|
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Адамдар дініміз көрсеткен бақыт жолынан айрылғандықтан, әлемде берекет қалмады, ризықтар азайды. Күнә істеу ризықтың азаюына себеп болады. Ризықты беретін Хақ та’ала «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деген. «Жоқ қыламын» демегеніне шүкір. Құл бір күні Аллаһты есіне түсіруі мүмкін деп есік толығымен жабылмаған. Бұл заманда фитнадан, пәлекеттен, сиқырдан сақтану қиын. Имансыздық артқан сайын әртүрлі пәлекет бірге келеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына бағынылмаса, мысалы бес уақыт намаз оқылмаса, пәлекетті тоқтату мүмкін емес болады және төрт түрлі ризық азаяды: 1) Иман ризқы азаяды: Иман қауіпке түседі. Имансыздық артады, күпір мен пәлекет жайылады. Иманды қорғау үшін Аллаһу та’аланы ұмытпау керек. Қажетінен артық қолданылатын технология мен үлкен жылдамдық адамдарға Аллаһты ұмыттырады. Және сәйкесінше имансыздық қаупі пайда болады. Ұшқыш ұшқыштық икемін, жүргізуші көлік айдау икемін ұмытса, апатқа түседі. Бүгінде халал-харам бір-біріне араласқан, иман әр сәтте жоғалуы мүмкін. Бір харамға мән берілмесе немесе бір парыз маңызсыз деп саналса күпір болады. 2) Денсаулық ризқы азаяды: Аурулар көбейеді. Бүгінде медицина технологиясының дамуына қарамастан аурулар азаймады, керісінше күннен күнге артып барады. Әһли сүннет ғалымдары «Бисмиллаһсыз піскен және бисмиллаһсыз желінген тамақ ауруға шалдықтырады» деген. Сыртта бисмиллаһ айтылып даярланған тамақ табу қиын, ғұсылсыз істелгендер де көп. 3) Мал-мүлік ризқы азаяды: Күн көру қиыншылығы артады. Алған ақшасының қайырын көрмейді. Тапшылық болады, мал-мүлік жиналмайды. Молшылық болса, онда бәрі қымбаттайды. Бұрыңғы замандарда бір үйде бір адам ғана жұмыс істейтін, бәрі рахат өмір сүретін еді. Ал қазір күйеуі, әйелі, бала-шағасы жұмыс істесе де бәрі қарыздар болып жүр. Себебі, ысырап көп, ал Аллаһтан қорқу жоқ. 4) Адамгершілік пен мейірім ризқы азаяды: Мазарда жатқандар өкінген нәрселер үшін дүниедегілер бір-бірін жеп қоятындай болып жүр. Қазіргі таңда мейірім қалмады. Бәрінің нәпсі сөйлейді, «Мен» дейді. Мейрам күндері үйге қонақтар келеді деп қашатындар бар. Жолда жараланған немесе ауырып қалған адамдар болса «Басыма бәле табамын» деп дереу ол жақтан ұзақтайды. Бір нәрсе сұрайды деп сәлем беруден бастартады. Ешбір өтемсіз сыйлық беру былай тұрсын, жәрдем беру, қарызға ақша беру де жоқ. Көршілер арасында бұрыннан қалыптасып қалған құрмет пен сүйіспеншілік сезімдері, жақындық қалмаған, тіпті көпқабатты үйлерде де достық, көршілік қалмады. Бұлардың бәрінің себебі – Аллаһу та’аланы ұмыту. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
|
Қауышқан ниғметтеріміздің шүкірін орындауымыз мүмкін емес. Ниғметтер қайдан және кімнен келсе де, бәрін Раббымыздан келді деп білеміз, Оған шүкір етеміз, өйткені беретін Аллаһу та'ала. Бізге жақсылық жасаған адамды жаратқан Ол. Айналамыздағыларға бізге жақсылық жасау деген қалауды және мүмкіндікті берген де Ол. Адамдар – арадағы себепші. Оларға да рахметімізді айтамыз, бірақ ниғметтерді олардан келді деп ойламау керек. Шүкір тек тілмен ғана айтылмайды, бүкіл мүшелерімізбен шүкір етуіміз қажет. Жүректің шүкірі – оны Раббымыздың жақсы көрмейтіндеріне деген сүйіспеншілікке толтырмау. Күнәлармен қарайтпау. Жүректі тәкәппарлықтан, көре алмаушылықтан, риядан және менмендіктен аулақ ұстау. Көздің шүкірі – көзді жаратушысы разы болатындай етіп қолдану. Харамдарға қарамау, ешкімге жоғарыдан менсінбей қарамау. Бәлкім бір күн келіп дәл сол менсінбеген адамының шапағатын сұрап жалыныуы әбден мүмкін. Құлақтың шүкірі – оны харам дауыстардан қорғау. Адамға күнә емес, сауап беретін дауыстарды тыңдауға тырысу қажет. Аяқ-қол мен басқа мүшелердің шүкірі оларды Жаратқан рұқсат бергеней қолдануы арқылы орындалады. Әйтпесе аманатқа қиянат еткен боламыз, ал мұның жазасы өте ауыр. Бір түні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам төсегінен тұрып, дәрет алып, намаз оқи бастайды, өте ұзақ уақыт бойы ғибадат жасады. Айша анамыз (радиаллаһу анһа): «Сіздің онсыз да күнәңіз жоқ қой, бар болса да кешірілген. Біраз тынығып, демалсаңыз деймін» деді. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам «Мен шүкір етуші құл болмаймын ба?» деп жауаптады. Бұдан аңғаратынымыз, шүкір іс-әрекет арқылы да орындалуы қажет, тек тілмен ғана айтылса аз болады. Ең үлкен шүкірімізді ең үлкен ниғметке арнап жасауымыз керек. Ол иман ниғметі. Одан үлкен ниғмет болмайды, ол екі дүние бақытының себепшісі. Бағдатта үйі жоқ, көшеде қабырғалардың түбінде түнейтін, оның үстіне көзі соқыр және денесі сал болған бір адам үнемі Раббысына шүкір ететін еді. Мұны байқаған бір кісі: «Сен қай ниғметіңе шүкір етіп жатырсың? Жағдайың мынау, үйің жоқ, аяқ-қолың істемейді, көздерің көрмейді» деп сұрайды. Сонда әлгі адам оған: «Мен Раббымның ең үлкен ниғметіне қауыштым. Ол менің жүрегімді өзіне деген сүйіспеншілікке толтырды. Тым аз құлына нәсіп ететін осы үлкен ниғметке мен қанша шүкір етсем де, аз. Мен сондай бақыттымын, әлі өлмей тұрып жәннатта өмір сүріп жатырмын» деп жауап береді.Ниғметке шүкір етілмесе, қолдан кетеді. Сондықтан, қауышқан ниғметтерімізге көп шүкір етейік, қолымыздан алынбасын... |
|
Қулық – жалғандық, көз бояушылық, алдау, жаңылдыру деген мағыналарға келеді. Бір нәрсені басқаша етіп көрсетіп, адамдарды алдау деген сөз. Бұл өз кезегінде жаман мінезге жатады және харам болып табылады. Расулуллаһ алейһиссалам бидай сатып отырған бір кісінің бидайына мүбәрәк саусақтарын салды да, төменгі жағының ылғалды екенін көріп: «Мынауың не?» деп сұрады. Сатушы адам: «Жаңбыр ылғалдандырып жіберген ғой» дегенінде: «Неге көрсетпей тығып отырсың? Қулық жасаған адам бізден емес» деді. Хазреті Имам Ғазали «Кимия-и саадат» кітабында былай деген: «Қулықпен ризықтың көбеймейтіндігін жақсылап біліп алу керек. Бәлкім, мал-мүліктің берекесі қашатын шығар. Қулықпен аз-аздан жиналған нәрселер күтпеген бір пәлекетпен толықтай кетіп, артында тек күнәларды қалдырады. Бір сүт сататын адам сүтіне су қосатын еді. Бір күні күтпеген жерден тасқын болып, сиыры суға ағып кетеді. Әлгі адам сасып, ойланып тұрғанында, баласы: «Әкетай, сүтке қосқан суларымыз жиналып тасқын болып келіп сиырды алып кетті» дейді. Расулуллаһ алейһиссалам да: «Саудаға қиянат араласса береке кетеді» деген». Береке – аз мүліктің көп пайда әкелуі, көп іске жарауы деген сөз. Аз ғана мүлік берекелі болса, көптеген адамның рахатына, көптеген жақсы амалдардың іске асуына жарайды. Иесінің дүние мен ахырет пәлекетіне себеп болатын көптеген берекесіз дүние-мүліктер бар. Олай болса мал-мүліктің көп болуын емес, берекелі болуын қалау керек. Береке сенімді, адал адамдарда болады. Тіпті, көптеген сенімді саудагерлерде болады. Өйткені әр тұтынушы (сатып алушы) сенімді сатушыға барады. Қиянат жасайтындарға (қулық жасайтындарға) ешкім бармайды. Өмірі жүз жылдан аспайтындығын әрбір сатушы ойлауы тиіс. Ал ахыреттің соңы жоқ. Бірнеше күндік өмірінің алтын мен күмісін арттыру үшін мәңгілік өмірін кімнің зиянға түсіргісі келеді. Бұлай ойлайтын сатушы қиянат ете алмайды. Расулуллаһ алейһиссалам былай дейді: «Лә илаһа иллаллаһ дегендер дүниені діннен жоғары қоймағанша Аллаһтың ашуынан құтылған болады. Дінді тастап дүниеге жабысатын болса, бұл тәуһид кәлимасын айтқанында Аллаһу та'ала оларға «Өтірік айтасың» дейді». Қулық етпеу – парыз. Қулық істеу және оны жасыру харам болады. Имам Ахмед ибн Ханбал хазреттен жасырын жамау істеп беруін сұрағанда: «Өзінің киюі немесе сатып алушының сұранысымен болса рұқсат болып, ал қулық етіп істеу, яғни жамауды жаңа деп сату күнә болады. Бұлай тапқан ақшасы харам болады» деп жауап берген. Өлшегенде, таразыға тартқанда қулық жасамау керек, тура өлшеу керек. «Мутаффифин» сүресінің бірінші аятында: «Бергенде кем қылып, алғанда артығымен өлшегендерге ауыр азаптар жасаймын» делінген. Дін ғұламалары әр алғандарын біраз кемітіп, бергендерін біраз артығымен өлшейтін. «Бұл аз ғана айырмашылық тозақ пен біздің арамыздағы перде» дейтін. Мұны дәл өлшей алмау қорқынышынан істейтін. «Жеті қабат жер мен жеті қабат көктер аумағындай жәннатты бірнеше тиынға сатқандар неткен ақымақ және бірнеше арпа данасы үшін тозақ азабына душар болғандар неткен ақымақ» дейтін еді. Расулуллаһ алейһиссалам не сатып алса да ақшасын сәл артықтау етіп беретін. Фудайл бин Ияд хазрет ұлының саудада қолданатын алтындарының кірін тазалап отырғанын көріп: «Ей ұлым! Бұл істеп отырған ісің саған екі нәпіл қажылықтан және екі умрадан да пайдалы» деді. Дініміздің ғұламалары былай дейді: «Пасықтардың ең жаманы – алғанда көп, сатқанда аз етіп өлшейтіндер. Мата алғанда босатып, сатқанда тартып өлшейтіндер де солай. Сүйегін әдеттен тыс көп салып жіберетін қасапшылар да сондай болады. Дәнді дақылардың ішіне топырақ араластырып сататындар да осыған жатады. Тауардың жақсысы мен жаманын араластырып барлығы жақсы деп сататын саудагерлер де осыған кіреді. Бұлардың барлығын істеу харам болады. Сауда-саттықта барлық адаммен тура (әділ) қатынас жасау уәжіп болып табылады. Тіпті, өзі естігісі келмейтін сөзді өзгелерге сөйлемеуі керек. Мұндай харамдардан аулақ болу үшін өзін дін бауырынан жоғары көрмеу керек». Қорыта айтқанда, ешкімге өтірік айтпау, қулық жасамау, өлшеу құралдарын дұрыс қолдану керек, жұмысшының жалақысын маңдай тері кеппей тұрып беру қажет. Өтірік айтумен, қулық жасаумен мал-мүлік көбеймейді, бірақ берекесі кетеді. |
|
Нәпістің көкірегін басып қоятын және оған ең ауыр тиетін нәрсе, біреудің айтқан хақ сөзін мақұлдап «иә, дұрыс» деп айту. «Әлхикәм-үл Атаия» кітабында: «Екі жұмыстың нәпісіңе ауыр келетінін істе! Өйткені хақ (дұрыс) болған іс нәпіске ауыр келеді» делінген. Хадис шәрифте былай делінеді: «Амалдардың ең үстемі – нәпіске ең ауыр тиетіні». Хазреті Юсуф бин Әсбат: «Қарапайымдылықтың белгілерінің бірі – айтқан адам кім болса да, хақ сөзді мойындау» деген. Фудайл бин Ияд хазрет: «Хаққа басыңды игейсің, хақтың артынан жүргейсің, кім айтса да хақты қабыл еткейсің» деген. Хазреті ибн Ата былай дейді: «Қарапайымдылық – кім айтса да хақты қабыл ету». Қиын болған істі істеу нәпіске ауыр тиеді. Мұндай істер нәпісті езеді, әлсіретеді. Ғибадаттар нәпісті әлсірету үшін, зауқын сындыру үшін әмір етілді. Өйткені нәпіс адамның да Аллаһу та'аланың да дұшпаны болып табылады. Оны әлсіретіп, қалауларының алдын алу керек. Кез-келген бір істе нәпіске қаншалықты аз мойынсұнылса, ол істің пайдасы соншалықты көп болады. Яғни Аллаһу та'аланың разылығына тез қауыштырады. Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдары нәпісті жазалап, әлсірету үшін берілген. Өйткені нәпіс Аллаһу та'аланың дұшпаны. Хадис құдсиде: «Нәпсіңе дұшпандық ет! Өйткені ол Менің дұшпаным» деп бұйырылған. Адамдардағы «әммара» (тәрбиеленбеген) нәпіс дін ілімдеріне сенбейді. Оның табиғаты, жаратылысы Ислам дініне мойынсұнбау. Сондықтан Ислам дініне мойынсұну нәпіске өте ауыр тиеді. Нәпіс оған мойынсұнғысы келмейді. Нәпістің ең қиналатын, оған ауыр болып тиетін нәрсе – Исламның әмірлері мен тыйымдарына мойынсұну. Нәпісті езу, әлсірету, тәрбиелеу үшін Исламға мойынсұнудан басқа амал жоқ. Нәпістің қалаулары адамды Аллаһ жолынан адастыратыны Құран кәрімде білдірілген. Өйткені нәпістің ылғи да Аллаһу та'алаға қасарысып, қарсы келгісі, Оны жоққа шығарғысы келіп тұрады. Әр істе нәпіске мойынсұну – нәпіске табыну болып табылады. Нәпісіне мойынсұнған адам күпірлікке түсе бастайды немесе бидғатшы бола бастайды немесе харам істей бастайды. Хазреті Әбу Бәкір Табистани: «Нәпіске мойынсұнудан құтылу – дүниедегі ниғметтердің ең үлкені. Өйткені нәпіс Аллаһу та'ала мен құлдың арасындағы перделердің ең үлкені» деген. Хазреті Сәһл бин Абдуллаһ Тустари де былай дейді: «Ғибадаттардың ең үстемі – нәпіске мойынсұнбау». Ислам бин Юсуф Бәлқи деген кісі хазреті Хатәмүл-Асамға бір нәрсе сыйға берген еді. Хатәмүл-Асам бұл сыйлықты қабыл еткенінде, одан айналасындағылар: - Мынаны қабыл етуің нәпсіңе мойынсұну болмай ма? – деп сұрады. - Бұл сыйлықты қабыл ету арқылы өзімді төменге, оны жоғарыға шығардым. Кері қайтарғанымда оны төмен өзімді жоғары санаған болар едім. Бұл нәпсіме ұнайтын еді – деп жауап берді Хатәмүл-Асам хазрет. Пайғамбарымыз алейһиссалам ұзын бір хадис шәрифінің аяғында: «Адамды пәлекетке сүйрейтін үш нәрсе бар: Сараңдық, нәпіске мойынсұну, өзін ұнату» деген. Нәпіске мойынсұнып, тәубә және истиғфар етпей, рақымшылық пен жәннат күту ақымақтық болады. Өйткені хадис шәрифте: «Ақылдың белгісі – нәпісті жеңіп оған билігін жүргізу және өлгеннен кейін керек болатын нәрселерді дайындау. Ақымақтықтың белгісі – нәпіске мойынсұнып, Аллаһтан кешірім мен мейірімділік күту» делінген. Нәпісіне мойынсұнған адам әрдайым ислам қорғанының сыртына шығып кете береді. Жануарларда ақыл мен нәпіс болмағаны үшін қажеттерін тапқан жерінде қандырып кете береді. Тек денелеріне зиян беретін, өздеріне зақым тидіретін нәрселерден аулақ жүреді. Ислам діні рахат пен бақытты өмір сүру үшін керекті нәрселерге және дүние ләззаттарының пайдалыларына тыйым салмаған. Тек қана бұларға қол жеткізу және бұларды қолдану барысында ақылмен дінге мойынсұнуды әмір еткен. Ислам діні адамдардың бұл дүниеде де, ахыретте де рахат және бақытты өмір сүргенін қалайды. Сондықтан да адамдарға ақылға мойынсұнуды әмір етеді. Нәпіске мойынсұнудан қайтарады. Ақыл жаратылмағанда адам ылғи нәпсінің айтқанын істеп, пәлекеттерге ұшырап кетер еді. Ал нәпіс болмағанда, адам өмір сүруі, өсіп-өнуі және өркендеуі үшін қажетті нәрселерге ұмтылуда босаңдық танынытып, нәпісіне қарсы жиһад ету сауабынан махрұм қалар еді. Періштелерден де үстем болу жолы оған жабық қалар еді. Хадис шәрифте былай делінеді: «Жануарлар ахыретте болатын халдерден сендердің білгендеріңдей білгенде, жеу үшін олардың кеудесінде бір кесек ет таппас едіңдер». Яғни, жануарлар ахыретте болатын азаптардың қорқынышынан жеп-ішуден тыйылар еді. Терісі мен сүйегі ғана қалар еді. Адамдарда нәпіс болмағанда олар да әлгі жануарлар секілді қорқыныштан жеп-іше алмайтын, өмір сүре алмайтын еді. Адамдардың өмір сүрулері нәпістің ықылассыздық пен дүниеге берілгендігінің арқасында жүзеге асады. Нәпіс екі жүзі де өткір пышаққа немесе өте улы дәріге ұқсайды. Оны дәрігердің айтқаны бойынша қолданған адам бұдан пайдаланады. Қалай болса солай, салақ қолданған адам дүниесін де, ахыретін де күйдіреді. Ислам нәпісті жойып, көзін құртуды емес, оны тәрбиелеп, жолға салып оның күшінен пайдалануды әмір етуде. |
|
Кімдер дүниеде бір-бірлерін жақсы көрсе, бірге болса, ахыретте де бірге болады. Ахыретте кімдермен бірге болуды, қайда болуды қаласақ мұны дүниеде таңдап, соған қарай шешім қабылдау керек. Яғни кім болғанымыз емес, кімдермен бірге болғанымыз маңызды. Бір жақсылықтың істелуіне себепші болу, ол жақсылықты істегенмен бірдей болады. Бір адамның хидаятына (иманға келуіне) себепші болу, бір кісіге көмекші болу ең құнды ғибадат. Кейбір адамдарға Аллаһу та’ала ерекше қабілет берген. Оларды ерекше міндетпен жаратқан. Бұл адамдар күлімдеген жүзбен, жылы сөзбен, басқа адамдардың хидаятына (дұрыс жолға түсуіне) себеп болады, адамдарға дін ұлыларын, ғұламаларын танытады... Олар «мәңгі оттан тағы да бір адамды қалай құтқара аламыз» деп тырысады, адамдарға әһли сүннетті үйретуге тырысады, кімді жақсы көру керек екенін, кімді жақсы көрмеу керек екенін айтады, мыңдаған мұсылмандардың «Силсилә-и алия» деп аталатын ұлы ғұлама, әулиелердің жолын көруіне, тануына себепші болады. Көптеген мұслманның ақиқатты көруіне себепкер болады. Дін ғұламалары былай дейді: «Әһли сүннет ақидасы өте құнды қазына. Аллаһу та’ала бұл құнды қазынаны қоқысқа тастамайды... Тек қадірлі жүректерге (көңілдерге) орналастырады. Сондықтан да осындай құнды қазынаға ие болған мұсылмандар өте құнды болады». Аллаһу та’аланың дініне қызмет ету құлшынысы әрбір мұсылманның бойында міндетті түрде болуы керек. Егер ол болмаса, иманында нұқсандық бар демек. Өйткені иманның толық болуы немесе болмауы оны басқаларға жеткізуге байланысты. Мәселен Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) иман келтіріп аузынан шыққан алғаш сөзі мынау еді: «Йа Расулаллаһ, менің тағы алты досым бар, әкелейін олар да мұсылман болсын». Адам не нәрседен зауқ алса, басқалардың сол зауқты алуын қалайды. Адам нені жақсы көрсе, басқалардың да соны жақсы көруін қалайды. Шүбһәсіз Аллаһу та’ала бізге мүбәрәк адамдарды және әһли сүннет ғалымдарын жақсы көруді нәсіп етті. Біздің де қатты жақсы көретін дінімізге қызмет етуіміз және дінімізді басқаларға да жақсы көргізуіміз негізгі міндетіміз болады. Мұның сауабын өлшеу мүмкін емес... Мұсылманға ең бірінші керек болған нәрсе – иман. Иманнан кейінгі керек нәрсе – ілім. Ілім үйрену әйел және еркек барлық мұсылмандарға парыз. Адамдардың өзін құтқаратындай мөлшерде ілім үйренуі парыз. Үйренгеннен кейін үйренгендерін басқаларға үйрету де парыз, сонымен қатар үйренгені бойынша амал ету де парыз. Бір мұсылман бір ғибадатты жасамағанда күнәға кіреді, ал ол ғибадаттың қалай жасалатынын білмесе екінші күнәға тағы кіреді. Ілім үйренбеу пәлекет, үйретпеу де пәлекет, ілімімен амал етпеу болса ең үлкен пәлекет. Дін ғұламалары айтады: «Дінге қатысты бір мәселені үйрету немесе үйретуге себепші болу жүз рет умра жасаудың сауабынан да артық. Әһли сүннет ақидасы жазылған бір кітапты (мәселен сайтымыздағы намаз кітабын) алып басқаларға беру өте құнды іс. Кітап оқығанда да өте мұқият болуымыз керек. Кітаптың ішіндегі мәліметтерден бұрын кітаптың жазушысы маңызды. Көңілден шыққан нәрселер көңілге әсер етеді. Ақидасы бұзық адамдардың жазған кітаптарын оқыған адамдардың жазушыдан әсерленіп ақидасы бұзылуы мүмкін. Дін ғалымдары «лас құбырдан шипа келмейді» деген. Денемізге азық алғанда азықтың таза болуына мән бергеніміз сияқты, рухымыздың да азығын алғанда мұқият болуымыз керек, тіпті азықтан да көбірек мұқият болуымыз керек. Рухтың азығы ілім, дін, ғибадат. Денеге бұзылған азық берген жағдайда дене өлуі мүмкін, бірақ рухына бұзық азық алған адам иманын жоғалтады. Тағамдардың тазалығына қалай мән беріп жүрсек, оқитын кітаптарымызды да жақсы таңдауымыз керек. Олай болса әр түрлі королдіктердің етегін сүйіп жүрген ахыр заман шәйхтарымен мазһабсыз дүмшелердің сандырақтарын ислам кітабы екен деп оқып алданып қалмауға тырысу керек». |
|
Әһли хикмет ғұламалар былай дейді: Халал ақша халал, харам ақша харам жолда жұмсалады. Бір шәкірт ұстазына келіп, «Ұстаз, біраз ақшам бар, бір жақсылық жасағым келеді, кімге берсем болады?» деп сұрайды. Ұстазы: «Көшеге шық, алдыңнан алғаш көрінген кедейге бер», дейді. Шәкірт жарайды деп көшеге шығады. Өте кедей, соқыр кісі алдынан шықанында, іздеген адамым табылды деп ақшаларын сол кісіге береді. Ертеңгі күні қайта сол жерден өтіп бара жатып, әлгі соқырдың досына бір нәрселерді түсіндіріп жатқанын көріп, бұл не деп жатыр екен деп жанына барады. Соқырдың «Кеше осы уақыттарда бір адам келіп, маған бір уыс ақша берді. Алған күйде сыраханаға барып, кешке дейін арақ іштім» дегенін естиді. Мұны естіп, берген садақам сыраханаға жұмсалыпты деп ренжиді. Дереу ұстазына барып: — Ұстаз мен масқара болдым. Айтқаныңыздай, көшеге шығып, көзі көр, кедей адамға ақшамды бердім. Ертеңіне сол жерден өтіп бара жатып, әлгі кедейдің алған ақшаларын сыраханада бітіргенін естідім,- дейді. — Мұнда бір хикмет бар. Мынаны ал, бұл менің ақшам, дәл сол жерге барып, алдыңнан шыққан бір кедейге бер! Шәкірт «жарайды» деп дәл сол көшеге барып күтеді. Өте кедей бір адамды көріп, «Аллаһ разылығы үшін ал мынаны» деп ақшаны береді де, ішінен «Аңдып көрейін, қай сыраханаға барарын» дейді. Кедейдің артына түсіп аңдиды. Әлгі адам қойнынан қырғауылдың өлексесін шығарып қоқысқа тастайды да, үйіне кіреді. Ол да артынан кіріп: — Досым, бір сұрағым бар. — Сен осыдан біраз бұрын маған ақша берген кісі емессің бе? — Иә, менмін. Қоқысқа тастағаның қандай қырғауыл, кейін неге үйге келдің, ақшаны қайда жұмсадың? — Ақша мұнда. Қырғауылға келсек, біз 3–4 күн ашпыз. Әйелім екеуміз сабыр етудеміз. Бірақ балалардың шырылдаған дауысына шыдай алмадық. Ал мен тіленуді, қайыр сұрауды жек көремін. Сондықтан өлі қырғауылдың етін таптым, машақат жағдайыма байланысты ең болмағанда балалар жесін деп алып келіп, оны оларға пісіріп бермекші едім, бірақ сен ақшаны бергеннен кейін Хақ та'ала халал ақша жіберді деп өлексені қоқысқа тастадым. Алдымен жанұямды қуантайын, әрі үйдің қажеттіліктерін біліп, алдыменен соларды алайын деген мақсатпен үйге келдім. Мұны естіген шәкірт дереу ұстазына барады. Ұстазы: «ақша қай жерге жұмсалды?» деп сұрағанда болғандарды айтып береді. Бұған байланысты ұстазы: Хазреті Имам Ағзамның бір сөзі бар. Ақшаның жұмсалған жерінен оның келген жері белгілі болады. Менің халал ақшамның қай жерге жұмсалғанын көрдің. Сенің табысың бұзық еді, бұзық жерге кетті. Кінәрат кімде?... |
|
Мал-мүлік Аллаһу та’аланың берген ниғметі. Ахырет үшін көп сауап жинау мал-мүлікпен жүзеге асатынындай, дүниемен ахырет мал-мүлікпен көркейеді, оңай болады. Қажылық, жиһад сауаптары мал-мүлік арқылы алынады. Деннің саулығы, қуатты болуы мүлікпенен жүзеге асады. Өзгеге мұқтаж болудан қорғайтын да мал-мүлік. Садақа беру, туыстармен араласу, оларға қамқор болу, кедейлерге көмектесу мал-мүлікпен болатын дүние. Мешіттер, мектептер, ауруханалар, жолдар, су құбырлары, көпірлер салып адамдарға қызмет ету де мал-мүлікпен іске асады. Дініміз «Адамдардың ең жақсысы пайдасы адамдарға ең көп тиетіні.» деп бұйырған.
Адамдарға көмектесу үшін еңбек етіп, ақша табу нәпіл ғибадат жасаудан да үлкен сауап. Жәннаттың биік дәрежелеріне мал-мүлікпен қол жеткізіледі. Хадис шәрифте «Аллаһу та’ала бір құлына мал-мүлік және ілім берсе, бұл құл да харамдардан қашып, туыстарын қуантып, мүлкінен ақысы (үлесі) болғандарды біліп ақысын берсе, жәннаттың биік дәрежелеріне қауышады.» деп бұйырылған.
Хазреті Абдуллаһ ибн Мәсуд хабар берген бір хадис шәрифте: «Мына екі нәрсенің біреуіне қауышқан адамға әуестенсең болады. Біріншісі Аллаһу та’аланың бір адамға Ислам ілімдерін ихсан етіп, ол да әрбір әрекетін соған сәйкес жасайды. Екіншісі Аллаһу та’ала біреуге көп мал-мүлік беріп, бұл адам да мал-мүлкін Аллаһу та’аланың разы болған, ұнатқан жерлеріне жұмсайды» деп бұйырылды.
Пайғамбарымыз Амр ибн Ас хазреттері үшін «Жақсы адамға мал-мүліктің жақсысы өте керемет жарасады.» деген.
Аллаһу та’ала Құран кәрімде мал-мүлікті “қайырлы нәрсе” деп атаған және сүйікті пайғамбарына берген ниғметтерді есіне салып «Сен мүліксіз едің, саған ешкімге мұқтаж болмайтындай мал-мүлік бердім» деп бұйырған.
Ислам ғалымдарының ұлыларынан болған Суфйан Сәури хазреттері «Бұл заманда мал-мүлік адамның қаруы» деп білдірген. Яғни адам жанын, денсаулығын, дінін, абыройын мал-мүлкімен қорғайды.
Мал-мүлікті және дүниелікті жамандайтын хабарлар да көп. Бірақ бұл хабарлар мал-мүлікпен дүниелікті емес, бұларға деген махаббатты, бұларды зиянды жолда қолдануды жамандаған. Адамның бұзылуына, Аллаһу та’аланы ұмытуына, ғибадаттарына кедергі болуына себепші болған мал-мүлік зиянды. Өлімді және өлімнен кейінгіні ұмыттыратын мал-мүлік те зиянды. Мал-мүлік бір-біріне қарама-қайшы болған екі нәрсеге, яғни жақсылыққа немесе жамандыққа себепші болады. Жақсылыққа себеп болған мал-мүлік мақталған, ал жамандыққа себеп болған мал-мүлік жамандалған.
Ал ысырап (исраф) дегеніміз мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз халге түсіру, дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз. Мүлікті теңізге, құдыққа, отқа және қолдан кетуіне себеп болатын жерлерге тастау, оны жою деген сөз. Қолданылмайтын халге түсіру, сындыру, кесу, жемістерді, егінді жинамай шіріту, малдарды суықтан, ұрыдан қорғалатындай жерде ұстамау және суықтан, ыстықтан және аштықтан өлмейтіндей жем-суын бермеу, қарамау да жоюға жатады, бәрі де ысырап болады.
Сондай-ақ егін және жемістерді жинағаннан кейін бұларды дұрыс сақтамай өздігінен бұзылуына, нәмденіп шіруіне немесе құрт-күйе секілді жәндіктердің жеуіне жол беру де ысырап болып табылады. Нан, ет, ірімшік секілді азықтардың, қарбыз, пияз секілді егін өнімдерінің, миіз, өрік, алма қақтары секілді кептірілген жемістердің, бидай, арпа секілді дақылдардың және киім-кешек, мата, кітап секілді заттардың осылай ысырап етіліп жатқаны көп көрілуде.
Тамақтың артылғанын төгу, қасықтағы, табақтағы жұғынды нанмен немесе саусақпен сыйырып жеместен ыдыстарды және саусақтарды жуу немесе сүрту де ысырапқа жатады. Тамақ пісірерде бұршақ, күріш, нохат секілді дақылдарды жуғанда төгу және төгілгендерді жинап алмай тастап жіберу де ысырап. Дастархан және стол үстіне түскен нан және нан ұсақтарын жинамай тастау да ысырап. Бұл ұсақтарды жинап ит-мысыққа, тауыққа, малға, құстарға және құмырсқа секілді жәндіктерге беру ысырап болмайды. Тойғаннан кейін жеу де ысырапқа жатады. Бірақ қонақ ұялмасын деп үй иесінің тойғаннан кейін де жеуі және оразаны қиналмай тұту үшін сәре уақтында артығымен жеуі ысырап болмайды.
Расулуллаһ алейһиссалам түрлі жемістер жеген және Абдуллаһ ибн Аббас хазреттеріне: «Қалағаныңды же, қалағаныңды ки! Адамды қате жолға түсіретін ысыраппен тәкаппарлық.» деген.
Аяти кәрималарда және хадис шәрифтерде білдірілгеніндей мал-мүлік үлкен ниғмет болып табылады. Мал-мүлікті ысырап ету болса, Аллаһу та’аланың ниғметін аяқ асты ету, қадірін білмеу, қолдан жіберу, яғни жақсылықты түсінбегендік, шүкір етпегендік болады. Бұл болса ниғметті берушінің жазғыруына және азап беруіне себеп болатын нәрсе. Ниғметтің қадірі білінбесе, орнымен қолданылмаса, шүкір етілмесе қолдан кетеді. Шүкір етілсе және орнымен қолданылса қолда қалады және көбейе түседі. Өйткені Ибраһим сүресінің жетінші аяти кәримасында «Шүкір етсеңдер берген ниғметтермді арттырамын» деп бұйырылған. |
|
Садрул-әфадил Харезми хазреттері фиқһ, нахв және лұғат ғалымы. 555 (м.1160) жылы Түркістанда Харезмде туылды. 617 (м.1220) жылы Бұхарада қайтыс болды. Бір дәрісінде былай деген: Дінімізде иманнан кейінгі ең құнды ғибадат – намаз. Намаз – діннің тірегі, ғибадаттардың ең үстемі. Исламның екінші шарты. Араб тілінде намазға «Салат» делінеді. Салат – негізінде дұға, рахмет және истиғфар деген сөз. Намазда осы үш мағынаның бәрі бар болғандықтан салат делінген. Аллаһу та'аланың ең көп ұнатқан және қайта-қайта әмір еткен нәрсесі – бес уақыт намаз. Аллаһу та'аланың мұсылмандарға иман келтіруден кейінгі ең маңызды әмірі – намаз оқу. Дінімізде ең алғаш әмір етілгені де намаз. Қияметте де иманнан кейін алғашқы сұрақ намаздан болады. Бес уақыт намаздың есебін берген адам бүкіл қиыншылық пен емтихандардан құтылып, мәңгілік құтылуға қолжеткізеді. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырған болады. Намаз оқымайтын адам, әлбетте, дінін құлатады». Намазды дұрыс оқумен қадірленген кісі жаман нәрсе істеуден қорғанған болады. Анкәбут сүресінің қырық бесінші аятында: «Дұрыс оқылған намаз адамды лас, жаман және тыйым салынған әрекеттерден қорғайды» делінген. Усам бин Юсуф есімді бір кісі Хатим Әсам хазреттерінің мәжілісіне келді. Хатим Әсамға қарап «Намазды қалай оқисың?» деп сұрады. Хатим Әсам оған бұрылып: «Намаз уақыты келгенде орнымнан тұрып, әрі захири (сырттай), әрі батыни (іштей) тұрғыдан дәрет аламын» деп жауап берді. Усам бин Юсуф «Захири және батыни дәрет қандай болады?» деп сұрап еді, сол кезде Хатим Әсам: «Захири дәрет – белгілі мүшелерді белгілі түрде сумен жуу. Ал батыни дәретке келер болсақ, мүшелерімді тәубемен, өкінумен дүниелікке және басшы болу қалауын, адамдардың мақтауын, кек сақтау мен көре алмаушылықты тәрк ету жолымен тазалаймын. Қағбаны көз алдыма елестетемін, Аллаһу та'аланың мені көріп тұрғанын ойлаймын. Жәннатты оң жағымда, тозақты сол жағымда, Әзірейіл алейһиссаламды артымда тұрғанын елестетіп, аяғымды Сырат көпіріне қойғандай болып, оқымақшы болған осы намазымды соңғы намазым деп қабылдаймын. Кейін ниет етіп, тәкбір айтамын. Намазды оқығанда тәфәккур етіп оқимын. Кішіпейілдікпен рукуға иілемін. Жалбарынып сәжде жасаймын. Үмітпенен тәшәһудте отырамын, ықыласпен сәлем беремін. Отыз жылдан бері менің оқып жүрген намазым осындай» деді. Бұларды естіген Усам бин Юсуф Хатим хазреттеріне: «Мұны бәрі істей алмайды» деп қатты жылады. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
--
Вы получили это сообщение, поскольку подписаны на группу "islamdini.kz".
Чтобы отменить подписку на эту группу и больше не получать от нее сообщения, отправьте письмо на электронный адрес islamdinikz...@googlegroups.com.
Чтобы посмотреть обсуждение, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/msgid/islamdinikz/000301dc1296%24e0c0d340%24a24279c0%24%40islamdini.kz.
Чтобы настроить другие параметры, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/optout.