|
Британдықтар ғасырлар бойы ислам мемлекеттерін қанға бояумен шектелмей, шотландтық масондар мыңдаған мұсылманды және дін адамдарын алдап масон қылған, «Адамзатқа көмек, бауырластық» секілді сөздермен қуана-қуана діннен шығуына, мүртәд болуына себеп болған. Ислам дінін түбегейлі жою үшін осы секілді мүртәд масондарды қолшоқпар ретінде қолданған. Осылайша Мұстафа Рашид паша, Әли паша, Фуад паша, Мидхад паша, Талат паша, Жәмал паша және Әнуар паша секілді масондарды ислам мемлекеттерін құлатуда қолдануымен қатар Жәмаладдин Ауғани мен Мұхаммед Абдух секілді масондар және жетілдірген шәкірттері ислам білімдерін бұзуға, жоюға құрал болған. Бұл масон дін адамдары жазған жүздеген бұзушы, жоюшы діни кітаптардың арасында мысырлық Рашид Рызаның «Мухауәрат» кітабы араб тілінен әртүрлі тілдерге аударылып, ислам елдеріне таратылуда, мұсылмандардың діндері мен имандарын бұзуға тырысуда. Әһли сүннет ғалымдарының (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) кітаптарын оқымаған, түсіне алмаған бірнеше жас дін адамының осы ағысқа түсіп пәлекетке жетеленгені және басқалардың да пәлекетке түсуіне себеп болғаны байқалуда. «Мухауәрат» кітабы 88-ші бетте аталып өткен. Бұл кітапта әһли сүннеттің төрт мазһабына тиісуде, ислам білімдерінің төрт қайнарының бірі «Ижма-и үммет» жоққа шығарылуда, «әркім Кітаптан, Сүннеттен өз түсінгенімен амал етуі керек» делінуде. Осылайша ислам білімдерін түбінен құлатуға тырысуда. Мұсылман бауырларымызға бұл кітаптың қателігі мен зияндарын жеткізу үшін «Дін адамдары бөлуші болмайды» кітабын дайындап, түрік, ағылшын және араб тілдерінде басып шығардық. Одан бөлек ұлы ислам ғалымы Абдулғани Наблусидің (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Хуласат-ут тахқиқ фи-баяни хукм-ит тақлид уәттәлфиқ», Юсуф Нәбханидің (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Хужжәтуллаһи аләл аләмин», Мұхаммед Хаят Синдидің «Ғаят-ут тахқиқ» рисаласы және Үндістан ғалымдарынан Мұхаммед Абдуррахман Силхәтидің (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Сәйф-ул әбрар» кітаптарының сол зиянды кітапқа толық жауап екенін көріп, осы төрт кітапты да офсеттік баспамен көбейтіп басып шығардық. «Хуласат-ут тахқиқ» соңында былай дейді: «Мұсылмандар не мүжтәһид болады, не ижтиһад дәрежесіне көтерілмеген болады. Мүжтәһид те не «Мутлақ мүжтәһид» болады, не «Муқайяд мүжтәһид» болады. Мутлақ мүжтәһидтің басқа мүжтәһидке еруіне болмайды. Оның өз ижтиһадын ұстануы қажет. Ал муқайяд мүжтәһидтің бір мутлақ мүжтәһидтің мазһабының усулдеріне бағынуы уәжіп. Бұл усулдерге бағынып шығарған өз ижтиһадын ұстанады. Мүжтәһид болмағандар төрт мазһабтан қалағанын ұстанады. Бірақ бір амалды бір мазһаб бойынша орындағанда сол мазһабтың бұл амалдың сахих болуы үшін шарт еткен нәрселерінің барлығын орындауы қажет. Бұл шарттардың бірін орындамаса, ол амалы сахих болмайды. Ол амалдың өтпейтіні (қате болатыны) бір ауыздан хабар берілген. Бір мазһабтың үстемірек екеніне сенуі шарт емес, дегенмен әркімнің өз мазһабының үстем екеніне сенуі жақсы болады. Бір ғибадатты немесе амалды орындағанда бірнеше мазһабты «Тәлфиқ ету», яғни ол амалды осы мазһабтың бір-біріне қайшы болған сөздері бойынша орындау төрт мазһабтан шығу және бесінші мазһаб шығару болып саналады. Ол амал араластырып жіберген мазһабтарының ешбірі бойынша сахих болмайды, қате болады. Дінді ойыншық қылған болады. Сондықтан «Хауз-и кәбир»-ден аз болған және кулләтәйн деп аталатын мөлшерден аз болмаған бір судың ішіне нәжіс түскен, судың түсі, иісі немесе дәмі өзгермеген болып, бұл сумен дәрет алғанда ниет етпейтін болса, дәрет мүшелерін ретімен жумай, ысқыламай, бірінен соң бірін ретімен жылдам жумаса, бисмиллаһпен бастамаса, оның дәреті төрт мазһаб имамдарының ешбірі бойынша сахих болмайды. Бұған сахих деген адам бесінші мазһаб ойлап шығарған болады. Тіпті мүжтәһидтің төрт мазһабтың сөз бірлігіне сай болмаған бесінші сөз айтуы рұқсат емес. [Жоғарыда аталған «Кулләтәйн» мөлшеріндегі судың не екенін «Саадәти Әбәдия» кітабында ұзақ түсіндірілген]. Садр-уш шәриа «Таудих» кітабында былай дейді: «Бір амалды орындаудың асхаби кирамнан екі түрлі хабары келген болса, кейіннен келгендердің бөлек үшіншісін айтуы бір ауыздан рұқсат емес. Әр ғасырдың ғалымдары да асхаби кирам секілді дегендер болды». Молда Хусрев (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Мират-ул усул» кітабында былай дейді: «Бір істің орындалуында бірінші ғасырдың ғалымдарынан бір-біріне ұқсамайтын екі хабар келген болса, бұл амалға қатысты үшінші сөз айтудың рұқсат емес екені ижмамен хабар берілді. Әр ғасырдың ғалымдарының асхаби кирам секілді екенін айту сахих». Жәлаләйн тәфсирінің алғашқы авторы Жәлаледдин Михалли Суютидің «Жәмиул Жәуами» шәрһінде былай дейді: «Ижмаға қарсы шығу харам. Аяти каримамен тыйым салынған. Сондықтан сәләф бір келісімге келмей түрлі қылып айтқан амалына қатысты үшінші сөз айту харам болады». |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |