|
Сүлейман паша бұл төңкерістің мақсаты – конституциялық басқару орнату екенін айтқанда, Авни паша оған: «Сен үндеме! Әскер саясатқа араласпайды!» деді. Алайда өзі әскери күшті әлдеқашан саясатқа араластырып қойған еді. Ол Балқан аймағындағы қайғылы оқиғаларға себепші болды. Шынында 2 шілдеде Серб және Черногория князьдіктері көтеріліс жасап, Балқан аймағы аласапыранға түсті. 24 сәуір 1296 [м.1877] жылы Ресейдің арағайындық ұсынысы қабылданбай, «93 соғысы» басталды. Бірден мушир (маршал) дәрежесіне көтерілген Сүлейман паша Шыпка асуын орыстарға беріп қойып, жеңіліске себеп болды. Плевнада үш рет жеңіске жетіп, «ғази» (ардагер) атағын алған Осман пашаны қызғанып, Мачка шайқасында да жеңіліп, Эдирнеге дейін қашты. Осылайша Эдирне де қирады. Орыстар Айастефаносқа (Ешилкөйге) дейін жетті. Ағылшындар осы жеңілісті пайдаланып, 1878 жылы 20 мамырда Стамбұлда Әли Суави көтерілісін ұйымдастырып, Абдулхамит ханды тақтан түсіріп, халифалықты жоюға тырысты. Дегенмен бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Әли Суави масон болған, әйелі ағылшын еді. «Жаңа Түркия тарихы» кітабында: «Егер Абдулхамит ханның дипломатиялық ақылы мен зеректігі болмағанда, 93 соғысының зияны бұдан да ауыр болар еді» делінген. Сүлейман паша өмірін бос және қадірсіз өткізіп, 1309 [м.1891] жылы Бағдатта қайтыс болды. Абдулазиз ханды шәһид еткізген пашалар жетістіктеріне қуанып, Мидхат пашаның Баязиттегі үйінде 15 маусым түні жиналған болатын. Бөлмеге 26 жастағы штаб офицері, Черкес Хасан бей кіріп, Авни пашаны және сыртқы істер министрі Рашид пашаны атып өлтірді. Мидхат пашаны да қуып өлтірмек болды, бірақ паша асүйге қашып, аспаздың шкафына тығылып, өлімнен құтылды. Хасан бей жаралы күйде ұсталып, келесі күні Баязит алаңында шәһид болды. Эдирнеқапыдан Топқапыға барар жолдың оң жағындағы қабірінің үлкен тасында: «Әмірлер мен батырлар әулетінен шыққан Исмаил бектің ұлы, Әскери мектепті бітіріп, жас кезінде өзінің мейірімді ханы үшін жанын пида еткен Черкес Хасан бейдің қабірі» деп жазылған. Сұлтан Абдулазиз хан Черкес Хасан бейдің жездесі еді. Халифаның қорқынышты түрде өлтірілгенін және анасы Пертевниял ханымға жасалған зұлымдықты естіген соң Сұлтан Мурад қайғыдан және бұл пәлекет жолының соңын ойлаудан есінен айырылды. Сұлтан Абдулазиз хан он бес жылдық билік кезеңін Долмабахче сарайында өткізді. Ол осы сарайда тақтан түсірілді. Бесінші Мурад та үш айлық билігін осы сарайда өткізді. Абдулхамит хан бұл сарайда жеті ай тұрып, кейін Йылдыз сарайына көшті. Кейін ол Йылдыз сарайын салдырды. Сұлтан Мұхаммед Рәшад та Долмабахче сарайында тұрды. Сұлтан Абдулазиз хан [1278] жылы жаңа әскери форма енгізді. [1279] жылы пошта маркасы қолданылды. [1286] жылы Суэц каналы ашылды. [1288] жылы Стамбұлда трамвай қозғалысы басталды. [1292] жылы Галата туннелі салынды, әскери орта мектептері ашылды. [1279] жылы Османлы банкі ашылды. [1280] жылы жағалауларға маяктар орнатылды және мемлекеттік кеңес (Даништай) құрылды. [1284] жылы лицейлер ашылды. [1285] жылы өнеркәсіп мектептері ашылды. [1286] жылы Франция императрицасы Стамбұлға келді. [1287] жылы Австрия императоры Сұлтан Абдулазизге келді. [1287] жылы шығыс темір жолы салынды. [1287] жылы медицина академиясы, орман және кен мектептері ашылды және Ескі сарайдың сыртқы қақпасы, яғни қазіргі университеттің Баязит алаңына шығатын қақпасы салынды. [1288] жылы өрт сөндіру бөлімі құрылды. [1289] жылы жылжымалы су қоймасы жасалды және Дарушшафака лицейі ашылды. [1290] жылы Иран шахы сұлтан Абдулазизге келді және Измит темір жолы салынды. Абдулазиз хан да бауыры секілді ел басқаруын Әли және Фуад пашаларға және олардың тәрбиелеген масондарына тапсырды. Олар ағылшындардың саясатына сәйкес әрекет етті. Дағыстандық шәйх Шәмил жиырма жыл бойы орыстармен қаһармандықпен соғысып, олардың әскерін шегіндіріп жатқанда олар тек бақылап отырумен шектелді. 1283 [м.1866] жылы тұтқындалуына себепші болды. 1290 [м.1873] жылы Самарқанд, Бұхара және Хиваны басып алуына да осы адамдар себепші болды. Олар өмірлерін Еуропада өткізді. Елде болған кездерінде Танзимат жарлығындағы масон жоспарларын жүзеге асырумен айналысты. Бұл сатқындықтардың басты себебі – әлбетте халифаның аңқаулығы еді. Осы аңқаулығының салдарынан масондар мен оларға алданғандар тарапынан шәһид етілді. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |