Рамазаннан кейін екі күн ораза ұстау

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Apr 13, 2024, 1:30:22 AMApr 13
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D85CBF.451F55A0

Рамазаннан кейін екі күн ораза ұстау

Сұрақ: Рамазанның басталуы және айт күні жаңа айдың туғанын көрумен болмаған кездерде Рамазан айынан кейін басы мен соңы үшін екі күн ораза ұстау керек пе?

Жауап: Рамазан айы және айт аспандағы жаңа айдың туғанын көрумен емес, күнтізбедегі есеппен басталған жерлерде оразаны және айтты шынайы уақытынан бір күн бұрын немесе бір күн кейін басталған болуы мүмкін. Ораза ұсталған бірінші және соңғы күндері шынайы Рамазанға тура келсе де, Рамазан айы екендігі күмәнді болады. Ибн Абидинде былай делінген:

«Рамазан екендігі күмәнді болған күндерде Рамазан оразасын ұстау тахримән мәкрух. Мұсылман мемлекетінде болып, ғибадаттарды білмеу үзірге жатпайды.» Сондықтан, Рамазан күнтізбе бойынша басталған жерлерде айттан кейін екі күн қаза ораза ұстау қажет. Кейбір адамдар: «Рамазаннан кейін екі күн қаза ораза ұстау қайдан шықты? Ондай нәрсе ешқандай кітапта жазылмаған» деп жатады. Кітаптарда жазылмаған деген сөз қате. Өйткені барлық уақытта, барлық жерде Рамазан айы жаңа айдың туғанын көрумен басталатын еді. Екі күн қаза ораза ұстауға қажеттілік жоқ еді. Ал қазір Рамазан айы жаңа айдың туатын уақытын есептеумен басталып жатыр. Рамазанның басталуы Ислам діні көрсеткен үкімге сай болмай жатыр. Бұл қатені түзету үшін айттан кейін екі күн қаза оразасын ұстау керектігі Тахтауидің «Мәрақил фәлах» хашиясында жазулы. «Мәжмуа-и Зухдия» кітабында жазылған:

«Шәууалдің, айт күнінің жаңа айының туғанын көрген адам аузын ашып жібере алмайды. Өйткені бұлтты аспанда шәууалдың жаңа айын екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел көрдім деуі керек. Ал ашық аспанда Рамазан мен шәууалдың жаңа айын көп адамның көрдім деуі керек.» «Қадихан» кітабында жазылған:

«Ай шапақтан кейін батса екінші түннің, шапақтан бұрын батса бірінші түннің айы саналады.»

Қазіргі заманда Рамазан айының оразасы күнтізбедегі есеп бойынша басталатындықтан, басындағы және соңындағы бір-бір күндер күмәнді болады. Осы себептен Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Рамазаннан кейін екі күн қаза ораза ұстау керек» деген. Қадихан фәтуа кітабында да былай делінеді: «Күнтізбеге қарап, бір ай ораза ұсталса, Рамазанның басталуы және бітуі күмәнді болады. Рамазаннан бір күн бұрын немесе Рамазанның екінші күні, яки дәл Рамазанның басында оразаны бастаған болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, Рамазаннан бір күн бұрын ұстаған және Рамазанның соңғы күнінде айтты тойлаған болады. Екінші жағдайда, Рамазанның бірінші күні ораза ұстамаған, соңғы оразаны айт күнінде ұстаған болады. Бұл екі жағдайда да Рамазанның 28 күнінде ораза ұстаған болып, айттан кейін екі күн қаза ұстауы керек болады. Үшінші жағдайда, ораза ұстаған бір айдың алғашқы және соңғы күндерінің Рамазанға сай келгендігі күмәнді. Мұндай күмәнді күндердегі ораза сахих болмағандықтан, айттан кейін екі күн қаза ораза ұстау керек.»

cid:image002.jpg@01D85CBF.451F55A0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages