|
213) САЛМАН ФАРИСИ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Ирандық. Исфеханда дүниеге келді. Мәжуси еді, отқа табынатын. Бір шіркеудің алдынан өтіп бара жатып, ішке кіріп, насрани болды. Достары қорлық көрсеткендіктен Анадолыға қашты. Қазіргі Эмирдағы деп аталатын Амурия қаласында шіркеуде жылдар бойы жұмыс істеді. Попқа өзін жақсы көргізді. Кәрі поптан насихат сұрады. Оның кеңесімен Шамға барды. Шамнан Хижазға барып, жаңадан келетін пайғамбарға қызмет еткісі келді. Ол жақтағылар оны құл қылып жіберді. Расулуллаһ оны сатып алып азат етті. Хандек соғысында оның кеңесімен ор қазылды. Кейінгі соғыстардың бәріне қатысты. Хазреті Омар заманында Мәдаин әкімі болды. Отыз бесінші жылы Мәдаинда қайтыс болды. Хадис шәрифпен мақталды. Абдуррахман Жами «Шәуаһид-ун нубуввә» кітабында жазуы бойынша, Саид бин Мусәйяб айтады, Абдуллаһ бин Сәламнан естідім. Абдуллаһ бин Сәлам маған айтып берді. Салман Фариси бір күні маған: «Бауырым Абдуллаһ! Екеумізден қайбіріміз ертерек өлсек, дүниеде қалғанына түсіне кірсін, жарай ма?» деді. Абдуллаһ: «Олай істеу мүмкін бе? Өлген адам біреудің түсіне кіре ала ма?» деп сұрады. Салман: «Иә, түске кіре алады. Мүмин өлген соң рухы еркін болады. Жер жүзінде қалаған жеріне бара алады. Ал кәпірлердің рухы еркін жүрмейді. Сижжин деген тозақтың шұңқырында қамалады» деді. Абдуллаһ баяндайды: «Салман (радиаллаһу анһ) қайтыс болғанда бір күні түсте қайлулә ұйқысына жатқан едім. Түсімде Салман келді. Маған сәлем берді, жауап бердім. «Қалың қалай, барған жерің қалай?» деп сұрадым. «Өте жақсымын, өте жайлы жердемін. Саған насихатым болсын, тәуекелді (Аллаһу та'алаға жүгіну) жіберіп алма. Ең жақсы нәрсе тәуекел» деді. Мұны үш рет қайталады». 27, 28, 68, 105, 106, 113, 114, 119, 120, 204, 241, 243, 250, 410. 214) СӘУДА: Расулуллаһтың пәк жұбайларынан. Меккеде некелескен болатын. Хазреті Омар заманында қайтыс болды. Одан бұрын күйеуімен бірге иманға келіп, Хабешистанға хижрет еткен болатын. Меккеге келген кездерінде күйеуі қайтыс болды. Өз кезегін хазреті Айшаға сыйлаған еді. Бес хадис шәриф хабар берді (радиаллаһу та'ала анһа). 69, 242. 215) СӘЙИД ӘЙЮБ ҮРМӘУИ (рахимә-һуллаһу та'ала): Иранның Түркия маңындағы Үрмия қаласынан. Түрік тіліндегі «Мәнақиб-и чихар йар-ы гузин» кітабының авторы. 1264 [м.1847] жылғы және 1998 жылғы Стамбұлдағы басылымдары өте керемет. Бұл кітаптың 477-ші бетінде өзін таныстырған. 28, 108, 269. 216) СИБҒАТУЛЛАҺ ХИЗАНИ: Таха-и Хаққаридың халифаларынан (ізбасарынан). Таха-и Хаққари есіміне қараңыз! 395, 411. 217) СИЖАХ БИНТИ ХАРИС: Бәни Тәмим тайпасынан бір әйел еді. Пайғамбар екенін жариялап, жаңа дін шығаруға тырысты. Көп адамды алдады. Малик бин Нувәйра да оған ерді. Оған дейін христиан еді. Мусәйләмәға көмектесуге дайындалып жатқанда Мусәйләмә өлтірілгенде Сижах қорықты да, Иракқа қашты. Біраз уақыт өткен соң мұсылман болды. Тәубе етті. Хазреті Муауия заманында қайтыс болды. 117. 218) СЫРРИ ПАША: Гиридтік. Бағдат әкімі еді. 1260 [м.1844] жылы дүниеге келіп, 1312 [м.1895] жылы Стамбұлда қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Мұхаммед Сырри пашаның «Сырр-ил Құран», «Сырр-ул Фурқан», «Нақд-ул кәлам фи ақаидил ислам», «Тәржәмә-и шәрһ-и ақаид» кітаптары танымал. Әртүрлі әдеп-құлық пен тарих рисалалары және христиандармен сұхбаттары бар. 108. 219) СУФЯН БИН УЙЯЙНӘ: Фиқһ және хадис ғалымы болған. Мүжтәһид еді. Уәра мен тақуалығы жоғары еді. 107 жылы Куфада дүниеге келіп, 198 [м.813] жылы Меккеде қайтыс болды. Жетпіс рет қажылыққа барды. Имам Ағзам және Имам Шафиимен көрісті (рахимә-һумуллаһу та'ала). Хадис және тәфсир рисалалары бар. Уйяйнә – Нәждтегі бір ауыл. Уаһһабилікті шығарған Мұхаммед бин Абдулуаһһаб осы жерден шыққан. 31, 43. 220) СУФЯН СӘУРИ: Әкесінің есімі Саид. Хадис және фиқһ ғалымы. Мүжтәһид. Зухды мен тақуалығы, насихаттары мәшһүр. 95 [м.713] жылы Куфада дүниеге келіп, 161 [м.777] жылы Басрада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Стамбұлда Йералты мешітінде жатқан Суфян бұл кісі емес, басқа адам. Жүнәйд Бағдади оның мазһабында еді. Оның заманында халалды одан жақсы білетін ешкім жоқ еді. «Жами-ул кәбир», «Жами-ус сағир» және «Фараиз» кітаптары бар. 31, 43, 84, 321. 221) СУЮТИ: Жалаледдин Абдуррахман бин Әбу Бәкір бин Мұхаммед Суюти – ислам ғалымдарының ең ұлыларынан. Неміс тіліндегі «Meyer Lexicon» кітабында «Шаршамай, қажымай жазған Суютидің үш жүзден астам еңбегі бар» деп жазып, бірнешеуін атап өткен. Тәфсир, хадис, фиқһ, тарих, ахлақ және медицина кітаптары өте құнды. Ол Мысырда Суют қаласында 849 [м.1445] жылы дүниеге келіп, 911 [м.1505] жылы Мысырда қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Кітаптарының көбі Еуропада басылған. Әлі жиырма екі жасында болғанда «Жәлаләйн» тәфсирін бітірді. Имам Ғазалидың «Ихия-ул улум» кітабын қысқартқан. Кітаптарын оқып бітіру мүмкін емес. 17, 143, 246, 249, 250, 251, 320, 356. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |