АСХАБИ КИРАМ – 91

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 24, 2024, 5:17:58 AM (3 days ago) Jul 24
to islam...@googlegroups.com

СӘЙИД АБДУЛХАКИМ ХАЗРЕТТІҢ ӨМІРБАЯНЫ 1281 [м.1865] — 1362 [м.1943]

Осы «Асхаби кирам» (алейһимурридуан) кітабын ұлы ғұлама Ахмед Фаруқи Сәрһәнди (рахметуллаһи алейһ) дайындаған және Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет шәрһ еткен.

Бірнеше материалдық білімнің аясында шектеліп, ұлы ғұламалардан және олардың туындыларынан, әсіресе ислам дінінің Бәни Исраил пайғамбарларына (салауатуллаһи та'ала алейһим әжмаин) ұқсатылған өте көп және өте жоғары дәрежелі ғалымдарынан, әулиелерінен хабары болмаған, діни білімі ретінде ата-анамыздан естіген, бірақ айналамызда соққан борандар ұшырып азайып жатқан, аздаған капиталдан басқа ештеңесі жоқ болған біздерге әрбірі құндылық, ізгілік қазынасы және мәңгілік бақыт есігінің кілті болған сансыз ислам кітаптарының атауларын естірткен және олардың рухани ауруларға дауа болатын жазбаларын оқу, түсіну бақытына кенелткен, Аллаһу та'аланың түркі тілдес елдеріне берген үлкен сыйы, кәпірлер мен мүртәдтардың өтірік, жылтырақ сөздеріне алданып мәңгілік пәлекетке жетеленген бейкүнәлардың құтқарушысы, Аллаһу та'аланың бар екенін пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үстемдігін, иман мен исламның ақиқатын, көзқарастары бұзылған ауруларға ішкізіп, жастарға шипа ұсынған руханият маманы және жүректерді қарайтатын, ата-бабамыздың киелі жолын жапқан, күпір мен дінсіздік бұлттарын тарқататын салқын таңғы желі, иман қайнарларын толықтай жапқан дінсіздік түнегін көкжиектен кетірген, білім мен марифат күні, төрт мазһабтың егжей-тегжейін, әулиелердің ұлылығын меңгерген сәйид Абдулхаким хазреттің (қуддиса сиррух) кітаптарын оқу нәсіп болған бақыттыларға осы дүние мен ахирет бақытының жетекшісінің өмірбаянын қысқаша ұсыну және естелігін жәдігер етіп қалдыру жөн көрілді.

Сәйид Абдулхаким бин Мұстафа (қаддәсаллаһу та'ала әсрараһума) софия-и алия ұлыларынан және білімімен амал етуші ғұламалардың кәмілдерінен болып, діннің қадірін арттырушы, білімнің таратушысы, жомарттықтың нұры, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жолының шариғатын жандандыруға жан-тәнімен беріліп, бар мал-мүлкін жұмсаған, теңдесі жоқ үстем, көркем мінезді тұлға еді.

Ван облысының Башқала ауылында 1281 [м.1865] жылы дүниеге келді. Мың үш жүзінші хижри жылының басында ижазат [яғни диплом] алды. Илм-и сарф, нахв, логика, мүназара, уади, баян, мәани, бәди, кәлам, усул-и фиқһ, тәфсир, тасаууф, нусх-и лил-мүслимин, ифта-и аләл мазһабин, улум-и хикмия, яғни хикмет-и табиия [физика, биология], хикмет-и илаһия, риязия, яғни есеп-қисап, геометрия, астрономия секілді улум-и захирия білімдерін ғұлама сәйид Фәхимнен (қуддиса сиррух) алғанындай, тағы да тасаууфтың Мүжәддиди, Қадири, Кубрауи, Сухрауарди, Чәшти бөлімдерін де оқып бітірген. Әкесінің әкесі сәйид Мухиддин. Оның әкесі сәйид Мұхаммед. Ал оның әкесі сәйид Абдуррахман сәйид Фәхимнің әкесінің әкесі (рахметуллаһи алейһим әжмаин). Аталарының он екі имамнан Әли Риза бин Мұса Казымға (рахимә-һумуллаһу та'ала) тірелетіні Ирактағы шариғи бас соттың мұрағатында жазылуымен қатар, сәйид Абдулқадир Гейланидың (радиаллаһу анһ) немересі сәйид Абдурраззақтың (қуддиса сиррух) мүбәрәк қол жазбасымен де расталған.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages