ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 179

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Nov 9, 2022, 1:50:17 AM11/9/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХАДИ ӘЛИ БИН МҰХАММЕД (радиаллаһу анһ)

Имам Мұхаммед Тақидың (радиаллаһу анһ) ұлы. Он екі имамның оныншысы. Есімі Әли. Күнясі Әбул Хасан. Оны «үшінші Әбул Хасан» деп те атаған. Лақабы Хади. Әскери лақабымен танымал болған. Анасы күң еді. Анасы халифа Мәмунның қызы Үмму Фадл дегендер де бар. Хижреттің екі жүз он төртінші жылы ражаб айының он үшінде Мәдинада дүниеге келді. Хижреттің екі жүз елу төртінші жылы жәмәзиәл ахир айының соңында дүйсенбі күні Бағдаттың Серменрай ауданында қайтыс болды. Қабірі Серменрайдағы өз сарайында орналасқан. Кум маңайында екенін айтатындар да бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Кум маңайында Мұса Казымның (радиаллаһу анһ) қызы Фатиманың (радиаллаһу анһа) шәһид болған жеріндегі қабірі бар. Мұса Казым (радиаллаһу анһ) осы қызы туралы «Фатиманы кім зиярат етсе жәннатқа кіреді» деген. Бұл сөзді Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) риуаят етті.

∙ Имам Хадидың (радиаллаһу анһ) оқиғаларының бірі мынадай: «Бір күні Серменрай маңында бір ауылға барған болатын. Бір ауылдық оны көргісі келді. Адамдар оған «Пәлен ауылға кетті» деді. Ол сол ауылға барып, хазреттің алдына келді. Имам Хади (радиаллаһу анһ) әлгі адамнан «Не қалауың бар?» деп сұрады. Ауылдық «Мен хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) жақсы көретіндердің бірімін. Көп қарызым бар. Көп уақыт өтсе де әлі өтей алмадым. Мені осы қарыздан құтқаратын сізден басқа ешкімді білмеймін» деді. Имам Хади хазрет оған «Еш мұңайма» деді. Сол түні оны қонақ қылды. Таңертең Имам Хади (радиаллаһу анһ) ауылдыққа «Саған бір сөз айтамын. Ол сөзді бұлжытпай орындайсың» деді. Ауылдық «Сөзіңізге қайшы ештеңе істемеймін» деді. Ауылдық адамға бір қағазға «Пәленшенің осыншалықты қарызы менің қарызым» деп жазып берді. Жазғаны ауылдықтың қарызынан көп еді. Қағазды ауылдыққа беріп: «Мен жақында Серменрайға қайтамын. Жамағаттың арасында отырғанда мына қағазды маған әкел. Қарызыңды сұра және менімен дөрекі сөйлес» деді. Ауылдық келісіп, қағазды алып кетті. Имам Хади (радиаллаһу анһ) Серменрайға қайтты. Халифаның адамдары және басқа да адамдар бар жамағаттың арасында отырған кезде әлгі ауылдық келді. Қағазды шығарып, Имам Хадидан (радиаллаһу анһ) қарызын сұрады. Имам Хади хазрет өте сыпайы сөйлеп, кешірім сұрады да, «Пәлен күні өтейін» деп сөз берді. Бұл жағдайды халифа Мутәуәккил естіді де, Имам Хади хазретке отыз мың ақша жолдады. Ауылдық адам сөз берілген күні келді. Ол отыз мың ақшаны ауылдыққа беріп, «Осымен қарызыңды жап, қалғанын үйіңе жұмса» деді. Ауылдық «Ей, Расулуллаһтың ұрпағы! Мен бұл ақшаның үште біріне де разы едім. Бірақ Аллаһу та'ала қанша жіберетінін жақсырақ біледі» деді».

∙ Халифа Мутәуәккил науқастанып, денесіне шиқан шыққан болатын. Қатты ауырып, қызуы көтерілген еді. Дәрігерлер еш емін таба алмады. Өлетіндей болған еді. Анасы «Мутәуәккил жазылып кетсе, өз мүлкімнен Имам Хади хазретке көп мал-мүлік жіберемін» деп атаған еді. Бір күні халифа Мутәуәккилдің жақындарының бірі Фәтх бин Хакан «Имам Хадидан да (радиаллаһу анһ) емін сұрап көрейік» деді. Бір адам жіберіп, одан дәрі сұрады. Имам Хади хазрет «Пәлен нәрсені шиқанның үстіне қойыңдар, Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайдасы тиеді» деді. Бұл хабар Мутәуәккилдің мәжілісіне жеткенде ол жақтағылардың бәрі күліп, мазақ қыла бастады. Фәтх бин Хакан «Қолданып көрейік, зияны жоқ қой» деді. Имам Хади хазрет айтқан нәрсені шиқанға қойды. Шиқан жарылып, ішіндегі іріңі шықты. Халифа Мутәуәккилдің жазылғанын анасы естігенде он мың динарды дорбаға салып, өз мөрімен дорбаның аузын мөрлеп, Имам Хади хазретке жолдады.

Халифа Мутәуәккил толықтай жазылғаннан бірнеше күн өткен соң бір адам халифаға «Имам Хадида (радиаллаһу анһ) көп мал-мүлік және сансыз қару-жарақ бар» деп шағым айтты. Халифа уәзірі Саидқа түн ортасында Имам Хадидың үйіне кіріп, ол жақта тапқан бүкіл мал-мүлік пен қару-жарақты әкелуін бұйырды. Уәзір Саид былай айтып берді: «Өзіммен бірге саты алып бардым. Барған соң үйдің шатырына шықтым да, пештің мұржасынан ішке кірдім. Қараңғы болғандықтан, қайда баратынымды білмей тұрдым. Сол кезде Имам Хадидың (радиаллаһу анһ) даусын естідім. «Ей, Саид! Біраз күте тұр, қазір шырағдан әкеледі» деді. Шырағдан әкелген соң төмен түстім. Имам Хади хазрет жүннен киім киген, басында жүннен тақия бар еді. Тоқылған жайнамазда құбылаға қарап отырған еді. «Ей, Саид! Бөлмелер мұнда, іздей бер» деді. Бөлмелерді іздеп шықтым, маған айтылған мал-мүлік пен қару-жарақ жоқ еді. Тек Мутәуәккилдің анасы жіберген дорба аузы мөрленіп тұрған еді. Оның қасында тағы мөрленген дорба бар еді. Имам Хади хазрет «Жайнамазды да тексер» деген соң жайнамазды көтердім. Астында қынында тұрған қылыш бар еді. Дорбалар мен қылышты алып, Мутәуәккилге апардым. Халифа Мутәуәккил анасының мөрімен мөрленген дорбаны көріп таңқалып, мән-жайын сұрады. Жақындары оқиғаны айтып берді. Халифа Мутәуәккил тағы бір дорба динар қосып, әкелгендерімді қайтарып апарып беруімді бұйырды. Имам Хади хазреттің алдына барып, ұялып, «Тақсыр, рұқсатсыз үйіңізге кіру маған қиын болды. Бірақ бұйрық осындай еді» дедім. Сол кезде «...Әділетсіздік еткендер өздерінің соңы қандай болатынын жақында білетін болады» деген «Шуара» сүресінің 227-ші аяти каримасын оқыды».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages