|
26) «Нур-ул Худа» кітабы 1005 [м.1597] жылы Қарақашзада Омар бин Мұхаммед Бурсауи Халвети тарапынан жазылып, шиилерге және хуруфилерге жауап беруде. Кітап 1286 [м.1867] жылы Стамбұлда басылған. Өзі 1047 [м.1638] жылы Эдирнеде қайтыс болды. 27) «Мәнақиб-и чихар йар-и гузин» кітабы түрік тілінде жазылып, асхаби кирамның (радиаллаһу анһум әжмаин) үстемдіктерін көркем түрде баяндаған. Сәйид Әйюб бин Сыддық Урмәуи жазған. Түрлі уақыттарда басылған. 1264 [м.1847] және 1418 [м.1998] жылдардағы Стамбұл басылымдары керемет. 28) Стамбұлда түрлі басылымдары шыққан түрік тіліндегі «Хақ сөздің дәлелдері» және «Асхаби кирам» кітаптарында шиилік түсіндірілген, ислам ғалымдарының оларға берген насихаттары ұзақ баяндалған. 29) Реинкарнацияға сенетіндердің және «Аллаһ адамға кірді» дейтіндердің кәпір екені «Бәриқа» және «Хадиқа» кітаптарында жазылған. 30) Юсуф Нәбхани «Шәуаһид-ул хақ» кітабының соңғы бөлімдерінде шиилерге дәлелдермен жауап берген. 31) Сәйид Ахмед Дахлан (рахметуллаһи алейһ) «Әл-фәтхул мубин» кітабында шиилерді теріске шығарған. Бұл кітабы Сувәйдидің «Хужәж-и қатийя» кітабының соңына қосылып басылған. 32) Шах Уәлиуллаһ Деһлеуи (рахметуллаһи алейһ) «Изалә-тул хафа ән хилафатил-хуләфә» кітабында шиилерге күшті дәлелдермен жауап берген, хазреті Муауияны мақтаған. Бұл кітап парсы тілінде жазылып, урду тіліндегі аудармасымен бірге 1392 [м.1972] жылы Пәкістанда басылған. Екі томнан тұрады].
Үндістанның ұлы ғұламаларынан уәли-й кәмил Мұхаммед Масум Фаруқи мүжәддиди 29-шы хатының арасында былай дейді: Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламнан: «Йа, Мұса! Мен үшін қандай амал жасадың?» деп сұрады. Ол: «Йа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, зекет бердім және есіміңді көп зікір еттім» дегенінде Аллаһу та'ала: «Намаз оқу саған бурхан (дәлел). Ораза сені тозақтан қорғайтын қалқан. Зекет махшар күні бәрі ыстықта күйгенде саған көлеңке болады. Ал зікір сол күні қараңғыда саған нұр болады. Мен үшін не істедің?» деді. Мұса алейһиссалам: «Йа, Раббым! Сен үшін жасалатын амал қандай?» деп сұрады. Сонда Аллаһу та'ала: «Сүйген құлымды мен үшін жақсы көрдің бе және дұшпанымды дұшпан деп білдің бе?» деді. Мұса алейһиссалам Аллаһу та'аланың сүйікті амалының Оның достарын жақсы көру және дұшпандарын жақсы көрмеу екенін түсінді. Аңғарылғанындай сүйіктінің жақсы көргендерін жақсы көру және дұшпандарына дұшпан болу сүйіспеншіліктің белгісі. Бұл достық пен дұшпандық жақсы көретін адамның қолында емес. Өздігінен пайда болады. Алайда басқа ғибадаттарды орындау үшін ынта мен ниет ету қажет. Достың сүйіктілері адамға жағымды көрінеді. Ал дұшпандары жағымсыз көрінеді. Дүниедегі сүйіспеншіліктің де осындай екені баршаға мәлім. Адам біреуді жақсы көремін дегенде оның дұшпандарын өзіне дұшпан деп білмейінше оған сенуге болмайды. Оның мұнафиқ (екі жүзді) екені аңғарылады. Шәйх-ул ислам Абдуллаһ Ансари айтқан: «Әбул Хусейн бин Сәмун бір күні ұстазым Мұхаммед Хусриді ренжіткен еді. Сол күннен бері оны жақсы көрмеймін. Біреу ұстазыңды ренжітсе, ал сен ол адамға ренжімесең, иттен төмен боласың». Аллаһу та'ала «Мумтәһинә» сүресінде айтады: «Ибраһим алейһиссалам және сахабалары кәпірлерге «біз сендерден және пұттарыңнан аулақпыз. Сендерге сенбейміз. Сендердің жалғыз Аллаһқа сенгендеріңді аңғарғанымызша арамызда дұшпандық болады» деді. Олардың осы көркем жағдайлары сендерге үлгі болуы керек». Кейінгі аяти каримада: «Аллаһу та'алаға және ахирет күніне сенгендерге бұл жерде әдемі үлгі бар» деген. Бұл аяти карималардың көрсетіп тұрғаны иман иесі болу үшін осы дұшпандық шарт әрі Аллаһу та'аланың дұшпандарын жақсы көру иманды жоқ қылады. Демек сүйіктінің дұшпандарын жақсы көрмеу қажет. Рафизилер осы жерде алдануда. «Хазреті Әлиді жақсы көру үшін асхаби кирамға дұшпан болу керек» дейді. Олардың түсінбейтіні, сүйіктінің дұшпандарына дұшпан болу қажет, достарына емес! Расулуллаһтың сұхбатына қатысумен абыройланғандар бір-бірін қатты жақсы көретін. Олар бір-біріне емес, кәпірлерге дұшпан еді. «Фәтх» сүресінің жиырма тоғызыншы аяти каримасында: «Олар кәпірлерге дұшпан, ал бір-біріне мейірімді еді» делінген. Бұл аяти карима сөзімізді дәлелдеуде. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |