|
Шынайы мұсылман болған ата-бабаларымыздың, үлкендеріміздің жолынан айрылмауымызды тілеп дұға етемін. Тура жол, құтылу жолы олар жүрген және кітаптарында көрсеткен жол. Ей, бауырым! Ақыр замандамыз. Діни білімдер азайды. Ислам дінін ұстануда немқұрайлық пайда болды. Сүннеттер тәрк етілді. Бидғаттар жайылды. [Британдықтар мен миссионер поптардың тоқыма кітаптарымен, көп ақша және қаруымен құрылған масон кәпір ұйымдары және мұсылман атанған рафизи, уаһһаби бидғатшылары әлемнің барлық жерінде әһли сүннет болған шынайы мұсылмандарға тиісіп жатыр]. Күпірлік пен бидғаттар кеңінен тараған осы қараңғы заманда шынайы мұсылман балаларының әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан діндерін үйренуі әрі осы кітаптарды барлық жаққа таратуы – бірінші міндет. Ұмытылған діни білімдерді қайта жандандыру ең құнды амал. Ислам білімдерін үйренуге және таратуға күндіз-түні тырысыңыз! Саясатқа араласпаңыз. Үздіксіз дұға етіп Аллаһу та'аладан көмек сұраңыз! [Біз құлмыз. Құлдық міндетімізді атқаруымыз қажет. Ол үшін дұрыс иман келтіруіміз және ислам дінін ұстануымыз керек. Жүрек көзі ашылып, жындарды, перілерді, періштелерді, рухтарды көруді, олармен сөйлесіп ғайыпты білуді тіпті ойыңызға да алмаңыз! Аллаһу та'аланың бар екенін, бір екенін, құдіретінің шексіз екенін осындай хабарлардан емес, ғылым мен медицина білімдерінен үйреніңіз. Бұл білімнің орны – адамның миы. Мидың ғылыммен, медицина білімдерімен, соғыс құралдарын дайындаумен және сауда-саттық, егіншілік білімдерімен айналысуы жүректің фәни болуына, дүние істерін ойламауына зиянын тигізбейді. Ми дүниелік білімдерін ойлап жұмыс істегенде жүрек Аллаһу та'аланы бір мезетке де ұмытпайды. Сондай-ақ бұл істерді атқаруды және дұшпанда табылған соғыс құралдарын бейбітшілік заманында дайындауды ислам діні әмір етеді. Исламның осы бұйрығын да орындау жүректің тазалығын, фәнасын арттырады. Рафизилер мен уаһһабилер және оларды қолдап отырған христиандар мен яһудилер бұл жазғандарымызды түсінбейді. Олар миларымен де, жүректерімен де дүниелік табысы және нәпсілерінің қалауы мен зауқын ойлайды. Төртеуі де әһли сүннетке дұшпандықта ортақтаса күш салуда. Бұл опасыз шабуылдарын британдықтар басқаруда].
БІРІНШІ ТОМ, 228-ШІ ХАТ Заманымыз Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) нұрлы заманынан өте алыс болғандықтан әрі қиямет уақыты жақындағандықтан, күпірлік пен бидғаттар барлық жаққа жайылды. Бұлардың қараңғылығы әлемді қаптады. Расулуллаһтың сүннеті [жолы, яғни исламның әмірлері мен тыйымдары] ұмытылды. Исламның нұрлары қалмады. Ислам дінін жандандыруға, діни білімдерді жаюға көп күш салыңыз! Аллаһу та'аланың разылығын алуға себеп болған нәрселердің басында осы еңбектену бар. Расулуллаһтың шапағатына жеткізетін ең пайдалы нәрсе осы еңбектену. Хадис шәрифте айтылған: «Ұмытылған бір сүннетімді қайта жандандырған адамға жүз шәһид сауабы беріледі». [Бұл жердегі сүннет дегені – исламның бір үкімі деген сөз]. Бір сүннетті жандандыру үшін оны әуелі өзінің орындауы қажет. Кейін оны тарату, басқалардың да орындауына тырысу керек. Соңғы деміңіздің қалай болатынын көп ойлайтыныңызды жаздыңыз. Бұл қайғыдан құтылған ешкім жоқ. «Аллаһу та'аланың разылығына жеттім деп ойламаймын» дейсіз. Бұл ойдан құтылу уахи келетін заманда еді. Кейінгі замандарда мұның тек қана белгілері мен сүйіншілері бар. Нақты белгілі болмағандықтан, соның қайғысынан құтылу мүмкін емес. «Ғибадаттарымның және жақсы амалдарымның қабыл болатынына үмітім жоқ. Осы себепті ғибадат етуге кейде немқұрайлы қараймын» дейсіз. Ғибадат етуіміз бізге әмір етілді. Ғибадат ету бірінші міндетіміз. Қабыл болатынын білсек те, білмесек те ғибадат етуіміз және ғибадат еткенде орын алған кемшіліктеріміз үшін истиғфар етуіміз, қабыл болуы үшін жалбарынуымыз керек. Осылайша қабыл болуының ықтималы артады. Орын алған қараңғылығы азаяды. Нұрлылығы артады. Ғибадат ету, кейін истиғфар ету құлдық міндетіміз. Бұдан басқасы шайтанның уәсуәсасы. «Мені жақсы көрмейсіз» дейсіз. Сіздің бізге деген махаббатыңыз біздің сізге деген махаббатымыздың әсері. Ағаштың бұтақтарындағы барлық нәрсе діңгегінен келеді. «Маида» сүресінде: «Аллаһу та'ала оларды жақсы көреді. Олар да Оны жақсы көреді» және «Аллаһу та'ала оларға разы. Олар да Оған разы» делінген. Өзінің махаббаты мен разылығын олардың махаббаты мен разылығынан бұрын айтты. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |