|
Асхаби кирамның ижтиһад жасайтын істерде Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бөлінуі Аллаһ сақтасын нәпсілеріне ерумен, мән бермеумен болғанда олар мүртәд болатын еді. Мұсылмандықтан айрылатын еді. Өйткені Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрметсіздік және қарсылық көрсету күпірлікке жатады. Олардың бұл бөлінуі «Хашр» сүресінің екінші аятындағы бұйрыққа бағынудан туындаған еді. Өйткені білімде ижтиһад дәрежесіне көтерілген үлкен ғалымның ижтиһад жасау қажет болған істерде өз ижтиһадын қойып, біреудің ижтиһадын ұстануы дұрыс емес. Олай жасауға ислам діні тыйым салған. Иә, Құран кәрімде және хадис шәрифтерде айқын жазылған істерде ижтиһад жасалмайды. Баршаның бұл айқын бұйрықтарға бағынуы қажет. Бұларға сенуі және бөлінбеуі уәжіп. Асхаби кирамның ешқайсы көз бояушылықты жақтырмайтын, сыртқы көрініске қарамайтын. Бәрінің ойы жүректерін тазалау еді. Ақиқатқа және мағынаға қарап әдеп сақтайтын. Көрініске және сөзге байланып қалмайтын. Олардың бірінші ойы мен қалауы Расулуллаһтың бұйрықтарын орындау, Оны ренжітетін ең кіші нәрсенің өзінен сақтану еді. Олар ата-аналарын, бала-шағаларын, жанұяларын Расулуллаһқа пида еткен еді. Оған деген сенімдері, ықыластары, сүйіспеншіліктері, құрметтері көп болғаны соншалық, мүбәрәк түкірігінің, мүбәрәк тырнақтарының және шаш қидырғанда мүбәрәк шашының жерге түскені байқалмаған. Бұларға таласып, ең құнды олжа ретінде сақтап берекеттенетін еді. Өтірікшілік, бірін-бірі алдау секілді жамандықтар кеңінен тараған бұл заманда ортаға шығарылған сол таза адамдардың бір сөзінде Расулуллаһқа деген құрметсіздік аңғарылатын болса, ол сөзге басқа мағына беру, сөздерінің толығынан аңғарылатын жақсы мағынаны ойлау қажет. Сөздерінің әр мағынасын ойламау керек. Сұрақ: Ижтиһад арқылы қол жеткізілетін діни білімдерде қателесу мүмкін десе, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген нәрселердің барлығының дұрыс екенін айтуға бола ма? Жауап: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманында ижтиһадпен шыққан мәліметтер бір-біріне қайшы болған кезде қайбірінің дұрыс екені Аллаһу та'ала тарапынан білдірілетін еді. Өйткені пайғамбарлардың қате іс жасауы жаиз емес. Бір іске қатысты бір-біріне қайшы ижтиһадтар шыққан кезде олардың қайбірінің дұрыс екені Аллаһу та'ала тарапынан білдірілетін. Дұрысы қатесінен ажыратылатын. Сондықтан Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманында бір іске қатысты түрлі ижтиһадтар жасалғанда періште арқылы уахи келіп, қайбірінің дұрыс екені білдірілетін. Сол дұрысы бойынша амал етілетін. Бұл істері хақ және дұрыс болып шығатын. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан, істеген нәрселердің барлығы әлбетте дұрыс болатын. Қате болу ықтималы жоқ. Өйткені ижтиһадпен шыққан мәліметтердің де айқын айтылғандар секілді дұрыс болғандары періште арқылы хабар берілген. Кейбір істердің айқын айтылмай ғалымдардың ижтиһадына қалдырылуы ғалымдарға сый жасау үшін еді және ижтиһад ету сауабын алу үшін еді. Ижтиһадпен шығарылған діни білімдер мүжтәһидтердің дәрежесін көтерген. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуынан кейін жасалған ижтиһадтар, яғни ижтиһад арқылы аңғарылған мәліметтер нақты емес. Ол мәліметтерге әлбетте дұрыс деуге болмайды. Сондықтан сол мәліметтер бойынша амал етуге болады, дегенмен дұрыс екеніне сену керек емес. Сенбегендер кәпір болмайды. Бірақ бір іске қатысты бүкіл мүжтәһидтердің ижтиһады бір-біріне ұқсаса, яғни ижма, ауызбіршілік болса, осындай ижтиһадпен шыққан мәліметке сену де қажет болады. Хатымызды әдемі қосымшамен аяқтайық. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әһли бәйтінің (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) үстемдіктерін көрсетейік: Юсуф бин Абдулбәрр хабар берген хадис шәрифте: «Әлиді жақсы көрген адам мені жақсы көрген болады. Әлиге дұшпандық жасаған адам маған дұшпандық жасаған болады. Әлиді ренжіткен адам мені ренжіткен болады. Мені ренжіткен адам Аллаһу та'аланы ренжіткен болады» делінген. [Базбіреулер осы хадис шәрифке сүйеніп хазреті Әлимен соғысқандарға кәпір дейді. Алайда соғысқандар бір-біріне дұшпан емес еді. Денелері ренжісе де, жүректері бір-біріне ашулы емес еді. Соғыс кезінде хазреті Әли (радиаллаһу анһ) қарсы тараптағыларға «Бауырларымыз» деген болатын. Хазреті Муауия да (радиаллаһу анһ) хазреті Әли туралы «Менің мырзам» деп жазған болатын. «Қысас-и әнбия» кітабының Стамбұлдағы 1331 басылымының жетінші томы, 149-шы бетінде былай жазылған: «Хазреті Хасанның халифалықты тапсыруы және Сад бин Әби Уаққас секілді үлкен сахабалардың қабыл етуі арқылы хазреті Муауияның үкіметі шариғатқа сай болған еді. Хазреті Муауия асхаби кирамнан бола тұра үкіметке күш қолдану арқылы қол жеткізді. Өйткені заман осыны талап еткен еді. Адамдар халифаның әміріне бағынбаған еді. Күш қолдану да қажет болды. Сондықтан сұлтандық дәуірі келді. Бұл іске Муауия (радиаллаһу анһ) хақылы және лайықты еді». Аңғарылғанындай, олар сүйенетін «Қысас-и әнбия» кітабы да хазреті Муауияның асхаби кирамнан екенін жазуда және оған «радиаллаһу анһ» деуде. Жүз елу бірінші бетінде жазған: «Үмбеттің жұмысын жүргізу үшін бұдан былай күш қолдану қажет болған еді. Мұны жүзеге асыру үшін хазреті Муауия лайықты болып көрінген еді. Ислам діні оған дейін халифаның бұйрығымен жүргізілген болса, кейіннен сұлтандық күш-қуаты қажет болды. Ал мақсат ислам дінін жүргізу болғандықтан, сол кездегі асхаби кирамның барлығы Муауияға бағынды (ридуануллаһи алейһим әжмаин)». Жүз елу жетінші бетінде жазған: «Хазреті Муауия асхаби кирамнан еді және Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ілтипатын алған болатын. Ол құрайштың ұлыларынан еді. Ислам дінін күш қолдану арқылы жүргізгендіктен, ол «Халифа-и Расулуллаһ» деп аталды»]. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |