|
Сәйид Фәхим (қуддиса сиррух) кемел адам еді. Шәкірттерінің ең үстемі – кемел әулие Сәйид Абдулхаким хазрет. 1300 жылы 17 жәмазиәл ахир, [м.1883] жылы сәуірде жазған хатында былай дейді: «Сүйікті, құрметті Сәйид Ибраһим және Сәйид Таха! Аллаһу та'ала екеуіңе де саламаттық берсін! Сендерге көп дұға еткеннен кейін айтарым, білгендеріңдей бауырларың Сәйид молда Абдулхаким өткен күзде осында келген болатын. Дәріс оқып білім ала бастаған еді. Бұл пақыр да оның дәрсін өте мұқият түрде дұрыстап үйреттім. Ол дәрісте де, өз сабақтарында да осылай мұқият әрі беріліп оқыды. Білімнен басқа нәрсеге қарауға уақыт бермедім. Қазір ол заманымыздағы әдістер бойынша кітаптарды бітірді. Бұл пақыр себеп ғылымдарын және фиқһ, хадис білімдерін оқыту үшін ұстаздарымнан қалай оқып бітірген болсам, оны да солай оқытып шықтым. Сендер оған бұдан былай бауыр ретінде қарамаңдар. Білімге деген құрметті сақтау үшін оған кішіпейіл болыңдар! Мұны сендердің жақсылықтарың және асқақтауларың үшін жазып жатырмын. Сонымен қатар білімге кішіпейіл болу – Аллаһу та'алаға кішіпейіл болу деген сөз. Бұл қысқа жазбамнан көп нәрсе түсініңдер! Әссәйид Фәхим (рахимә-һуллаһу та'ала)». Екінші хатында былай жазған: «Сүйікті ұлым, көзімнің нұры Сәйид молда Абдулхаким! Саған шексіз дұғаларымды білдірген соң айтарым, ұзақ уақыттан бері сенен хабар алмағаныма көңілім түсіп мұңаюдамын. Аллаһу та'ала барлық жасырын нәрселерді біледі. Ол куә, көңілім әр уақытта сенімен бірге деп айта аламын. Мені бұл мұңнан құтқару үшін көрінер-көрінбес хәлдеріңді жиі-жиі білдіруің керек! Осылайша сүйіспеншілік баулары арта түседі. Егер көзімнің нұры бұл жақтағы пақырдан сұрайтын болса, Аллаһу та'алаға шүкір мен мақтау болсын! Денеміздің және айналамыздың рахаттығы мен саламаттығы күн сайын артуда. Аллаһу та'ала біз пақырлардың және бүкіл бауырларымыздың жүректеріне саламаттық берсін! Әмин. Абдулхамидке, Хасанға және Сәйид Ибраһимге бұл пақырдың дұғаларын жеткізіңіз! Таха мырза мен Мазхар мырзаға дұға етемін. Кімді лайықты деп санасаңыз, бұл пақырдың дұғаларын жеткізуге өкілімсіз. Одан бөлек Нехридегілердің бәрінің дұрыс-бұрыс хәлдерін жазыңыз. Сондай-ақ настурилердің шектен шығып төрт жүз мұсылманды өлтіргенін естідік. Олардың не істегенін және не үшін істегенін де хабар беруіңізді қалаймын. Уәссәләм, 3 қаңтар, 1301 жыл. Тілекшіңіз, күнәһар Сәйид Фәхим». Сәйид Абдулхаким хазреттің бауыры Сәйид Таха хазретке жазған бір хаты мынадай: «Мүбәрәк бақшаның жас көшеті Таха мырза! Әдемі жазылған хатыңыз келді. Сүйікті ұлымның және жақындарының сау-саламатта екенін хабарларған соң нағыз үміткердің сұрауын, қалауын да хабарлағаны себепті бізге қатты ұнады. Шумақ: Бұл әбілхаят суын тастап кету маған жараспайды. Аллаһу та'ала бұл шөлін әрдайым арттыра берсін! «Рабытада ұстаздың бейнесін елестеткенде дәл өзі болуы қажет пе?» деп сұрапсыз. Сүйікті балам, дәл өзі болуы қажет емес. Рабытаның мақсаты бейнесіне байлану. Бейнесін ойлау. Одан көмек күту. Белгілі бір бейнені елестету, тану қажет емес. Ақиқатында рухтың белгілі бір бейнесі жоқ. Ол қиялданған, ойға келген бір бейнеде, кейіпте көріне алады. Рух өзі байланған, жақсы көрген денесіне үйреніп қалғандықтан, көбінесе сол дененің кейіпінде және әр түрлі күйлерде көрінеді. Қай бейнеде және қай күйде көрінсе де, егер әдемі, жағымды, сүйікті болып көрініп, махабат пен шаттықты арттырса, рахмани екені аңғарылады. Қолыңнан келгенше сол бейнеге деген қалауың мен сүйіспеншілігіңді арттыруға тырыс! Оның алдында өзіңді жоқ қыл! Бейне егер жаман, қорқынышты және үрейлі болса, бұл шайтани көріну. Оған қарама! Жоғалып кетсін. «Зікір еткенде ойға келетін басқа нәрселерден құтылу үшін не істеу керек?» деп сұрапсың. Құрметтім, ондай ойлар екі жолмен Аллаһу та'аланың қалауымен жоқ болады, кетеді. Рабытада көрінген бейнеге толықтай байлану арқылы немесе зікірді ынтамен жасау, қатты берілу арқылы және бүкіл күші мен сезімдерін жүрек тұсына жинақтау арқылы кетеді. 18 қазан, 1308 жыл». 158, 288, 289, 290, 393, 394, 395, 411. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |