АСХАБИ КИРАМ – 143

4 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Apr 26, 2025, 6:58:28 AM4/26/25
to islam...@googlegroups.com

ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФИТНА (13)

Үлкен ғалым Сәйид Абдулхаким Арваси (рахметуллаһи алейһ) «Асхаби кирам» кітабында жазғаныдай, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әһли бәйті үшке бөлінеді: Қан, тек арқылы туыс боғандар. Әпкелері осындай. Екіншісі пәк жұбайлары. Үшіншісі жұбайларының шаштарын тарау, астарын әзірлеу, бөлмелерін тазалау, киімдерін жуу және үй тірліктерін атқару үшін әрдайым үйлерінде болған қызметші әйелдер. Сырттағы жұмыстарды атқаратын, мешітте азан айтатын Билал, Салман, Суһәйб те бақыт үйінен ішіп-жейтін еді. Хазреті Фатима мен қияметке дейін балалары, ұрпақтары әһли бәйт саналады. Оларды күнәһар болса да жақсы көру қажет. Оларды жақсы көру, жүрекпен, денемен және мал-мүлікпен көмектесу, құрметтеу және қадірлеу иманмен өлуге себеп болады. Сирияның Хама қаласында сәйидтерге арналған қазылық бар еді. Мысырдағы Аббаси халифалары дәуірінде хазреті Хасанның (радиаллаһу та'ала анһ) балаларына «Шәриф» атауы беріліп, ақ сәлде тағуы, хазреті Хусейннің (радиаллаһу та'ала анһ) балаларына «Сәйид» атауы беріліп, жасыл сәлде тағуы арқылы белгіленді. Бұл мүбәрәк әулеттен туылған мүбәрәк балалар екі куәгерімен қазының алдында тіркеуге алынатын. Сұлтан Абдулмәжид хан (рахметуллаһи алейһ) дәуірінде масон Рашид паша бұл қазылықты алып тастады. Тексіздер және мазһабсыздар да сәйид атана бастады. Жалған сәйидтер әр жақта шығып тарай бастады. «Фәтауәл-хадисия» кітабында жазылғанындай: «Садри әууәлде әһли бәйттен болғандардың барлығына шәриф делінетін. Мысалы шәриф Аббаси, шәриф Зәйнәли делінетін. Фатими сұлтандары шии еді. Тек Хасан мен Хусейн ұрпақтарына шәриф деді. Мысырдағы түркмен сұлтандарынан Әшрәф Шабан бин Хусейн 773 [м.1371] жылы сәйидтерді шәрифтерден ажырату үшін жасыл сәлде тағуды әмір етті. Бұл әдеттер барлық жерге жайылғанымен, мұның шариғи бір қадірі жоқ». «Мират-и каинат» кітабында, «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабының түрікше аудармасында және Заркани шәрһінде жетінші мақсаттың үшінші бөлімінде осы тақырыпта түсіндірме бар.

ҚОСЫМША: Әһли сүннет болмағандар қазіргі таңда еліміздегі мұсылмандарды алдауға тырысуда. Хазреті Әлимен соғысқандарды, әсіресе хазреті Муауияны жамандау үшін ислам ғалымдарының кітаптарынан дәлел таба алмауда. Аббаси тарихшыларының жағымпаздану, мал-мүлік пен мансапқа қол жеткізу үшін ойдан шығарған аянышты хикаяларына өздері де қосымшалар енгізіп, мұсылман балаларын алдауға кірісуде. Түрік тіліндегі «Қысас-и Әнбия» кітабындағы жазбаларды да өзгертіп, өздеріне жалған куәгер қылуда. Еліміздегі мұсылмандарды айыру және бауырды бауырға дұшпан қылуды көздеген опасыздардың қалай жала жапқандарын, өтірік айтқандарын көрсету үшін Қысас-и Әнбиядан бірнеше қатарын қадірлі оқырмандарымызға жеткізуді жөн көрдік:

«Қысас-и Әнбия» кітабының жетінші том, 107-ші бетінде жазылған: «Хазреті Хасан (радиаллаһу анһ) көп үйленіп, көп ажырасатын болған. Алған қыздары оған ғашық болатын. Жұбайы Жадә онымен ажырасатынын ойлап, уайымдап, хазреті Хасанды улады». Аңғарылғанындай хазреті Хасанды әйелі Жадә қызғаныш себебімен улаған. Мазһабсыздар айтып жүргеніндей Муауияның (радиаллаһу та'ала анһ) бұл істе ешқандай айыбы мен хабары жоқ.

Жүз тоқсан үшінші бетінде былай делінген: «Хижреттің алпысыншы жылы хазреті Муауия ауырып қалды. Баласы Язидті шақырды. Оған ұзақ насихат айтты. Сол кезде «Куфа халқы хазреті Хусейнді саған қарсы шығаруы мүмкін. Оны жеңетін болсаң оны кешір! Сый-сияпат көрсет! Ол бізге өте жақын. Мойнымызда үлкен ақысы бар және ол Расулуллаһтың немересі» деді». Муауияның (радиаллаһу та'ала анһ) әһли бәйтке деген сүйіспеншілігі мен құрметі осы сөздерінен өте жақсы аңғарылады.

Хазреті Муауияның ауруы асқынғанда: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған бір көйлек кигізген еді. Берекеттену үшін оны осы күнге дейін сақтадым. Тырнақтары мен мүбәрәк шашының қылдарын бір ыдыста сақтаған едім. Өлген кезімде сол көйлекті маған кигізіңдер! Сол тырнақ пен мүбәрәк шашын көзіме, аузыма қойыңдар. Бәлкім соның құрметіне Аллаһу та'ала мені кешіріп қалар» деді.

Жүз тоқсан төртінші бетінде былай делінген: «Хазреті Муауия ұзын бойлы, ақ тәнді, айбатты, өте сабырлы және өте жұмсақ мінезді еді. Жұмсақтығы әйгілі болып кеткен. Бір күні алдына бір адам келіп, ауыр, дөрекі әрекеттер жасады. Хазреті Муауия ештеңе айтпады. «Осыған да сабыр етесіз бе?» делінгенде: «Сұлтандығымызға тиіспейтіндердің сөзіне мән бермейміз» деді».

Жүз тоқсан бесінші бетінде былай жазылған: «Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Муауияның басқаруын жамандамаңдар! Өйткені Одан айрылсаңдар, бастардың шабылғанын және жерге түскенін көресіңдер» деген».

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages