Жұма мүбәрәк болсын!

32 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Apr 24, 2025, 8:17:19 AM4/24/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің сыры

Кәрі бір ғалымнан ұзақ өмір сүруінің сырын сұраған кезде, ол: «Біз екі күнде үш рет тамақ жейміз. Тағамдарды жақсылап пісіреміз, жақсылап шайнап болмағанша жұтпаймыз, қарын ашпай тұрып ештеңе жемейміз, тәбетіміз әлі бар кезде дастарханнан тұрамыз. Таңғы асты ерте жейміз, кешкі асты кеш жейміз, тоқ қарынға ұйықтамаймыз» деді.

 

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

«Денсаулық үшін және ұзақ өмір сүру үшін жұбайына қажеттілік кездерінде ғана жақында. Жыныстық қатынастың көп болуы денеге, аз болуы рухқа зиянын тигізеді. Айына бір рет ішті өткізетін бір нәрсе қабылда, жылына бір рет қан алдыр.»

Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды, қанды қоюлатуы мүмкін. Бос жүрмеу керек, бір іспен айналысу керек.

Ауруға себеп болатын мына нәрселерден сақтану қажет:

Түнде аз, күндіз көп ұйықтау, тоқ қарынға тамақ жеу, дәретхана қажеттілігі туындағанда зәрді ұстау және жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсу.

 

Мына уақыттарда су ішпеу керек:

Моншадан шыққан кезде, ұйқыдан оянғанда, жимадан (әйелімен қосылғаннан) кейін және терлеп тұрған кезде.

Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Үш демде бір ішу керек. Тыныс алғанда демді суға емес, стаканның сыртына шығару керек. Өте мұздай су ішпеген жөн. Түнде ұйқыдан оянған кезде су ішу денсаулыққа зиян.

Аяқта түрегеп тұрғанда және жүріп баражатқанда ештеңе жемеу керек. Хадис шәрифте: «Адамның жүрегі егістіктегі егін сияқты. Ал тамақ жаңбыр сияқты. Шамадан артық су егінді шіріткені сияқты, көп тамақ жеу де жүректі өлтіреді» делінген. Көп тамақ жеу – аурулардың басы, емдәм ұстап аз тамақтану – шипаның көзі.

Асқазанның үште бірін тамаққа, үште бірін сусындарға ажырату керек. Қалған үште бірін ауаның үлесі қылып қалдыру керек. Тамақтанғаннан кейін тістерді мисуакпен тазалау сүннет. Аз тамақ жеу керек және аз ұйықтау керек. Тамаққа тойып, тоқ болып жатпау керек. Хадис шәрифте: «Тоқ болып жатпаңдар, жүректерің қатаяды» делінген. Сонымен қатар мүминнен қалған тамақта және жомарт адамның асында шипа бар. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүминнен артылған тамақ – шипа.» (Фәтәуа-и Күбра, әл-Мәдхал)

«Жомарт адамның тамағы шипа, ал сараңның тамағы ауру.» (Хатиб)

Гүлді иіскеген кезде салауат айту керек. Өйткені сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк тері гүлдің иісіндей хош иіс шығаратын еді. Хадис шәрифте: «Үш нәрсе денені қуаттандырады: әдемі иістер, жұмсақ матадан әдемі киім және бал жеу» делінген.

Медицина тұрғысынан зиянды болған нәрсеге діни тұрғыда да тыйым салынған. Қыстыгүні суықта қалып жаурау, жаздыгүні күн астында ұзақ қалып ауруға шалдығу күнә. Күннің ыстық сәулесі астында қалудың әсіресе көздің саулығына қауіпті екені, қатерлі ісікке себеп болатын ультра күлгін сәулелерінің озон қабатынан сүзілмей келетіндігі білдірілген. Хадис шәрифте былай делінген:

«Күн астында ұзақ тұрмаңдар! Күн сәулесі киімді тоздырады, түссіздендіреді, ауруларға да жол ашады.» (Хаким)

 

Ғасырлар бұрын өмір сүрген бір дәрігер былай деген:

Ауырмай тұрып дәрі қолданбау керек!

Өз сабағында жетіліп піскен жемістерді және жас малдың етін таңдаған жөн!

Тамақ жақсылап піскен болу керек. Жеген кезде жақсылап шайнау керек! Көңіл қалаған тағамдарды жеу керек!

Тоқтық ұмытшақтыққа жол ашады. Жүректі соқыр қылады.

Тамақ алдында су ішпеу керек. Тамақтанғаннан бір сағат өтпегенше су ішпеу керек, өйткені денсаулыққа зиян.

Кіші және үлкен дәретті қысып ұзақ ұстамау керек! Дәретхана қажеттілігі туындаған кезде дереу бару керек. Өзен ағысын бекіткен кезде жиналған су айналаны қалай бұзатын болса, зәрді ұстап жүру де ағзаны бұзады.

Күндіз тамақтанғаннан кейін біраз ұйықтап алған жақсы болады!

Кешкі астан кейін аз болса да біраз серуендеместен ұйықтамау керек! Арабтарда «Таңғы астан кейін жатып мызғып ал, кешкі астан кейін серуенде» сөзі әйгілі. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады.» (Ибн Адий)

«Бір уыс жаман құрма жесеңдер де кешкі асты тәрк етпеңдер!» (Тирмизи)

Таңғы асты ішпестен сыртқа шықпау керек! Өйткені таңғы асты ішкен адам қарапайым және салмақты болады, сонымен қатар базарда көрген әр нәрсеге көңілі ауып кете бермейді.

Әһли хикмет ғұламаларының бірі толық бір кісіге ауыспалы мағынада: «Үстіңдегі барқытты кім тоқыды!» дейді. Ол: «Нанның өзін, жас мал етін жеумен, қоғажаймен майланып жұмсақ киім кию арқылы тоқылды...» деп жауап береді.

 

Төрт нәрсе денені қуаттандырады:

Ет пен бал жеу, әдемі иістер себіну, жыныстық қатынасқа түспей көп жуыну, жұмсақ матадан әдемі киімдер кию.

 

Төрт нәрсе денені әлсіретеді:

Көп ойлану, өте қышқыл нәрселер жеу, аш қарынға көп су ішу, көп жыныстық қатынасқа түсу.

 

Төрт нәрсе көзді қуаттандырады:

Сүрме жағу, жасыл түске, ағын суға және халал болған әдемі, сұлу адамның жүзіне қарау.

 

Төрт нәрсе көздің нұрын азайтады:

Ластыққа қарау, жазаланып жатқан адамға қарау, халал болса да әйелінің әдеп мүшесіне қарау, Құбылаға арқасын қаратып отыру.

 

Төрт нәрсе ақылды көбейтеді:

Шамадан артық және қажетсіз сөйлемеу, мисуак қолдану, салихтармен, ғалымдармен бірге болу, күнә істемеу.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 1, 2025, 8:17:23 AM5/1/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Тәкәппар адамның жанашыры жоқ!

Тәкәппарлық – ауру, әрі өте қауіпті ауру. Өйткені денемізде туындаған аурулар өткінші, дүние өмірімен байланысты. Өте ауыр болса да, ақыр соңында өткінші өміріміздің үзілуіне себеп болуы мүмкін.

Біз онсыз да бұл дүниеде қонақ емеспіз бе? Бұл жерде мәңгі қалу үшін жіберілмедік қой! Үш-бес күндік өмір ғана... Ниғметтер өткінші болғанындай, қиыншылықтар да өткінші. Тәкәппарлық ауруын қауіпті қылатын нәрсе – оның мәңгі өмірде беретін қиыншылықтары. Не болса да өткінші болғандарға емес, мәңгі қалатындарға мән беру керек.

Керемет айтылған сөз: «Тәкәппарлық – бәле, ауру, бірақ ешкімнің оған жаны ашымайды. Ал қарапайымдылық – ниғмет, ешкім оны қызғанбайды (көре алмаушылық танытпайды)».

Біреудің басына қиыншылық келсе, дұшпандары қуанады, ал достары мұңаяды, оған жанашырлар табылады, бірақ тәкәппарлық ауруына ешкімнің жаны ашымайды. Ниғметтер келгенде де көре алмайтындар шығады, бірақ қарапайымдылық ниғметін қызғанатындар жоқ.

Ауруды емдей алу үшін алдымен сол ауруға себеп болған микробты анықтап, оны бейтараптандыру қажет. Болмаса ауруды емдеу мүмкін емес. Тәкәппарлық ауруына шалдықтыратын себептер өте көп, олардың ең маңыздылары төмендегілер, олардың біреуі немесе бірнешеуі бойында бар адамға, егер нәпсі де тәрбие көрмеген болса, ауру келді деген сөз.

Біріншісі: Білім иесі болу, білім алудан бұрын әдептілікті үйренбеген болса бұл қауіпті. Өйткені білімдегі өркөкіректік пен тәкәппарлық мансаптан, абыройдан және ақшадан көбірек. Бұрынғы замандарда ғұламаларымыз әуелі әдептілікті үйрететін, кейіннен білім беретін.

Ғалым болғандар шынайы мағынасында Аллаһу та'аладан қорқатындар. Алдымен адам өз-өзін тануы керек. «Өзін таныған адам Раббысын таниды» делінген. Адам өзін таныса, барлық нәрсеге шамасы жетпейтінін түсінеді, әлсіздігін біледі, осылайша қарапайым адам болады. Раббысын таныған адам кибрия (тәкәппарлық) және азамәттің (ұлылықтың) тек қана Оған лайықты екенін түсінеді.

Тақуа болмай тұрып білім иесі болудың ешбір қадірі жоқ. Тек қана білім адамды қадірлі қылса, шайтанды қадірлі ететін еді. Шайтанның білімі өте көп болған.

Екіншісі: Сұлулықпен мақтану. Мұның емдеу жолы тек сыртқы келбетке емес, ішкі дүниесіне де қарау. Ішкі дүниесіне қараған кезде сұлулығымен мақтануына көлеңке түсіретін бірқатар ұсқынсыздықтарды байқайды. Бүкіл мүшелерінде ластық бар. Күніне бір немесе екі рет нәжісін өз қолымен тазалайды.

Үшіншісі: Күш-қуатына сеніп тәкәппарлану. Көзбен көре алмайтын өте кішкентай микробтардан жеңіліп ауру болатын, шынашағындай шаянның шағуымен күндер бойы қиналып жататын, тіпті өте улы болса өліміне де себеп болатын адам қай күшіне сенеді?

Төртіншісі: Байлығымен, дүние-мүлкімен, жанұясының үлкендігімен және адамдарының көптігімен жасалатын тәкәппарлық. Бұлар сұлулық, күш-қуат және білім секілді өзінің бойында болмаған нәрселермен тәкәппарлану, бұл тәкәппарлықтың ең жаманы.

Демек құлдың міндеті кім болса да ешкімнің алдында тәкәппарланбау. Емделуі қиын болса да, міндетті түрде емін қолдану керек, әйтпесе басымызға келетін қиыншылықтарға көнуге мәжбүр боламыз.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 8, 2025, 8:00:15 AM5/8/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Йа, Раббым, елімізді қымбатшылықтан қорға!

Әлемде дертсіз, қиыншылықсыз адам жоқ. Дүние мұсылманға рахаттық мекені емес. Азапталу орны да емес. Негізгі рахаттық пен азап мекені – ахирет. Дүние – ахиреттің егістігі. Яғни дүние дегеніміз табыс табатын орын. Дүниеде не егілсе, ахиретте соның өнімі, жемісі беріледі. Әр ниғмет бір қиындықтың өтемі. Қиындық ауыр келеді. Дүниеліктен келген қиындықтың бәрі мұсылманның көңілін дүниеге суытып алыстатады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Сондай күнәлар бар, оларды тек күнкөрісте көрген қиыншылықтар жоя алады». (Хатиб)

«Құлдың күнәлары көбейіп, оны жоятын жақсы амалы болмаса, оған қиыншылықтар келіп, күнәларына өтем болады». (И. Ахмед)

Күнкөріс қиыншылығы болса да, басқа қиыншылықтар болса да, сабыр ету керек. Сабыр етпеу ештеңені жөндемеуімен қатар, ашуланып, жан-жақты қырып жіберу одан үлкен зияндарға себеп болады. Бір мұсылманның аяғына тікен кіріп кетсе немесе үйінде бір пиала сынса, бұл оның күнәларына өтем болады. Сондықтан да барлық қиыншылықтарға, қайғыларға шыдау үлкен ниғмет болады...

Бұрынғылар «Йа, Раббым, елімізді қахт-у ғаладан сақтай көр» деп дұға ететін. «Қахт» - жоқшылық, «Ғала» - қымбатшылық деген сөз. Бір заттың жоқ болуы оның қымбат болуынан жаман. Қазір мұндай дұғалар ұмытылып кетті. Тек қана шағымдану қалды.

«Лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» деу қиыншылық пен бәле-жаланы кері қайтарады. Ал келген бәле-жала мен қиыншылықтың кетуі үшін истиғфар айту қажет. Аллаһу та'ала: «Тәубе етсеңдер, көмекке келемін» деген. Күнәлар мен бәле-жаладан қорғану үшін тәубе ету және истиғфар айту қажет.

Әнәс бин Малик (радиаллаһу анһ) хабар берген:

Мәдинада қымбатшылық орын алды. Барлық заттың бағасы қымбаттағандықтан, бағаларға шектеу қоюды талап етушілерге пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Бағаларды белгілейтін Аллаһу та'ала. Ризықты көбейтетін, азайтатын, жіберетін тек қана Ол. Мен Аллаһу та'аладан берекет сұраймын» деді. Ал басқа хадис шәрифте: «Бағаға шектеу қоймаңдар, бағаны белгілейтін Аллаһу та'ала» делінген.

Алып-сатарлар тарапынан (заттар сақталып) бағасы көтеріліп, халыққа зиян тиіп, зұлымдыққа айналған кезде әкімшіліктің жауаптыларымен ақылдасып, нарыққа сай баға белгілеуге болады. (Рәддул мухтар)

Пайғамбарымыз мұсылмандардың қалаға тауар әкелген сатушыларды (өндірушілерді) қарсы алып, тауардың бағасын жасырып, арзанға сатып алуға тыйым салған. Нарықтағы бағаны білмейтіндерге жоғары бағада тауар сату да харам болып табылады.

Кәсіпкер қулық жасамаса, адал еңбек етсе, табысы халал болады. Осындай кәсіпкерге бұл неткен бақыт...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 15, 2025, 8:47:44 AM5/15/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Адамдардың қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны, адамдардың жаманы – адамдарға зиянды болғаны» деген.

Күнәлар екіге бөлінеді: біріншісі, Аллаһу та’ала мен құл арасындағы күнә. Ал екіншісі, құлдардың өз араларындағы күнәлар, яғни құл (кісі) ақысы. Имам Раббани хазрет: «Мүминнің мойнында аз ғана өзгенің ақысы болса, сол құл ақысынан құтылмайынша, халалдық, разылық (кешірім) алмайынша бүкіл пайғамбарлардың ғибадаттарын орындаса да жәннатқа кіре алмайды» деген.

Әһли сүннет ғалымдары «Құл ақысына мән бермейтін адамның үйленбеуі керек» деген. Үйленетін болса, білсін, үйленген әйелі – Аллаһу та’аланың құлы. Құл ақысы өтпеуі үшін біреуден жақсылық күтіп отырудың орнына өзі жақсылық жасау керек. Сондықтан адам алдымен өзінен бір нәрсе беру керек. Өзі бермей, басқадан бір нәрсе күту немесе талап ету дұрыс емес. Міне осы сөздер – үйленген мұсылмандарға өсиет, насихат. Бұлар үйленбекші болғандардың құлағына алтын сырға болсын. Құтылу немесе пәлекетке түсу осы екі шешімге байланысты. Әйел – Аллаһтың құлы, адамның қызметшісі, құлы, тұтқыны емес. Ол да бір мұсылман адам. Оранып жүрген болса, намазын оқып жүрген болса, жәннаттан бұл өмірге түскен ниғмет деген сөз.

 

Шектен шығу болмаса

Бір әулие уағызында «Намазхан салихалы әйелге дүние істеріндегі кемшіліктері үшін ештеңе айтпау керек» деген кезде сол жақтағы бір кісі «Ұстаз, ештеңе айтпай шыдап жүру мүмкін бе?» деп сұрайды. Ол әулие былай дейді:

Мүмкін болмаса, бұлай насихат айтылмас еді. Өзің істемеген нәрсені өзгелерге істе деп насихат айтудың жауапкершілігі бар. Аллаһу та’ала Құран кәрімде «Сен өзің жасамаған нәрсеңді қалайша біреуге айтасың?» деген. Бізде бәрі жақсы, ешқандай қиындық жоқ, неліктен? Мұсылмандыққа сай өмір сүргеніміз үшін. Әйелім де дінге сай өмір сүруде, мен де. Басқа не қалды? Онсыз да әдеп – өз шегіңді білу деген сөз, ол да шегін біледі, мен де шегімді білемін. Шектен шығу жоқ, егер қоғамда шектен шығушылық болмаса, барлық жақ гүл бақшасындай болар еді.

Хазреті Әли «Ішінде жақсы қарым-қатынас орнаған үй – жәннат, жаман қарым-қатынас болған үй – тозақ» деген. Нәпістің қалауларын істеу үшін өз өмірімізді тозаққа айналдыру ақылды адамның істейтін тірлігі емес. Дінге қайшы әрекет істеп, өзгенің ақысын жеп, өмірін тозаққа айналдырған адам ахиретін де жоғалтқан болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 23, 2025, 1:36:37 AM5/23/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Амал етілмейтін ілімді үйрену обал. Бір күні Ибраһим Әдхам хазрет жолда кетіп бара жатып ерекшеленіп тұрған тас көреді. Тастың бетіндегі «артқы жағын оқы!» деген жазу көзіне түседі. Артын айналдырып қараса: «Егер білгеніңмен амал етпейтін болсаң, неліктен басқа ілімді үйренуге тырысасың?» деген жазуды көреді. Бұл сөздің мағынасы «ілім үйренбеңдер!» дегенді емес,  «үйренген ілімдеріңмен амал етіңдер!» дегенді білдіреді.

Имам Раббани хазрет: «Ілім ықыласпен амал ету үшін қажет» деген. Ілімді тек миға толтыру жеткіліксіз. Ібіліс те ілімді еді. Тіпті періштелерге де ұстаздық етті, бірақ құтыла алмады. Құтылу үшін амал ету керек еді. Оны да жасады. Барлық жерге сәжде етті. Тіпті аспанда сәжде етпеген жері қалмады. Бірақ ықыласы болмады. Бұларды Аллаһ үшін жасамады. Өте тәкәппар болды. Тәкаппарлығының салдарынан Адам алейһиссаламға сәжде етпеді. Мәңгілікке қуылып тозақтық болды. Аллаһу та’аладан қияметке дейін рұқсат сұрады, «Саған ғибадат еткен құлдарыңды тура жолдан тайдырамын» деді. Аллаһу та’ала: «Сен тек өзің сияқтыларды ғана жолдан тайдырасың, ал менің ықыласты құлдарымды бұза алмайсың» деп рұқсат берді. Осылайша адамдар Аллаһу та’аланың жолындағылар және шайтанның жолындағылар болып екіге бөлінді.

Өлгеннен кейін бұлардың ақиқат екендігі анықталады, бірақ ол жақта өкінудің пайдасы жоқ. Ислам ғұламалары айтқан:

Ахиретке аттанғандардың барлығы өкінеді. Жәннатқа кіргендер: «Әттең, бұдан да көп жақсылық жасағанымда, дінге бұдан да көбірек қызмет және ғибадат еткенімде, бұдан да үлкен дәрежелерге, Аллаһу та’аланың мына достарына нәсіп еткен ниғметтеріне мен де қауышқанымда ғой» деп өкінеді. Ал тозақтықтар: «Біз неге бұл жерге келдік? Әттең жәннаттағылар сияқты біз де иман келтіріп, ғибадат еткенімізде қазір олармен бірге болар едік» дейді.

Діннің негізі – ілім, амал және ықылас. Ең қиын нәрсе ықылас. Аллаһу та’ала: «Маған дұға етіңдер! Қабыл етемін» деген. Егер дұға ықыласпен жасалмаса қабыл болмайды. Ықылас деген не? «Илаһи әнтә мақсуд уә ризакә матлуб», «Йа Раббым, менің қалауым да, мақсатым да Өзіңсің. Әлдекімнің немесе нәпсімнің емес, тек Сенің ғана разылығыңды сұраймын» деген дұға мұны айқын білдіреді.

Аллаһу та’ала біздің Раббымыз. Бүкіл істерімізді, ғибадаттарымызды шын жүректен, таза ниетпен, рия араластырмай, дүниелік пайдаларды көздемей, тек Оның разылығы үшін жасауымыз ықылас болады. Оның разылығының орнына басқа біреудің разылығын алуға тырысу ойымызға да кірмеу керек. Өйткені Одан басқа нәрселер тек қана Оның жаратуымен және әрбір сәтте бар күйінде ұстап тұруымен бар.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
May 29, 2025, 7:54:02 AM5/29/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйіспеншілік және махаббат деген ұғымдар дүниелік пайдаға сүйенбеуі тиіс, тек қана Аллаһ үшін болу керек. Жеке пайдаға сүйенетін сүйіспеншілік және махаббаттың қадірі болмайды. Сүйіспеншілік Аллаһ үшін болу керек. Дәл осы сияқты жек көру мен дұшпандық та Аллаһ үшін болу керек. Нәпіске қиын келгені, жеке пайдасына теріс болғаны үшін біреуді жек көру де күнә болады.

Дінге қызмет етіп жатқанда мұсылмандардың бірлігін қамтамасыз ететін нәрсе – өзара құрмет және сүйіспеншілік. Иншаллаһ бұл сүйіспеншілік бауы бәріміздің құтылуымызға себеп болады. «Адам жақсы көргенімен бірге болады» деген хадис шәриф бұл үмітімізді қуаттандыруда. Мәулана Халид Бағдади хазрет те «Аллаһтың құзырына жиналғанда лайықтылардың қасында лайықты болмағандар да келіп тұрады» деген. Яғни егер бір топтың арасында Аллаһтың сүйікті бір құлы бар болса, Хақ та’ала сол бір адамның құрметіне оның айналасындағылардың бәрін кешіреді. Әлгі кісімен бірге лайықты болмаса да бәрі жәннатқа кіреді. Олай болса өзіміз жақсы болмасақ та, ең болмағанда бұл өмірде жақсылармен бірге болуға тырысуымыз керек.

«Жамағатта Аллаһтың рақымшылығы бар, бөлінушілікте Аллаһтың азабы бар» деген хадис шәриф бірге болудың маңызын көрсетуде. Аллаһу та’ала бір жамағаттың арасынан біреуді жақсы көріп, оның ықыласын, махаббатын ұнатып қабыл етсе, басқалары да оның құрметіне құтылады. Құтылу үшін бірлік пен ынтымақ ішінде болу және құтылғандардың арасында болу керек. Өйткені Муинуддин Чәшти хазрет: «Жақсылардың арасында болу – жақсы амалдардың ең жақсысы. Жамандардың арасында болу – жаман амалдардың ең жаманы» деген.

Хақ та’ала бізді өзіміздің жамандығымыздан қорғасын! Аллаһтың дұшпаны болған нәпсіміз әр мезетте, күннің әр сағатында бізбен бірге. Әсіресе ол өлім сәтінде бізді имансыз өлтіру үшін шайтанға жәрдемші болады. Мұсылмандармен бірге болуға барынша тырысу қажет. Себебі екі мұсылман бір жерге жиналса, пайдалы еш нәрсе істемесе де, үйренбесе де, ештеңе сезбесе де, Хақ та’алаға деген махаббаты күштірек болғанының жүрегінен екіншісінің жүрегіне сүйінпеншілік пен мейірім ағады. Бұл ағысты тоқтату да мүмкін емес.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет қайтыс боларда «Йа Раббым, саған лайықты бірде-бір ғибадат жасай алмадым. Тек сені және достарыңды қатты жақсы көрдім, ал сенің дұшпандарыңды мүлде жақсы көрмедім. Мені осы ғибадатым үшін кешір!» деп дұға еткен.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages