Сұрап үйренген ғалым...

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 17, 2024, 6:59:05 AMJun 17
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Құрбандықты қашанға дейін союға болады

1- Құрбандық малды айттың үшінші күні күн батқанға дейін союға болады. Айт намазынан бұрын союға болмайды.

2- Жұма намазы оқылмайтын «мәзра» деп аталатын кішкентай ауылдарда, фәжрден (таң шуағы ағарғаннан) кейін, яғни айт намазынан бұрын да союға болады. Түнде құрбандық сою жаиз болса да мәкрух болады.

3- Шафии мазһабында айттың төртінші күні де союға болады. Бірнеше адамға уәкіл болып бір себептермен (үзірмен) айттың үшінші күні де құрбандық соя алмаған адам Шафии мазһабын тақлид етіп төртінші күні де союына болады.

4- Нәпіл, ақиқа және аталған (нәзір) малды кез-келген уақытта союға болады. Бірақ құрбан айтта сойған жақсы болады.

5- Айт жұма күніне тура келетін болса да, құрбандық мал айт намазынан кейін сойылады.

6- Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын немесе сапарға шығатынын білетін адамға бірінші күні құрбандық шалу уәжіп болмайды. Сойған жағдайда уәжіп етіп орындаған болады.

7- Кедей айттың бірінші күні бір қошқар алып сойғаннан кейін үшінші күні байыса қайтадан құрбандық шалуы керек емес. Уәжіпті орындаған болады. Үшінші күні бай болатынын білетін адам да құрбандығын бірінші күні союына болады.

 

Сұрақ: Түнде құрбандық мал сою рұқсат па?

Жауап: Мәкрух болады. Үзірсіз (себепсіз) бұл уақытта союға болмайды. Күндіз союға мүмкіндігі болмаған болса, ертеңіне де союға мүмкіндік болмайтын болса, түнде сою рұқсат болады. Құрбандық малды айттың үшінші күні ақшам намазының азанына дейін сою керек. Одан кейін союға болмайды. Бұл уақытқа дейін бір себептермен соя алмаған адам құрбандығын соя алу үшін Шафии мазһабын тақлид етіп түнде немесе ертеңіне яғни төртінші күні де союына болады. Мұндай жағдайларда мәкрух болмайды. Бірақ осы секілді қажеттілік, үзір жағдайлар болмай тұрып Шафии мазһабын тақлид етуге болмайды.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 24, 2024, 1:18:13 AMJun 24
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Кедейлік пе, байлық па?

Сұрақ: Дінімізде байлық жақсы ма, кедейлік пе?

Жауап: Дініміз сабыр ететін кедейлер мен шүкір ететін байларды мадақтаған. Кейбір ғұламалар: «Фуқара-и сабирин ағния-и шакириннен Сабыр етуші кедей шүкір етуші байдан үстем» деген. Кейбір ғалымдар байлыққа шүкір ету кедейлікке сабыр етуден оңай, шүкір еткен кедей үстем деген. Кедейдің ақшасы жоқ, аш жатып ұйықтайды. Бірақ, бай ақшасын қайда, қалай жаратамын деп мазаланады. Бай байлығын Аллаһу та'аланың қалаған нәрсесіне жаратпаса, мүлкі өзін қауіпке түсіреді.

Ислам дінінің бастапқы дәуірлерінде кедейлік мақталып, ақыр заманда байлық мақталған. Адам дүниесін де, ахиретін де ақшамен қорғай алады. Сонымен қатар кедейлік пен байлықтың жақсы не жаман болуы көбінесе адамның өзіне байланысты. Біреу үшін кедейлік жақсы болса, ендігі біреу үшін байлық жақсы болады. Өйткені байлық та, кедейлік те адамның адасуына себеп бола алады. Қайсысы хайырлы (адам үшін жақсы) болса, соны тілеп дұға ету керек. Кедейлік пен байлыққа қатысты хадис шәрифтерде былай делінген:

 

«Мына жеті нәрсе келмей тұрып, пайдалы амал етуде асығыңдар:

1- (Аллаһты) Ұмыттыратын кедейлік,

2- Азғыртатын байлық,

3- Саулықты бұзатын ауру,

4- Алжастыратын кәрілік,

5- Кенеттен келген өлім,

6- Дәжжал,

7- Қиямет – бұл барлығынан да қауіпті». (Тирмизи, Хаким).

 

«Адамды құртатын үш нәрсе:

1- Сараңдық,

2- Нәпсіге бағыну,

3- Өзін ұнату.

 

Адамды құтқаратын үш нәрсе:

1- Жасырын не ашық Аллаһу та'аладан қорқу,

2- Кедейлік пен байлықта бір қалыпта болу,

3- Реніш пен қуанышта әділетті болу.

 

Күнәларға каффарат болатын үш нәрсе:

1- Мешітке бару,

2- Намазды оқығаннан кейін келесі намазды күту,

3- Қатты суықта жақсылап дәрет алу.

 

Дәрежелерді көтеретін үш нәрсе:

1- Тамақ беру,

2- Сәлемді жаю,

3- Барлық адам ұйықтап жатқанда түнгі намазды оқу». (Хатиб).

 

«Надандықтан да жаман кедейлік, ақылдан да пайдалы байлық, тәфәккурден де артық ғибадат жоқ». (И. Нәжжар).

«Өлімді көп еске алу күнәларды жоқ қылады, дүниеліктен алыстатады. Бай болған кезде өлімді еске алу, мал-мүлікке деген құмарлықты жоқ етеді. Кедей кезде еске алу қолдағымен қанағат етуге себеп болады». (Ибни Әбиддуния).

«Шын байлық – адамдардың қолындағыға көз тікпеу. Ашкөздік – кедейлік». (Аскери).

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages