ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 18

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 28, 2026, 5:28:05 AMOct 28
to islam...@googlegroups.com

Екінші бөлім (5)

Бір амалды екі, үш немесе төрт мазһабтың бір-біріне қайшы келетін сөздері бойынша орындау сол мазһабтардың ижмасын бұзады. Ол амал сол мазһабтардың ешбірі бойынша сахих болмайды. Яғни «Тәлфиқ» (мазһабтардың жеңілдіктерін жинау) рұқсат емес. Қасым бин Қатлұбәға «Тасхих» кітабында былай дейді: «Бір амалды екі әртүрлі ижтиһад бойынша орындаудың сахих болмайтыны бір ауыздан хабар берілді. Сондықтан дәрет алғанда басты толық мәсіһ етпеген адам итке тигеннен кейін намаз оқыса, бұл намазы сахих болмайды. Ондай намаздың бір ауыздан сахих емес екені шафии ғалымдарынан Шихабуддин Ахмед бин Имадтың (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Тәуфиқул-хуккам» кітабында да жазылған». Жоғарыда аталған адам басын толық мәсіһ етпегендіктен Имам Малик (рахметуллаһи та'ала алейһ), итке үйкелгені үшін Имам Шафии (рахметуллаһи та'ала алейһ) оның дәреті мен намазы сахих болмайды деді.

Ханафи ғалымдарынан Мұхаммед Бағдади (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Тақлид» рисаласында былай дейді: «Басқа мазһабты тақлид ете алу үшін үш шарт бар: Бірінші шарт, Ибн Хумам «Тахрир» кітабында жазуы бойынша, өз мазһабы бойынша бастаған амалды басқа мазһаб бойынша аяқтай алмайды. Мысалы, Ханафи бойынша алған дәретпен шафии бойынша намаз оқи алмайды. Екінші шарт, Ибн Хумам «Тахрир» кітабында Ахмед бин Идрис Карафиден алып жазуы бойынша, тақлид еткен екі мазһаб та бұл «Мүләффақ» амалға сахих емес демеуі керек. Дәрет алғанда шафии бойынша мүшелерін ысқыламаса және малики бойынша некеге алуы рұқсат болған әйелді ұстаса, бұл дәретпен оқыған намаз сол екі мазһаб бойынша да сахих болмайды. Үшінші шарт, мазһабтардың жеңілдіктерін жинамау керек. Имам Нәуәуи және көптеген ғалымдар бұл шартқа аса мән берген. Ибн Хумам бұл шартты айтпаған. Хасан Шәрнблали «Иқд-ул фәрид» кітабында былай дейді: «Ханафи бойынша уәлисіз немесе малики бойынша куәгерсіз қиылған екі некенің әрбірі сахих болады. Бірақ әрі уәлисіз, әрі куәгерсіз қиылған неке сахих болмайды». Қара халықтың бұл шартты орындауы өте қиын болғандықтан, сауатсыздардың басқа мазһабты зәрулік болмастан тақлид етуіне тыйым салынған. Бір ғалымнан сұрап үйренбестен тақлид етуі сахих болмайды делінген». Мұхаммед Бағдадидің жазбасы осы жерде тәмәм болды.

Исмаил Наблуси (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Дүрәр» шәрһін шәрһ еткенде «Иқд-ул фәрид» кітабынан алып былай дейді: «Адамның бір мазһабқа байланып қалуы шарт емес. Басқа мазһабты тақлид етіп амал етуіне болады. Бірақ сол амалдың сол мазһабтағы шарттарының барлығын орындауы қажет. Бір-біріне байланысты болмаған екі амалды басқа екі мазһаб бойынша басқа түрлі орындауына болады». Басқа мазһабты тақлид еткенде шарттарының барлығын орындау қажет дегені тәлфиқтың сахих емес екенін көрсетеді.

Ханафи ғалымдарынан Абдуррахман Имади (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Муқаддима» кітабында былай дейді: «Бір адам зәрулік болған кезде басқа үш мазһабтың бірін тақлид ете алады. Бірақ сол мазһабтың сол амалына қатысты шарттарының барлығын орындауы қажет. Мысалы, ханафи мазһабындағы адамның шафииды тақлид етіп нәжіс араласқан күлләтәйн мөлшеріндегі судан дәрет алғанда ниет етуі, реттілікті сақтауы, имамның артында «Фатиха» оқуы және тадил-и әрканды міндетті түрде орындауы қажет. Бұларды істемесе намазы дұрыс болмайтыны бір ауыздан хабар берілген». Басқа мазһабты тақлид ету үшін зәрулік кезінде болуын жазуы қажет емес еді. Бұл жерде зәрулік деумен қажеттілігі білдірілген болуда. Өйткені ғалымдардың көбінің айтуынша адамның әрдайым бір мазһабты ұстануы қажет емес. Өз мазһабын ұстанғанда хараж, машақат пайда болса, басқа мазһабты тақлид етуіне болады. Бұл жазбаларымыз тәлфиқтың сахих емес екенін көрсетеді.

Ибн Хумамның «Тахрир» кітабында тәлфиқтың сахих екенін көрсететін бірде-бір жазу жоқ. Мұхаммед Бағдади мен Имам Мунауи Ибн Хумамның «Фәтх-ул қадир» кітабында: «Ижтиһад және дәлелмен басқа мазһабқа ауысу күнә. Ондай адам жазаланады (тазир). Ижтиһад және дәлел болмастан ауысу одан да жаман. Ауысу – амалдарды, ғибадаттарды басқа мазһаб бойынша орындау деген сөз. Ауыстым деп айтумен болмайды. Бұған уәде ету дейді, ауысу делінбейді. Осылай сөз берумен сол мазһабқа бағынуы уәжіп болмайды. «Білмейтіндеріңді білетіндерден сұраңдар!» аяти каримасы ғалым екені мәлім болған [ғалым деп ойлаған] адамнан үкім сұрауды әмір етуде. Ғалымдардың мазһаб ауыстыруға тыйым салуы мазһабтардың жеңілдіктерін жинаудың алдын алу үшін. Ғалымдардың көбінің айтуынша әр мұсылман басқа басқа амалдарында өзіне жеңіл болған ижтиһадты ұстана алады» дегенін хабар берді. Сауатсыз адам Ибн Хумамның «Әр мұсылман әр ісінде өзіне оңай болған ижтиһадты ұстана алады» сөзі тәлфиқтың сахих екенін көрсетіп тұр десе, бұл түсінгені қате. Өйткені ол сөз бір амалды толықтай бір мазһаб бойынша орындауды көрсетеді. Бір амалды түрлі мазһабтар бойынша орындауды көрсетпейді. Мұны түсіне алмаған мазһабсыздар мен діндегі реформисттер Ибн Хумамды өздеріне өтірік куәгер қылып көрсетеді. Алайда Ибн Хумам «Тахрир» кітабында тәлфиқтың рұқсат емес екенін айқын жазған.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages