетістіктің сыры – күлімдеген жүз, жылы сөз және жақсы саясат. Жақсы саясат – бәрінің разы болуы деген сөз.

Дұшпандарыңа жақсылық жасаңдар, сыйлықтар беріңдер. Достарыңа ренжісеңдер, оған жақсылық жасаңдар, бір адамнан қысылсаңдар, оған күлімдеңдер. Осыларды істейтін болсаңдар рахат боласыңдар.

Бір адамның әулие екендігі жылы сөзі, жақсы мінезі, күлімдеген жүзі, жомарттығы, сөз таластырмауы, кешірімділігі және бәріне мейірімділік танытуы арқылы аңғарылады.

Жақсы мінезді адам – әдепті, аз сөйлейді, қателіктері аз, ғайбат айтпайды, Аллаһ үшін жақсы көреді, Аллаһ үшін жек көреді, аманатты сақтайды, көршілері мен достарын қорғайды. Жақсы мінезді бір кісіден жаман мінезді әйелімен қалай өмір сүріп жатқанын сұраған кезде: «Жақсы мінезді адаммен кез келген адам өмір сүре алады. Нағыз жетістік – жаман мінезді адаммен де өмір сүре білу. Оның жаман мінезіне сабыр етпейтін болсам, менің жақсы мінезді екенім қалай белгілі болады?» деді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин бауырының жанында қабағын асып тұратын адамға періштелер лағнет етеді.» (Хатиб)

«Жақсылықты күлімдеп жүретін адамдардан сұраңдар.» (Бәйһақи)

«Мүмин бауырының бетіне күлімдеп қарау садақа болып табылады.» (Ж.Сағир)

«Дін бауырына күлімдеп қарау, жақсы нәрселер үйрету, жамандық жасауының алдын алу – әрбірі жеке-жеке садақа болады.» (Тирмизи)

«Мал-мүліктеріңмен елдің бәрін разы қыла алмайсыңдар. Күлімдеген жүз және жылы сөзбен, жақсы мінезбен разы қылуға тырысыңдар!» (Хаким)

«Сәлем бергенде күлімдеген адам садақа сауабын алады.» (И.Ә.Дүнийа)

«Қайырды, жақсылықты сұлу жүзділердің жанынан іздеңдер!» (Бұхари)

«Мінезі және жүзі жақсы болған адам дүние және ахирет жақсылығына қауышады.» (Ибн Шахин)

 

Күлімдеп жүру

Сұрақ: «Мұсылман жылы жүзді және жылы сөзді болады» хадисі бойынша күлімдеп жүру және жылы сөз айту тек өз жынысымыздағы адамдарға ғана болу керек пе, әлде намахрем (бөтен, қарсы жыныстағы) адамдардың алдында да солай болу жаиз ба?

Жауап: Өз жынысымыздағы және махрем болған жақындарымыздың алдында күлімдеу және жылы сөз айту керек. Қарсы жыныстағы адамға жылы лебіз таныту, жылы сөйлеу және күлімдеу мүлдем дұрыс емес. Тіпті оған қарама-қарсы тұрып көзінше дұға ету, «Аллаһ разы болсын» деу де дұрыс емес. Намахрем (бөтен) болған адамға бетпе-бет дұға етуге тыйым салынғандықтан, оған сәлем беруге де тыйым салынған. Өйткені, сәлемдесу де дұғаға жатады. Біреуге күлімдеп, жылы лебіз танытып, дұға етсек, ол адам қаласа да, қаламаса да «Бұл адам, осындай мәміле танытып жатқан болса, мені жақсы көрсе керек» деп ойлайды. Жаман ниетсіз, тек Аллаһ разылығы үшін жақсы көрсе де, уақыт өте бұл сүйіспеншілік күнәға итермелейтін ғашықтыққа себеп болуы мүмкін. Осы себептен дініміз қарсы жыныстың, яғни намахрем болғандардың алдында сыпайы бола бермеуді әмір етеді. Қажетсіз сөйлесуге, бетпе-бет дұға етуге, тіпті сәлем беруге де тыйым салады.

image001.png
image002.png

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 21, 2026, 1:33:10 AMSep 21
to islam...@googlegroups.com

Тәубе-и йәис (Соңғы демде тәубе ету)

Сұрақ: Йәис жағдайында тәубенің қабыл болуы дегенді қалай түсінуге болады? Өліміне бірнеше секунд қалғанын білген мұсылман, мысалы шахтер, «Бұдан былай ішкілік ішпеймін, ұрлық жасамаймын, өтірік айтпаймын» дегендей бүкіл күнәларына тәубе етсе, бұл үмітсіз жағдайда жасалған тәубесі сахих болады ма?

Жауап: Иә, тәубесі өтеді. Бұл Аллаһу та'аланың мұсылмандарға берген сыйы. Йәис – сөздік мағынасы үмітсіздік дегенді білдіреді. Тәубе-и йәис – өлім белгілері басталып, өмір сүруге үміт үзілгенде жасалған тәубе деген сөз. Діни кітаптардағы осы жайында мәліметтер мынадай:

Қадихан «Фәтауа»-сында жазылған: «Йәис жағдайында, яғни өмір сүруге үміт үзілген (ахирет жағдайлары көріне бастаған) сәтте жасалған тәубе қабыл етіледі, бірақ иман қабыл етілмейді. Яғни күнәхар тәубе етсе, тәубесі қабыл болады, бірақ кәпір иман келтірсе, иманы қабыл болмайды. Шура сүресінің «Құлдарының тәубесін қабыл ететін – Ол» деген 25-ші аяты бойынша күнәхардың тәубесі қабыл етіледі.» (Дүрәр Гүрәр)

Имам Мұхаммед Масум хазреттері айтқан: «Соңғы демге дейін тәубелер қабыл етіледі.» (1/16)

«Соңғы демде иман келтіру қабыл болмаса да, мұсылманның күнәларына тәубе етуі қабыл болады.» (Хуласат-ул-кәлам)

«Өлім белгілері басталып, өмірден үміт үзілген кезде тәубе қабыл болса да, кәпірдің иман келтіруі қабыл болмайды.» (С.Әбәдийа)

«Жан алқымға келген кезде ахирет жағдайлары көрсетіледі. Ол кезде барлық кәпірлер иман келтіруді қалайды, бірақ бұл қабыл етілмейді. Өйткені ғайыпқа иман келтіру, яғни көрмей тұрып сену керек.» (Намаз кітабы)

«Науқастың рухы алқымына келгенде, яғни ахиреттегі орнын көре бастағанда иман келтіруі пайдасын тигізбейді.» (Қиямет және Ахирет)

Кейбір ғалымдар Ниса сүресінің «(Өмірі) Жамандықтармен өтіп, өлетін кезінде "Мен қазір тәубе еттім" дейтіндер мен кәпір болып өлгендердің тәубелері қабыл болмайды» мағынасындағы 18-ші аяти каримасы бойынша, иман сияқты, тәубенің де қабыл етілмейтіндігі білдірілген. Әшарилер «Аллаһ пенденің тәубесін жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» хадис шәрифін негізге алып, жан алқымға келгенде тәубенің де, иманның да қабыл болмайтындығын білдірген. Олардың үкімі бойынша, бұл хадис шәриф мүмин мен кәпірдің тәубелеріне қатысты. Тәубеде сөз бірлігі болмаса да, йәис күйіндегі иман сөз бірлігімен қабыл болмайды. Кәпір сол кезге дейін Аллаһу та'аланы танымауда. Өмірден үмітін үзіп, хақ пен ақиқатты көргенде ғана, сол сәтте иман келтіруде. Бұл жағдайда жасалған иман қабыл және қадірлі емес. Күнәхар Аллаһу та'аланы тануда. Ол мұсылман, мүмин. Иманы бар және бақи (мәңгі). Бақи болған нәрсе енді жасалғанынан оңай. (Рәддул мухтар)

Осы себептен перғауынның соңғы демдегі иманы маңызсыз. Бір аяти кариманың мағынасы: «Перғауын бататын сәтінде «Исраил ұлдарының сенгендерінен басқа тәңір жоқ екеніне сендім, бұдан былай мен де мұсылман болдым» деді. Оған «Қазір сендің бе, бұған дейін қарсылық және бұзақылық жасаған едің» делінді.» (Юнус 90, 91)

 

Бір тігінші әулиелердің бірінен сұрады:

-Өлім жақындағанда тәубенің қабыл етілетіндігін білдіретін хадис шәрифтің түсіндірмесі қандай?

-Иә, тәубе қабыл етіледі, бірақ сенің кәсібің қандай?

-Мен тігіншімін, киім тігемін.

-Тігіншілікте ең оңай жұмыс не?

-Матаны қайшымен қырқу.

-Қанша жыл тігіншісің?

-Отыз жыл.

-Жаның тамағыңа келгенде мата қырқа аласың ба?

-Жоқ, қырқа алмаймын.

-Отыз жыл бойы оңайлықпен жасаған ісіңді ол кезде жасай алмасаң, өміріңде мүлдем жасамаған тәубені жан алқымға келгенде қалай жасамақшысың? Бүгін күш-қуатың барда тәубе ет! Ол кезде тәубе етуің өте қиын болады. Қазір тәубе етсең, ол кезде де тәубе ету нәсіп болады.

Тігінші тәубе етіп, салихтар қатарынан болды. (Р.Насихин)

 

Сұрақ: Тәубе есігі қай уақытқа дейін ашық?

Жауап: Күн батыстан шығудан бұрын иман келтіру шарт. Қияметтің үлкен белгілерінің бірі – күн батыстан туады. Мұны көрген барлық адамдар иман келтіреді. Бірақ бұл имандары қабыл болмайды. Өйткені, ол кезде тәубе есігі жабылған болады. Бір хадис шәрифте айтылғанындай:

«Тәубе есігі ашық. Күн батыстан туғанға дейін жабылмайды.» (Табарани)

Қазіргі адамдар үшін де тәубе есігі әрдайым ашық. Соңғы демге дейін тәубелер қабыл етіледі. Жан алқымға келмей тұрып иман келтіру шарт. Өлерде ахирет жағдайларын көргеннен кейін кәпірдің иманы маңызсыз болады. Бірақ сол сәтте де мұсылман күнәларына тәубе етуі қабыл болады.

 

Сұрақ: Өлетінін түсінген науқас «Бүкіл күнәларыма тәубе еттім» десе, тәубесі қабыл болады ма?

Жауап: Өлім белгілері басталған, өмірден үміт үзілген кезде де мұсылманның тәубесі қабыл болады, бірақ кәпірдің иманға келуі қабыл болмайды.

 

Сұрақ: Өлейін деп жатқанда «Жәннат, тозақ жоқ» деген сияқты күпірге себеп болатын сөз айтқан адам кәпір болып өлген болады ма?

Жауап: Өлім жағдайында күпірге себеп болатын сөз айтқан мұсылман мүмин болып қабылданады, өйткені ол кезде ақылы басында емес. Мұсылманға хусни зан етіп (жақсы ойда болып), өлім мастығында айтты деп қабылданады.

image001.png
image002.png

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 28, 2026, 2:02:18 AMSep 28
to islam...@googlegroups.com

Жер сілкінісі мен күнә байланысы

Сұрақ: Жер сілкінісінің себебі қандай? Одан өлгендер шәһид пе? Жер сілкінісінен қашпаған адам өзіне қол жұмсаған болып саналады ма? Өлгендерді бәрін бірге көму жаиз ба?

Жауап: Көбіне жер сілкінісі – Аллаһтың ескертуі. Ғалымдар «Екі «З» әрпі көбейгенде үшінші «З» келеді» деген. Яғни Зұлымдық және Зина көбейген кезде Зілзала болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді.» (Дәйләми)

«Күнәлар ашықтан-ашық істеле бастағанда жақсы-жаман халықтың бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)

Жер сілкінісі – қиямет белгілерінен. Бұхаридағы хадис шәрифте «Жер сілкінісі көбеймегенше қиямет басталмайды» делінеді. Қияметтің нақты қашан басталатыны білдірілмеді.

Бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам көптеген белгілерін хабар берді:

«Мәһди келеді, Иса аспаннан түседі, Дәжжал шығады. Яжуж Мәжуж барлық жерді қиратады. Күн батыстан туады. Үлкен зілзалалар болады. Діни білімдер ұмытылады. Жамандық көбейеді. Дінсіз, әдепсіз адамдар басшы болып, елге Аллаһу та'аланың әмірлерін орындатқызбайды. Харамдар барлық жерде істенілетін болады, Йеменнен бір от шығады. Аспан мен таулар бөлшектенеді. Күн мен ай қараяды. Теңіздер бір-бірімен араласады және қайнап, құрғап кетеді.»

 

Аллаһтың ескертуі

Адамдардың күнәдан бастартуы үшін Аллаһ тарапынан келген ескерту болған жер сілкінісінен ғибрат алу керек. Су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық сияқты Аллаһ тарапынан келген қиыншылықтардың көрініс табуы Аллаһу та'аланың шексіз ниғметтеріне, мейірім мен сияпатына қарсы шығушыларға ескерту ретінде беріледі. Ешбір ниғмет және пәлекет себепсіз берілмейді. Пайымдай алатындар үшін әр түрлі хикметтері бар. Күнәлардың кешірілуіне себеп болуы сияқты басқа да хикметтері бар.  Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үмбетім үшін жер сілкіністері күнәларына кафарат (өтем) болады.» (Хаким)

«Аллаһу та'ала жер сілкіністерін жақсыларға үгіт, мүминдерге мейірім, ал кәпірлерге азап қылады.» (И.Асакир)

Ғалымдар «Қауіптерден шамаларың жеткенше сақтаныңдар. Өйткені төтеп бере алмайтын, шыдауға келмейтін нәрселерден ұзақтау – пайғамбарлардың әдеті» деген.

«Жабық жерде отырғанда жер сілкінісі болса, ол жерден ашық жерге қашу мүстаһаб.» (Бәззаззийа)

«Жер сілкінісі болған кезде үйден шығып, ашық жерге бару керек. Расулуллаһ алейһиссалам жолда қисық дуалдың алдынан жүгіріп өткен еді.» (Хиндийа)

Бұл пәтуалардан аңғарылып тұрғаны бойынша, жер сілкінісінен қашпаған адам өзіне қол жұмсаған болып саналмайды. Мүстаһабты тәрк еткен болып саналады. Жер сілкінісінен қашпайтын адам міндетті түрде өледі деген қағида жоқ. Жер сілкінісінен қайтыс болған адамның иманы бар болса, ол міндетті түрде шәһид болады.

Хадис шәрифте «Суда тұншығып, өртте жанып, қираған дуал астында қалып өлген адам – шәһид» делінген. (Ибн Асакир)

Зәрулік болмағанша бір қабірге екі адамды көмуге болмайды. Тек зәрулік қана харамдарды мубах қылады. Зәрулік туындағанда жалпылама көмуге болады.

 

Мудахана деген не?

Сұрақ: Жалпылама әділетсіздіктер көбейгенде, күнәлар көп істелгенде жер сілкінісі және басқа да бәле-жала пайда болады, олай болса осы әділетсіздікке және күнәларға тосқауыл болу керек емес пе?

Жауап: Шамасы жетсе де, харам істеп жатқан адамға тосқауыл болмау мудахана болады. Мудахана – дүниелікке қол жеткізу үшін дінді сату деген сөз.

Харам істеген адамды немесе оның жанында жүргендерді құрметтеу, яки дінге байлануда немқұрайлық таныту мудаханаға себеп болуда. Фитна болмаған, яғни дініне немесе дүниесіне немесе басқаларына зияны болмаған кезде харам және мәкрух істеп жатқан адамға кедергі болу керек. Кедергі болмау, үндемеу харам болады. Мудахана жасау – харамның істелуіне разы болуды аңғартады. Үндемеу – көп жерде жақсы қасиет. Бірақ хақты, қайырды айту керек болған жерде үндемей қалуға болмайды.

«Йа, Расулаллаһ! Өткен үмбеттердің бір бөлігіне жер сілкінісімен азап берілді. Олар жердің астында қалды. Олардың арасында салихтары да бар еді» деп айтылғанда, «Иә, салихтар да бірге құрыды. Өйткені олар Аллаһу та'алаға қарсы шығушыларға ештеңе айтпай үндемей қалған еді» деді. (Табарани)

Дүниедегі жер сілкіністердің бәрі – ескерту.

 

Сұрақ: Жер сілкінісінде немесе осыған ұқсас өлімдерде калима-и шаһадат айта алмай өлген адам шәһид болады ма?

Жауап: Иә, шәһид болады. Жедел өлім – мүминдер үшін мейірім.

 

Сұрақ: Жер сілкінісі сияқты себеппен мәдениеттер құлдырап, басынан басталған ба?

Жауап: Иә.

 

Аллаһу та'ала құлдарына зұлымдық жасамайды

Сұрақ: Бір атеист жазушы жер сілкінісінен өлген балаларды сілтеп, сенбейтін болса да, Аллаһу та'алаға тіл тигізуде, жер сілкінісінің әділетсіздік екенін айтуда. «Мейірімің осыншама болса, ала бер, сенікі болсын» дейді. Бұл наданға жауап бересіз бе?

Жауап: Әділет деген не? Әділеттің сөздік мағынасы – бір нәрсені орнына қою деген сөз. Әділет – бір басшының мемлекетті басқару үшін қойылған заңнаманың шегінен шықпай әрекет етуі деген сөз. Ал зұлымдық дегеніміз – осы заңнаманың сыртына шығу деген сөз. Барлық нәрсені жоқтан жаратқан Аллаһу та'ала – басшылардың басшысы, бүкіл болмыстың негізгі иесі және жалғыз жаратушысы. Оны бір заңның ішінде ұстап тұратындай басында ешқандай басшысы жоқ қой. Осы тұрғыдан «Аллаһ жасаған мына іс – әділетсіздік» деп айтуға болмайды.

Әділеттің басқа бір түсіндірмесі – өз мүлкінде болғанды қолдану деген сөз. Ал зұлымдық – өзгенің мүлкіне қол созу деген сөз. Бүкіл әлем және ішіндегі барлық нәрсенің жаратушысы – Аллаһу та'ала болғанына, Одан басқа жаратушы болмағанына және ешкім ештеңеге ие болмағанына қарағанда, Раббымыз жасаған істер ешкімнің мал-мүлкіне қол созу болып саналмайды. Оның істеріне «Әділетсіздік» деуге болмайды. Мүлік – Оныңкі, қалағанындай қолданады. Ешкімнің ештеңе талап етуге ақысы жоқ.

Жер сілкінісі кесірінен біреулер өлуі, біреулер сал қалуы, біреулер кедей болып қалуы мүмкін. Мүмин Аллаһу та'аланың тағдырына разы болады. Разы болмаса, кедейлескенде аз деп қарсы шығады. Бай болса, тоймайды, тағы сұрайды. Тапқанын харамдарға жұмсайды. Ондай адамның бай болуы да, кедей болуы да дүние мен ахиретте пәлекетке түсуіне себеп болады.

Соқырлық, ақсақтық және басқа да ақаулардың пайдалы немесе зиянды болуы адамдарға қарай өзгереді. Біреулер Аллаһу та'аланың тағдырына разы болғандығынан шексіз болған жәннат ниғметтеріне қауышады, біреулер разы болмағандығынан мәңгі болған тозақтағы жазаға ұшырауы мүмкін. Адам өзіне денсаулықтағы ақаудың пайдалы немесе зиянды екенін біле алмайды. Кейбір адамдар автокөліктің ең соңғы моделін алуды армандайды. Автокөлік сатып алып, бала-шағасымен жол апатына ұшырауы мүмкін. Әсем үй алуды армандайды. Үйді алып, жер сілкінісінде бала-шағасымен бірге астында қалып, өлуі мүмкін. Сондықтан, нақты бір нәрсені емес, қайырлы болғанын сұрау керек!

Баланың ақаумен туылуында оның күнәсі жоқ. Егер бұл жерде ата-анасының айыбы бар болса, күнәсі оларға тиесілі. Көзі көрмейтін адам егер соқыр болмағанда еді, жаман істердің соңынан жүгіріп, дүниесі мен ахиретін құртып алуы мүмкін еді. Ал біреулер соқыр болғаны үшін қарсы шығып, Жаратушының тағдырына разы болмайды және мәңгі пәлекетке түсуіне себеп болады. Соқыр болған мұсылман адам жәннатқа кіреді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Соқыр адам сабыр етсе, Аллаһу та'ала оған жәннатты береді.» (Бұхари)

Тек көзі жоқ адам ғана емес, денесінде басқа ақаулары бар адам да сабыр етсе, өлгенде қабірде және махшар алаңында қиындық көрместен жәннатқа кіреді. Ал жәннатта ешқандай ақау болмайды. Имансыз болған адамның, дені сау болса да, ақаумен болса да, орны мәңгі болған тозақ.

Жер сілкінісінен келген пәлекеттерде де, басқа қиыншылықтарда да айыпты өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Құран кәрімде былай делінеді:

«Сендерге келген қиындық өз қолдарыңмен істегендерің (күнәларың) кесірінен.» (Шура 30)

«Саған келген әр жақсылық Аллаһу та'аланың (ихсаны, ниғметі болып) келуде, әр жамандық та (істеген күнәларыңа қайтарым ретінде) өзіңнен келуде. (Бәрін жаратқан, жіберген тек Аллаһу та'ала.)» (Ниса 79)

Дәрежелердің жоғарылауы сияқты себептерден басқа айыпсыз ешкімге бәле-жала келмейді. Әркім өз жазасын тартады.

Бәле-жаланың айыпты-айыпсыз әркімге келуінің де себептері бар. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Бір жамандықтың (қолдан келгенше) алдын алмаса, Аллаһу та'ала азабын сол қауымның бәріне жалпылама береді.» (Хаким)

 

Күнә-жер сілкінісі байланысы

Сұрақ: Бір жазушы жазбасында «Ешбір молда ішкілік, пайыз, зина мен жер сілкінісі арасында тікелей байланыс құра алмайды» дейді. Осы жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Бір молданың күнә мен жер сілкінісінің арасында байланыс құруының немесе құра алмауының ешқандай маңызы жоқ. Маңызды болғаны – бұл жөнінде дініміздің үкімі қандай? Үкімді молдалар қоймайды.

Жер сілкінісі – геологиялық бір құбылыс. Бірақ барлық құбылыстың жаратушысы – Аллаһу та'ала. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Зина жайылған кезде жер сілкінісі мен фитналар көбейеді.» (Дәйләми)

«Зина мен пайыз кең тараған қауым Аллаһу та'аланың азабына лайықты болады.» (Хаким)

«Зекет берілмесе, жаңбыр жаумайтын болады.» (Бәйһақи)

Әділетсіздік пен зұлымдық жайылғанда да дәл осындай жағдайлар болатындығы хадис шәрифпен білдірілген. Төмендегі аяти каримада аталған жер сілкінісінің қияметке жақын екендігін білдірген ғалымдар бар:

«Ол күннің жер сілкінісі – өте үлкен нәрсе. Ол күні әйелдер емізулі балаларын ұмытады. Жүкті әйелдер балаларын түсіріп алады. Адамдар мас сияқты боп қалады. Олар мас емес. Бірақ Аллаһу та'аланың азабы өте ауыр.» (Хаж 1-2)

Жер сілкінісін жасайтын Аллаһу та'ала болғанындай, бір баланы жарататын да Аллаһу та'ала. Бірақ ата-анасы болмай бала бермейді. Баланың жаратылуына ата-анасын себеп қылады. Ата-анасыз да жарата алатын еді. Бірақ Оның әдеті – барлық нәрсені себептермен жарату. Ата-анасыз жарату – әдеттен тыс. Хазреті Адамды әдетінен тыс жаратты. Оны да топырақтан жаратқан. Бәле-жаланы жіберетін де Аллаһу та'ала.

Пәлекет көбіне жалпылама келеді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Күнәлар ашық түрде істелгенде халықтың жақсы-жаман бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)

«Бұрыңғы халықтардың бір бөлігіне жер сілкінісімен азап берілді. Жақсылар да құрыды. Өйткені олар күнә істеп жатқандарға үндемеді, алдын алмады.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала бір періштеге бір аймақты құртуын әмір етеді. Ол періште бұл аймақта мүлдем күнә істемейтін бір адамның бар екенін айтқан кезде Хақ та'ала: "Аймақтағы халықпен бірген оны да құрт! Өйткені ол адам күнә істегендерге қарсы болмады" деді.» (Бәйһақи)

Пайғамбарымыздан «Арасында жақсылары да бар болған бір мемлекет құлай ма?» деп сұралды. Жауап ретінде «Иә, күнә істелген кезде жақсылар үндемей отырса, бәрі құриды» деді. (Бәззар)

Дәрежелердің жоғарылауы сияқты себептерден басқа айыпсыз ешкімге бәле-жала келмейді. Құл есіргенде бәле-жаланы шақырып алады. Бірақ Аллаһу та'ала мұны тағдырда жазбаған болса, бәле-жала келмейді.

 

Сұрақ: Әр жер сілкінісінің міндетті түрде адамдардың күнәларымен байланысы бар ма?

Жауап: Жоқ. Күнә істелмесе де жер сілкінісі орын алған аймақтар болады. Көбіне жер сілкінісі – Аллаһу та'аланың ескертуі.

image001.png
image002.png

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 5, 2026, 1:36:56 AMOct 5
to islam...@googlegroups.com

Бисмиллаһ айтылатын жерлер

Сұрақ: Бисмиллаһ айтудың үкімі қандай?

Жауап: Айтылатын жерге байланысты бисмиллаһтың үкімі өзгереді. Бірнеше мысал келтірейік:

Бисмиллаһ айту парыз болған жерлер: Мал сойып жатқанда Бисмиллаһ айту парыз болып табылады. Бисмиллаһсыз сойылған малды жеу харам болады.

Уәжіп болған жерлер: Намаздың тысында Фатиха сүресін оқитын кезде Бисмиллаһ айту уәжіп болып табылады. Шафии мазһабында кез-келген уақытта Фатиха оқитын кезде Бисмиллаһ айту парыз болады.

Сүннет болған жерлер: Намазда әр рәкатта Фатихадан бұрын, ғұсыл немесе дәрет алайын деп жатқанда, ішіп-жегенде, хат жазғанда және кез-келген пайдалы істі бастағанда Бисмиллаһ айту сүннет болып табылады. Намаздың тысында Фатихадан басқа бір сүре оқиын деп жатқанда Бисмиллаһ айту сүннет болады.

Мүстаһаб болған жерлер: Намазда Фатиха мен зәм сүре арасында Бисмиллаһ айту рұқсат немесе мүстаһаб болып табылады.

Мубах болған жерлер: Жүрейін деп жатқанда, отырайын деп жатқанда және кез-келген мубах істі бастар алдында Бисмиллаһ айту мубах болып табылады.

Мәкрух болған жерлер: Әурет жерді ашарда, нәжіс бар жерге кірерде, Бәраа (Тәубә) сүресін алдыңғы сүремен қосып оқығанда, темекі тартарда және осы сияқты жаман иісті, мысалы сарымсақ, пияз сияқты нәрселерде жер алдында және сақал қырар алдында Бисмиллаһ айту мәкрух болып табылады.

Харам болған жерлер: Харам нәрсені істер алдында Бисмиллаһ айту харам болып табылады. Харам екенін біліп істесе харам болады, харам екеніне мән бермей немесе халал деп істесе күпір болады.

Күпір болған жерлер: Өзі харам болған, мысалы ішімдік ішу, зина жасау, шошқаның етін жеу сияқты харам істерді істер алдында Бисмиллаһ айту күпір болады.  Бұл жерде харамды халал деп санағаны немесе харамға мән бермегені үшін күпір болуда.

image001.png
image002.png

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 12, 2026, 3:15:54 AMOct 12
to islam...@googlegroups.com

Дініміздің тәжірибеге берген маңызы

Сұрақ: Пайғамбарымыз дүниелікке, ғылымға қатысты істерде «Дүниелік жұмыстарды сендер жақсырақ білесіңдер» деген. Пайғамбарымыз алейһиссалам дүние істерін түсінбейтін бе еді?

Жауап: Әрине түсінетін және жақсырағын білетін еді. Бірақ тәжірибенің маңыздылығын арттыру үшін солай айтқан. «Дүниелік жұмыстарды сендер жақсырақ білесіңдер» дегені – дүниелеріңе пайдалы болған нәрселерді тауып істеулерің үшін менің білдіруім қажет емес деген сөз. Ал діни міндеттеріңді, ғибадаттарыңды біле алмайсыңдар. Оларды менен үйреніңдер деген сөз.

Аллаһу та'аланың адамдарға берген ниғметтерінің, ихсандарының ең үлкені – пайғамбарлар жіберуі. Пайғамбарлар жіберу арқылы разы болған және разы болмаған нәрселерін адамзатқа білдірген.

Пайғамбарлар жаратылыстану ғылымдарын үйретпеді. «Бұларды ақылдарыңмен зерттеңдер, табыңдар, пайдалы істерде қолданыңдар» деді. Өздері де өз замандарында белгілі болған ғылыми құралдарды жасады және қолданды. Одан да көбін және жаңасын жасауғы тырыспады. Бұларды жасауды басқаларға қалдырды. Өздері Аллаһу та'ала білдірген діндерді жаюға, үйретуге тырысты.

Асхаби кирам пайғамбарымыздан (алейһиссалам) сұрады:

- Йеменге барғандарымыз сол жақта құрма ағаштарын басқаша тәсілмен егетінін және жақсы құрма алғанын көрді. Біз Мәдинадағы ағаштарымызды ата-бабамыздан көргеніміздей егейік пе, әлде Йеменде көргеніміздей егіп, жақсырақ, молырақ өнім алайық па?

Расулуллаһ алейһиссалам оларға:

- Біраз күтіңдер! Жәбрейіл алейһиссалам келгенде одан сұрап, түсініп, сендерге айтамын. Немесе біраз ойланайын. Аллаһу та'ала көңіліме дұрысын аян береді. Мен сендерге соны айтамын, – деп айтуы мүмкін еді. Бірақ олай айтпады. Керісінше:

- Тәжірибе етіп көріңдер! Ағаштардың жартысын ата-бабаларыңның тәсілімен, қалған жартысын Йеменде үйренген тәсілдеріңмен егіңдер! Қайсы жақсырақ құрма берсе, бәрін сол тәсілмен егесіңдер! – деді.

Яғни тәжірибені, ғылымның негізі болған тәжірибеге жүгінуді әмір етті. Өзі періштеден үйреніп немесе мүбәрәк жүрегіне әрине аян болатын еді. Бірақ әлемнің барлық жағында қияметке дейін келетін мұсылмандардың тәжірибеге, ғылымға жүгіну керектігіне белгі берді.

Дін ғалымдарының міндеті де дүниелік істерді үйрету емес. Яғни мұсылмандарға анасынан туыла салып анасының сүтін іздегеніндей тума түйсіктерімен (инстинкт) білетін, түсінетін қажеттіліктерін, пайдаларын, қысқасы табиғи міндеттерін үйрету емес. Ақша тап, аш қалма, қарныңды тойғыз, азықты аузыңа сал, шаршағанда демал... дегендей насихаттарды тіпті жануарларға да білдіру қажет емес. Дін ғалымдарының міндеті – дүниелік пайдаларға қол жеткізгенде ахиретті ұмытпау, ақиқат пен әділеттілікке мән беру, нәпіске ермеу және еңбектенгенде Аллаһқа жүгіну, немқұрайлылық танытпау, осылайша өз күшіне тағы рухани күш қосу сияқты пайдалы және нұрлы жолдарды адамдарға көрсету.

image001.png
image002.png

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 19, 2026, 3:35:40 AMOct 19
to islam...@googlegroups.com

Жаман күнәлар

Сұрақ: Зина немесе лиуата (гомосексуалдық, артқы тесіктен жақындау) сияқты жаман күнәларды істеген және кейіннен тәубе етіп, салих мұсылман болған адамның, бұрыңғы жағдайын біліп, оны жақтырмаған адамдарға имам болуы не себептен мәкрух болады? Аллаһ кешірген таза адамды неліктен құлдары кешірмейді? Тәубе еткен адамды жақтырмау дұрыс па?

Жауап: Иә, тәубе еткен және одан кейін күнә істемеген адам таза болады. Тәубе еткен адамды емес, жасалған жиіркенішті істі жақтырмайды. Бұл жақтырмаушылық, яғни жиіркенушілік адамның қолында емес. Таза болу бөлек нәрсе, жиіркену бөлек нәрсе. Кейбір адамдар таза екенін білсе де, басқалардың ішкен суынан артылғанды да іше алмайды. Бұл нәрсе жаратылыстан келетін сезім. Мысалы, баланың горшогы жақсылап жуылса, дезинфекция жасалса, толығымен тап-таза болса да, адам ол горшокта сорпа іше алмайды. Бұл нәрсе горшоктың лас екенін, яғни жуылмағанын көрсетпейді. Адам, өз қолында болмай, еріксіз жиіркенеді, іше алмайды. Осы сияқты, кейбір адамдар жезөкшелер үйінен шыққан, тәубесіне келген әйелге де үйлене алмайды. Кейбір адамдар лиуата жасап, тәубе еткен еркекті де жек көреді. Бұл жек көрушілік – адамның қолында болмаған сезім. Төмендегі оқиға да бұған бір мысал:

Хазреті Хамзаны шәһид еткен (өлтірген) Уахши, Меккенің жаулап алынуынан кейін өзінің кім екенін білдірмей, Мәдинадағы мешітке келіп сәлем берді. Расулуллаһ алейһиссалам сәлемін алды. Уахши:

– Йа Расулаллаһ! Бір адам Аллаһқа және Расулына дұшпандық етсе, ең жаман, ең үлкен күнәны істесе, одан кейін өкініп, шын көңілімен иман келтірсе, Расулуллаһтың алдына өзі келсе, оның жазасы қандай болмақ? – деп сұрады.

– Иман келтірген адам кешіріледі, бауырымыз болады.

– Йа Расулаллаһ! Мен иман еттім. Аллаһты және Расулын бәрінен де қатты жақсы көремін. Мен Уахшимын.

Расулуллаһ Уахши есімін естіген кезде хазреті Хамзаның шәһид етілген күйі көз алдына елестейді. Жылай бастайды. Уахши «өлтірілемін» деп ойлап, есікке қарай жүреді. Сахабалардың бәрі қылыштарын ұстап, белгі күтіп тұрған еді. Уахши «Соңғы демдерімді алып жатырмын-ау» деп ойлап тұрғанда, Жәбірейіл алейһиссалам келіп, Аллаһу та’аланың мына әмірін білдірді:

«Ей сүйікті пайғамбарым! Бүкіл өмірін пұтқа табынумен өткізген, құлдарымды маған дұшпан қылуға тырысқан бір кәпір ықыласпен кәлимаи шәһәдат оқыса, мен оны кешіремін. Сен, көкеңді өлтірді деп Уахшиды кешірмей тұрсың ба? Ол өкінді. Қазір саған иман келтірді, сенді. Мен кешірдім, сен де кешір!»

Бәрі «өлтіріңдер» деген әмірді күтіп тұрғанда, Расулуллаһ «Бауырларыңды шақырыңдар!» деді. Бауыр сөзін естіген кезде сахабалар оны құрметпен шақырды. Расулуллаһ Уахшиға кешірілгенін сүйіншілеп, «Бірақ сені көрген кезімде шыдай алмаймын, өз еркімсіз қайғырамын» деді. Хазреті Уахши да Расулуллаһты мұңайтпау үшін одан кейін мүлдем жанына келмеді. Қысылып, басын көтермей өмір сүрді. Дәл сол найза және жебемен өзін пайғамбар санап жүрген Мүсәйләмәні өлтіріп, Ислам дініне үлкен қызметін тигізді. («Асхаби кирам» кітабы)

Хазреті Уахши (радиаллаһу анһ) асхаби кирамнан болып, ең үлкен дәрежелерге жетті. Асхаби кирамның ең төменгі деңгейіндегі кісі асхаби кирамнан болмаған бүкіл әулиелер мен ғалымдардан үстем болып табылады. Бұл оқиғаның көрсетіп тұрғаны, бір адам тәубе етіп, ең үлкен әулие болса да, бұрыңғы күнәсін білетіндердің жанында жағымсыз жағдай тудыруы мүмкін.

image001.png
image002.png
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages