Сұрап үйренген ғалым...

115 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Dec 23, 2024, 12:27:40 AM12/23/24
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Зина

Сұрақ: Бетімдегі безеудің кетуі үшін көбісі үйленуімді немесе қызға баруымды айтып жатыр. Тіпті «Үйленуден бұрын міндетті түрде қыздарға барып тұру керек» дейді. Бойдақтарға да зина харам емес пе?

Жауап: Бұлай сауатсыз надандар айтады. Зина бойдақ, үйленген әр адамға үлкен күнә болады. Бірнеше аяти карима мағынасы:

«Зинаға жоламаңдар! Ол ұятсыздық, нашар, төмен іс, жаман жол». (Исра 32).

«Мүминдерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!». (Нұр 31, 32).

«Фухштың (ұятсыздықтың) ашық түріне де, жасырын түріне де жоламаңдар!». (Әнам 151).

Бұл жердегі «жоламаңдар» дегені зинаға апаратын себептерден, іс-әрекеттерден сақтаныңдар, бөтен әйелдерді ойламаңдар, олармен сөйлеспеңдер, олардың дауыстарын тыңдамаңдар, оларға қарамаңдар, олармен қол алыспаңдар деген сөз.

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Аллаһ дәргейінде зинадан үлкен күнә жоқ». (Р. Насихин).

«Сендер үшін ең көп қорқатыным – зина». (Табарани).

«Зина жасамаңдар, әйелдеріңнің тартымдылығы (әдемілігі, сүйкімділігі, сұлулығы) және махаббаты кетеді, арада суықтық басталады». (И. Нәжжар).

«Түсімде әжетханадағы нәжіс секілді сасыған адамдар көрдім. Кейіннен олардың зина етушілер екенін білдім». (И. Хиббан).

«Зина кедейлікке жол ашады». (Бәйһақи).

«Жастық шағын зинадан қорғаған (мұсылман) жәннатқа кіреді». (Бәйһақи).

«Әйел адам бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, күйеуімен жақсы қарым-қатынаста болса, қалаған есігінен жәннатқа кіреді». (Ибн Хиббан).

«Бір жерде зина мен риба (өсім, пайыз) көбейсе, ол жердің халқы пәлекетке ұшырайды». (Хаким).

«Зина кедейлік шақырады». (Бұхари).

«Зинадан тыйылмаған адам пұтқа табынушы секілді». (Хараити).

«Зина етушінің жүзі тозақта отта жанады». (Табарани).

«Жеті қабат аспан мен жер зина етуші қарияларға үздіксіз лағнет айтады». (Бәззар).

«Зина етушілердің әуреттерінің иісі бүкіл тозақ халқын қинайды». (Бәззар).

«Жаман әйелдер көбейіп, зина қоғамда жайылса, халық оған дейін көрмеген жұқпалы ауруларға душар болады». (Бәйһақи).

«Фажира (жаман) әйелдің фужуры (жамандығы) мың еркектің фужуры секілді. Ал жақсы әйелдің жақсылығы жетпіс сыддықтың жақсылығы секілді». (Әбу Нуайм).

«Ар-намыстарыңды қорғаңдар, зина етпеңдер! Ар-намысын қорғаушыға жәннат бар». (Хаким).

«Жамандықтан қорғану үшін некеде өмір сүріңдер және ар-намысты болыңдар!». (Ибн Асакир).

«Әркімнің әйеліне, қызына қырындаған адам бізден емес». (И. Ахмед).

«Зина еткен адам дәл сол нәрсеге өзі де душар болады». (И. Нәжжар).

 

Көз зинасы

Сұрақ: Зәруліксіз әйелдерге қарау және олармен қол алысу күнә ма?

Жауап: Иә, күнә. Хадис шәрифте айтылған:

«Әйелге шәхуатпен қараған адамның көзіне балқыған қорғасын құйылып тозаққа тасталады». (М. Әнһур).

«Аллаһтың азабынан қорқып, бөтен әйелден бетін бұрған адамға Аллаһу та'ала ғибадаттың ләззатын сездіреді». (Хаким).

«Харамға қарамаған көз тозақ отын көрмейді». (Исфәхани).

«Көршінің әйеліне, досының әйеліне шәхуатпен қарау бөтен әйелге қараудан он есе күнә. Тұрмыстағы әйелге қарау қыздарға қараудан мың есе үлкен күнә. Зина күнәлары да осындай». (Табарани).

«Әурет жерін ашқан, біреудің әурет жеріне қараған адамға Аллаһ лағнет етсін!». (Бәйһақи).

«Әйелдің жүзі мен екі қолынан басқа барлық жері әурет». (М. Әнһур).

«Әйелдермен бір жерде оңаша қалудан сақтаныңдар. Аллаһу та'алаға ант етемін, ер адам әйелмен оңаша қалғанда араларына шайтан кіреді. Адамның батпақтан шыққан шошқамен қысылып қалуы ол адамға өзіне халал болмаған әйелді ұстауынан жеңіл болып қалады». (Табарани).

Хазреті Айша анамыз айтқан:

«Пайғамбарымыз өзіне халал болған әйелдерден басқа ешбір әйелмен қол алыспады». (Бұхари, Мүслим).

Әйелдердің Құран кәрім, мәуліт, илаһи, нашида оқып дауысын ер адамдарға естіртуі харам. (Ал микрофон, радио және теледидар арқылы естіртуі мәкрух болады). (Тәрғибуссалат, Хадиқа).

 

Сұрақ: Құран аудармасынан оқыдым, зина еткен әйелге мүлде үйленуге болмай ма?

Жауап: Аудармадан дін үйренуге болмайды. Зина еткен әйелге үйлену рұқсат. Өйткені «Зина еткен әйелмен басқа ер адамдар некелесе алмайды» деген аяттың үкімі өзгертілген.

 

Сұрақ: ЖИТС (СПИД) туралы хадис шәриф бар дейді, рас па?

Жауап: ЖИТС (СПИД), АИТВ (ВИЧ), мерез (сифилис) секілді аурулар еуропадан келген. Хадис шәрифте: «Жаман әйелдер көбейіп, зина қоғам ішінде жайылып кетсе, халық оған дейін көрмеген жұқпалы ауруларға душар болады» делінген. Сифилис секілді спид те бұрындары белгісіз еді. Қазірге дейін әлі белгісіз тағы басқа аурулар шығуы да мүмкін. Сондықтан бұл хадис шәрифте айтылған ауруды тек спид деп айту қате болады. Еуропадан келген сифилис, гонорея да кейіннен пайда болды.

 

Сұрақ: Зина етушінің зина еткен адамына үйленуге мәжбүр ме?

Жауап: Жоқ.

 

Сұрақ: Зина еткен адамның некесі бұзыла ма?

Жауап: Некесі бұзылмайды. Бірақ зина ең үлкен күнәлардың бірі.

 

Сұрақ: Зинаның қандай зияны бар?

Жауап: Зинаның зияны көп. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Зинаның дүниеде үш зияны бар:

1) Сұлулықты және сүйкімділікті кетіреді,

2) Кедейлікке жол ашады,

3) Өмірдің қысқаруына себеп болады.

 

Ахиреттегі үш зияны:

1) Аллаһу та'ала ашуланады,

2) Сұраққа, есепке тартылуы ауыр өтеді,

3) Тозақ отында азап шегуге себеп болады». (Табарани).

 

Көз зинасы

Сұрақ: Зина некесіз қатынас деген сөз емес пе? Көз зинасы деп те атайды. Көзбен қатынас бола ма?

Жауап: Зина харам болған қатынас деген сөз болса да, харамға қарау да көзбен істелетін харам болады. Бұл харамға көз зинасы дейді. Хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Көздің зинасы харамға қарау, құлақтың зинасы ұятсыз сөз тыңдау, тілдің зинасы ұятсыз сөз сөйлеу, қолдың зинасы намахрамды (бөтенді) ұстау, аяқтың зинасы күнә жерлерге бару». (Бұхари).

Демек әр мүшенің зинасы болады. Мұрынның да зинасы бар. Хадис шәриф мағынасы:

«Иіссу себініп сыртқа шыққан және иісін сездіру үшін бір топ адамның қасынан өткен әйелге және оған қараған (оны иіскеген) адамға зина күнәсі жазылады». (Нәсаи).

Бұл жерде де мұрын істейтін иіскеу зинасы болады. Сонымен қатар әйелге қараса көз зинасы да болады. Сүйсе ерін зинасын істеген болады. Шәхуатпен немесе қажеттіліксіз сөйлессе тіл зинасы болады. Ұстаса немесе зәруліксіз қол алысса қол зинасы болады. Хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Адамның басына темір шоқпар қадалуы бөтен әйелді ұстауынан жеңіл болады». (Табарани, Бәйһақи).

Олай болса зинаның барлық түрінен аулақ болу қажет. Құран кәрімде: «Зинаға жоламаңдар» делінген. Бұл зинаға апаратын барлық іс-әрекеттерден аулақ болыңдар деген сөз.

 

Сұрақ: Аяқтың, көздің де зинасы бола ма?

Жауап: Діни кітаптарда: «Аяқтың зинасы ислам тыйым салған жерлерге, харамға бару, қолдың зинасы харамды ұстау, көздің зинасы ислам тыйым салғанға, харамға қарау» деп жазылған.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 30, 2024, 12:15:00 AM12/30/24
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жаңа жыл тойлау және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл мен Рождество жайында мәлімет бересіз бе? Жаңа жыл тойлауға болады ма?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі бір емес, бірақ Рождество тойлаудың жалғасы болып саналғандықтан, жаңа жыл түнін христиандар сияқты тойлау, шыршаны кесіп, үйді шыршамен безендіру жаиз (рұқсат) емес. Өйткені мейрамдарында олар сияқты көңіл көтеру – оларға ұқсау болып табылады.

Діни кітаптарда жазылған:

Рождество күнінде және түнінде кәпірлердің пасха және діни мейрамдарында олар сияқты тойлаған адам күпірге түседі.

Жаңа жыл себебімен Қазақстанда және әлемнің әр түрлі жерлерінде миллиондаған шырша ағаштары Рождество аңызы үшін кесіліп жойылуда. Христиан мемлекеттерде болғанындай, мұсылман мемлекеттерде де осы қылмыстар жасалмау керек. Христиандарға ұқсамау үшін жаңа жыл түнінде күркетауық жемеу керек! Желінетін болса, мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жей беруге болады. Құмар ойнау, лоторея тарту сияқты ойындар болса онсыз да барлық уақытта жаиз (рұқсат) емес. Бұл түнде кәпірлерге ұқсау мақсатымен әр түрлі тағамдар, сусындар алу да жаиз болмайды.

Күнде не алынатын болса, соларды алудың зияны жоқ. Бұл түнге ерекше қарамау керек.

Тек христиандардың ғана емес, яһудилердің және бүкіл қате діндердің ғибадаттарын орындау оларға ұқсау болып саналады. Мысалы 21 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау да осындай. Кәпірлердің ғибадаттары және жаман істерінен басқа мубах болған әдеттерін жасаудың зияны жоқ. Яғни оларға ұқсаған болып саналмайды.

Рождествоны тойлау түбегейлі жаиз емес. Бір зәрулік болса ғана жаиз болады. Мысалы мемлекеттер арасындағы ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтауға болады. Бірақ Рождествоға қатысы болмаған жаңа жылда бір мұсылманға құттықтау хатын жазып, жаңа жылдың адамдарға, мұсылмандарға қайырлы болуын тілеу күнә емес. Немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенің де жаңа жылың құтты болсын» деп айту күнә болмайды. Осы айырмашылықты түсіну керек!

Мұсылман әр түні не істеп жүрген болса, бұл түні де соларды істеу керек! Қасиетті күндей мәуліт оқыту, сұхбаттар ұйымдастыру дұрыс болмайды. Бұл түннің өзге түндерден айырмашылығы жоқ. Бұл түнді қадірлі санағандай әрекет ету дұрыс емес. Мұсылман әр түні не істейтін болса, бұл түнді де солай өткізуі керек!

 

Рождествоны тойлау

Сұрақ: Бір жазушы: «Христиандардың өз мейрамдарын тойлауы – өз ақылары. Мұсылмандар да екі жақты құрмет ішінде ынтымақта өмір сүріп жүрген әһли кітаптың (кітапты кәпірлердің) қуанышына қосылады, олардың мейрамдарын тойлайды. Бұл мәселеде ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын» дейді. Бұл күпір болмайды ма? Дінімізде мұсылман болмағандардың мейрамдарын тойлау рұқсат па?

Жауап: Мүлдем рұқсат емес. Бұл туралы діни кітаптарда былай жазылған:

Мәжусилердің мейрамдары болған Наурыз және Михрижан күні құрметіне бір нәрсе беру жаиз емес. Бұл күндердің аттарын атап немесе ниет етіп бір нәрсе сыйлау да харам. Егер бұл күндерді қадірлі санап орындаса, кәпір болады, өйткені бұл күнді мүшриктер қадірлі тұтады. Әбул Хафс-и Кәбир айтқан: Бір адам Аллаһу та'алаға елу жыл ғибадат жасаса, кейін бір мүшрикке Наурыз күнінің құрметіне жұмыртқа сыйласа, кәпір болады. Егер бір мұсылманға сыйлық беріп, бұл күнді қадірлі тұтпаса, қалыптасқан әдет бойынша берсе, кәпір болмайды. Басқа күні алмаған нәрсені сол күні сатып алса, ол күнді қадірлі санаса, кәпір болады. Қадірлі деп санамай, тек ішіп-жеу үшін алған болса, кәпір болмайды. (Дуррул мухтар, 5/481)

Бәззазияда: «Наурыз күні – мәжусилердің (отқа табынушылардың) мейрамы. Ол күні мәжусилерге қосылып, олардың істегендерін қайталап істеу күпір болып табылады» делінген. Рождествоны және кәпірлердің пасхаларын олар сияқты тойлаған адам да кәпір болады. (С.Әбәдия)

«Зуннар» деп аталатын поп белбеуін байлау және пұттарға, мүсіндерге, мысалы крест деп аталатын Иса алейһиссалам керілді деп саналған бір-біріне перпендикуляр жабысқан екі таяққа табыну, оны мойынға іліп құрметтеу, құрметтеуіміз әмір етілген нәрсені қорлау, қорлауымыз әмір етілген нәрсені құрметтеу күпір болып табылады. Бұларды жасаған адамның иманы кетеді, кәпір болады. (Биргиуи өсиетнамасы шәрһі, 115, 202 беттер)

Имам Раббани хазрет былай деген: «Үнділердің мейрам күндерін (отқа табынушылардың Наурыз күндерін және христиандардың Рождество түндерін және басқа да пасхаларды) құрметтеу және сол уақыттарда олардың әдеттерін олар сияқты жасау ширк болады. Күпірге себеп болады. Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары кәпірлердің жасағандарын қайталап істеп жүр және бұл күндерді мұсылман мейрамы санап жүр. Кәпірлер сияқты бір-біріне сыйлық беріп, жіберіп жүр. Заттарын, дастархандарын кәпірлер сияқты безендіріп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекше қылып өткізеді. Бұлардың бәрі ширк, кәпірлік». (Мәктубат 3/41, С.Әбәдия)

Ибн Абидин хазреттері 5-ші томда, истибра бабында: «Қажеттілік туындағанда зиммиге (мұсылман мемлекетінің азаматы болған кәпірге) сәлем беру және қол алысу рұқсат. Ал құрмет үшін болса рұқсат емес. Кәпірді құрметтеу күпір болады» делінген. (С.Әбәдия)

Кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, «Ұстазым» деп айту күпір болады. (Бәриқа, И.Ахлақы)

Бұл жазушы мұсылмандардың кәпірлерді құрметтеуін қалайды. Жоғарыдағы жазбалардан ондай құрметтің де күпір болатындығы аңғарылуда. Христиандарды разы қылу үшін күпірге түсу ақылды адамның ісі емес.

 

Рождество түнінің уақыты

Сұрақ: Христиандардың діни мейрамы болған Рождество түні қашан?

Жауап: Иса алейһиссалам дүниеде аз өмір сүріп, аспанға шығарылғандықтан, оны тек 12 хауари біліп, Исауилар аз және ғасырлар бойы жасырын өмір сүргендіктен, Рождество түні дұрыс анықтала алмаған. 25 желтоқсан, 6 қаңтар немесе басқа бір күн. Нақты емес. (Тәкуим-и Әбуззия)

«Григоряндық жыл санағы ең аз дегенде 300 жылға кем, өйткені Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасындағы уақыт мың жылдан аз емес». (Бурхан-и кати)

«Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасында 963 жыл бар». (Мәуаһиб-и ләдуния)

«Хижри жыл санағы нақты. Григоряндық жыл санағы қате, нақты емес. Күні де, жылы да қате». (С.Әбәдия)

 

Сұрақ: Христиандар хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне сенгені үшін жаңа жылды тойлайды ма?

Жауап: Христиандардың хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне қатысты сенімдері жоқ. Олар хазреті Исаның крестке керіліп өлгеніне сенеді. Олар «Адамдарды күнәдан құтқару үшін құдай өз ұлы Исаны өлтірді» дейді. Кейде Иса алейһиссаламды «Тәңір баласы», кейде «Тәңір үшеу, үш тәңір біреу» дейді. Бұл сандырақтар Інжілдерде жасалған өзгерістер кесірінен туындаған. Христандардың көңіл көтеруі «Аяз Ата» деп атаған қияли болмыстары үшін.

Құран кәрімде Ниса сүресінің 157 және 158 аяти карималарында Иса алейһиссалам өлтірілмегені, өлтірілген (крестке керілген) адамның басқа біреу екені, Иса алейһиссаламның аспанға көтерілгені білдірілуде. Али Имран сүресінің 54 және 55 аяттары мен басқа сүрелерде де бұл жайында мәлімет бар. Иса алейһиссалам хазреті Мәһди (және Дәжжал) заманында аспаннан түседі. (Мәктубати Раббани 2 том, 67 хат)

Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің бірнешеуі мынадай:

«Рухым құдірет қолында болған Аллаһқа ант етемін, Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы ретінде араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрсені қабыл етпейді». (Бұхари)

«Уаллаһи Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы болып түседі, крестті бөлшектейді, шошқаны өлтіреді, кекшілдік, өшпенділік және көре алмаушылық кетеді». (Мүслим)

«Иса түседі, Ислам жолында соғысады. Оның заманында Аллаһу та'ала мұсылмандардан басқа бәрін құртады. Дәжжал да құриды. Иса қырық жыл жер бетінде өмір сүреді, кейін қайтыс болады. Жаназасын мұсылмандар көтереді». (Әбу Дауд)

«Иса менің қасыма жерленеді». (Тирмизи)

(ТҮСІНДІРМЕ: Хадис шәрифте өткен Шошқаны өлтіреді дегені – шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етін жеуге тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни христиандықты алып тастайды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарды сындырады» делінген. Яғни түрлі музыкалық аспаптарға тыйым салады).

 

Сұрақ: Жаңа жылда христиандарға құттықтау хаттарын жазу рұқсат па?

Жауап: Жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін рұқсат емес.

 

Сұрақ: Христиан біреу Рождество күнінде Рождество мақсатымен бір мұсылманға (досына немесе туысына) сыйлық берсе, бұл мұсылманның бұл сыйлықты алуы және қолдануы рұқсат болады ма?

Жауап: Рождество мақсатымен берілмейді, жаңа жыл мақсатымен беріледі. Рождествоға құрмет көрсеткен адам кәпір болады. Берілген сыйлықтың зияны жоқ. Жейтін нәрсе болса, жаңа жылдан екі-үш күн өткеннен кейін жеуге болады.

 

Сұрақ: Жаңа жылда кейбір отбасылар теледидар көріп, жанұясымен отырып уақыт өткізеді, ішіп-жейді. Бұлардан харам істейтіндердің (мысалы ішкілік ішетін, билейтін, лоторея ойнайтын және т.б.) кәпір болу қаупі бар ма? Бұларды істемей қалыпты жанұя жиындарын осы күнге сай қылудың зияны бар ма?

Жауап: Кәпір болу ниетке байланысты. Кәпірлердің Рождествосын тойлау ниетімен болса, күпір болады. Жаңа жылдық көңіл көтеру күйінде болса, күпір болмайды. Әрине ішкілік, құмар болса, онсыз да харам.

 

Сұрақ: Жаңа жыл келді деп тойлаған, сыйлық берген, қуанған мұсылман кәпір болады ма?

Жауап: Ниеттері маңызды, жаңа бір жыл келді деп қуанса, сыйлық берсе, күпір болмайды.

 

Сұрақ: Біреудің бұл түнге арнап пісірген мубах тағамдарды (күркетауық сияқты) жеу дұрыс болады ма?

Жауап: Арнайы тағамдарды сол түні жеу мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жеудің зияны жоқ.

 

Хижри шәмси және хижри қамари күнтізбе

Сұрақ: Хижри шәмси мен хижри қамари күнтізбе деген не? Бұлар қашан басталды?

Жауап: Хижрет кезінде Мәдина қаласының Қуба ауылына келген 622 жылғы 20 қыркүйек күні «Хижри шәмси» жыл санағының басы болды. «Хижри қамари» санағы да сол жылдың Мухаррам айынан басталды, яғни хижри қамари бойынша жаңа жыл – 1 Мухаррам. Хижри қамари жылдың басы 622 жылғы 16 шілде күні еді.

 

Сұрақ: Кәпірлерге еліктеу қалай болады?

Жауап: Кәпірлерге ғибадатта ұқсау харам немесе күпір. Бірақ әдеттерде ұқсау жаиз (рұқсат). Ұшаққа, пойызға, көлікке міну, шалбар кию рұқсат. Пайғамбарымыз поптың аяқ киімін, Рим шапанын киген. Кәпірдің дініне ұқсау жаиз болмайды, крест тағу, зуннар тағу сияқты. Рождествоны тойлау жаиз емес. Бірақ жаңа жыл басқа. Рождествоны тойлаған адам кәпір болады. Жаңа жылда біреуге «Жаңа жылың құтты болсын, жаңа жылың мұсылмандарға қайыр және берекет әкелсін» деп айту рұқсат. Бұл баршаға жаңа жыл. Ал рождество баршаға емес, тек христиандардың мейрам күні.

 

Жаңа жыл және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл және Рождествоны тойлау, григоряндық жаңа жыл үшін құттықтау хаттарын сату, жаңа жыл үшін құттықтау хатын жіберу рұқсат па?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі екі бөлек. Рождество – христиандардың діни мейрамы. Рождествоны тойлау түбегейлі рұқсат болмайды. Бір зәрулік болса, мысалы мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтау рұқсат болады. Бір қажеттілік туындағанда жаңа жылды адамдар үшін, мұсылмандар үшін қайырлы болуын тілеу немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенікі де құтты болсын» деп айту рұқсат. Бірақ бұл түнге өзгеше қарамау керек, әр түні не жасалатын болса, соларды жасау керек. Мысалы, бұл түні үйді шыршамен безендірмеу, күркетауық сойып жемеу керек. Құттықтау хаты да жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін зәруліксіз рұқсат емес.

 

Григоряндық жаңа жылда ғибадат

Сұрақ: «Григоряндық жаңа жыл түні Иса алейһиссаламның туылған түні болса, бұл түнді Құран оқып, намаз оқып, мәуліт оқып, илаһи айтып өткізу керек» деп жатады. Бұл түн дінімізде қасиетті түн ретінде білдірілмегендіктен, қасиетті түндей өткізу, мәуліт оқу қате болмайды ма?

Жауап: Әлбетте қате болады. Әр түні Құран кәрім оқитын адам бұл түні де оқи алады, бірақ бұл түнге ерекше қарамау керек, әр түні не істеп жүрген болсақ, бұл түнде де соны істеуіміз керек. Иса алейһиссаламның сол түні туылғандығы онсыз да белгілі емес.

Белгілі болса да, дінімізде қасиетті деп білдірілмеген күнге ерекше қарау, мәуліт оқыту дұрыс болмайды.

 

Жаңа жылдық күркетауық

Сұрақ: Григоряндық жаңа жылда немесе жаңа жылға дайындық жасалатын күндерде Рождествоны ойламай күркетауық, шырша және осыған ұқсас нәрселерді алып-сатудың зияны бар ма?

Жауап: Мәкрух болады. Жаңа жыл өткеннен кейін алып-сатудың зияны жоқ.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 6, 2025, 1:31:17 AMJan 6
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Имам Ағзамға тіл тигізетіндер!

Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа хазретке тіл тигізетіндер кездеседі, оларға не деуге болады?

Жауап: Ханафи ғадымдарынан хазреті Ибн Абидин "Рәддул мухтар" кітабында жазған:

«Имам Ағзамның ұлылығының дәлелі – қалған мазһаб имамдары оның барлық сөздерін дәлел етіп алуы. Мазһабының ғұламалары оның уақытынан қазіргі уақытқа дейін барлық жерде оның сөздерімен фәтуа берді. Әулиелердің көбі оның мазһабы бойынша кәмілдікке жетті. Анадолы, Балқан мұсылмандары, Үнді, Синд және Мәуереннахр, яғни Түркістан (Орта Азия) тек қана оның мазһабын біледі». Мәжмаул-бихар кітабында жазылған:

«Имам Ағзамнан Аллаһу та'аланың разы болғанының белгісі – мазһабының барлық жерге жайылуын оңайлатуы. Бұл істе Аллаһтың сыры болмағанда жер бетіндегі мұсылмандардың көбі оның мазһабында болмайтын еді».

Бұл үмбеттің ғалымдарының көбі ханафи мазһабында еді. Имам Раббани хазрет айтқан:

«Имам Ағзам Әбу Ханифа Иса алейһиссаламға ұқсайды. Тақуалық ниғметіне кенелгені және сүннет-и сәнияны ұстанғаны үшін насстардан үкім шығаруда және ижтиһад жасауда өте жоғары дәрежеге жеткен. Кейбір ғалымдар оның бұл дәрежесін түсіне алмады. Оның ижтиһадпен тапқандары өте терең және нәзік білімдер болғандықтан, Кітапқа және сүннетке сай емес деп санады. Ол ұлы имамға рәй иесі деді. Оның білімінің ақиқатына жете алмағандықтан, оның түсінгенін түсіне алмағандықтан осылай қателесті. Алайда Имам Шафии хазрет ол түсінген білімнің аз бөлігін сезіп: «Фиқһ ғалымдарының бәрі фиқһ ғылымында Әбу Ханифаның шәкірттері» деді. Мұхаммед Париса хазрет: «Иса алейһиссалам аспаннан түскенде ижтиһад пен амалы Имам Әбу Ханифаның мазһабына сай болады» деді».

Мазһабсыздар Әбу Ханифа хазрет туралы айтылған хадис шәрифтерге қатысты Кутуб-и ситтада жоқ дейді. Алайда хадис шәрифтердің саны Кутуб-и ситтада жазылғанымен шектелмеген. Басқа хадис кітаптарында да сахих хадистердің бар екені бір ауыздан айтылған. Кутуби Ситтадан Тирмизиде жазылған Әбу Хурайра хазрет жеткізген хадис шәрифте:

«Иман үркер жұлдызына кетіп қалса, парсы халқынан бір адам оны кері қайтарады» делінген. Мұнда Имам Ағзам хазретті меңзелгені анық. Ал Әбу Ханифа хазретке дұшпандық жасау бұл үмбетке дұшпандық саналады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 13, 2025, 5:03:32 AMJan 13
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жақсылық пен жамандық

Сұрақ: Бірдей күнәны немесе бірдей жақсылықты екі бөлек адам істесе, күнә мен сауап тұрғысынан екеуінің алатыны екі түрлі болуы мүмкін бе?

Жауап: Иә, болуы мүмкін. Мысалы, бір жақсылықты Асхаби кирам істесе, оларға таулар сияқты сауап беріледі. Ықыласы көп болғанға көбірек сауап беріледі. Жақсылық, әсемдік әрдайым жақсы болады. Бірақ кейбір адамдарда болса жақсырақ, әсемірек болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Жақсы қасиеттер кейбір кісілерге басқаларға қарағанда көбірек жарасады: мысалы әділет жақсы, бірақ ол бастықта болса, одан да жақсырақ. Жомарттық жақсы, бірақ байда болса одан да жақсырақ. Уәра ғалымда, сабыр кедейде, тәубе жастарда болса, басқаларға қарағанда жақсырақ көрінеді. Ар-ұят жақсы, бірақ ол әйелде болса жақсырақ». (Дәйләми).

Жамандық, күнә тірліктер де әрдайым жаман. Бірақ кейбір адамдарда бәрінен жаманырақ көрінеді. Біреу бізге жамандық жасаса ренжиміз, бірақ көп жақсылығымыз тиген адамымыз жамандық жасаса, қаттырақ ренжиміз. Кәпір, күпіршілік қылса қалыптан тыс болып көрінбейді. Бірақ бір мұсылман кәпір болса, жаманырақ болады. Сол үшін мүртәдтің жазасы кәпірдің жазасынан ауырырақ болады.

Зина өте жиіркенішті үлкен күнә. Бірақ оған ұрынған адам зинаны өз жақындарымен істесе, одан да жаманырақ және үлкенірек күнә болады. Орны да маңызды. Жасырын жерде істеуге қарағанда ашық жерде істеу жаманырақ. Бұл жамандықты мешітте немесе Қағбада істеу одан сайын үлкенірек күнә болады.

Өтірік айту да жаман. Бірақ бұны жай адам айтса басқа, өкілетті өкімет адамының халыққа зиян болатындай етіп өтірік айтуы әрине үлкенірек күнә болады. Тәкәппарлану – үлкен күнә. Бірақ кедейдің тәкәппарлануы бәрінен жаманырақ көрінеді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Қиямет күні мына үш адамға Аллаһу та’ала рахмет назарымен қарамайды және ауыр азапқа душар қылады:

1) Зина істеген қарт адам,

2) Өтірік айтқан басқарушы,

3) Тәкәппарланған кедей». (Мүслим, Тирмизи, Нәсаи).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 20, 2025, 12:56:59 AMJan 20
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жұмысқа барарда ниет ету

Сұрақ: Жұмысқа барарда қалай ниет ету керек?

Жауап: Имам Ғазали хазрет былай деген:

«Күнде таңертең былай ниет ету керек:

«Өзімнің және жанұямның ризығын табу, оларды ешкімге мұқтаж етпеу, Аллаһу та'алаға рахат және дұрыс ғибадат ете алу, ахирет жолында жүре алу үшін жұмысыма бара жатырмын».

Сол күні мұсылмандарға жақсылық, жәрдем және насихат, әмри маруф, нәхий мүнкәр жасауды ойлау керек. Намазда қателік жіберетіндерге, күнә істеушілерге әмри маруф жасау керек. Осылай ниет еткен адам жұмысын істеген уақыты бойы тоқтамай сауап алады. Оның әрбір ісі ғибадат болады». (К.Саадәт).

Сөзімізді қабылдамайтын болса, сөз тартысуға себеп болса, ешкімнің ісіне араласпаған жөн, әмри маруф ретінде түсінетін адамдарға бір дұрыс діни кітапты, мысалы «Ислам Ахлақы» кітабын сыйлау жақсы болады.

Студент те «Пайдалы кәсіп иесі болу, яғни мұсылмандарға және дінімізге қызмет ету үшін оқып жатырмын» деп ниет етсе, оқуын бітіргенге дейін үздіксіз сауап алады. Намазын тәрк етпейінше сабағын оқуы да ғибадат болып саналады.

Кімде-кім әрбір ісінде ниетін дұрыстаса, көріністе дүниелік болған істері де ахирет ісі болады, сауап алады. Бірақ ниеті жаман болса, мысалы мақтану үшін ғибадат жасаса, ахирет үшін болған істері де дүниелікке айналады, сауап алудың орнына күнәға батады.

 

Жұмыс іздеген кезде

Сұрақ: Жұмыс іздеген кезде қандай жайттарға мән беру керек?

Жауап: Мыналарға мән берген жөн:

1) Жұмыс намазға тосқауыл болмау керек, рахат намаз оқи алу керек.

2) Жұмыс табиғатымызға лайықты болғаны жөн, біреудің жұмысын істеп жүргендей болмау керек.

3) Айлығының да жеткілікті болғаны жақсы.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 27, 2025, 12:12:48 AMJan 27
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Хадис шәрифтердің саны

Сұрақ: Кейбір жаман ниетті адамдар «Пайғамбар 23 жылда осыншама хадис айта алмайды» деп, хадис шәрифтердің ойдан шығарылуы мүмкін екендігін айтып жатады. 23 жылда орталама қанша хадис шәриф айтуға болады?

Жауап: 23 жыл шамамен 198 мың сағатты құрайды. Бұдан ұйқыға күніне 8 сағатты ажыратайық. Қалғаны шамамен 134 мың сағат болады. Орташа есеппен әр сағатта (60 минутта) бір хадис шәриф айтса, 134 мың хадис шәриф болады. Кітаптардағы хадис шәрифтерден қайталанып айтылғандары есептен шығарылса, 134 мыңнан да аз болатынына сүйенсек, хадис санының көп еместігі аңғарылады. «Ораза ұста да денсаулыққа қол жеткіз» сияқты қысқа хадис шәрифтерді де қоссақ, бір сағатта бір хадис шәриф айтылса, 134 мың хадис болады. Төрт хадис айтылса, 500 мың хадистен асады. Расулуллаһ алейһиссаламның әрбір сөзі хадис шәриф еді. Не айтса, бәрін риуаят етіп жеткізді. 60 минутта бірнеше хадис шәриф айту мүмкін емес дейтін адам жоқ шығар. Егер ондай адам шығатын болса, ынсапсыз адам екені аңғарылады.

Ең әйгілі хадис кітабы болған Бұхариде қайталанып айтылғандарын да санағанда 7275 дана хадис бар. Қайталанып айтылған хадистердің де енгізілуі, басқа жеткізушілер тарапынан риуаят етілгендігі үшін. Екінші әйгілі хадис кітабы Мүслимде де 7275 хадис бар. Басым бөлігі бір-бірімен бірдей. Хадис кітаптарында қайталанып айтылған хадис шәрифтер көп болғандықтан, хадис саны көп деп саналуда.

Ең көп хадис риуаят еткен кісілер және жеткізген хадистер саны төменде көрсетілген:

Аббас бин Абдулмутталиб: 35.

Абдуллаһ бин Мәсуд: 848.

Абдуллаһ бин Омар: 2630.

Адий бин Хатәм Таи: 66.

Айша анамыз: 2210.

Әли бин Әби Талиб: 586.

Аммар бин Ясер: 62.

Бәра бин Азиб: 305.

Жәбир бин Абдуллаһ: 1540.

Әбу Бәкір Сыддық: 42.

Әбу Хурайра: 5374.

Әбу Қатада: 170.

Әбу Мұса әл-Әшари: 360.

Әбу Саид Худри: 1170.

Әбу Зәри Ғифари: 281.

Әбуддәрда: 174.

Әнас бин Малик: 2230.

Хафса анамыз: 60.

Хузәйфа бин Йемани: 100.

Мәймуна анамыз: 46.

Осман бин Аффан: 146.

Омар бин Хаттаб: 500.

Саъд бин Әби Уаққас: 270.

Саид бин Зәйд: 48.

Салман Фариси: 60.

Убәйй бин Кааб: 164.

Умму Сәләма анамыз: 378.

Барлығы: 19855.

Бұлардан басқа да хадис риуаят еткендер болған, алайда өте аз екендігі кітаптарда өткен. Сондай-ақ, бірдей хадис шәрифті бірнеше адам риуаят еткен, өйткені жиында айтылғанда бәрі естіген. Жүз кісі естіген болса, жүзі де бір хадис шәрифті риуаят еткен.

«Хадистер көп» дейтін адамдардың жаман ниетті екені оңай аңғарылуда.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 3, 2025, 1:02:23 AMFeb 3
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ризық өзгермейді, азаймайды және көбеймейді

Сұрақ: Қазіргі заманда көбісі балаларының келешекте аш қалуынан қорқып, оларға дінді, діни білімдерді үйретпей, ақша табу жолдарын іздейді. Ризық көп жұмыс істеу арқылы өзгере ме, харам жолдан келген ризық та ежелде тағдырда бекітілген ризық па?

Жауап: Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелде тағдырда бекітіп ажыратып қойған. Адамдардың, жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның денесінің және рухының ризықтары да белгіленген. Ризық мүлде өзгермейді, азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды және ешкім өз ризығын жеп тауыспайынша өлмейді.

Бір адам Аллаһу та'ала бұйырғандықтан жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгіленген ризығына қолжеткізеді. Ол ризық оған берекелі болады. Істеген жұмысы үшін сауап та алады. Егер ризығын Аллаһу та'аланың тыйым салған жерлерінен іздесе, сонда да ежелде ажыратылған белгілі ризығына қолжеткізеді. Бірақ ол ризық оған қайырсыз, берекесіз болады. Ризығына қолжеткізу үшін жасаған күнәлары оны пәлекетке жетелейді.

Қазір «Заманға сай болу керек» деп балаларын ақша табу үшін жаман жерлерге жіберетіндер көбейіп жатыр. Аш қалуынан қорқып, оларға діндерін үйретпейді, Құран кәрім оқытпайды, перзенттерін надандардың қолына тапсырады. Балаларды дінсіз, имансыз өсіреді. Болашағын жақсартсын деп намысының, ар-ұятының жоқ болуына кімнің ар-ожданы разы болсын? Қиыншылық көріп ежелде ажыратылған ризықтарына қолжеткізеді. «Намаз қарын тойдырмайды, қыздардың үй жұмыстарын үйренуі ақша әкелмейді. Заманға сай болмасақ, дінге байланып қалсақ, ертең қиналып қаламыз» дегендей ессіз сөйлейтіндер де кездесуде. Алайда, егер балаларына кішкентай кезінен дінді, иманды үйретіп, Құран кәрім оқытып, одан кейін Аллаһу та'аланың әмірлеріне сай ақша табу үшін жұмыс істетсе, дәл сол ризыққа өте оңай, рахат қолжеткізеді. Ата-анасы да, баланың өзі де әрі сауап алады, әрі табысының қайырын, жемісін көреді. Дүниеде және ахиретте бақытты болады. Ахиретті ойлайтын ақылды адам ризығын халал жолдан іздеп табады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 10, 2025, 1:43:37 AMFeb 10
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ең табысты уақыт – жастық шақ

Сұрақ: Кей адамдар жастарға «Әлі жассыңдар ғой, өмірдің қызығын көріп алыңдар, кейін қартайған кезде намаз оқып, ғибадаттарыңды жасайсыңдар, діни білімді сол кезде аларсыңдар» дейді. Бұлай айту дұрыс па?

Жауап: Бұл туралы Имам Раббани хазреттері «Мәктубат» кітабында былай дейді:

«Жастық шақта нәпістің қалаулары адамдарды қаптап тұрғанымен, білім алатын, ғибадат жасайтын ең пайдалы уақыт – жастық шақ. Жас кезде шәһуат, қызбалық тасып тұрған кезде Ислам дінінің бір әмірін орындау қартайған кезде жасалған дәл сол ғибадаттан әлдеқайда үстем және құнды болады. Өйткені, кедергілерге қарсы ғибадат жасау қиындығы, ауыртпалығы сол ғибадаттардың қадірін, маңыздылығын аспанға дейін көтереді. Кедергісіз, оңай жасалған ғибадаттар төменде қалады. Сондықтан да, адамдардың үстемдері періштелердің үстемдерінен жоғары болған. Өйткені, адам кедергілердің арасында ғибадат етеді. Ал періштелер кедергісіз әмірге бағынады. Соғыс кезінде әскердің маңызы артады және қақтығыста аздаған қызметі бейбітшілік заманында үлкен қайраттылықтарынан да құнды болады. Жас кездегі қалаулар – Аллаһу та'аланың дұшпаны болған нәпіс пен шайтан жақсы көретін нәрселер. Ал Исламға сай нәрселер – Аллаһу та'аланың жақсы көретін нәрселері. Аллаһу та'аланың дұшпандарын қуантып, бүкіл ниғметтерді берген шынайы иесін ашуландыру ақылды және парасатты адамның ісі емес. Аллаһу та'ала бәрімізге ақылға сай әрекет етуді нәсіп етіп, нәпіске, шайтанға және мұсылман атанып жүрген дін дұшпандарының сөздері мен жазуларына алданудан сақтасын!

Әсіресе дінсіздер, мұсылмандарды мазақ қылатындар көбейген уақытта жасалған аздаған ғибадатқа, дұрыс болу шартымен, еселеніп көбейтілген сауап беріледі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:

«Ей, сахабаларым! Сендер сондай уақытта келдіңдер, Аллаһу та'аланың әмірлерінен оннан тоғызын орындап, біреуін орындамасаңдар, құрисыңдар, тозаққа түсесіңдер! Бір заман келеді, ол заманның мұсылмандары әмірлердің біреуін орындай алып, тоғызын тастаса, тозақтан құтылады. Ол заманда иманды болғандарға сүйінші болсын!»

Пайғамбарымыздан мұның себебін сұрағанда Ол:

«Өйткені сендердің қайыр іс жасауға көп көмекшілерің бар. Олар көмекші таба алмаумен қатар, әр түрлі кедергілерге де тап болады. Надандар, сауатсыздар арасында жалғыз қалады» деп жауап берді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 17, 2025, 1:26:31 AMFeb 17
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Қиналған адамға көмектесу керек пе?

Сұрақ: Жасы үлкен бір танысым: «Адамға қиындықты Құдай береді. Сол қиындықтан пендесі таза жол тапсын деп сынайды. Ал егер сол қиналып жүрген адамға мен көмектессем, Құдай маған ренжіп, басыма жамандық береді екен. «Сен кімсің? Мен оны қинадым, сенің оған көмектесуге не хақың бар? Мен оны қиналсын, күнәсін түсінсін, есін жиып, ғибрат алсын деп басына қиындық бердім» дейді екен. Ал егер мен немесе сен көмектесіп жіберсек, ол түсінбей қалады да, қиындықтан құтылып, тазармай қалады. Ал Құдай ерегісіп, оған берген жамандықты саған береді» дейді. Шынымен де солай ма?

Жауап: Аллаһу та'ала құлдарына қиыншылықты сынау үшін, күнәларын кешіру үшін жібереді, мұныңыз рас. Басына келген күнәға сабыр еткен пенде үлкен сауапқа және марапатқа бөленеді. Сабыр ету дегеніміз ешкімге шағымданбау, ешкімді кінәламай, сол қиыншылыққа төтеп беру деген сөз. Осылай сабыр ету арқылы басына қиыншылық келген адам тазарады. Егер сабыр етпей, қиыншылығын баршаға жариялап, зарланып, Аллаһты шағымданса, күнәға батады.

Ал «Қиналған адамға көмектеспеу керек, қиыншылықты берген Аллаһ «Сен кімсің?» деп ренжиді, қиыншылықты өзіңе береді» деген түсінік қате. Бұл сөз Аллаһу та'аланың құдіретіне сенбеу немесе күмән келтіру болып саналады. Аллаһтың құдіреті шексіз. Егер қаламаса, ешкімге көмектесуге мүмкіндік бермейді. Ешкім Оның жоспарын бұза алмайды.

Сондай-ақ Аллаһ бір пендесіне қиыншылық беру арқылы тек оны ғана емес, айналасындағы құлдарын да сынайды. «Менің құлым қиналып жүргенде қасындағылар көмектесе ме, көмектеспей ме?» деп тексереді. Асыл дініміз жанашырлықты, өзара көмектесуді, бір-біріне жақсылық жасауды аса үгіттейді. Қиналған адамға қолдан келгенше көмектесу, қиыншылығын шешіп беру, жақсылық жасау дініміздің негізінде бар және ең үстем ғибадаттан саналады. Төмендегі хадис шәрифтер осының дәлелі болып табылады:

«Парыздан кейінгі ең құнды амал – мұсылманды қуанту». (Табарани)

«Аллаһ дәргейінде ең құнды амал – мұсылманның қарызын төлеу немесе қиыншылығына көмектесу арқылы оны қуанту». (Табарани)

«Ең құнды амал – мұсылманның кемшілігін жасыру, қарнын тойдыру немесе бір мұқтаждығына көмектесу арқылы оны қуанту». (Исфахани)

«Мұсылманды қуантқан адам мені қуантқан болады. Мені қуантқан адам Аллаһ дәргейінде бір уәде алған болады. Аллаһтан уәде алған адамға от ешқашан тиіспейді». (Әбушшәйх)

«Аллаһ дәргейінде діндес бауырын қуантудай құнды ештеңе жоқ». (И. Нәжжар)

«Мұсылманды қуантқан адам қабірімде мені қуантқан болады. Мені қуантқан адамды Аллаһ қияметте қуантады». (И. Нәжжар)

«Мұсылманның қиыншылығына көмектесіп, оны қуантқан адамды Аллаһу та'ала қияметте ең қиын сәттерде қиыншылықтардан құтқарады». (Бұхари)

«Мұсылман – мұсылманның бауыры, оны ренжітпейді, оны қиыншылықта қалдырмайды. Бауырының қиыншылығын кетірген адамның қияметте Аллаһу та'ала қиыншылығын кетіреді». (Нәсаи)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Жаннаттың кілті – кедейлерді жақсы көру». (И. Адий. И. Нәжжар)

«Бір адам мұсылман бауырын қуантқан кезде бір періште бұл адамға әруақыт дұға етеді. Ол адам өліп қабірге қойылған кезде періште қасына келіп: «Мені танисың ба?» дейді. Мәйіт: «Жоқ» дегенінде: «Мен сенің бір мұсылманға берген қуанышыңмын. Бүгін сені қуанту үшін келдім. Қабірде қасыңда боламын, қияметте де саған шапағат етіп, жаннаттағы мақамыңды көрсетемін» дейді». (И. Әбид-дуния)  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 24, 2025, 2:15:39 AMFeb 24
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Қабір азабынан құтылу үшін

Сұрақ: Қабір азабынан құтылу үшін не істеу керек?

Жауап: Қабір немесе тозақ азаптарынан құтылу үшін сенімі, итиқады дұрыс болған мұсылман болу және дініміздің әмірлерін орындау, тыйымдарынан сақтану шарт.

Қабір азабы көбіне үстіне зәр шашырататын және мұсылмандар арасында сөз таситын адамда болады. Жұма күні немесе түні қайтыс болғандарға, әр түні «Тәбарәкә...» (және сәжде) сүресін оқып жүретіндерге және өлім жағдайында жатқанда Ихлас сүресін оқыған науқастарға қабір сұрақтары болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намаз оқымайтын адамның қабірі отқа толады. Күндіз-түні оны жағады. Үлкен жылан әр намаз уақытында оны шағып қинайды.» (Қуррат-ул-уюн)

«Тәбарәкә сүресін оқу қабір азабынан қорғайды.» (Ибн Мурдәуәйһ)

«Жұма күні немесе түні қайтыс болған мүминге қабір азабы болмайды.» (Тирмизи, Әбу Нуайм)

«Садақа қабір азабынан қорғайды.» (Бәйһақи)

«Өсекшілік қабір азабына себеп болады.» (Бәйһақи)

«Қабір азабының көбі үстіне зәр шашыратудан болады.» (И.Мажа, Нәсаи, Хаким, Дара Қутни)

«Жұма түні «Фатиха» және 15 рет «Изә зүлзиләт» сүрелерін оқып екі рәкат намаз оқыған адам қабір азабынан сақ болады.» (Дәйләми)

«Фисәбилиллаһ (Аллаһ жолында) қарауыл болып қайтыс болған адам қабір азабын көрмейді.» (И.Ахмед)

«Ражабтың алғашқы жұма түнін ғибадатпен өткізген (құрмет көрсеткен) адам қабір азабынан құтылады.» (С.Әбәдия)

«Қабір – ахирет қоныстарының алғашқысы. Бұдан құтылған адам үшін қалғандары да оңай болады. Ал құтыла алмағанға қалғандары да өте қиын болады.» (Тирмизи)

«Бір мүминнің қабірін зиярат еткен кезде «Аллаһумма инни әсәлука би хурмати Мухаммад алейһиссалам ән лә туаззибә хазәл мәйит» десе, әлгі мәйіттің азабы қиямет дейін алынады.» (Әтфал-ул муслимин)

Хазреті Әлиден келген бір риуаятта қабір азабынан құтылу үшін мына амалдарды орындауға кеңес берілген:

1) Аят-әл курсиді көп оқу.

2) Жұма күндері екі рәкат намаз оқу. (Қаза намазынан қарызы болған адам нәпіл оқи алмайды. Бірінші рәкатта Фатиха мен Тәбәрака, екінші рәкатта Фатиха мен Ихлас сүрелері оқылады.)

3) Күнде жүз рет Ихлас сүресін оқу. (Зухра-тур-Рияз)

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 3, 2025, 2:50:40 AMMar 3
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Оразаның және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?

Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазрет былай деген:

«Мүбәрәк Рамазан – өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда орындалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда орындалған парыздардың сауабына тең. Бұл айда орындалған бір парыз басқа айларда орындалған жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Ол тозақ отынан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап оған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы мүлде азаймайды.

Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Тозақтан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек). Қолдан келгенше ғибадат ету, Аллаһу та’аланың разы болған амалдарын жасау керек. Бұл айды ахиреттің бақытына қауышуға мүмкіндік деп білу қажет.

Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні осы айдың ішінде. Рамазан айында ауызды шам уақыты кіруімен көп кідірмей ашу, сәре тамағын да имсак (фәжр) уақытына жақындатып кеш жеу сүннет. Расулуллаһ бұл екі сүннетті орындауға аса мән беретін. Ауыз ашуға асығу және сәре тамағын кешіктіру бәлкім адамның төмендігін, әлсіздігін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетеді. Ғибадат ету дегеніміз де осы. Құрмамен ауыз ашу сүннет. Ауыз ашқанда «Зәхәбәз-зама-у уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл-әжр иншаллаһу та’ала» дұғасын оқу, тәрауих намазын оқу, Құран кәрімді хатым ету маңызды сүннет болып табылады.

Бұл айда әр түні тозаққа түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен кісенделеді. Рахмет (мейірімділік) есіктері ашылады. Аллаһу та’ала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Әмин». (Мәктубат 1-том. 45-хат).

Рамазанда жұрттың көзінше ашықтан тамақ жеген адам бұл айды құрметтемеген болады. Намаз оқымайтын адамдардың да ораза тұтуы және харамдардан тыйылуы керек. Олардың оразалары қабыл болады және имандарының бар екендігі осыдан белгілі болады.

Рамазан айында ораза тұту үлкен сауап. Үзірсіз (себепсіз) ораза тұтпау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Рамазанда үзірсіз бір күн ораза тұтпаған адам оның орнына бір жыл бойы ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына жете алмайды» делінген. (Тирмизи).

Рамазанда ораза тұту туралы айтылған хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:

«Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, тозақ есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақұрым қалған адам, бар жақсылықтан мақұрым қалды деп саналады». (Нәсаи).

«Рамазан айында ораза ұстауды парыз деп біліп, сауабын Аллаһу та'аладан күтіп ораза ұстаған адамның күнәлары кешіріледі». (Бұхари).

«Рамазан оразасын ұстап өлген адам жәннатқа кіреді». (Дәйлами).

«Рамазан айы келгенде «Ей, жақсылық иесі, жақсылыққа жүгір! Жамандық иесі, сен жамандықтан қолыңды тарт» деп айтылады». (Нәсаи).

«Рамазан – береке айы. Аллаһу та'ала бұл айда күнәларды кешіреді, дұғаларды қабыл етеді. Бұл айдың қадірін біліңдер! Тек тозаққа түсетін адам ғана бұл айда рахметтен мақұрым қалады». (Табарани).

«Рамазан айы келгенде Аллаһу та'ала періштелерге мұсылмандар үшін истиғфар айтуларын әмір етеді». (Дәйлами).

«Парыз намазы келесі намазға дейінгі, жұма намазы келесі жұмаға дейінгі, Рамазан айы келесі Рамазанға дейінгі күнәларға кәффарат (өтем) болады». (Табарани).

«Қатарынан үш күн ораза тұта алатын адамның Рамазан оразасын ұстауы керек». (Әбу Нуайм).

«Рамазан оразасы парыз, ал тарауих намазы сүннет. Бұл айда ораза тұтып, түндерін ғибадатпен өткізгеннің күнәлары кешіріледі». (Нәсаи).

«Бұл айдың Рамазан деп аталуының себебі күнәларды жағып жоқ қылғаны үшін». (И. Мансур).

«Рамазан айында жанұяларыңның напақасын кең ұстаңдар! Бұл айда жұмсалған нәрсе Аллаһ жолында жұмсалған сияқты сауап болады». (Ибн Әбиддуния).

«Рамазанның басы рахмет (мейірім), ортасы мағфирет, ал соңы тозақтан құтылу». (Ибн Әбиддуния).

«Ислам – шаһадат кәлимасын айту, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын тұту және қажылық жасау». (Мүслим).

«Жәннаттағы зәулім сарайлар сөзі жақсы, сәлемі көп, тамақ жегізген, оразасын жалғастырған және түнгі намазды оқығандарға беріледі». (Ибн Наср).

«Ораза тұтқан мұсылманның үндемеуі тәсбих, ұйқысы ғибадат, дұғасы қабыл және амалының сауабы көп болады». (Дәйләми).

«Әсіресе ораза кезінде жиіркенішті, жаман сөз айтпаңдар. Егер біреу сендермен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап беріңдер». (Бұхари).

«Шынайы ораза тек ішіп-жеуді ғана емес, бос және ұятсыз сөздерді де тәрк етіп тұтылған ораза». (Хаким).

«Аллаһу та'аланың көздер көрмеген, құлақтар естімеген және ешкімнің ойына да келмеген ниғмет толған дастарханына тек ораза ұстағандар отырады». (Табарани).

«Аллаһ жолында бір күн ораза ұстаған адамды Аллаһу та'ала жетпіс жылдық қашықтыққа тозақтан алыстатады». (Бұхари).

«Тазалық иманның жартысы, ораза сабырдың жартысы». (Мүслим).

«Аузы берік кезінде өлген адамға қияметке дейін ораза тұтқандай сауап жазылады». (Дәйләми).

«Аузы берік кезінде өлген адам жәннатқа кіреді». (Бәззар).

«Ораза ұстаған, намаз оқыған адам қияметте ақылындай марапат алады». (Хатиб).

«Ораза шәхуатты сындырады». (И. Ахмед).

 

Қасиетті уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек, жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Аллаһу та’ала тарапынан жақсы көрілген адам қасиетті уақыттарда қасиетті істермен айналысады. Ал жақсы көрмейтін, жақтырмайтын құлы қасиетті уақыттарда жаман істермен айналысады. Жаман істермен айналысуы оның азабының одан сайын ауыр болуына және Аллаһу та’аланың бұрынғыдан да көп оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы қасиетті уақыттың берекесінен мақұрым қалып, оның құрметі мен қасиеттілігін жерге таптаған болады. (Мәуиза-и хасәнә).

 

Расулуллаһ алейһиссаламның түсі:

«Түсімде таңқаларлық нәрселер көрдім. Үмбетімнің бірін азап періштелері ұстап алыпты. Алған дәреттері келіп, оны бұл қиын жағдайдан құтқарды. Біреуді көрдім, қабірі оны қысып жатқан еді. Оқыған намаздары келіп, оны қабір азабынан құтқарды. Біреуге шайтандар бас салған еді. Жасаған зікірлері келіп, оны шайтаннан құтқарды. Біреудің сусыздықтан, шөлден тілі салақтап кеткен еді. Тұтқан Рамазан оразалары келіп, шөлін қандырды.

Біреуді қараңғылық қаптаған еді. Орындаған қажылығы келіп қараңғылықтан шығарды. Біреуге өлім періштесі келген еді. Ата-анасына жасаған жақсылықтары келіп, өліміне кедергі болды, кейінге қалдырды. Біреуді мұсылмандармен сөйлестірмей жатты. Сыла-и Рахым (туыстарымен араласуы) келіп, оған шапағат етті, олармен сөйлесті. Пайғамбарының қасына барғысы келіп тұрған біреуге кедергі болып жатты. Алған ғұсылы оны қасыма алып келді. Оттан сақтанғысы келген бір адамға садақасы келіп отқа қалқан болды. Біреуді забанилер (тозақ періштелері) ұстап тозаққа алып бара жатқанда жасаған әмри маруфтары және нәхи мункәрлары келіп құтқарды. Біреу тозақ отына тасталған еді. Аллаһтан қорқып төккен көз жастары келіп, оны ол жерден құтқарды.  

Біреуге амал дәптері сол жағынан беріліп жатқанда, Аллаһ қорқынышы келіп, дәптерін оң жағына алды. Сауаптары жеңіл тартылған біріне өзінен бұрын өлген балалары келіп, сауабын ауырлатты. Тозақтың қасында қорқыныштан дірілдеп тұрған бір адамға Аллаһу та'алаға деген хусни заны (жақсы ойы) келген кезде, дірілдеуін доғарды. Сырат көпірінен қиналып өткен бір адам жәннатқа келді. Бірақ есіктері жабық еді. Шаһадат кәлимасы келіп, оны жәннатқа кіргізді». (Табарани, Хаким Тирмизи).

 

Сұрақ: Күнә істеуімізге шайтандар себеп болады дейді, сонда Рамазанда кісенделген шайтандар қалай күнә істетеді?

Жауап: Күнә істеуімізге тек шайтандар ғана емес, өз нәпсіміз де себеп болады. Нәпістің зияны шайтаннан да көп. Нәпістің барлық қалауы өзінің зиянына болып табылады. Рамазанда күнә істететін ішіміздегі өз нәпсіміз. Бұл айда шайтандар байланғандықтан, уәсуәсә (жаман ой) бере алмайды. Рамазанда есінеу де шайтаннан емес. Жүйкелік есінеулер шаршау, ұйқысыздық сияқты жағдайлардан пайда болады. (Мәктубати Раббани).

 

Ораза тұтып қайтыс болу

Сұрақ: Дәретті болып өлген адам шәһид болады делінеді. Ораза ұстап өлген адамға да сауап бар ма?

Жауап: Иә, сауабы өте көп. Бір хадис шәрифте «Ораза ұстап өлген адам жәннатқа кіреді» делінген. (Бәззар).

 

Сұрақ: Рамазан айы жазда да, қыста да бола алады. Қыстың қысқа күндері ораза ұстау оңайырақ, ал жаздың ыстық ұзақ күндерінде ораза тұту өте қиын. Екеуінің сауабы бірдей ме?

Жауап: Жоқ, қиналып орындалған ғибадаттың сауабы көп болады. «Машақатына қарай сауабы» делінген. Имам Раббани хазрет былай деген:

Кедергілерге қарсы ғибадат орындау қиыншылығы, тауқыметі сол ғибадаттың абыройын, беделін көктерге шығарады. Кедергісіз, оңай орындалған ғибадаттар төменде қалады. (3/35).

Рамазан айы қысқа тура келсе де, парыз ғибадаты болғандықтан сауабы көп болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қыста ораза ұстау – машақатсыз қолжеткізілген олжа». (Тирмизи).

«Қыс – мұсылманның көктемі. Күндері қысқа болады, ораза ұстайды. Түндері ұзын болады, тұрып ғибадат жасайды». (Бәйһақи).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 10, 2025, 3:16:50 AMMar 10
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұза ма?

Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады» делінген. (Дәйләми).

Имам Ағзам хазрет бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады» деген. Яғни бұл күнәларды істеген адам ораза қарызынан құтылса да, оразаға тән болған үлкен сауапқа қауыша алмайды. Хадис шәрифте: «Сондай ораза ұстаған адамдар бар, олар аштық пен шөлден басқа ештеңеге қол жеткізбейді» делінген. (Ибн Мажа).

Ораза мүминдер үшін ниғмет, аманат. Бұл аманатты қорғау қажет. Оның зая кетпеуі үшін шарттарына мән беру керек. Харамға қараудан сақтану керек! Хадис шәрифте: «Харамға қарау – шайтанның уланған оқтарынан бір оқ. Аллаһтан қорқып бұны тәрк еткен адамға Аллаһу та’ала сондай иман береді, иманның дәмін дереу көңілінде сезеді» делінген. (Хаким).

Ораза ұстаған адам тіліне де абай болу керек! Хадис шәрифте: «Ораза – отқа қалқан. Ол ғайбатпен бөлшектенбейінше қорғайды. Ораза ұстаған адам надандық қылып жаман сөз айтпасын! Өзіне тиіскендерге «мен ораза ұстадым» десін!» делінген. (Бұхари).

Көзіміз бен тілімізді күнәлардан сақтағанымыздай, құлағымызды да қорғауымыз керек. Айтылуы харам болған нәрсені тыңдау да харам болады. Қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамнан қорғау керек! Ораза ұстап денесімен күнә істеген адам дәрі орнына у ішкен науқасқа ұқсайды. Өйткені күнә - у, ол сауапты жоқ қылады. Күнә істегеннен кейін өкіну, жақсылық пен ғибадат етуді жалғастыру керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 17, 2025, 3:47:27 AMMar 17
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Рамазанда саламатты азықтану

Сұрақ: Рамазан айында денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай жайттар бар?

Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:

Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп мөлшерде және әр түрлі тағамдарды, қан құрамында шекерді тез көтеретін азықтарды жеу, тамақты тез жеу және жеткілікті шамада су ішпеу дұрыс емес. Ауызашар мен сәреде ауыр, майлы тағамдар орнына жеңіл, суға піскен және көкөнісі басым тағамдарды таңдау керек.

Кеңестеріміз мынадай:

1) Азық ретінде теңдестірілген ауызашар дастарханын әзірлеуге мән беру керек.

2) Ауызашарда ең алдымен жеңіл, майсыз тағамдар жеу керек. Көп жеу бос тұрған асқазанға ауыртпалық келтіреді. Бұл жағдайда асқорыту қиындай түседі, асқазанда ауырлық, қыжыл, жүрек айну, іштің қатуы, іштің кебуі сияқты денсаулық проблемалары туындайды. Сондықтан ауыз ашқан кезде құрма, ірімшік, қызанақ, зәйтүн, арпа наны сияқты таңғы ас тағамдарын немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдармен ауызашарды бастау керек, асқорытуға 15-20 минут ажыратқаннан кейін майы аз, отқа піскен етті тағамдар, бұршақ тұқымдастар, көкөніс тағамдары, салаттар, айран сияқты тағамдармен жалғастыру керек.

3) Қан құрамындағы шекер деңгейін өте тез көтеретін ақ нан, күріш палауы сияқты глисемикалық көрсеткіші жоғары болған азық-түліктер орнына арпа жармасы, арпа наны және арпа макароны сияқты глисемикалық көрсеткіші төмен болған тағамдарды таңдау керек.

4) Тамақты ақырындап, жақсылап шайнап жеу керек.

5) Ауызашарға қуырылған және майлы азықтардың орнына торлы табада, суда, буда пісіру сияқты түрлермен пісірілген жеңіл тағамдарды таңдаған жөн.

6) Тәттілер ретінде сүтті тәттілерді таңдау керек.

7) Ауызашар мен сәре арасында 2 - 2,5 литр су немесе сусындар ішу керек.

8) Жеміс-жидек жеу керек.

9) Шай және кофе темірдің сіңірілуін азайтатындықтан, тамақтанудан бір-екі сағат өткеннен кейін ішу керек.

10) Ауызашарда әлі қарын тоймай тұрып темекі шекпеу керек. Кемінде 20 минуттан кейін ғана шегуге болады. Дененің жасушалары азық күтіп отырғанда бірден никотин және у жиынтығымен жеке қалады. Бұл жағдайда қан қоюланып, инфаркт қаупі артады. Оттегі тасымалдауы қажет болған жасушалар бір сәтте у тасымалдай бастағандықтан, ми жасушалары және басқа да көптеген жасушалар өледі. Ағзаға өте үлкен зияны тиеді.

11) Кешкі аспен шектелмеу керек, сәреге міндетті түрде тұру керек, аз болса да сәреде тамақ жеу және жеңіл тағамдарды таңдау керек. Өте ұзақ аштық кезінде қандағы шекер және қан қысымы төмендейді, бос асқазанда қышқыл секрециясы артады. Ал ертеңіне аш жүру мерзімінің ұзауымен зат алмасу жылдамдығы бәсеңдейді, әлсіздік, бас ауруы байқалады. Сондықтан түнді және ертеңгі күнді аш өткізбеу үшін міндетті түрде сәреге тұру керек.

12) Сәреде желінетін тағамдардың мөлшері мен түрлері өте маңызды. Сәреде майлы және ауыр тағамдар, зат алмасу жылдамдығы бәсең болғандықтан, денеге алынған азықтардың майға айналуы артады.

Сондай-ақ, осылай майлы және ауыр тағамдар жеп, артынша ұйқыға жатқан кезде байыпты асқазан аурулары байқалуы мүмкін. Сәреде бұлардың орнына жеңіл, майлылығы төмен, бір күндік алынуы қажет болған протеин қажеттілігін өтеу тұрғысынан құрамында протеин көп болған, қан құрамындағы шекерді тез көтермейтін полисахаридтерден құралған дастарханды таңдаған жөн.

Сүт, ірімшік, зәйтүн, арпа наны, сорпа, қызанақ, көкөністер, бұрыш, тосап сияқты таңғы ас тағамдарын немесе сүт, сұлы жармасы, жеміс-жидек сияқты азықтардан тұратын жеңіл дастархан – ең дұрысы. Бір күндік су қажеттілігі 2 - 2,5 литр, күні бойы су іше алмайтын болғандықтан, сәреде мол су ішу керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 24, 2025, 3:16:10 AMMar 24
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ауызашар берудің құндылығы

Сұрақ: Ауызашар берудің сауабы қандай?

Жауап: Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді:

«Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады». (Бәйһақи).

Тағы бір хадис шәрифте былай делінді:

«Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады». (У. Нәжат).

Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенінде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз алейһиссалам оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» деп жауап берді. (У. Нәжат).

Ас беруді ниғмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту». (Исфахани).

«Аллаһу та'ала тамақ жегізетін жомарт құлымен періштелеріне мақтанады». (Имам Ғазали).

«Қонақ дастарханда отырғанынша, періштелер үй иесіне дұға етеді». (Табарани).

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда жатқанда намаз оқитындар үшін». (Тирмизи).

«Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі». (Бәззар).

Дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазреті Әли былай деген: «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етудан де абзал».

«Ол мені тамаққа шақырмайды, мен оны неге шақырайын» деп айтпау керек. Тамаққа шақырғанда да, тамаққа бара жатқанда да тек Аллаһ разылығын ойлау керек.

Күнә істелетін жерге тамаққа шақырса бармау керек. Кедейлердің шақырғанына бармай, байлардыікіне бару – тәкаппарлықтың белгісі. Өзінен төмендердің үйіне бару – қарапайымдықтың белгісі.

Үйлену асына шақырылған адамның баруы сүннет, басқа шақыруларға бару мүстаһаб болады. Кейбір ғалымдар “үйлену асына бару уәжіп, басқа шақыруларға бару сүннет” деп білдірген. Мұсылманның мұсылманға міндеті болған бес ақысының біреуі шақыруына баруы болып табылады. Хадис шәрифте де «Шақырған жерге барыңдар» делінген. (Мүслим).

Көп шығынданып, әуреге салынып шақырылған жерге бару керек емес. Сараңның да шақыруына бару керек емес. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Жомарт адамның асы шипа болады, ал сараңның асы ауру тудырады». (Дәйләми, Хаким, Ибн Лал, Дарә Кутни, Хатиб).

Шын көңілмен шақырылған жерге бару керек. Хадис шәрифте былай делінді: «Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Аллаһу та’аланы да сыйлаған болады». (Исфахани).

«Екі адам бір уақытта шақырған жағдайда есігі жақын болғанына бар! Өйткені есігі жақын болғанының ақысы бірінші келеді». (Бухари).

«Шақырылған жерге бармаған адам Аллаһ пен Расулына қарсы шыққан болады». (Бухари). (Дініміздің осы тақырыптағы әміріне мойынсұнбаған болады).

 

Сұрақ: Харам ақшамен ауызашар беруге бола ма?

Жауап: Тек харам ақшаның өзімен ауызашар беріп, сауабын күткен адам кәпір болады. Сауап күтпей беру күпіршілік болмайды. Ақшасына халал харам араласқан болса, берілген ауызашар харам да күпір де болмайды.

 

Сұрақ: Германияда тұрамыз, мұнда мынадай сөз бар:

«Бұл жердегі адамдардың барлығы бай. Қалаған нәрселерін алып ішіп-жей алады. Ешкімді тамаққа шақырудың керегі жоқ. Шынымен сауап табу үшін бір кедейді тауып шақыруың керек, сонда сауапқа қауышасың. Бұл жерде кедей болмағандықтан ауызашар істеудің қажеті жоқ» дейді. Осы дұрыс па?

Жауап: Қате. Ақылмен дін болмайды. Дін кітаптарында не жазылса соған қаралады. Кейбіреулер де «Ауылыңда кедей бар болса қажылыққа бару керек емес. Кедейді қуанту қажылықтан да маңызды» дейді. Бірақ дініміз олай демейді. Мұсылман адамның дініміздің білдіргендеріне сенуі керек. Жер бетіндегі кедейдің барлығын тойдырсаңыз да қажылықтың орнына өтпейді.

Кедейге тамақ берудің сауабы басқа, ауыз аштырудың сауабы басқа. Пайғамбарымыз «Рамазан айында аузы берік бір адамға су берген адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады.» дегенінде Сахабалар «Су тапшы және бағалы кезінде ме?» деп сұрады. Оларға «Жоқ, өзен жағасында болса да, өзеннен бір табақ су алып берсе сол сауапқа қауышады» деді.

Көрілгеніндей өзеннен су алу тегін. Бұл жерде маңызды болғаны – аузы берік адамның аузын ашуы. Бұл сумен де, құрмамен де, зәйтүнмен де болады. Ас берсе одан да көп сауапқа қауышады.

 

Сұрақ: Ораза тұтпаған адамды ауызашарға шақыруға бола ма?

Жауап: Иә, болады. Бірақ, ауызашарға шақырғанда ораза тұтқандарды таңдау керек. Бір себеппен ораза тұта алмай жүрген болса, мысалы жол жүрген, ауру болса немесе белгілі бір жағдайы болса оларды да шақыруға болады.

 

Сұрақ: Біреуге ауызашар ақшасын беру, ауызашар бергенмен бірдей сауап па?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Мешіттің алдында мешіттен шыққандарға ауыздарын ашсын деп құрма беріледі. Олар да ауызашар беру сауабына қауыша ма?

Жауап: Әрине қауышады. Жарты стакан су берсе де ауызашар сауабына қауышады. Ауызашар беру сауабы өте үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Рамазан айында бір аузы берік адамға сумен болса да аузын ашқызған адам анасынан туған күндегідей күнәсіз болады». (У. Нәжат).

«Кімде кім Рамазанда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Аллаһу та'ала оны жаһаннам отынан азат етеді. Ол аузы берік адамға берілген сауаптай сауап оған да беріледі». (Ибн Хузәймә).

«Бір қажыны немесе бір мужаһидті жегізіп кигізген және олардың жанұясына қараған немесе аузы берік адамға ауызашар берген адам, бірдей сауаптарға қауышады, қалғандарының сауабынан ешнәрсе азаймайды». (Бәйһақи).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 31, 2025, 1:13:48 AMMar 31
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Шәууaл айында ораза

Сұрақ: Рамазан айынан кейін келетін Шәууал айында ораза тұтудың қандай құндылығы бар?

Жауап: Ораза тұту әрқашан үлкен сауап. Хадис шәрифте «Ораза – тозақ отынан қорғайтын қалқан» делінген. (Бұхари)

Шәууал айында ораза тұтудың да сауабы көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Рамазаннан кейін Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам анасынан туылған күніндегідей күнәсіз болады». (Табарани)

«Рамазан оразасы мен Шәууал айында да 6 күн ораза тұтқан адам бір жыл ораза тұтқан болып саналады». (Ибн Мажә)

«Рамазан айының оразасы он айға, ал Рамазаннан кейін тұтылған 6 күн ораза екі айға тең болады, осылайша бір жыл ораза тұту сауабы беріледі». (Ибн Хузәйма)

Бұл алты күн оразаны уақыт өткізбестен айттан кейін дереу тұтудың жақсы болатыны айтылған. Арасын үзуге, басқа-басқа күндері тұтуға да болады. Бұл оразаларды қазаға ниет етіп тұту керек. Нәпіл немесе қаза оразаларды дүйсенбі және бейсенбі күндері тұту жақсырақ болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Амалдар дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаһу та’алаға ұсынылады. Мен амалымның ораза кезімде ұсынылуын қалаймын». (Тирмизи)

«Дүйсенбі және бейсенбі – күнәлар кешірілетін күндер болғандықтан мен ораза тұтамын». (Мүслим)

 

Сұрақ: Шәууал айында ұсталатын 6 күндік оразаны сол айдың қай күні тұтса да бола береді ме?

Жауап: Иә, 30 күннің ішінде 6 күн ораза ұстаса болғаны.

 

Бүкіл бір жыл бойы ораза тұтқан болу

Сұрақ: Кемінде бірге он сауап берілетіндіктен, бір ай Рамазанда ораза тұтқан адам 300 күн, ал Шәууал айында алты күн ораза тұтқан адам 60 күн ораза тұтқан сияқты болатыны, яғни бір жыл бойы ораза тұтқан болып саналатыны айтылады. Мұнда Шәууал айының оразасына да бірге он сауаптан берілетіні айтылуда. Парыз болған Рамазан оразасы мен нәпіл болған Шәууал айының оразасы қалайша бірдей дәрежеге қойылған?

Жауап: Әр айда 3 күн ораза тұтқан адамның да бүкіл бір жылды оразамен өткізген болып саналатыны айтылған. Мұнда парыз болған Рамазан оразасы мен нәпіл ораза салыстырылмаған. Бір жыл бойы ораза тұтқан болатыны емес, ораза тұтқан сияқты болып саналатыны білдірілген. Әйтпесе өмір бойы нәпіл ораза тұтса да, қасиетті Рамазан айында тұтылған бір күннің сауабына да жете алмайды. Тіпті Рамазандағы парыз оразаның қазасын тұтқаннан кейін де күнде оразамен өткізетін болса да, Рамазан айында тұтылатын бір күн оразаның сауабына қауыша алмайды. Қазасын тұтқанда тек қарызынан құтылған болады. Рамазанда тұтқан сияқты сауап ала алмайды. Хадис шәрифте: «Рамазанда бір күн ораза тұтпаған адам оның орнына бүкіл жыл бойы ораза тұтса да, сол бір күннің сауабына қауыша алмайды» делінген. (Тирмизи)

 

Сұрақ: Шәууал айында ұсталатын нәпіл оразаның орнына өткен Рамазан айында тұта алмаған оразалардың қазасына ниет етіп тұтуға болады ма? Егер болатын болса, қалай ниет етіледі?

Жауап: Әрине болады. Тіпті Рамазан оразаларын толық ұстай алмаған әйелдердің дәл осылай жасауы керек. Әрбір ораза тұтатын күннің Имсак уақытынан бұрын «Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін Шәууал айының нәпіл оразасы мен соңғы қазаға қалған Рамазан оразамның қазасын тұтуға» - деп ниет етіліп, неше күндік қарызы бар болса, сонша күн Шәууал айының ішінде тұтады. Қаласа арасын үзбей, қаласа күнара немесе әйтеуір ыңғайына қарай осы бір айдың ішінде ұстаса болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 7, 2025, 7:13:01 AMApr 7
to islam...@googlegroups.com

 

 

From: Islamdini.kz [mailto:in...@islamdini.kz]

 

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Көпшілікке еру керек пе?

Сұрақ: Әр істе әр уақытта көпшілікке еру қате емес пе? Мысалы көбінесе айтылатын мынадай сөздер бар:

1) Көпшілік дінге сенбегендіктен, мен де сенбеймін.

2) Көпшілік намаз оқымағандықтан, мен де намаз оқымаймын.

3) Көпшілік ашық-шашық жүргендіктен, мен де ашық-шашық жүремін.

4) Көпшілік музыка тыңдағандықтан, мен де музыка тыңдаймын.

5) Көпшілік музыка аралас илаһи (нашида) тыңдағандықтан, мен де тыңдап жүрмін.

6) Көпшілік шіркеуге барғандықтан, мен де христиандардың діни жораларына қатысамын.

7) Көпшілік мұсылман болмағандардың жәннатқа кіретіндігін айтып жүргендіктен, мен де солай сенемін.

8) Көпшілік мазһабтардың кейіннен шыққандығын айтып жүргендіктен, мен де мазһабтарды қабылдамаймын.

9) Христиандар мұсылмандардан көбірек болғандықтан, христиан дінінің хақ екендігі рас.

10) Буддисттер христиандардан көбірек болғандықтан, Буддизм – хақ дін.

11) Әлемде дінге сенбейтіндер көбейгендіктен, мен атеист болдым.

12) Мәдениетті және мансапты адамдар масон болғандықтан, масондық – дұрыс жол.

13) Бүкіл әлем ғибадатқа микрофон араластырып жатыр. Осыншалықты адам бидғат істеп жүрген жоқ шығар...

14) Ханафиде ғұсылда ауыздың ішін жуу парыз, бірақ тісінде пломбасы бар болған адамдар өте көп. Олардың бәрі жүніп болып жүрген жоқ шығар...

15) Әлемде Ислам халифасы болмаса да, халқы мұсылман болған мемлекеттердің Дар-ул-Ислам (Ислам мемлекеті) екендігін бәрі қабылдауда. Көпшіліктің қателесуі мүмкін бе?

Жауап: Жоғарыдағы қате мысалдарда айтылғанындай, көпшілікті үлгі етіп «Бәрі осылай істеп жүр, мен де солай істесем не болады?» деп айту жаиз (рұқсат) емес.

Жаман, қате нәрсені үлгі ретінде көрсетуге болмайды. Жаман нәрселерді, қателіктерді бәрі жасаса да, ол нәрсе жақсы, дұрыс болып қалмайды. Жақсылық, дұрыстық, ақиқат сияқты мәселелер әрдайым көпшіліктің тарапында болмайды.

Құран кәрімде көптеген мәселеде көпшіліктің «Адамдардың көбі» немесе «Олардың көбі» тіркестері қолданылып, қате жолда екендігі білдірілген. Көпшілікке ерудің зияндарын білдіретін аяти карималардан мысалдар:

1) Адамдардың көбіне ерген кісі адасады. (Әнам 116)

2) Аллаһтың мұғжиза жарата алатынын көбі білмейді. (Әнам 37)

3) Ризықты Аллаһтың беретінін көбі білмейді. (Сәбә 36)

4) Адамдардың көбі кәпір. (Нахл 83)

5) Адамдардың көбі фасық (күнәхар). (Маида 49, 81, Тәубе 8, Хадид 16, 27)

6) Адамдардың көбі мүшрик. (Рум 42)

7) Адамдардың көбі сенбейді, иман келтірмейді. (Бақара 100, Худ 17, Рад 1)

8) Адамдардың көбі қарсы шығады (жоққа шығарады). (Исра 89)

9) Адамдардың көбі ғапіл. (Юнус 92)

10) Адамдардың көбі шүкір етпейді. (Бақара 243, Юнус 60, Юсуф 38)

11) Адамдардың көбі өз күмәніне ереді. (Юнус 36)

12) Адамдардың көбі рахмет айтуды, шүкір етуді білмейді. (Фурқан 50)

13) Көбі өтірікші. (Шуара 223)

14) Көбі Аллаһқа серік қосады. (Юсуф 106)

15) Адамдардың көбі ақиқатты жақтырмайды. (Зухруф 78)

16) Адамдардың көбі Құраннан бет бұрды. (Фуссиләт 4)

17) Кәпірлердің көбі ақылға салмайды, бастары істемейді. (Маида 103)

18) Өлілерді Аллаһтың тірілтетінін көбісі білмейді. (Нахл 38)

19) Қияметтің келетініне көбісі сенбейді. (Мүмин 59)

20) Хақ діннің мұсылмандық екенін көбісі білмейді. (Рум 30, Юсуф 40)

21) Қияметтің қашан басталатыны белгісіз екенін көбі білмейді. (Араф 187)

 

Жалпы алғанда қадірлі нәрселер аз. Бірнеше мысал:

1) Берілген ниғметтерге шүкір ету өте жақсы, бірақ шүкір етушілер аз. (Сәбә 13, Араф 10, Мүминун 78, Сәжде 9, Мүлк 23, Бақара 243, Юнус 60, Юсуф 38, Мүмин 61, Нәмл 73) Шүкір – Ислам дінін ұстану деген сөз. (Мәктубати Раббани)

2) Хазреті Нухқа сеніп, кемесіне мініп құтылғандар азшылық еді. (Худ 40)

3) Иман келтіріп, жақсы амал істегендерден, хақ пен сабырға шақырғандардан басқа адамдар зиянда. Ал зиянда болмаған адамдар аз. (Аср сүресі, Сад 24)

4) Мұсылман болмағандардың өте азының иман келтірілгені білдірілген. Осы аз адамдар мақталған. (Бақара 88)

5) Мұса алейһиссаламның қауымы Аллаһ үшін әлбетте соғысамыз деген болса да, соғысу әмірі келгенде өте азы соғысқа қосылды. Осы аз адамдар мақталған. (Бақара 246)

6) Аллаһу та'ала «Осыларды әмір етсек, аздаған адамдардан басқа ешкім әмірімізді тыңдамас еді» деп аз адамдар мақталған. (Ниса 66)

7) Әһли кітаптан (кітапты кәпірлерден) өте азының иман келтіретіндігі білдірілуде. Осы аз адамдар мақталуда. (Ниса 155)

 

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жақсылық көп, алайда оны істейтіндер аз.» (Хатиб)

«Үндемеу – даналық, алайда үндемейтіндер аз.» (Дәйләми)

«Мүлкін қайырымдылыққа жұмсап құтылатын байлар аз.» (Ибн Мажа)

«Ақылдылар кибрит-и ахмардан азырақ.» (Хаким) (Кибрит-и ахмар – алтын сияқты сирек кездесетін заттар.)

«Халал белгілі, харам белгілі. Бұлардың арасында күмәнді болғандар бар, адамдардың көбі бұларды білмейді.» (Бұхари)

 

Әһли хикмет ғұламалар айтқан:

1) Халық көп амалмен әуре болғанда сен, аз болса да, жақсы амалмен әуре бол!

2) Халық нәпіл ғибадаттармен айналысқанда сен парыздарды толық орындауға тырыс!

3) Бәрі сырт көрінісін сәндегенде сен ішкі дүниеңді, жүрегіңді сәнде!

4) Бәрі өзгенің кемшілігін іздеп жүргенде сен өз кемшіліктеріңмен әуре бол!

5) Бәрі дүниедегі пайдасыз нәрселерді жайластырып жатқанда сен ахиретіңді жайластыр!

6) Бәрі адамдарға жағуға тырысып жатқанда сен Аллаһтың разылығын алуға тырыс!

7) Бәрі фәнилермен дос болғанда сен бақи болған Аллаһпен дос бол!

8) Бәрі әр нәрсеге жүгінгенде сен тек Аллаһқа ғана жүгін!

9) Бәрі нәпсін ұнатқанда сен жамандауға тырыс!

10) Бәрі мал-мүлік жинағанда сен жомарт бол!

 

Жамандар көп болса да, оларға еру дұрыс емес. Дініміздің әміріне бағынған адам жақсылықты, көркемдікті, дұрыстықты тапқан болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 14, 2025, 8:05:51 AMApr 14
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Сауданың маңызы

Сұрақ: Кейбір адамдар: «Сауда – үшке алған затыңды беске сату деген сөз. Сосын өтірік айтпасаң сауда болмайды. Ал бұл нәрсе діни тұрғыдан дұрыс емес» деп жатады. Саудамен айналысу, саудагер болу дұрыс емес пе сонда?

Жауап: Дінімізде сауда-саттық та, шыншыл саудагер де мадақталған. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Берекет сауда-саттықта.» (Әбу Дауд)

«Ризықтың тоғызы саудада, біреуі мал шаруашылығында.» (Ибн Сад)

«Жәнната сауда бар болғанда, мануфактура кәсібін әмір ететін едім, себебі Әбу Бәкір матамен айналысатын еді.» (Дәйләми)

«Ең жақсы табыс – еңбекпен табылғаны. Сауда да жақсы.» (Хаким)

«Шыншыл саудагер пайғамбарлар, сыддықтар және шәһидтермен бірге.» (Тирмизи)

«Шыншыл саудагер қиямет күні Арштың көлеңкесінде болады.» (Дәйләми)

«Шыншыл саудагер жәннаттың ешбір есігінде күтіп тұрмайды.» (И.Нәжжар)

«Ең дұрыс табыс мынандай саудагерде – саудада өтірік сөйлемейді, сөзінен қайтпайды, сатқанда затты мақтамайды, алғанда да (арзан алу үшін) жамандамайды.» (Дәйләми)

«Қорқақ саудагер мақрұм қалады, батыл саудагер ризыққа қауышады.» (Қудаи)

«Мына үш адам басқа қамқорлықтар болмаған қиямет күнінде Аллаһтың қамқорлығында болады:

1) Сенімді саудагер,

2) Әділ басқарушы,

3) Намаз оқу үшін уақыттың кіруін шыдамсыздықпен күткен адам.» (Хаким, Дәйләми)

 

Саудаласу сүннет

Сұрақ: Сауда-саттықта саудаласу шарт па?

Жауап: Шарт емес. Қажеттілік бар болса саудаласу керек. Жалпы саудаласу сүннет. Сауда-саттықта мұсылманның алдануы жаиз болмағанындай, алдауы да жаиз емес. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Мұсылманды алдаған адам бізден емес.» (И.Рафии)

«Бізді алдаған адам бізден емес.» (Табарани)

«Алдаған адам жәннатқа кіре алмайды.» (Тирмизи)

Кедейлердің затын көбірек ақшаға алу керек, оларды қуанту керек, бірақ байдан зат сатып аларда алдану сауап емес, жаман. Мүлікті зая қылу болып саналады. Мүмкін болса, саудаласып арзан алу керек. Хазреті Хасан және хазреті Хусейн әр зат сатып аларында саудаласып, арзан алуға тырысатын еді. Адамдар олардан «Бір күнде көптеген садақа бересіңдер, ал бір нәрсе сатып аларда неліктен ұзақ саудаласып әуре боласыңдар?» деп сұрағанда, «Бергендерімізді Аллаһ разылығы үшін береміз. Қанша көп берсек те аз, бірақ сауда-саттықта алдану ақылдың және заттың нұқсан болуынан» дейтін еді. (Кимия-и сәадат)

 

Саудаласу

Сұрақ: Саудаласу сүннет болғандықтан, біз «Пәлен бағаға бересің бе?» десек, сатушы бұл бағаға разы болмаса, не істейміз?

Жауап: Саудаласу дегеніміз міндетті түрде арзанға алу деген сөз емес. Үндемей алып кете бермей, «Мына бағаға бересің бе?» деп айтуымыздың өзі саудаласқандықты көрсетеді, сүннет орындалған болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 21, 2025, 6:17:13 AMApr 21
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Бала тәрбиесіндегі алғашқы шарт

Сұрақ: Екі баламыз бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де өтпелі жасына келді. Бірақ соңғы бір-екі жылда қатты өзгерді, ашушаң болып кетті, насихатты тыңдамайды, сөз қайтара бастады, тіпті бізге ұрсатын болды. Осы жағдайға байланысты күйеуім екеуіміз бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқыдық, бұл нәрселер өтпелі жас үшін қалыпты жағдай екен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек, оларға дос болу керек екен. Мұны да сынап көрдік, бірақ ештеңе өзгермеді. Сіздің бізге айтар кеңесіңіз бар ма?

Жауап: Диагноз дұрыс қойылмаса, ем де қате болады әрі ешқандай нәтиже бермейді. Бір бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде, яғни ер жету, бой жету жасына келгенде мукәлләф болады, яғни дініміздің бүкіл әмірлері мен тыйымдарынан жауапкер болады. Иманның шарттарын, яғни «Әмәнту...»-ды мағынасымен бірге түсініп айтуы, Исламның бес шартына сенуі, міндеттерін орындауы парыз болады. Ғұсыл алуы, дәрет алуы, намаз оқуы парыз болады. Ата-аналар мен жастар бұған мән бермейтін болса, күнәға түсуімен қатар, тыныштық та таппай кетеді.

Жеткіншек жасындағы балалардың проблемаларының негізгі себебі – бәлкім имандарының болмауы, бар болса, ғұсыл алмауы және намаз оқымаулары. Бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде бұларды білмейтін болса, сенбесе, ұнатпаса мүртәд болады. Бұған себеп болған ата-ана да мүртәд болады.

Жаңадан мұсылман болған адамның немесе ақылы кірген және балиғатқа толған баланың ең алдымен Кәлимаи шәһадат айтуы және мұның мағынасын түсініп, сенуі керек. Бұдан кейін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылған итиқад, яғни иман етілуі керек болған мағлұматтарды үйреніп, бұларға сенуі керек.

Содан соң Әһли сүннеттің төрт мазһабынан бірінің кітаптарында жазылған фиқһ ілімдерін, яғни Исламның бес шартын және халал-харам болған нәрселерді үйренуі, бұларға сенуі, бұған сай өмір сүруі керек. Бұларды үйрену және мойынсұну керек екеніне сенбеген, мән бермеген адам мүртәд болады. Яғни кәлимаи шәһадат айтып мұсылман болғаннан кейін қайтадан кәпір болады.

Некедегі мұсылман қыз балиғатқа толған кезде мұсылмандықты білмейтін болса, некесі бұзылады, яғни мүртәд болады. Оған Аллаһу та’аланың сипаттарын түсіндіру керек. Ол да қайталап «бұларға сендім» деуі керек. (Дуррул мухтар).

Ибн Абидин хазрет мұны түсіндірген кезде былай деген:

Қыз кішкентай кезінде ата-анасына бағынышты болып мұсылман саналады. Балиғатқа толғанда ата-анасының дініне бағынышты болуы жалғаспайды. Ислам дінін білмей балиғатқа толса, мүртәд болады. Иман келтіру қажет болған нәрселерді естіген болса да бұған сенбеген адам кәлимаи тәуһидті айтса, яғни «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ» десе, мұсылман болмайды. «Әмәнту»-дегі алты шартқа сенген және «Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарының барлығын қабыл еттім, ұнаттым» деген адам мұсылман болады.

Әр мұсылман бала-шағасына «Әмәнту»-ды жаттатқызу керек, мағынасын жақсылап түсіндіру керек! Бала осы алты шартты үйренбесе және сенгенін айтпаса, балиғатқа толған кезде мұсылман болмайды, мүртәд болады.

Тек қана Аллаһқа сендім деп айту жеткілікті емес. «Әмәнту»-да білдірілген алты шарттың бірін, мысалы тағдырды жоққа шығарған адам кәпір болады, бүкіл жақсы амалдары жоқ болады. (Рәддул мухтар).

Әр мұсылманның бірінші міндеті – баласына Ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Бала ниғметінің қадірін білмейтін болса, бұл ниғмет қолдан кетеді. Сондықтан «Педогогика» – дінімізде өте құнды ілімдердің бірі. Ислам дініне қарсы болғандар осы маңызды жәйтті түсінгендіктен «Бірінші мақсатымыз – жастарды қолға түсіру және оларды дінсіз қылып жетілдіру» дейді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 28, 2025, 1:49:47 AMApr 28
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Кәрілік ниғметі

Сұрақ: Мұсылман болып қартаю өте құнды делінеді. Осы жайлы түсініктеме бересіз бе?

Жауап: Мұсылман – ниғметтерге бөленген адам деген сөз. Адамның мұсылман болып шашын ағартуы өте үлкен ниғмет. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала айтады:  Қарттық – менің нұрым. Нұрыма тозақ отымен азап етуге ұяламын. Сендер де менен ұялыңдар!». (Әбушшәйһ)

«Хақ та’ала мұсылман болып қартайғандарға азап беруге ұялады». (Хатиб)

«Аллаһу та’ала 40 жасына келген мұсылманды алжығандық, алапес, ақдақ сияқты аурулардан сақтайды. 50 жасына келгенде есебін жеңілдетеді. 60-қа жеткенде оны жомарттығымен ризықтандырады. 70-ке келгенде көктегілерге оны жақсы көргізеді. 80-ге келгенде жақсылықтарының ақысын береді, жамандықтарын кешіреді. 90 жасына жеткенде оның өткен және келетін күнәларын мағфирет етеді (кешіреді) және оны өз отбасына шапағатшы етеді. Жаршы оны «Бұл адам дүниеде Аллаһу та’аланың қамқорлығына кірген адам» деп жариялайды». (Әбу Яла)

«Мұсылман болып қартайған қарияға құрмет көрсеткен адам Нұх алейһиссаламға құрмет еткендей сауап алады. Ал Нұх алейһиссаламға құрмет еткен адам Аллаһу та’алаға құрмет еткен болады». (Хатиб)

«Тәкбір, тахмид, тәсбих және тәһлил себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзал ешкім жоқ». (И.Ахмед)

(Тәкбір – Аллаһу әкбар, тахмид - Әлхамдулиллаһ, тәсбих – Субханаллаһ, ал тәһлил – лә илаһә иллаллаһ деген сөз).

«Аллаһу та’ала ант етіп «Мұсылман болып қартайған адамға азап беруге ұяламын» деді». Расулуллаһтың жылағаны байқалды. Себебі сұралған кезде «Аллаһу та’ала одан ұялып тұрғанда Одан ұялмайтын адамдарды ойлап жылап жатырмын» деді. (Бәйһақи)

(Бұл жерде жазылғандар кісі хақысы мен парыз қарызынан басқа күнәларға қатысты айтылған).

 

Сұрақ: Кәрілігімізді көрсетпеу үшін ағарған шашымызды бояу немесе ағарған шашты жұлу рұқсат па?

Жауап: Адамның мұсылман болып шашын ағартқаны жақсы. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ағарған шашты жұлмаңдар! Өйткені адамның мұсылман күйде ағарған әр қылы қияметте оған нұр болады. Сол қылдың себебімен күнәсі кешіріліп, сауап жазылады». (Тирмизи)

«Ағарған шашты жұлмаңдар! Ол мұсылманның нұры». (Тирмизи)

«Кәрілікті жасыру үшін жұлынған ақ шаш қияметте оған бататын сүңгіге айналады». (Дәйләми)

«Шашын, сақалын мұсылман күйде ағартқан адам Аллаһтың кешіріміне бөленеді». (М.Раббани)

Мұсылман болып қартаю адам үшін осындай үлкен ниғметке айналып тұрған кезде, ешқандай зәрулік болмаса, шашты бояу жақсы емес. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала қияметте шашын, сақалын қараға бояған адамның жүзіне қарамайды». (Ибн Саид)

«Шашын, сақалын жұлған немесе қараға бояған адамның Аллаһ алдында нәсібі жоқ». (Табарани)

Ислам ғалымдары ер адамдардың шашын, сақалын қарадан басқа түске бояуларының рұқсат екенін айтқан. Тіпті жамал үшін қараға да бояудың рұқсат екенін айтқан ғалымдар бар. Хадис шәрифте: «Аллаһ жәмил (көркем), жамал иелерін жақсы көреді» деген. Тәкәппарлану үшін киіну немесе осы мақсатта шаш бояу харам. Жамал үшін болса, рұқсат. Жамал – ұсқынсыздықты кетіру, жұрттың жіиркенуіне себеп болатын нәрселерді жасамау, содан құтылу деген сөз. (Хадиқа, Әнуар, Бахр)

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 5, 2025, 1:58:17 AMMay 5
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Бірге тамақтану

Сұрақ: Тамақты бірге жеген кезде ауру жұғуы мүмкін екендігі айтылады. Осыған байланысты тамақты бала-шағамен бір ыдыспен жемей, бөлек ыдыспен жеу керек пе?

Жауап: Тамақ жеу – ғибадат емес, әдет. Барлық мубахтарда болғаны секілді тамақ жеген кезде де өзі тұрып жатқан елдің әдет-ғұрпына бағынудың, бөлек ыдыстан жеудің зияны жоқ.

Жұқпалы ауруы бар адамның басқа адамдарға араласып, бірге жүріп-тұруы дұрыс емес.  Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін дініміз карантинге аса мән берген. Дініміз жұқпалы ауру бар жерге бармауды және ол жердегілердің басқа жақтарға шығып кетпеуін әмір етуде.

Жұқпалы ауру бар жерден адамдардың сыртқа шығуларына тыйым салынуының екі түрлі себебі бар:

1) Егер дені сау адамдар науқастарды тастап, қастарынан кететін болса, оларға қарайтын адам болмайды. Аурулар да шарасыз күйге түсіп, құриды.

2) Жұқпалы ауру бар жерде микробпен ластанған ауаның адамдардың ішіне енуіне байланысты, ол жерден басқа жақа барған адамның жұқпалы микроптарды дені сау адамдарға да жұқтырған болады. Сол себепті карантинге аса мән беру керек.

Жұқпалы ауруы болмаған отбасы мүшелерінің дастархан басында бірге отырып тамақтануының ешқандай зияны жоқ. Тіпті бүгінгі медицинаның айтуы бойынша адамдар бірге отырып тамақ жеген кездерінде, біреуінен екіншісіне микроб өтеді екен және осы микробқа қарсы ағзада иммунитет пайда болады екен. Балаларға, ересек адамдарға егілетін вакциналар да микробтың бір түрі. Вакцинамен берілген микробқа қарсы күрескен адамның ағзасы сол микробқа қарсы иммунитеті күшейіп, ауруға шалдықпайды.

Бірлікте береке бар. Бірлесе отырып жеген тамақтың құндылығы жайында хадис шәрифтерде былай делінген:

«Асты бірге отырып жеңдер. Көпшілікте (жамағатта) береке бар». (Ибн Мажә).

«Бір кісілік тамақ екі кісіге, екі кісілік тамақ төрт кісіге, төрт кісілік тамақ сегіз кісіге жетеді. Аллаһу та’аланың мейірімі мен берекесі көпшілікпен бірге». (Мүслим).

«Ең жаман адамтамақты жалғыз жеген адам». (И. Шарани).

«Асты бірге жеген адамдардың көңілдері (жүректері) жұмсарады». (Хараити).

«Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін дастарханы – айналасында қол көп болған дастархан». (Табарани).

«Астың қайырлысы – көпшілікпен желінгені». (Хараити).

«Асты көпшілікпен бірге отырып жеңдер. Бір кісінің тамағы екі кісіге жетеді». (Табарани).

Кейбіреулер «Йа, Расулаллаһ, көп тамақ жесекте тоймай, тамақтың берекесін көре алмай жүрміз?» дегенде пайғамбарымыз алейһиссалам оларға былай дейді: «Сендер тамақтарыңды бөлек жейсіңдер. Тамақты бірге жесеңдер, «бисмилләһ» айтсаңдар, тамақтарың берекелі болады». (Ибн Мажә).

Тамақты бала-шағамен бірге жеу махабатты, сыйластықты арттырады. Көп балалар тамақты әкелерімен бірге жеу үшін әкелерінің жұмыстан келуін күтеді. Балаларынан бөлек тамақтануды әдетке айналдырмау керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 12, 2025, 3:36:32 AMMay 12
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Намаз оқу кімдерге қиын

Сұрақ: Мұсылман болуды қалаған басқа діндегі адамдар «Мұсылман болар едік, бірақ күнде бес уақыт намаз оқу, жылда бір рет ораза тұтып аш жүру және тағы басқа да әмірлерді орындау бізге қиын болғандықтан мұсылман болмаймыз» деп айтады. Ғибадат ету не үшін қиын сияқты болып көрінеді?

Жауап: Мұсылманға ғибадаттар қиын болып көрінбейді. Мұсылман болса мұндай сөздерді айтпайды. Имам Раббани хазрет Мәктубатында былай деген: Аллаһу та’ала құлдарына істей алатын нәрселерін әмір еткен. Күші жетпейтін, қолынан келмейтін нәрсені әмір етпеген. Адамдарды әлсіз түрде жаратқаны үшін жеңілдік, оңайлық берген. Құран кәрімде: «Аллаһ сендерге жеңіл, оңай түрде әмір етуді қалады, өйткені адам әлсіз түрде жаратылған» делінген. (Ниса 28).

Намаз оқу, ораза тұту оңай. Зекет үшін де мал-мүліктің барлығын емес, тек қырықтан бір бөлігін беру әмір етілген. Діннің басқа да әмірлеріне мұқият және ынсаппен қаралатын болса бұл жеңілдіктер көрінеді. Әйтсе де ғибадат ету қиын болып сезілетін адамдар да жоқ емес. Ғибадаттың қиын болып көрінуі Аллаһу та’аланың дұшпаны болған нәпістен. Намаз оқу және басқа ғибадаттарды орындау тек мүминдерге ғана оңай келеді. Көңілі (жүрегі) қарайған адамдарға қиын болып көрінеді. Құран кәрімде былай делінген:

«Бұл дін (иман келтіріп ғибадат ету) мүшриктерге қиын болып көрінеді». (Шура 13).

«(Әр түрлі күнә жасаудан ұзақ болу, ораза тұту және басқа ғибадаттарды орындау үшін) сабыр етіп және намаз оқып Аллаһтан көмек сұраңдар. Сабыр және намаз тек Аллаһтан қорыққан мүминдерден басқа адамдарға қиын болып көрінеді». (Бақара 45).

Намаз оқымау – имансыздықтан немесе иманның әлсіздігінен болады. Иманның қуатты болуының белгісі дініміздің әмірлеріне қуана және оңай мойынсұну. Денесі ауруға шалдыққан адамға кейбір істерді істеу қиын болатынындай, көңілі (жүрегі) және рухы ауру адамға да ғибадат ету қиын болады. (1/191, 289).

Көңілді (жүректі) тазалау үшін иман етіп, Аллаһу та'аланың ниғметтеріне шүкір ету керек. Құран кәрімде былай делінген:

«Аллаһқа иман етіп, ниғметтеріне шүкір етсеңдер сендерді не үшін азаптайды?». (Ниса 147).

Аллаһқа шүкір ету – Оған иман келтіріп, әмірі мен тыйымдарына мойынсұну арқылы болады. (3/41).

 

Мұнафиқтың намазы

Сұрақ: Мұнафиқ та намаз оқи ма?

Жауап: Мұнафиқ – мұсылман болып көрінетін кәпір деген сөз. Кәпір намаз оқымайды, бірақ намаз оқитындай болып көрінеді. Мұнафиқтар жайлы хадис шәрифтер:

«Мұнафиқтар Құранды үйренеді және Құранмен ғалымдарға қарсы күреседі». (Табарани).

«Мұнафиқтар екінді намазын ақшам намазына таяу оқиды». (Хаким).

«Мұнафиқтар мен біздің арамыздағы айырмашылық намаз болып табылады». (Хаким).

«Намаз оқу әшкере болды, қабыл етті (солай көрінді), Зекет жасырын болды, бермеді». (Бәззар).

«Мұнафиқ құптан және бамдат намазын тұрақты оқымайды». (Хаким).

«Біз бен мұнафиқтар арасындағы белгі құптан және бамдат намаздарына келу. Мұнафиқтар әрқашан мұны істей алмайды». (Саид бин Мансур).

 

Ғибадаттың маңызы

Сұрақ: Бес уақыт намазды оқу кейбір адамдарға не үшін қиын болып көрінеді? Намаз оқу не үшін маңызды?

Жауап: Бес уақыт намаз оқу көңілі (жүрегі) ауру болған адамдарға қиын болып көрінеді. Көп намаз оқу арқылы көңілде Аллаһқа деген махаббат пайда болады. Уақыт өтумен Аллаһқа деген махаббат көңілді (жүректі) толтырады. Бақыттардың ең үлкені көңілге (жүрекке) Аллаһқа деген махаббатты орналастыру. Хараммен, мәкрухпен, пайдасы жоқ нәрселермен айналысатын және өткінші болған дүние ниғметтеріне және ләззаттарына қауышуды ойлайтын адамдардың көңілдерінде (жүректерінде) Аллаһқа деген махаббат азаяды, уақыт өте мүлдем қалмайды. Адамды бұл пәлекеттен құтқаратын ең қуатты дәрі, намазды дұрыс оқу. Сондықтан Аллаһу та’ала шексіз мейірімділігімен әр күні бір уақыт емес бес уақыт намаз оқуды әмір еткен. Аллаһу та’аланың бұл әмірі адамдарды қинау үшін емес, оларды көңіл (жүрек) ауруынан құтқару үшін.

Әдеттенген бір ісін істемей тастап қойған жағдайда адамның сол істегі қабілеті азаятынындай, Аллаһу та’аланы ойлау және Оған жасалатын шүкір азайған сайын Оған баратын жол да алыстайды. Ал әр күні бір қалыпты жасалған ғибадат Аллаһу та’аланың дұрыс жолында тұрақты түрде ілгерілеу деген сөз.

Әрбір мұсылман Аллаһу та’аланы көп еске алуы және көңіліне (жүрегіне) Аллаһқа деген махаббатты орналастыруы керек. Көңіл (жүрек) – Бәйтуллаһ, яғни Аллаһтың үйі болып табылады. Бір үйге иесі кіргізілмесе үйге де, иесіне де дұшпандық етілген болады. Бес уақыт намаз бұл пәлекеттен құтқаруда. Дүние істеріне, дүниенің өткінші ләззаттарына беріліп, Аллаһты ұмытқан адамға, намаз Раббысын еске салуда.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 19, 2025, 4:57:38 AMMay 19
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Мұсылмандардың ақылары мен міндеттері

Сұрақ: Мұсылманның басқа мұсылман алдындағы ақылары қандай?

Жауап: Мұсылман басқа мұсылман бауырын кемінде өзі сияқты ойлайды.

Өзіне жасалуын дұрыс көрмеген, қаламаған нәрселердің басқаларға да жасалуын қаламайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Өзі үшін жақсы көрген нәрсені дін бауыры үшін де жақсы көрмеген адам кәміл мүмин бола алмайды.» (Бұхари)

Мұсылман басқаларға жақсы үгіт, насихат береді. Хадис шәрифте: «Сендер дін бауырларыңның айнасысыңдар. Одан байқаған дақты сүртіңдер!» делінген. (Әбу Дауд)

Мұсылман, адамдарды қуантуға, көңілін аулауға, мұңын, қайғысын кетіруге тырысады. Хадис шәрифттерде былай делінген:

«Бір мүминді қуантқан адамды Аллаһу та’ала қиямет күні қуантады.» (Ибн Мүбәрәк)

«Бір адамның мұңы мен қиыншылығын кетірген немесе бір мазлұмға (зұлымдыққа ұшыраған адамға) жәрдем берген адамды Аллаһу та’ала жетпіс үш рет мағфирет етеді (кешіреді) (Хараити)

«Аллаһ дәргейіндегі ең мақбул (қабыл болатын) амал – мүминді қуанту, қайғысын кетіру, қарызын өтеу немесе қарнын тойдыру.» (Бәйһақи)

Мұсылман бастан-аяқ пайдалы адам деген сөз. Олай болса, басқа мұсылмандарға қолдан келгенше жәрдем беру керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Мына екі нәрседен жаманы жоқ: Аллаһқа ширк қосу және Оның құлдарына зиянды болу. Мына екі қасиеттен асатын үстемдік жоқ: Аллаһқа иман ету және Оның құлдарына пайдалы болу.» (Дәйләми)

«Дін бауырының ісіне аздаған уақыт қарасқан адам, ол іске көмегі тисе де, тимесе де екі айлық итикафтан (ғибадаттан) көбірек сауап алады.» (Хаким)

Пайғамбарымыз: «Мазлұм да, залым да болса дін бауырларыңа жәрдем беріңдер» деген кезде, «Йа Расулаллаһ, залымға қалай жәрдем береміз?» делінді. Жауап ретінде: «Оның зұлымдығына кедергі болу ретінде жәрдем еткен боласыңдар.» деді. (Бұхари)

Бір адам мұсылмандарға күнде дұға етсе, жақсы адам болады. Намаз оқыған мүмин «аттахияту»-да салих құлдарға дұға етуде. Осы себепті намаз оқымайтын адам мүминдерді осы дұғадан махрұм қалдыруда.

Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу керек, бұны естіген мұсылман да «Йархамукаллаһ», яғни «Аллаһ саған рахмет (мейірім) етсін» деуі керек! Үшінші адам бар болса «Йахдина уә йахдикумуллаһ» деуі керек! Үшінші адам жоқ болса, түшкірген адам жауап ретінде осы сөзді айтуы керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Түшкірген кезде Әлхамдулиллаһ деген адам көз ауруын көрмейді.» (Табарани)

Адамдардың дұрыс істеріне жәрдемші болу, оларға көмектесу, мүмкіндігінше мұқтаждықтарына қарасу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Адамдардан маған мұқтаждықтарын айтып келетіндері болып тұрады. Сол кезде жанымда болғандар оларға жәрдем беріп сауап алсын. Аллаһу та’ала ұнатқан нәрсесін пайғамбарлардың қолымен береді.» (Мүслим)

«Мұқтаждықтары себебімен маған келгендерге сендер де жәрдемші болыңдар! Мен орындалуын қалаған нәрселерімді сендердің де себепші болып сауап алуларың үшін біраз кешіктіремін.» (Нәсаи)

«Сөзбен жасалатын көмектен асатын құнды садақа бола алмайды. Арашы болудың арқасында қан дауасының алды алынады, пайда түседі және зиянның беті қайтарылған болады.» (Хараити)

Мұсылмандарға жасалатын жақсылықтардың ең үлкендерінің бірі – сәлем беру. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’алаға ант етемін, мүмин болмайынша жаннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше мүмин бола алмайсыңдар. Сендерге бір амал білдірейін, онымен бір-біріңді жақсы көресіңдер: Араларыңда сәлемді таратыңдар!» (Мүслим)

«Дәретте тұрақты бол және дәретті жақсылап ал - өмірің ұзарсын. Кездестіргендердің бәріне сәлем бер – жақсылығың көбейсін! Үйіңе кіргенде үйдегілерге сәлем бер – үйдің игілігі мен берекесі артсын!» (Хараити)

Сәлем беру сүннет, жауап беру парыз. Сәлемге жауап бермеген мұсылманнан періштелер қайран қалады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Сәлем беріп мүсафаха еткен (қол алысқан) екі мұсылман арасына жүз рахмет түседі. Бұның тоқсаны бірінші сәлем беріп қол созғанға, қалған оны екіншісіне беріледі.» (Бәззар)

Бір адам сәлемсіз, рұқсатсыз кірген кезде Расул әкрам (пайғамбарымыз) былай деген:

«Кері қайт, сәлем бер, одан кейін ішке кір.» (Әбу Дауд)

 

Мұсылманның міндеттері

Сұрақ: Мұсылманның қанша түрлі міндеті бар?

Жауап: Үш түрлі міндеті бар:

1) Жеке міндеті:

Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен жақсы ахлақты (мінез-хұлықты) үйренуі, халал азық табу үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.

2) Жанұя ішіндегі міндеті:

Жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының, бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – жанұя ішіндегі міндеттері.

3) Қоғамдағы міндеті:

Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы міндеттері.

Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 26, 2025, 2:27:52 AMMay 26
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ең үлкен күнә

Сұрақ: Намаз оқу ғибадат, яғни сауап болғанына қарағанда, бұл сауапты күнде істеудің орнына бос уақытымда немесе зейнетке шыққанда істесем не зияны болады? Оразаны да жыл сайын белгілі бір айда емес, зейнетке шыққанда барлығын бірден ұстасам не болады? Нәтижеде бұлардың есебін өзім беретін болғандықтан, сауап амалды істеуді кешіктіруім немесе мүлдем істемеуім неге күнә болады?

Жауап: Намаз оқымайтын көп адам намаз оқуды тек сауап қана деп ойлайды. Намаз оқымау ең үлкен күнәлардың бірі. Ішімдік ішуден де үлкен күнә. Хақ болған төрт мазһаптың үшеуінде намазды біле тұра әдейі тастаған адамның жазасы - өлім болып табылады. Бұл жаза намаздың маңызын көрсетуде.

Намаз бен оразалардың қазасын зейнетке шыққанда өтесе де, кешіктіргені үшін харам істеген болады. Сонымен қатар бір ғибадатты уақытында орындау мен қазасын өтеудің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған, оның орнынан бір жыл ораза ұстаса, Рамазандағы сол бір күннің сауабына қауыша алмайды». (Тирмизи).

Намаз да ораза сияқты уақыты белгіленген ғибадат. Уақытында орындау керек. Бір уақыт намазды қазаға қалдыру үлкен күнә болады. Қазасы өтелсе де күнәсі кешірілмейді. Күнәсі кешірілуі үшін бұдан бөлек тәубе де ету керек.

Зейнетке шыққанда қазасын өтей алған адам тек азаптан құтылады. Бірақ, намаз бен оразадан пайда болатын үлкен сауаптарға қауыша алмайды. Құрбан шалмай қазасын орындаған, яғни құнын кейін берген адам, тек азаптан ғана құтылады, құрбан шалу сауабына қауыша алмайды.

Намазды қазаға қалдыру үлкен күнә болғаны сияқты, қазасын кешіктіру де үлкен күнә болып табылады. Бұл үлкен күнә әрбір қаза орындайтындай уақыт өткен сайын екі есе көбейеді. Қазаны кешіктіргені үшін де тәубе ету парыз болады.

«Есебін өзім беремін» деп айту да үлкен қателік. Мүлдем намаз оқымайтын, тіпті иман келтірмеген адам да «Есебін өзім беремін» деп айта алады. Ішімдік ішетін адам да дәл солай айта алады, осы сияқты басқа күнәні істейтіндер де, ораза ұстамайтындар да дәл осылай айта алады. Нәтижеде зияны өзіне болады. Аллаһу та’аланың әмірлерін уақытында орындау және тиым салғандарынан әрқашан қашу керек.

 

Намазды тастап қайта бастау

Сұрақ: Ел ішінде «Намазды бастап тастау, сосын қайта бастап қайта тастау намазды мүлдем оқымағаннан да үлкен күнә. Тастағаннан кейін қайта бастау күнә болады.» деп айтылып жатады. Тастап кетуім мүмкін деген күмәні болған адамның намазды мүлдем бастамағаны жақсы ма?

Жауап: Жоқ, бастамауы жаман болады. Тағы да күнә істеймін деп тәубе етпеуден де жаман болады. Бұл бәрібір кірленеді ғой деп ыдысты жумауға ұқсайды.

«Тастағаннан кейін қайта бастау күнә болады» деген сөз өте қате сөз. Тастағаннан кейін қайта бастау парыз, үлкен сауап. Күнә болғаны намазды бастау емес, намазды біле тұра тастап кету. Намаз оқымау қалған амалдарға кері әсерін тигізеді. Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Әдейі (себепсіз) намаз оқымағанның қалған амалдарын Аллаһу та’ала қабыл етпейді. Тәубе еткенге дейін Аллаһтың панасынан ұзақ болады». (Исфахани).

Имам Раббани хазреттері де былай дейді:

Қияметте бірінші намаздан сұрау болады. Намаз дұрыс болса қалғандарының есебі Аллаһу та’аланың жәрдемімен оңай болады. (2/67).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 2, 2025, 7:29:56 AMJun 2
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Өлімді еске алудың құндылығы

Сұрақ: Өлімді еске алудың құндылығы қандай? Өлім деген не, өлімнен қорқу керек пе?

Жауап: Әрбір мұсылман жәннат пен тозаққа сенеді. Тозақтан құтылуды, жәннатқа кіруді қалайтын ақылды адамның өлімге дайын болуы қажет. Өйткені пайғамбарымыз «Ақылды адам – өзін есепке тартып, өлімге дайындалған адам» дейді. Бір нәрсеге дайындалу оны жиі жиі еске алу арқылы іске асады. Ал еске алу еске түсіретін нәрселерге қарау арқылы, оларды орындау арқылы мүмкін болмақ. Жалпы алғанда, барлық адамдар өлімнен ғапіл. Бір аяти каримада: «Есепке тарту уақыты жақындағанына қарамастан адамдар ғапілдік ішінде одан бет бұруда» делінген. (Әнбия 1)

Дүниенің пайдасыз зауықтарына алданған адам өлімнен хабарсыз өмір сүреді. Оған өлім туралы айтылған кезде жақтырмайды. Пайғамбарымыз «Кім өлімді жақтырмаса, Аллаһ та оны жақтырмайды» деген. Аллаһу та'ала да: «Қашып жүрген өлімдеріңе міндетті түрде ұсталасыңдар» деген. (Жұма 8)

Күнәлардан сақтанып, ғибадаттарын орындаған адам, өлімді қаламаса да, жақтырмаған болып саналмайды. Өйткені ол кемшіліктерін толықтырумен айналысуда. Бір адамға сүйіктісі дереу кел десе, ол адам жуынса, қырынса, жаңа киім киюмен, сүйіктісіне сыйлықтар алумен әуре болса, кешіккені үшін сүйіктісіне қауышуды жақтырмаған болып саналмайды. Яғни өлімді ұнатпауы кешірімді. Өйткені өлімге дайындық жасауда.

Әбу Сүлейман Дарани хазреттері бір салиха әйелден «Өлімді жақсы көресің бе?» деп сұрады. Ол «Жоқ, жақсы көрмеймін» деп жауаптады. Себебін сұрағанда: «Біреуге қатысты қателік жасап қойсам, оның бетіне қарауға ұяламын. Оны көргім келмейді. Осыншама күнә арасында, күнәлардан құтылмастан Аллаһу та'аланың алдына шығуды қалайша жақсы көре аламын?» деді.

Ал әулиелер өлімді үздіксіз ойлап жүреді. Өйткені олар өлімге әрдайым дайын. Сондай-ақ, олар өлімнің сүйіктімен қауышу уақыты екендігін біледі. Өлім – досты досқа қауыштыратын көпір. Бұл көпірден өтпеген адам сүйіктісіне қауыша алмайды. Әулиелер осы себептен өлімді жақсы көреді.

Хазреті Мәулана да Әзірейіл алейһиссаламға «Тез кел, жанымды тезірек ал, мені Раббыма дереу қауыштыр» деген. Сүйген сүйіктісімен кездесетін күнін ойынан шығарады ма, сол күннің бір сәтте келетінін қатты армандамайды ма? Тіпті өлімнің кешіккенінен жаны тыныштық таппайды. Бір сәтке болса да ертерек оған қауышуға ұмтылады.

Хазреті Хузейфа өлім төсегінде жатқанында: «Дос кенеттен басып келді, өкіну пайда бермейді. Йа, Раббым, өмір сүру маған қайырлы болса, өмір сүруді нәсіп ет, өлім маған қайырлы болса, өлім жолын маған жеңілдет» деп дұға еткен. Мұсылмандар да осылай дұға етуі керек.

Әр уақытта, жақсы және жаман жағдайларда да өлімді еске алудың қасиеті көп. Өйткені дүниенің пайдасыз зауықтарына қатты беріліп кеткен адамның өзі өлімді көп еске алу арқылы дүниенің лас істерінен ұзақтай бастайды. Уақыт өте дүниенің қиындықтары оған ауыр келеді, зауықтарын ұнатпайды. Осылайша дүниенің пайдасыз істерінен суытатын барлық нәрсе – құтылу себебі.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өлімді еске алу күнәлардан қорғайды.» (Ибн Әбиддуния)

«Өлімді еске алу садақа беру сияқты сауапты.» (Дәйләми)

«Өлімді көп ойлайтын адамның жүрегі жанданады, өлімі де оңай болады.» (Дәйләми)

«Өлімді көп ойлау адамды дүниеден тартады, күнәлардан ұзақтатады.» (Ибн Лал)

«Ең ақылдыларың – өлімді көп ойлаған, ахирет үшін азық жинауда асыққандарың. Өлімді көп ойлаған адам дүние мен ахирет бақытына қауышады.» (Табарани)

«Ләззаттарды жоқ қылатын, ауыз дәмін бұзатын, үміттерді үзетін өлімді көп ойлаңдар! Өлімді қиындықта ойлаған адам рахат табады. Молшылықта ойлаған адам қажетсіз істен, ысыраптан қашады, қанағатшыл болады.» (И.Хиббан)

«Аллаһтан ұялатын адам өлімді ойламай тұрып жатпайды, харам азық жемейді, зинадан қашады, көзі мен құлағын харамдардан сақтайды, өлгеннен кейін шіритінін ойлайды.» (Табарани)

«Өлімді еске алу күнәлардан қорғайды және дүниеден (Аллаһу та'аланың разылығына бөгет болған барлық нәрседен) сақтайды.» (Ибн Әбиддуния)

«Темірдің тоттанғаны сияқты, жүректер де күнәмен тоттанады. Жүректің жылтыры – өлімді көп ойлау және Құран кәрім оқу.» (Бәйһақи)

«Өлімді көп ойлап, күнәлардан сақтанған адамның қабірі жәннат бақшасы болады. Өлімді ұмытып, күнәларға берілген адамның қабірі тозақтың шұңқыры болады.» (Суфян Сәури)

Адамдар бір кісіні қатты мақтады. Сол жерде болған Расулуллаһ алейһиссалам «Ол адам өлімді еске алады ма?» деп сұрады. Адамдар «Өлім жайлы айтқанын естімеппіз» деп жауаптады. Сонда «Өлімді ойламайтын адам қадірлі бола алмайды» деді. (И.Әбиддуния)

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 9, 2025, 2:43:23 AMJun 9
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Алғашқы ғасырларда мазһаб бар ма еді?

Сұрақ: Уаһһабилер және олардың кітаптарын оқып жүргендер «Мазһабтар екінші ғасырда пайда болды. Сахабалар мен табииндер қай мазһабта еді?» дейді. Шынымен де солай ма? Оларға қалай жауап берген дұрыс?

Жауап: Мазһаб – жүретін жол деген сөз. Ал мазһаб имамы – Құран кәрім мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген діни білімдерді сахабалардан естіп жинақтаған, кітапқа түсірген үлкен ғалым деген сөз. Олар айқын көрсетілмеген білімдерді де айқын көрсетілгендеріне ұқсатып шығарды. Хадиқа кітабында былай жазылған:

«Белгілі төрт мазһаб имамы дәуірінде басқа мазһаб имамдары да бар еді. Олардың да мазһабтары бар еді. Бірақ олардың мазһабтарын ұстанушылар азайып, қазір мүлдем қалмады».

Сахабалардың әрқайсысы мүжтәһид, үлкен ғалым, мазһаб имамы еді. Әрқайсысы өз мазһабында еді. Олардың барлығы біздің мазһаб имамдарымыздан әлдеқайда үстем, әлдеқайда білімді еді. Олардың мазһабтары дұрысырақ, құндырақ болған. Бірақ олардың кітаптары болмағандықтан, мазһабтары ұмытылды. Төрт мазһабтан басқасын ұстануға мүмкіндік қалмады. Сахабалар қай мазһабта еді деп сұрау «Физика пәнінің мұғалімі қай сыныптың оқушысы?» дегенге ұқсайды.

Хижреттен төрт жүз жыл өткеннен кейін толықтай ижтиһад жасай алатындай үлкен ғалым қалмағандығы кітаптарда жазулы. «Хадиқа» кітабында келтірілген хадис шәрифте өтірікші, адасушы дін адамдарының көбейетіндігі хабар берілген. Сондықтан әһли сүннет болған әр мұсылманның белгілі төрт мазһабтың бірін таңдап, соны ұстануы қажет. Таңдаған мазһабының ғылымхал кітабын тауып үйренуі, иманын және бүкіл амалдарын соған сай орындауы керек. Төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам әһли сүннет бола алмайды. Оған мазһабсыз және дүмше делінеді. Мазһабсыз адам не жетпіс екі адасқан ағымның біріне түсті, не кәпір болды. Осындай екендігі «Бахр», «Хиндия», «Тахтауи», «Ибн Абидин», «Әл-бәсаир» кітаптарында және Ахмед Сауи тәфсирінде жазылған.  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 16, 2025, 4:33:27 AMJun 16
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Әйелдердің жұмыс істеуі

Сұрақ: Әйелдердің әр түрлі салаларда жұмыс істеуінің зияны бар ма?

Жауап: Дінімізде әйел заты күнкөріс қиыншылығынан, уайымынан босатылған. Әйел жұмыс істеп, зорығып ақша табуға, бұл үшін бес уақыт намазын қалдыруға, басын, аяқ-қолдарын ашып немесе еркектердің арасына араласып күнә істеуге мәжбүр емес. Барлық нәрсені оның алдына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз оны осылай қадірлеген.

Мұсылман әйел сауда, ғылым, өнеркәсіп және құрылыспен айналысуға мәжбүр болмаса да, мұнымен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істеуіне болады. Алайда, бұлармен айналысқанда харамдардан сақтануы шарт болады. Харам істеу арқылы ғибадат та орындалмайды. Мысалы, парыз болған қажылыққа әйел махрамсыз (жақын еркек туысынсыз) бара алмайды.

 

Қажеттілік жағдайда жұмыс істеу

Сұрақ: Әйел кісі қандай шарттарда жұмыс істей алады?

Жауап: Әйелдің, қыздың анасы, әкесі және махрем туысы жоқ болса немесе бар болып, бірақ кедей болса және мемлекет те жәрдем бермесе, ешкім жәрдем бермесе, бұл әйел өзінің, бала-шағасының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істей алмайтын кедей ата-анасының напақаларын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Еркектермен аралас болмаған әйелдер істейтін жұмыстарда істейді. Еркек араласпаған жұмыс жоқ болса, денсаулығын, дінін, намысын, мұсылмандық абыройын және құрметін қорғайтындай шамада парыз болған напақаны табу үшін, бөтен еркектер бар жерде оранып жұмыс істеуі жаиз болады. Бұл напақаны табуына бөгет болу оны қорқыту (икрах) болады. Осындай қажеттіліктен тыс уақыттарда ол жерде қалуы жаиз болмайды. Жұмыс істеп жүргенде басын, қолын ашуы үшін мәжбүрленсе, «ашылмайтын болсаң, жұмыстан шық» делінсе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жер таба алмаса, қолдары ашық күйде жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуфтың қаулысы бойынша жаиз болады. Әйелдің құлақтарынан төмен жайылған шаштарын жабуы парыз емес деген ғалымдар да бар. Хараж (мәжбүрлік) болған кезде осы заиф қаулымен амал ету жаиз болады. Басындағы шаштарды жабудың парыз екендігі ауыз бірлігімен білдірілсе де, құлақтардан төмен жайылған шаштардың ашылуы бастықтар қинаған кезде сол себепті жаиз болады. Осылай мәжбүрленген әйел әрдайым еркектермен аралас болмаған немесе оранып істей алатын жұмыс іздеп жүруі керек. Тапқан кезде тапқан жерінде жұмыс істеуі керек болады. Шаштарын, қолдарын көшеде, жұмысқа барып келгенде жауып, оранып жүруі керек. Мұсылман еркекке үйленгеннен кейін оның напақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Әйел кісінің бай болмағандықтан, ата-анасына және бала-шағасына напақа беріп тұруы қажет болмаса да, күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп, оларға қарауы керек. (С.Әбәдия).

 

Напақа ақшасын табу

Сұрақ: Күйеуім қажетсіз ақша жұмсайды. Мысалы, қайда болса да күнде қажетсіз сыртта тамақтанады, қажетсіз ұялы телефонын ауыстырады, телефонмен ұзақ сөйлеседі, сәнді жүру үшін қымбат киімдер алады. Сондай-ақ, бұлар үшін қарызға кіреді, тапқан ақшасы қарыздарына кетеді. Напақамызды қамтамасыз ету үшін біреудің үйінің тазалығын жасау секілді жұмыстарға барып тұрамын. Кейде харам істеуге де тура келеді. Осы себептер үшін харам істеуім үзір (кешірімді) болады ма?

Жауап: Үзір болмайды. Сырттан тамақтану, ұялы телефонды ауыстыру, қымбат киімдер сатып алу күнә болмаса да, еркектің алдымен үйдің напақасын қамтамасыз етуі керек. Напақасын табатындай және қарыздарын өтейтіндей шамада жұмыс істеп ақша табуы парыз болып табылады. Мұны істемей, жанұясын қиын жағдайда қалдырған адам күнәхар болады. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ешкімге мұқтаж болмау және ата-анасын, бала-шағасын мұқтаж қылмау үшін жұмысқа кеткен адамның әр қадамы ғибадат болады». (Табарани).

«Жұмыс істемей өзін садақа сұрайтындай жағдайға түсірген адам 70 нәрсеге мұқтаж болады». (Тирмизи).

 

Ер кәсібі

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында, зәрулік болмастан еркектер секілді киінетін, шашын олар секілді қысқартатын және еркектерге тән жұмыстарды істейтін әйелдер мен әйел секілді шаштарын өсіретін, сәнденетін еркектерге бұлардың жаиз еместігі жазылған. Еркектерге тән болған жұмыстар қандай?

Жауап: Бұл жұмыстар заманға қарай өзгеріп тұратын болса да, жалпылама алғанда, палуандық, жүк тасушы, полиция, көлік жүргізуші, касса, құрылыс, қасапшылық секілді жұмыстар осы категорияға жатады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 23, 2025, 6:04:58 AMJun 23
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Пайдасы нақты тиетін дәрілер

Сұрақ: Ауырған кезде пайдасы, әсері нақты тиетін дәрілерді қолданбау күнә бола ма?

Жауап: Иә, күнә болады. Кейбір дәрілердің, мысалы антибиотиктердің және сульфамидтердің бактерияларға қарсы әсері нанның аштықты, судың шөлді басуы сияқты нақты. Өртті сумен сөндіру де сондай. Әсері, пайдасы нақты болған осы сияқты дәрілерді қолданбау тәуекел емес, ақымақтыққа жатады, харам болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Әр аурудың дәрісі бар. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани)

Хазреті Мұса ауырған кезде «Дәрісіз де Аллаһу та'ала шипа береді» деп дәрі ішпеді. Аллаһу та'ала «Дәрі ішпесең, шипа нәсіп етпеймін» деді. Ол дәрі ішіп жазылып кетті. Бірақ себебін қызығып сұрады. Аллаһу та'ала «Тәуекел ету үшін менің әдетімді, хикметімді өзгерткің келді ме? Дәрілерге әсерді берген кім? Әлбетте әсерлерді жарататын менмін» деді. (К.Саадат).

Дәрігерге бару керек, дәрі қолдану қажет. Бірақ шипаны дәрігер мен дәріден емес, Аллаһу та'аладан күту керек. Құран кәрімде былай делінген:

«Имандарың бар болса, Аллаһу та'алаға тәуекел етіңдер!» (Маида 23).

Дәрі қабылдау, аяти карима және дұға оқу, өзімен бірге алып жүру адамның өмірін ұзартпайды, өлімге тосқауыл болмайды, ажалды кешіктірмейді. Өмірі бар адамның дерттерін, ауруларын кетіріп, аман-сау, рахат және қуанышты өмір сүруіне себеп болады. Дәрі қолданса да жазылмағандар, операциялық үстелде өлгендер аз емес. Осы тұрғыдан дәріге, дәрігерге емес, Аллаһқа жүгіну керек. Аллаһу та'алаға жүгінген мұсылман дініміздің әмірін ұстанып, дәрігерге барып, дәрі қолданады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 30, 2025, 1:55:58 AMJun 30
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Өмірді босқа өткізбеу керек

Сұрақ: Кейбір кісілер адамдар арасында сөз тасып, өсек айтып жүреді. Оларға қалай насихат айтуға болады?

Жауап: Бұл туралы Имам Раббани хазреттері бір салиха әйелге жазған хатында былай дейді:

«Құнды өмірді қажетсіз мубахтарға да жұмсамау керек. Харам істеп өткізбеу керек. Музыка, ән және сазды аспаптармен айналыспай, олардың нәпіске беретін ләззатына алданбау керек. Олар бал араласқан, шекермен қапталған у сияқты.

Ғайбаттан сақтану қажет. Ғайбаттау харам. Ғайбат – мұсылманның жасырын кемшілігін артынан айту деген сөз. Бидғатшылардың және ашық түрде күнә істейтіндердің сол күнәларын айту, мұсылмандарға зұлымдық жасайтындардың және саудада оларды алдайтындардың сол жамандықтарын мұсылмандарға хабар беріп, олардың зиянынан қорғануына себеп болу, мұсылмандықты қате жеткізетіндердің, жазатындардың бұл жалаларын айту керек, бұл ғайбат болмайды.

Нәмимә, яғни мұсылмандар арасында сөз тасымау керек. Осы екі күнәні істегендерге түрлі азаптар берілетіндігі хабар берілген. Өтірік айту және жала жабу да харам, сақтану қажет. Бұл екі жаман қасиет барлық діндерде харам еді. Жазасы өте ауыр. Мұсылмандардың кемшіліктерін жасыру, жасырын күнәларын жарияламау және қателіктерін кешіру үлкен сауап. Кішілерге, қол астындағыларға, кедейлерге қамқор болу керек. Олардың кемшіліктерін бетіне баспаған жөн. Болмашы себептермен ол байқұстарды ренжітпеу, ұрмау және сөкпеу керек. Ешкімнің дініне, мал-жанына, абыройына, намысына тиісуге болмайды. Бәріне қарыздарды қайтару қажет. Пара алу және беру харам. Тек қана залымның зұлымдығынан құтылу үшін және қорқытылған кезде, мәжбүрлегенде беру пара болмайды. Бірақ, мұны алу харам болады.

Әр адам өзінің кемшіліктерін көріп, Аллаһу та'аланың алдында жасаған қателіктерін ойлауы керек. Аллаһу та'аланың оны жазалауға асықпағанын, ризық беруді үзбегендігін білген жөн.

Сенімді (ақиданы) түзеткеннен және фиқһ бұйрықтарын орындағаннан кейін барлық уақытты Аллаһу та'аланы зікір етумен өткізген жөн. Бұған, яғни жүрекпен Аллаһу та'аланың зікір етуге тосқауыл болатын барлық нәрсені дұшпан деп білу керек. Ислам үкімдеріне қаншалықты көп бағынған сайын, Оны ойлаудың ләззаты соншалықты артады. Ислам үкімдеріне бағынуда немқұрайлық, жалқаулық артқан сайын ол ләззат да азайып, ақыр соңында жоқ болады».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 7, 2025, 3:53:44 AMJul 7
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Хабаршы келмеді ме?

Сұрақ: Ұзақ өмір сүруді қалаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз үш шыбық алды. Бірін алдына, бірін жанына қадады. Ал үшіншісін алысқа лақтырды. Содан соң «Бұл шыбық – адам, жанындағысы – ажалы, ал ұзақтағысы – жоспары мен амалы. Адам амалдарының артынан жүгіреді, бірақ ажалы оны ұстап алады, ойлаған амалына жете алмайды» деді.

Өлім қорқынышты нәрсе болса да, адамдардың өлімнен бейхабар сияқты өмір сүруі өлімді аз ойлағандығынан туындайды. Тіпті дүниелік ләззаттарымен әуре болған жүрекпен өлімді ойлаудың әсері аз болады немесе мүлде болмайды. Қорқынышты өлімнің оңай өтуі үшін өлімді ойдан мүлде шығармау керек. Бұл үшін өз достарының арасындағы өзінен бұрын өліп, бала-шағасын, мал-мүлкін, достарын қалдырып, топырақ астына жерленгендерді ойлау керек. Мансап иесі болғандардың абыройларының қалмағандығын, оларды топырақ қалай шірітетіндігін ойлау керек. Тірі кезінде не істейтін, қалай сөйлейтін еді. Әлі істейтін көп тірлігі бар еді. Өлімді ұмытып өмір сүріп жүрген еді. Біреулер байлығымен, біреулер атағымен, біреулер жастығымен мақтанып жүрген еді. Өлім бұларды күтпеген жерден, кенеттен ұстады. Ал қазір бәрі ұмытылып кетті, қиял болды.

Міне осы нәрселерді ойлап, мазарларын зиярат етіп, өзінің де дәл сондай жағдайға тап болатынын білсе, жүрегі жұмсаруы мүмкін, дүниенің пайдасыз нәрселеріне жармасудан бас тартуы мүмкін.

Тек ләззаттану мақсатымен ұзақ өмір сүруді қалаудан сақтанған жөн. Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Жәннатты қалайтын адам ұзақ өмір сүруді қаламасын, дүниелік істермен айналысуы оған өлімді ұмыттырмасын, харам істеуге Аллаһтан ұялсын!». (Бәриқа).

«Аллаһтан ұялыңдар! Басқаларға тастап кететін нәрселерді жинаумен уақыттарыңды жоғалтпаңдар! Қол жетпейтін нәрселерге қол жеткізуге тырыспаңдар, қажеттіліктеріңнен артық ғимарат соғумен өмірлеріңді өткізбеңдер!». (Бәйһақи).

Әзірейіл алейһиссаламмен бауыр сияқты болған, жиі көрісіп тұратын Яқуб алейһиссалам оған айтқан екен:

- Саған бір өтінішім бар. Ажалым жақындағанда маған хабар бер!

- Жарайды, саған бірнеше хабаршы жіберемін.

Біраз уақыт өткеннен соң хазреті Әзірейіл тағы келеді. Хазреті Яқуб екеуінің арасында мынадай әңгіме болады:

- Қонақ болып келдің бе?

- Жоқ, жаныңды алуға келдім.

- Маған бірнеше хабаршы келеді дегенің қайда?

- Саған хабаршы келмеді ме? Шаштарың ағармады ма? Денең әлсіремеді ме? Тік тұратын арқаң бүгілмеді ме?

Әһли хикмет ғұламалар айтқан:

Адам өзінің өлетін уақытын білетін болса, ақылы кетіп алжитын еді. Өлім уақытының адам баласынан жасырылғаны қандай жақсы. Егер ғафлет (көңіл ұйқысы) болмағанда, бәрі тірліктерін тастайтын еді, жұмысына қарамайтын еді. Ғафлет және ұзақ өмір сүруді қалаужаман қасиет болуымен қатар, бір жағынан екі үлкен ниғмет болып та табылады. Егер бұл екі қасиет болмаса, мұсылман көшеде жүре алмайтын жағдайға келетін еді.

Ең қызығыөлім сенің ізіңде, ал сен дүниеліктің ізіндесің. Дәруіштік ұзын шапан киюде емес, ұзын амалды тастауда!

Өлім мойынға асылған, ал дүние арқаға жүктелген. Адам өлімге қылыш мойынды дәл қазір шабатындай дәрежеде дайын болу керек.

Күн өткен сайын өлімге жақындап жатырсың. «Ажалың келді» деген хабар келмей тұрып өлімге дайындықта болу керек, Әзірейіл алейһиссалам келген кезде «Біраз уақыт рұқсат берші, ақысын жегендерімнен кешірім сұрайын, балама телефон соғайын, мына жұмысымды былай істесін деп айтайын, біреулерге қарызбын, біреулер маған қарыз. Осы тірліктерімді тындырып алайын» деп айтуға қажеттілікті сезбеу керек. Өсиетті әрдайым қасында дайындап жүру керек.

 

Дүниеге алданған адам

Сұрақ: Хадис шәрифте «Дүниемалғұн» делінген. Дүние деген не?

Жауап: Дүниедініміз тыйым салған харамдар мен мәкрухтар. Бұларға батып, ахиретті ұмытқан адам алданды деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Соңының не болатынын ойламай дүниеге алданған адам жібек құртына ұқсайды. Жібек құрты өзіне ұя өреді және соңының не болатынын білмейді. Содан соң ол жерден шыққысы келеді, шығатын тесік таппайды, өрген ұясының ішінде өледі және істеген жұмыстарынан басқалар пайдаланады». (Рисала-и Мүнира).

Сондықтан харамдардан, мәкрухтардан және қажетсіз мубахтардан сақтану керек! Харамдардан және күмәнді нәрселерден сақтанып, халалдан ақша табу керек. Ақыр заманда бұларға мән беретіндер аз болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Ақыр заманда халал ақша мен сенімді дос аз болады». (И.Асакир).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 14, 2025, 2:21:55 AMJul 14
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Қарыздан құтылу үшін

Сұрақ: «Мына дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың» деп айтылып жатады. Дұға оқумен кедейліктен қалай құтылуға болады?

Жауап: Дініміз еңбек етіп күнкөріс қаражатын табуды әмір еткен. Хазреті Омар: «Еңбек етіңдер, ақша табыңдар, жұмыс істеместен ризық күтпеңдер. Аллаһу та’ала аспаннан ақша жаудырмайды» деген. Хазреті Лұқман Хаким: «Еңбек етпей мұқтаждықта болған адамның діні мен ақылы нұқсан» деп айтқан. Ризық үшін алаңдамау керек. Құран кәрімде: «Барлық тіршіліктің ризығы Аллаһқа тән» делінген. (Худ 6). Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Ең жақсы ризық халалға және харамға мән беріп маңдай термен табылған табыс». (Нәсаи).

«Ғибадат он бөліктен тұрады. Оның тоғыз бөлігі еңбек етіп халал жолмен табыс табу». (Дәйләми).

«Ризық үшін қамықпа, тағдырыңдағы ризық сені өзі табады». (Исфәхани).

«Ата-анаға, бала-шағаға қарау үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад». (И. Асакир).

«Мұқтаждығын адамдарға айтатындар мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһқа жүгінгендер мұқтаждықтан құтылады». (Хаким).

«Мынадай дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың» дегені ол дұға қабыл болса, сол дұғаны оқыған адамға бір жұмыстың көзі ашылады немесе ойламаған жерден  ризыққа кенеледі деген сөз. Ауруға шалдыққан адам сол ауруы үшін дұға ететін болса, жазылуына себеп болатын дәрі-дәрмекті табады немесе тағы басқа бір себеппен сауығады. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Ризықты Аллаһу та’ала береді. Жұмыс істеу сол ризықтың себебіне жүгіну болып табылады. Себепке жүгіну – сүннет. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өмір-жасым ұзақ, ризығым мол болсын деген адам туыстарынан хабар алсын, оларға қамқор болсын». (И. Ахмед).

«Таңғы ұйқы ризыққа кедергі болады». (Бейһақи).

«Кімде-кім Аллаһтан қорқуды өміріне негіз қылып алса, ризыққа сауда-саттықсыз және капиталсыз жетеді. Құран кәрімде: «Кім Аллаһтан қорықса, Аллаһ оған шығу жолын нәсіп етеді және ойламаған жерден ризық жібереді» деп айтылған». (Талақ 2,3 - Табарани).

«Үйге кірерде «Ихлас» сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді». (Т.Қуртуби).

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет «Лә хаулә уә лә қууата илла биллаһил алиил азыйм» десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді». (Шира).

Қарыздан құтылу үшін: «Аллаһуммә әкфини бихалаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуәкә» дұғасын оқу керек.

 

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахаба болған хазреті Әбу Умамәге үйреткен дерттен және қарыздан құтылу дұғасы бар екен. Ол қандай дұға?

Жауап: Сахаба Әбу Саид Худри баяндайды:

Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мешітке кіріп ол жерде Әбу Умамәні көрді. Одан: «Ей, Әбу Умамә! Мен сені неге мешітте намаз уақытынан тыс уақытта көріп тұрмын?» деп сұрады. Әбу Умамә: «Мені қаптаған дерттер мен қарыздарымның кесірінен, Йа, Расулаллаһ!» деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Саған бір дұға үйретейін, бұл дұғаны оқығаныңда Аллаһ дертіңе дауа береді, қарыздарыңнан құтылдырады. Таңертең және кешке осы дұғаны оқы» дейді. Ол дұға мынадай:

«Аллаһуммә инни әузу бикә  минәл һәмми уәлһазән уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал».

(Йа, Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сиынамын).

Хазреті Әбу Умамә: «Осы дұғаны оқыдым, дертім де жоғалды, қарызымды да өтедім» деді. (Әбу Дауд).

 

Сұрақ: Қарыздан құтылу үшін дұға бар ма?

Жауап: Қарыздан құтылу үшін оқылуы білдірілген бірнеше дұға бар, олардың екеуін келтірейік. Хадис шәрифте былай делінген: «Ей, Муаз! Саған бір дұға үйретейін бе? Ухуд тауындай қарызың болса да, Аллаһ сол қарыздарыңды қайтаруды нәсіп етеді. Былай дұға ет: Аллаһумма мәликәл-мулки ту’тил мулкә мән тәшә-у уә тәнзиул мулкә миммән тәшә-у уә ту’иззу мән тәша-у уә тузиллу мән тәшә-у биядикәл-хаир иннәкә алә кулли шәйин қадир. Тулижул-ләйлә финнәһари уә тулижуннәһара фил-ләйли уә тухрижул-һаййә минәл мәйити тухрижул-мәйитә минәл-һайи уә тәрзуқу мән тәшә-у биғайри һисаб. (Бұл жерге дейін жазылған бөлігі «Али-Имран» сүресінің 26-27 аяттары. Түпнұсқасына қарап оқу керек). Рахмәнәддуниа уәл ахирәти уә рахимәхума ту’тиһимә мән тәшә-у уә тәмнәу минһумә мән тәшә-у ирхамни рахмәтән ту’нини биһа аммән сиуакә». (Табарани).

 

Хазреті Абдуллаһ Қурәши былай деген:

Бір күні ұстазым Әбур Раби маған: «Саған бітпейтін, таусылмайтын бір қазына үйретейін бе?» деді. Мен «Үйретіңіз» деп едім, ұстазым маған: «Мына дұғаны үнемі оқып жүр!» деді. Ол дұға мынадай еді:

«Йа Аллаһ, йа Уаһид, йа Мужид, йа Жәуад, йа Басит, йа Кәрим, йа Уәһһаб, йа зәт-Таул, йа Ғани, йа Муғни, йа Фәттах, йа Рәззақ, йа Алим, йа Хайй, йа Рахман, йа Рахим, йа Бәдиассәмауати уәл ард, йа зәлжәләли уәл икрам... Йа Ханнан, йа Мәннан инфәһни минкә би нәфһати хайрин туғнини биһа аммән сиуак... Ин тәстәфтиху фәқад жә’акумул-фәтх... Иннә фәтәхнә ләкә фәтхән мубинә... Насрун миналлаһи уә фәтхун қариб... Аллаһүммә йа Ғани, йа Хамид, йа Мубди, йа Му’ид, йа Уәдуд, йа зәларшил Мәжид, йа Фә’алән лимә йурид, икфини бихәлаликә ан харамикә уә ағнини би фадликә аммән сиуакә уәхфазни бимә хафизтә биһиззикр... Уәнсурни бимә насартә биһиррусүл... Иннәкә ала кулли шәй’ин қадир...».

Одан кейін маған: «Кімде-кім бұл дұғаны әр намаздан кейін, әсіресе жұма намазынан кейін оқыса Аллаһу та’ала ол адамды әр түрлі жамандықтардан сақтайды. Дұшпандарына қарсы жеңісте болады, ол адамға ойламаған жерден ризық береді, өмір сүруін оңайлатады. Қарыздары таудай көп болса да Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұлылығымен және қолдауымен қарыздарынан құтылады» деді.

 

Сұрақ: Қарызды қайтаруды кешіктіру күнә бола ма?

Жауап: Қарызын уақытылы қайтармаған адам қарыз берушіден қайтару мерзімін ұзартуын сұрау керек. Жағдайы бола тұра қарызын қайтармау күнә болады. Хадис шәрифте: «Кімде-кім жағдайы бола тұра қарызын қайтаруды кешіктірсе, күн сайын (қарызын қайтарғанға дейін) ол адамның амал дәптеріне «зұлымдық жасау» күнәсі жазылады». (Табарани).

«Қайтармау ниетімен қарыз алған адам қиямет күніне ұры деген атпен жетеді». (Ибн Мажа).

«Алған қарызын қайтарғысы келмеген адамға Аллаһу та’ала қиямет күнінде «Бұл адамның ақысын сенде қалдырады деп ойладың ба?» дейді де, ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз берген адамға береді. Егер қарызын қайтармаған адамның жақсы амалдары жоқ болса, оған қарыз берген адамның жаман амалдарын, күнәларын жүктейді». (Табарани).

«Бай адамның (қайтаруға жағдайы бар адамның) қарызын төлемей, өтірік алдап жүруі зұлымдық болып есептеледі». (Бұхари). (Қарызын уақытылы қайтармауға зұлымдық, қайтармаған адамға залым деп айтылған).

«Аллаһу та’ала залым байды жақсы көрмейді, оны жек көреді». (Бәззар). Қарызы бар адам қарызынан құтылмай тұрып садақа бермеуі керек. Себебі хадис шәрифте: «Қарызы бар адамның садақасы қабыл болмайды» делінген. (Бұхари).

Берілмеген зекет де қарыз болып есептеледі. Қарызды қайтару, зекет беру парыз болып табылады. Зекеттен қарызы бар адамның берген садақасы қабыл болмайды. Әуелі осы қарыздарын өтеуі керек. Сол сияқты парыз намазынан да қарызы (қазасы) бар адамдардың нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннет намазы да нәпіл намаз деген сөз. (Н.Фиқһия).

Қарызданбауға тырысу керек! Хазреті Лұқман Хаким: «Қарыз жүгінің астында езілгенше, тас тасыған жақсы» деп айтқан. Себебі қарыздану адамды күпіршілікке дейін апарады. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Раббым, күпіршілікке түсуден және қарызға кіруден саған сыйынамын» деп қарыз болудың өте жаман екендігін көрсеткен. (Нәсаи).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 21, 2025, 12:59:05 AMJul 21
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Аз сөйлеудің пайдалары

Сұрақ: Аз сөйлеудің, үндемеудің пайдалары туралы және көп сөйлеудің зияндары туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Пайғамбарымыз «Аз сөйлеу иманнан, көп сөз екі жүзділіктен» деп білдірген.

Тіл – үлкен ниғмет. Жақсылығы да, жамандығы да үлкен. Жәннатқа да, жаһаннамға да апарады. Көлемі кіші, зардабы үлкен. Адамның иманды немесе имансыз болуы ауыздан шығатын сөздеріне байланысты. Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі кең. Жақсылық немесе жамандық айту үшін өте кең мүмкіндіктерге ие.       

Тіл туралы көптеген хикметті сөздер айтылған:

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Ауызда жиек жоқ,

Тілде тиек жоқ.

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Көп сөйлеу достықты бұзады, қажетсіз сөйлеу айыптарды ашады, ащы сөйлейтіндерден достары қашады.

Егер көңілде мұң, реніш, денеде қажырлық және әлсіздік, ризықта кемшілік және берекесіздік болса, мұның бос және орынсыз сөздерден туындағанын білу керек!

Хикметті сөйлеуден емес, үндемеуден іздеу керек!

Үндемеу ақылдың әшекейі және надандықтың перделенуі.

Жылы сөзді және жомарт қолды болу керек!

Үндемеу ғалымның зейнеті, наданның пердесі.

Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы үндемеу, бір бөлігі жаман достан ұзақ тұру.

Аз сөз әдеп, жақсы амалдарды қорғауға себеп.

Кісі тілінің астына жасырылған. Сыр сақтаған адам мұратына жетеді.

Бұлбұл қыран құсқа:

«Екеуміз де құс болсақ та сен патшаның сарайындасың, мен болсам бақшаның тікендеріндемін. Сен құстарды аулап жейсің, патшаның қасында қадірің өсіп, мұратыңа жетесің. Құстардың сұлтаны боласың. Мен болсам күнді күнге қосамын, әр түні таңға дейін гүлдің ашылуын күтемін. Мен ұйықтамайынша ол ашпайды, оянғанда ашылған кейпін көремін. Ашылып жатқанын көре алмаймын, мұратыма жете алмаймын. Тікен арасында мұратсыз жылаймын, жүрегімді сыздаймын» дейді.

Сонда қыран құс былай деп жауап береді:

«Мен мың мұратыма жетемін бірақ біреуін де айтпаймын. Сен болсаң бір мұратыңа жете алмастан мың мұрат айтасың. Үндемеген мұратына жетеді, ал шырылдап шағымданған мұратсыз қалады.»

Хазреті Лұқман қонаққа ең жақсы тағам ретінде тілмен жүректі ұсынады. Басқа бір уақытта ең жаман тағам ретінде тағы да тілмен жүректі ұсынады. Тіл қылыш секілді дұрыстап қолданылмаса өз өліміңе себеп болады.

Үндемеу шаршамастан жасалатын ғибадат, шығынсыз тағылатын әшекей, билікті талап етпейтін дәулет, тау-тастарды қажет етпей салынған қорған, еңбек етпей қол жеткізілген байлық және айыптардың жабылуы.

Патшаның үгіті

Үш патшаның бірі айтады:

«Бүкіл өкініштерім айтқан сөздерімнен болды. Айтпаған сөздерімнен мүлдем өкінбедім.»

Екіншісі айтады:

«Айтпаған сөздерімнің иесімін. Бірақ айтқан сөздерімнің тұтқынымын.»

Үшіншісі айтады:

«Кейбір сөздерді айтуға күшім жетті, бірақ айтқан сөздерімді қайтарып алуға күшім жетпеді.»

Күмәнды сөздерден сақтанған, күлімдеген жүзді болған, адамдарға мейірімділік еткен, қажетті дін ілімдерін үйренген және дұрыс сөйлеген адам мүнафық (екі жүзді) бола алмайды.

 

Тілге ие болу

Тіліне ие болмаған адамды шайтан әрқалай ойнатады. Үлкен құздың шетіне келтіріп, құлатады, пәлекеттерге душар қылады. Адам тіліне ахлақ тізгінін тақса, дүние және ахырет бақытына қауышады. Егер бос қалдырса зияндарға  ұшырайды.

Мүшелердің ең көп қарсы шығатыны тіл. Қалаған тарапына оңай кете алады. Хадис шәрифте былай делінеді: «Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де бұрыс боламыз» (Тирмизи)

Хазреті Лұқманға «Бұл дәрежеге қалай жеттіңіз?» деп сұрағанда «Дұрыс сөйлеу, аманатқа қиянат етпеу және пайдасыз сөздерді тәрк етумен жеттім» деп жауап береді.

Әһли хикмет ғұламалардың айтқандары:

Бір адамның жаһил (надан) екендігінің белгілері мыналар: Жанды-жансыз барлық нәрсеге ашуланады. Сыр сақтай алмайды. Ақшасын орынды жарата алмайды. Бәріне сене береді. Досын дұшпанынан ажырата алмайды. Жаман адамдармен достық құрады.

Үндемеу хикмет, жақсы қасиет. Тілдің үндемеуі, көңілдің үндемеуіне, ал көңілдің үндемеуі Раббысының кешіріміне себеп болады. Адамның амандығы тілін қорғауында. Қалам да екінші тіл деген сөз.

Тіл жыртқыш жануарға ұқсайды, еркіне жіберілсе иесін талайды. Үндемеген адам қатеге түсуден, өтіріктен, өсектен, сөз тасудан, өзін мақтаудан, бос сөйлеуден және тағы көптеген тіл апаттарынан құтылады.

Көп сөйлейтін адамның тілі шалынады, көңілі (жүрегі) қараяды. Көңілі қарайған адам қате үстінен қате істейді, адамдарды ренжітеді, өзінің бұдан хабары да болмайды. Тіліне ие болған адам дінін қорғайды.

Көп сөйлейтін адам қате істейді. Сахабалар үнемі жақсы сөз сөйлегенімен қате сөйлеп қоймау үшін емес, бәлкім бос сөз айтпайын деп үндемейтін. Хазреті Әбу Бәкір аузына тас салып жүретін, «Басқа келетін бүкіл пәлекеттер осыдан (тілден) келеді» деп айтатын.  

 

Ең зиянды нәрсе

Аллаһу та’ала бос сөйлейтіндерді жақсы көрмейді. Бос сөйлеудің өзі осыншалықты жаман болса, зиянды нәрсе айтудың пәлекеті қалай болмақ? Хадис шәрифте: «Ең зиянды нәрсе көп сөйлеу» делінген. (Дәйләми)

Тілге ие болу, аз сөйлеу дініміздің әмірі. Құран кәрімде былай делінеді:

«Садақа беру, жақсылықты әмір ету және адамдарды татуластырудан басқа сөйлеуде, сыбырласуда қайыр жоқ.» (Ниса 114)

Тілге ие болуға қатысты білдірілген хадис шәрифтердің біршамасы мынадай:

«Тілін тыйған адам құтылады.» (Тирмизи)

«Амандық қалаған адам үндемесін, тілін тұтсын» (Ибн Әбиддунийа)

«Үндемеу хикмет, бірақ үндемей жүретіндер аз» (Дәйләми)

«Амалдардың ең қабыл болатыны тілін тыю» (Табарани)

«Жақсы сөзден өзге нәрселерде тілін тыйған адам шайтанды жеңеді.» (Табарани)

«Аз сөйлейтін мүминге жақын болыңдар! Ол хикметсіз емес.» (Ибн Мажә)

«Аллаһқа және ахыретке сенген адам не жақсылық айтсын не үндемесін!» (Бұхари)

«Ең оңай ғибадат үндемеу және көркем мінез» (Ибн Әбиддүнийа)

«Мүмин алдымен ойланады кейін сөйлейді, ал мүнафиқ (екі жүзді) ойланбастан сөйлейді» (Хараити)

«Көп сөйлейтін адам, көп қателеседі, көп қателескен адамның өтірігі көп болады. Өтірігі көп болған адам жаһаннамға лайықты болады.» (Табарани)

«Құтылу үшін тіліңді тый, үйіңде отыр, күнәларың үшін жыла!» (Тирмизи)

«Адамдарды жаһаннамға сүйрейтін тілдері» (Тирмизи)

«Тілін тыймаған адам толық иманға қауыша алмайды.» (Табарани)

«Рахаттық қалаған адам тілін тыйсын» (Әбушшәйһ)

«Көп сөйлеу көңілді қарайтады, ал көңілі қарайған адам Аллаһу та’аладан алыстайды.» (Бәйһақи)

«Әмри маруф және зікірден басқа барлық сөз адамның зиянына» (Тирмизи)

«Адамның қателерінің, кемшіліктерінің көбі тілінен келеді.» (Табарани)

«Асқазанын, ар-намысын және тілін қорғаған адам бүкіл жамандықтардан қорғанған болады.» (Дәйләми)

«Көңілі дұрыс болмағанның иманы, ал тілі дұрыс болмағанның көңілі дұрыс болмайды.» (Ибн Әбиддунийа)

«Көңілі тіліне, тілі көңіліне, ісі сөзіне сай болмаған адам мүмин бола алмайды.» (Исфахани)

«Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат ет, өзіңді өлді деп сана, бұлардан да ең жақсысы болса тіліңді тыю» (Табарани)

«Үнсіздігі тәфәккур, қарағаны ғибрат болып көп истиғфар айтқан адам құтылды.» (Дәйләми)

Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлу әдепсіздік болады. Хадис шәрифте: «Дін бауыры сөйлеп тұрғанда үндемей тұру адамгершілік қасиеттен» делінген (Хатиб)

 

Қажетсіз сөйлеу

Сұрақ: Ешкімге зияны болмаған әңгімелерден де жауапкер боламыз ба?

Жауап: Ғайбат, айтысу, сөз таластыру және осыған ұқсаған әңгімелерден ұзақ болу керек. Не жақсы сөйлеу керек, немесе сөйлемей, тыныш отыру керек.

Керексіз сөздермен құнды уақытымызды өлтірген боламыз. Ал Аллаһу та’аланың ұлылығын, жаратқан жанды-жансыз махлұқтарын тәфәккур етсек, үлкен сауап аламыз. Немесе кәлимаи тәуһид, салауат секілді тәсбихтерді айтсақ өзіміз үшін қайырлы болады.

Бұларды айтып жәннатта құнды қазыналарға қауышу мүмкін бола тұра, тілімізді пайдасыз нәрселермен әуре қылып, бұл ниғметтерден махрұм қалу ақымақтық емес пе?

Сауап та, күнә да емес болған мубах істермен уақыт өкізу харам болмаса да, уақытын ғибадаттармен уақыт өткізіп, үлкен қазыналардан құр қалмау керек. Өйткені мүминнің үнсіздігі тәфәккур, қарауы ғибрат, сөйлеуі ғибадат болуы тиіс.

Адамның ең құнды байлығы - уақыты. Уақытымызды босқа өткізіп, ахырет үшін азық дайындамасақ, байлық қолдан кетті деген сөз. Хадис шәрифте: «Бос және пайдасыз істерді тәрк ету мұсылманның көркем мінезінен» делінген. (Тирмизи)

Ухуд соғысында шәһид болған жігіттің анасы, ұлын қан ішінде көргенде «Балам саған жәннат сүйінші болсын!» дегенінде пайғамбарымыз: «Қайдан білесің, бәлкім өмірін бос сөздермен өткізген шығар» деді. (Тирмизи)

Яғни есепсіз жәннатқа кірмейді. Бос сөйлегендер бұл сөздерінен есепке тартылады. Есепке тартылу да азаптың бір түрі.

Хазреті Абдуллаһ бин Саламның жәннаттық екендігі білдірілгенде сахабалар одан қай амалы жәннаттық болуына себепші болғанын сұрады. Ол «Бос сөз сөйлемеймін және ешкімге жамандық тілемеймін» деп жауап берді.

Хазреті Ибн Аббас былай деген:

«Саған қажеті болмаған, пайдасы тимейтін мәселелерде ауыз ашып сөйлеме, өйткені бұл артықша іс. Оның үстіне зиянынан да сенімді емессің. Қажетті сөздерді де орынсыз сөйлеме! Көбінесе пайдалы сөздер орнын таба алмағандықтан жоғалып кетеді.»

Лұқман Хаким хазреттеріне хикметтің анықтамасын сұрағанда «Бізге керек болмаған нәрсемен айналыспау және жасырын нәрселерді іздестірмеу» деп жауап береді.

Бізге қажетсіз нәрсені өзгелерден сұрау да малаяни (бос әурешілік) болады. Мұны сұраумен құнды уақытымызды жоғалтқан боламыз. Сондай-ақ сұраған адамның да уақытын алған боламыз.  

Пайдасыз нәрселермен айналыспау керек, аузымыздан шыққан әр сөзіміз үшін есеп береміз. Тіліміз жәннат ниғметтеріне қауыштыратын себеп. Тілімізге немқұрайлы қарап, еркіне жіберу үлкен зияндарға себеп болады.    

Бос сөз сөйлеу секілді артықша сөйлеу де жаман. Қысқаша түсіндіру мүмкін бола тұра, ұзын сөйлемдермен және қайталаулармен айту артышқа. Яғни қажетінен артық сөйленген болады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ілімімен амал еткен, мал-мүлкінің артығын садақаға берген және сөзінің артығын тыйған адамға сүйінші болсын!» (Табарани)

Адам болмашы, мәнсіз деп ойлаған кейбір сөздердің кесірінен құрдымға кетеді. Хадис шәрифте былай делінген: «Адам маңызы жоқ деп ойлаған бір сөз айтады. Бұл сөз Аллаһу та’аланың разылығына сай болғаны үшін қияметке дейін одан разы болады. Тағы бір адам мән бермеген бір сөзінің кесірінен қияметке дейін Аллаһу та’аланың ашуына ұшырайды.» (Тирмизи)

Аллаһу та’аланың разылығы және ашуы қай істе, қай сөзде екенін білмейміз. Бұл тұрғыдан ешбір сөзді, ешбір жақсылықты, жамандықты кіші, маңызсыз деп қарамау керек. Хақ та’ала разылығын жақсылықтар ішіне, ашуын күнәлардың ішіне жасырған. Мән берілмей жасалған бір күнә Аллаһу та’аланың ашуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан сөзімізге мұқият болуымыз керек.

 

Құптаннан кейін сөйлеу

Сұрақ: Құптаннан кейін сөйлеудің мәкрух екендігі білдірілген, сондай-ақ пайғамбарымыздың құптан намазынан кейін сөйлегені де білдірілген. Мұны қалай түсінуге болады?

Жауап: Қажеттілік жоқ болса, сөйлеу мәкрух болады. Уағыз-насихат айту, кітап оқу секілді пайдалы істерде сөйлеу жаиз.

Құптан намазды оқымай тұрып ұйықтау және құптанды оқығаннан кейін қайырлы істерден бөлек нәрсе үшін сөйлеу мәкрух болады. Құптан намазынан кейін діни насихат айтқанға, намаз оқығанға, жолаушыға немесе неке төсегіне кіргендерге сөйлеу мәкрух емес. (Рәддул мухтар)

Құптаннан кейінгі сөздер пайдасыз әңгіме болса немесе таң намазына немесе әдеттенген адамның түнгі (тәһәжжүд) намазын өткізіп алуына себеп болатын болса мәкрух болады. Бір қажеттілік себебімен сөйлейтін болса, мәкрух болмайды. Құран оқу, зікір ету, әулиелердің ғибратты оқиғаларын айту, фиқһ ктіабын оқу және қонақпен сөйлесу де мәкрух емес. Бұл жерде ол күннің амал дәптеріне ғибадатпен басталғанындай ғибадатпен бітіріп екеуінің арасында істелген күнәлардың кешірілуіне себеп болуға тырысу керектігі негізге алынған. Таң намазынан бұрын да қажетсіз сөйлеу мәкрух болады. (Имдад-ул-фәттах)

Имсак уақытынан таң намазын оқығанға дейін қажетсіз сөйлеу де мәкрух болады. (Дурр-ул-мухтар)

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 28, 2025, 5:39:23 AMJul 28
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Қонақтың міндеттері

Сұрақ: Қонақ үй иесінің алдында өзін қалай ұстау керек?

Жауап: Қонақтың мән беруі керек болған әдептердің кейбірлері мыналар:

1) Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады. Тек тамақ жеу үшін ғана емес, үй иесін разы қылу үшін барғаны белгілі болу керек!

2) Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек! Үй иесі көрсеткен жерге отыру керек, рұқсатсыз нәпіл ораза ұстамау керек және намазда үй иесі ұсынбаса имамдыққа өтпеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ үйдің төрінде отырмасын!» (Мүслим)

«Қонақ үй иесінің рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстамасын және көрсетілген жерге отырсын! Өйткені үйдің иесі өз үйінің әдетін жақсырақ біледі.» (Ибн Асакир)

«Қонақ болған адам намазда үй иесіне имам болмасын!» (Тирмизи)

3) Дастархан басында әдепті болып отыру керек және бұл әдепті соңына дейін сақтауға тырысу керек. Расулуллаһ алейһиссалам жерге төселген дастархан басында кейде тізерлеп отыратын, кейде оң аяғын бүгіп сол аяғының үстіне отырып:

«Мен тамақтанған кезде жантаймаймын! Мен Аллаһтың құлымын, құл қалай отыратын болса, солай жеймін, солай отырамын.» – дейтін еді. (Бұхари)

Тамақ жеп жатқанда жантаю күнә емес. Басқалардың алдында ешбір себепсіз жантайып жату әдепке сай емес.

4) Әкелінген тамақтың кемшілігін іздемеу керек. Кемшілігі болса да айтпау керек. Мысалы тамақтың тұзы көп немесе аз болса, яки тамақ ұнамаса, ештеңе демеу керек, ұнатпағанын білдірмеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақтың әкелінген тамақты ұнатпауы оған жамандық ретінде жеткілікті.» (Ибн Әбиддүния)

5) Қонақтың өзі қалаған нәрселерді сұрамауы керек, әкелінгендермен қанағаттануы керек. «Анау бар ма? Мынау бар ма?» деп, белгілі тағам сұрамауы керек! Егер үй иесі бірнеше тағам түрін атап өтіп, «Қайбірін әзірлейін?» деп сұраса, әурегершіліктен ұзақ, қиыншылықтарға түсірмейтін түрде оңай, арзан және әурегершіліксіз болғанын таңдау керек! Сүйікті пайғамбарымыз таңдау еркіндігі берілген екі нәрседен әрдайым жеңілін, оңай болғанын таңдайтын еді. (Бұхари)

Аталарымыз «Қонақ үміттенгенін емес, тапқанын жейді» деген. Нанды құрметтеу керек. Нанды құрметтеу – нанмен бірге жейтін ештеңе іздемеу деген сөз. Адамға күш-қуат беретін және ғибадат жасауға мүмкіндік беретін барлық тамақ – берекет болып табылады. Оны ұнатпау дұрыс болмайды. Тек нан мен сірке суы ғана берілсе де, менсінбеушілік танытпау керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір үйде нанмен қосып жейтін нәрсе ретінде сірке суы бар болса, бұл үй кедей болып саналмайды.» (Тирмизи)

«Йа Раббым, сірке суына берекет бер. Сірке суы – қандай тамаша ниғмет. Менен бұрыңғы пайғамбарлардың қоспасы да сірке суы еді. Сірке суы бар үйдің нанмен қосып жейтін басқа қоспаларға қажеттілігі жоқ.» (Ибн Мажа)

6) Үй иесі немесе сол жерде отырған басқа да қонақтар жақтырмайтын әрекеттер жасамау керек, жиіркенішті әрекеттер мен сөздерден ұзақ болу керек.

7) Діни сенім, саяси қөзқарастар әртүрлі болса да үй иесінің немесе сол жердегілерді ренжітетін сөздер айтпау керек.

8) Қажетті түрде сый-сияпат, тағам ұсынылмаған болса да, қонақтың үйден көңіл шаттығымен және разылығын білдіретін сөздер айтып шығу керек! Мысалы «Қуанып қалдық, Аллаһ разы болсын, үйіңізде ораза ұстағандар ифтар етсін (ауыз ашсын), асыңызды жақсы адамдар жесін!» дегендей дұға ету сүннет болып табылады. (Тирмизи)

Сүйікті пайғамбарымыз өзі үй иесіне ең жақсы тілектер айтатын, дұғалар жасайтын және мұсылмандарға да «Үй иесіне берекетті дұғалар жасаңдар» дейтін еді. (Бәйһақи)

Бұлай жасау – тым аз болса да бір жақсылықты кіші деп көрмеу деген жақсы мінездің белгісі болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин жақсы мінезі арқылы күнін оразамен, түнін ғибадатпен өткізген адамның дәрежесіне көтеріледі.» (Тирмизи)

9) Үй иесінің рұқсатынсыз немесе хабарынсыз үйден кетпеу керек! Сүйікті пайғамбарымыз осылай хабарсыз кетіп қалуды мүлдем дұрыс деп санамайтын еді. Кетерде де үй иесіне дұға ету керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қош айтыспай кеткен қонақ ұры ретінде кіріп, тонаушы ретінде шыққан болып саналады.» (И.Ғазали)

10) Бірнеше күнге келген қонақтың үй иесіне ауыртпалық бермеу үшін қажеттілік болмаса үш күннен артық қалмауға, жүк болмауға тырысуы керек!

Егер үй иесі шын көңілден қалуын қалайтын болса, одан да көбірек уақытқа қалуға болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қонақ болу үш күнге дейін созылады. Бұдан артығы садақа. Қонақтың үй иесін қинайтындай шамада ұзаққа қалуы халал емес.» (Бұхари)

 

Сұрақ: Біз қонақ болып отырған үйде жерге бір нәрсе төгіліп қалса, өзіміз тазалауға тырыса бастасақ, дұрыс болады ма?

Жауап: Үй иесі «Үйімнің тазалығын нашар деп білді, үйімді тазалап жатыр» деп ойлап, ренжіп, қысылуы мүмкін. Үй иесі ренжімейтін болса, одан рұқсат сұрап тазалауға болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Aug 4, 2025, 3:08:09 AMAug 4
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ұмытылған сүннеттер мен парыздар

Сұрақ: Бұл заманда қандай ұмытылған сүннеттер және қалып кеткен парыздар бар?

Жауап: Сүннет екі түрлі болады:

1) Сүннети худа (муәккәд сүннет),

2) Зәуәид сүннеттер (әдетке байланысты сүннеттер).

Ұмытылған бір сүннеттің үмбет арасында қайта орындалуына себеп болу өте құнды болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ұмытылған бір сүннетімді қайта әдетке айналдырған адамға жүз шәһидтің сауабы бар.» (Хаким)

 

Ұмытылған муәккәд сүннеттердің кейбірлері мыналар:

1) Екі кісі болса да парыз намазды жамағатпен оқу,

2) Намаздарды сәлде немесе тақиямен оқу,

3) Дәретте қол мен аяқтарды үш реттен жуу,

4) Дәрет алғанда басқа толығымен мәсіһ тарту (Малики және Ханбали мазһабтарында парыз болып табылады),

5) Мисуак қолдану,

6) Сәске, Әууәбин, Тәһәжжүд, Тахийатул мәсжид, Субха деген нәпіл намаздарды оқып тұру,

7) Истишара жасау (адамдармен ақылдасу) және Истихара намазын оқу,

8) Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу,

9) Қарыз беретін кезде екі куәгердің болуы және құжат жазу. Бұған уәжіп деген ғалымдар да болған,

10) Сүннетке сай сәлем беру,

11) Жұма күні ғұсыл алу,

12) Дұға еткенде қолдарды сүннетке сай ашып жаю,

13) Пайдалы істерді бастарда «Бисмиллаһ...» айту,

14) Төсекке дәретті болып жату,

15) Біреудің өлімін немесе жаман хабар естігенде «Инна лиллаһ уә инна иләйһи ражи’ун» деу.

 

Ұмытылған зәуәид сүннеттердің кейбірлері мыналар:

1) Сақалды бір ұстамдық ұзындықта өсіру,

2) Мұртты қастың ұзындығындай етіп өсіру,

3) Тамақтануды тұзбен бастап, тұзбен аяқтау,

4) Дастарханда сірке суының болуы,

5) Қайлулә жасау (түске дейін кішкене ұйықтап алу),

6) Тақ санға мән беру (1, 3, 5, 7 сияқты),

7) Мұсылманның үйіне оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу. (Мешітке де осылай кіріп-шығу керек. Мубах болған жерлерге оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шыққан жақсы. Әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.)

8) Қырқылған тырнақ, шаш және түскен тістерді жерге көму,

9) Жұма күндері жаңа және таза киім кию,

10) Тамақтанудың алдында және кейін қолдарды жуу. (Тамақтанудан бұрын қол жуғанда сүртпеу сүннет. Тамақтанғаннан кейін жуған кезде қол сүртудің зияны жоқ.)

 

Адамдардың көбі тастап қойған парыздардың кейбірлері мыналар:

1) Парыздарды және харамдарды үйрену (білмейтін адам ылғи күнә істеп жүреді),

2) Дұрыс сенімде болу (Әһли сүннет сенімін үйрену),

3) Аллаһтың достарына дос, дұшпандарына дұшпан болу,

4) Намаз оқу және ұшыр беру,

5) Орануға (хиджапқа) мән беру,

6) Сәлем берген адамның сәлеміне жауап беру,

7) Түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» деген адамға «Йархамукаллаһ» деу,

8) Халалдан ақша тауып, халалдан ішіп-жеу,

9) Ризыққа Аллаһтың кепіл екендігіне сену,

10) Тәуекел және қанағат ету,

11) Аллаһу та’алаға берген ниғметтері үшін шүкір ету, яғни оларды дінге сай қолдану,

12) Хақ та’аладан келген бәле-жалаға сабыр ету, яғни қарсылық білдірмеу,

13) Күнәларға тәубе ету,

14) Ата-анаға жақсылық жасау,

15) Әмри маруф (адамдарға дінді үйрету) жасау. (Фарзи кифая болып табылады.)

16) Күнәлардан сақтанып, ғибадаттармен шұғылдану,

17) Әлемге ғибрат көзімен қарау,

18) Тілді ұятсыз сөздерден қорғау,

19) Ешкімді мазақтамау,

20) Харамға қарамау,

21) Құлақты музыкадан сақтау.

 

Бір сүннетті орындаған адамға жүз шәһид сауабы берілетін болса, онда парызды орындаған адамға қандай сауап берілетінін ойлау керек, әсіресе парыздарды мүлдем қалдырмау керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Aug 11, 2025, 2:22:57 AMAug 11
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Рух тазалығы

Сұрақ: Рух тазалығы деген не?

Жауап: Хадис шәрифте «Ілім екіге бөлінеді: дене ілімі, діни ілім» делінген. Яғни «Ілімдердің арасында ең қажеттісі – рухты қорғайтын діни ілім және денені сақтайтын денсаулық ілімі» дей отырып, бәрінен бұрын рух пен дененің сергектігі үшін тырысу керектігін әмір етті. Ислам діні дене білімін діни білімнен бұрын үйренуді әмір етуде. Себебі, бүкіл жақсылықтар дене сау болса ғана орындала алады.

Ислам дінінде рух тазалығы негіз болып табылады. Жалған сөйлейтін, қулық істейтін, адамдарды алдайтын, зұлымдық жасайтын, әділетсіздік жасайтын, дін бауырларына көмектеспейтін, өзін басқалардан жоғары санайтын, тек өзінің жеке пайдасын ғана ойлайтын адам қаншалықты ғибадат етсе де, шынайы мұсылман болып саналмайды. Құран кәрімде былай делінген:

«Ей, Расулым, қиямет күнін жоққа шығаратын, жетімді ренжітіп ақысын тартып алатын, кедейді тойдырмайтын және басқаларды да кедейге жақсылық жасауға шақырмайтын мына адамды көрдің бе?» (Маун)

Осы сияқты адамдардың ғибадаттары қабыл болмайды. Ислам дінінде тыйымдардан, харамдардан сақтану әмірлерді, парыздарды орындаудан бұрын келеді. Шынайы мұсылман – бәрінен бұрын жетілген және кәміл бір адам деген сөз. Күлімдеген жүзді, жылы сөзді, әрдайым дұрыстықты айтушы болады. Ашуланудың не екенін білмейді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жұмсақтық, сыпайылық берілген адамға дүние мен ахирет жақсылықтары берілді деген сөз.» (Тирмизи)

Мұсылман өте қарапайым болады. Өзіне өтініп келгендердің әрбірін тыңдайды және мүмкіндік болса көмектеседі. Мұсылман салмақты, ізгі болады. Жанұясын және отанын жақсы көреді. Хадис шәрифте «Отанды сүю иманнан» делінген. Сондықтан отанына шабуылдайтындарға қарсы қажетті міндеттерін орындайды. Шынайы мұсылман дініне, ата-анасына, ұстазына, әміріне (басшысына) құрмет көрсетеді. Қажетсіз нәрселермен айналыспайды. Тек пайдалы нәрселермен ғана шұғылданады. Құмар ойындарды ойнамайды, уақытын босқа өткізбейді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Aug 18, 2025, 9:02:30 AMAug 18
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Парыздарды орындап, харамдардан сақтану керек

Сұрақ: Ғибадаттардағы парыздарды және басқа да парыздарды міндетті түрде орындау әрі харамдардан міндетті түрде сақтану керек пе?

Жауап: Бұл туралы «Мифтах-ул-Жәннә» атты ілімхал кітабында төмендегідей мағлұматтар жазылған:

«Белгілі бір ғибадаттың парыздарының бірі тәрк етілсе, ол ғибадат сахих болмайды. Білмей тәрк етілсе де сахих болмайды. Біліп тәрк етумен күнә істелген де болады. Сүннетті орындаудың сауабы парызға қарағанда аз. Сүннетті біліп тәрк ету күнә емес, ол үшін азап берілмейді, бірақ айыпталады. Ғайри муәккәд сүннетті «мүстаһаб» және «мәндуб» деп те атайды. Оны орындаған адамға сауап жазылады. Яғни ол жәннат ниғметтеріне бөленеді. Оны біліп тұрып орындамау күнә емес. Нәпіл ғибадатты, яғни әмір етілмеген ғибадатты орындау мүстаһаб амалға жатады. Сүннетті тәрк ету күнә болмағанымен, үзірсіз, бостан-бос тәрк етуді әдетке айналдыру күнәға жатады.

Мубах – орындау немесе орындамау сауап немесе күнә болмаған амал. Жеу харам болмаған нәрселерді тойғанға дейін ішіп-жеу мубах. Ал тойғаннан кейін ішіп-жеу харам. Харамнан сақтану сауап. Мұның сауабы парызды орындаудан да көп. Мәкрух істеу де күнәға жатады.

Харамды «халал» деген адам кәпір болады. Алкогольді ішімдікті, мәселен сыраны ішу, құмар ойнау, ата-анаға қарсы шығу, яғни олардың күнә болмаған бұйрықтарын орындамау, мұсылмандарды ренжіту, біреудің затын рұқсатынсыз алу – харам.

Мәкрухты «халал» деп атаған адам кәпір болмайды. Мидия, устрица, краб сияқты теңіз өнімін жеу, дәрет пен ғұсылда суды ысырап қылу мәкрух. Бір амалды «сүннет» деп атаған кезде муәккәд сүннет аңғарылады. «Мәкрух» деп атағанда да тахримән мәкрух аңғарылады.

Қарыз сұрау мубах. Қарыз беру мүстаһаб. Қарызды өтеу парыз. Қарыздар кедей кісіні қинамау уәжіп.

Өзіне қажетті діни білім алу әйелдерге де парыз. Басқаларға үйрететіндей дәрежеде артығымен білім үйрену парыз кифая. Одан көп үйрену мәндуб. Ілімімен мақтану мәкрух.

Сауда-саттықтың шарты болмаған, бірақ алушы мен сатушының біріне пайдасы тиетін қандай да бір нәрсені шарт қылып сату дұрыс емес, харам болады.

Әрбір адамға мойнына ең алғаш парыз болған амал – иман келтіру. Иманы жоқ адамдарды «кәпір» деп атайды. Ал иманды кісі «мұсылман» деп аталады.

Кейбір сөздер, кейбір іс-әрекеттер иманның кетуіне себеп болады. Мұсылман бола тұра иманның кетуіне себеп болатын бір нәрсе істеп, иманынан айрылған адамды «мүртәд» деп атайды. Мұсылман кісі мүртәд болса, иманымен бірге діни некесі де кетеді».

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages