Жұма мүбәрәк болсын!

16 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Feb 8, 2024, 6:25:00 AMFeb 8
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Сіздің бұл мәселеңізді мен шешемін!

Имам Шафии хазрет әһли сүннет уәл жамағаттың төрт мазһабының бірі шафии мазһабының құрушысы. Есімі Мұхаммед бин Идрис. Атасының атасы Шафи құрайш тайпасынан және асхаби кирамнан болғандықтан, ол «Шафии» атымен танымал болды. Шафидың атасының атасы болса Хашим бин Абди Мәнаф.

150 (м.767) жылы Ғаззада дүниеге келген бұл ғұлама 204 (м.820) жылы Мысырда қайтыс болды. Қабірі Курафе мазарында үлкен кесене ішінде орналасқан.

Имам Шафии хазрет әлі кіші жасында Меккедегі сол заманның атақты ғалымдарының дәрістеріне және сұхбаттарына үздіксіз қатысып бастаған. Он жасында сол заманның ең атақты ғалымы Имам Маликтың «Муватта» атты хадис кітабын тоғыз күнде жаттаған. Жастық шағының алғашқы жылдарында өзін толықтай білімге арнап, Меккедегі Суфян бин Уйәйна, Мүслим бин Халид әз-Зәнжи секілді фиқһ және хадис ғұламаларынан білім алды. Хадис, фиқһ, лұғат және әдебиетте үлкен жетістіктерге жетті. Меккелік жастар арасында білімде саусақпен көрсететіндей дәрежеге жетті. Мына оқиға оның үстемдігін көрсетуге жеткілікті:

Ол күндері Мысырдың танымал тұлғаларының бірі әйелімен ұрысқан кезде, әйелі оған: «Ей, тозақтық», - депті. Бұл сөзге жауап ретінде әлгі кісі: «Егер мен тозақтық болсам, онда сен талақсың», - деген екен. Бірақ ол әйелін өте жақсы көретін еді. Тозақтық екені расталса, әйелімен ажырасуға тура келеді. Сөйтіп ол ғалымдарды жинап, бұл мәселенің шешімін сұрайды. Ешкім жауап бере алмайды. Бәрі бір ауыздан «Сенің тозақтық болған-болмағаныңды Аллаһу та'ала ғана біледі» деседі.

Ғалымдар арасынан әлі кіші жаста болған Имам Шафии хазрет орнынан тұрып: «Мен сіздің мәселеңізді шешемін» дейді. Сол жерде отырғандар аң-таң болады. Осыншалықты ғұламалар жауап бере алмаған сұраққа қалай жауап берер екен деп таңқалады. Имам Шафии хазрет: «Алдымен сіз менің сұрақтарыма жауап беріңіз!» деді де, «Күнә істеген кезіңізде Аллаһтан қорқып, ол күнәні дереу доғарған кезіңіз болды ма?» деп сұрады. «Аллаһу та'алаға ант етемін, көп болды» деген жауап алған соң: «Дәл осы жағдайыңызбен сіздің жәннаттық екеніңіз аңғарылды» деді. Айналадағы ғалымдар қай дәлелмен мұндай үкім шығарғанын сұраған кезде:

«Құран кәрімде «Кімде-кім Аллаһтан қорқып, нәпсін күнәлардан тыйатын болса, оның орны әлбетте жәннат» делінеді. Үкімімді осы аяти карима бойынша бердім» деді. Бәрі үнсіз қалды...

(Төрт мазһабтың бірінің иман және фиқһ білімдерін ұстанған мұсылманды «Әһли сүннет» немесе «Сүнни» деп атайды. Ол төрт мазһаб: Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали. Бұл заманда осы төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам бидғатшы болады). («Дуррул мухтар» хашиясы, «Зәбаих» бөлімі).

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 15, 2024, 6:09:34 AMFeb 15
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Күпірге жетелейтін күнә

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ғайбат – күпірге ең жақын күнәлардың бірі. Кім мән бермей, бұл күнәдан сақтанбайтын болса, бұған әдеттенеді де маңызсыз деп санайтын болып кетеді. «Мен бар нәрсені айттым, өтірік айтпадым ғой, мұның несі күнә?» деп күнәға жеңіл қараса кәпір болады. Онсыз да болған нәрсені айту ғайбат болып табылады, ал болмаған нәрсені айту жала болады.

Ғайбатқа немесе басқа да күнәға мән бермеу – күпір. Күпір дегеніміз – мәңгі тозақта жану деген сөз. Күпірге тәубе еткен кезде иман қайтып келеді, бірақ алдыңғы жасалған бүкіл ғибадаттары мен сауаптары жоқ болады. Сондықтан күпірге түсуден қатты сақтану қажет. Хусейн бин Саид хазрет (рахметуллаһи алейһ) «Ғайбат етілген кезде жасаған ғибадаттарымыздың сауабы жайлы үмітсіздікке түсемін. Ғайбат айтып жатқанды тоқтататын адам жүз шәһид сауабын алады. Тоқтата алмаған адамның ол жерден тұрып кетуі керек! Егер тамашалайтындар болмаса, дарбазшы да арқанның үстіне шықпайтын еді. Ол арқаннан құлайтын болса, оны тамашалап отырғандар оны өлтірген болады. Адам өлтіргендей күнәға батады!» дейтін еді.

Шайтан ғайбат айтқан адамның аузына саусағымен бал жағып, «Қане, тағы да біраз жаланып ал!» дейді. Қандай қорқынышты нәрсе! Сондықтан ғайбаттан қатты қорқу керек, өте сақ болу қажет. Ғайбат – қатерлі ісік сияқты, шыққан жерін жойып жібереді. Байқап қарасақ, көптеген жанұялардың, қоғамдардың, ұлттардың бәрі осының кесірінен бөлініп ыдыраған. Бір-бірінің артынан сөйлейтіндердің бәрі өліп кетті. Бірақ тапқан табыстарының бәрі өшіп кетті. Әсіресе иманын құтқара алмай өлген болса, Аллаһ сақтасын, мәңгі тозақтық болды.

Ешбір мұсылманның артынан сөйлемеу керек, ғайбаттамау керек. Жаман және өте күнәхар деп ойлаған біреуді ғайбаттап, оның күнәларын өзіне алу – ақылды адамның ісі ме?

Ғайбат айтқан адам ескертуге қарамастан аузын жаппаса, ол жерден кету және онымен қарым-қатынасты үзу қажет. Оны жалғыз қалдыру керек, дуалға сөйлесін! Ең болмағанда біз өзімізді құтқарған боламыз. Біраз уақыттан соң бәлкім ол да өкінер, оған да жақсылық жасаған, пәлекеттен құтқарған боламыз.

От, алау шыққан жерін өртейді. Саусағымызды қайнаған суға батыра алмаймыз, кеуірт алауында да ұстай алмаймыз. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Раббана әтина...» дұғасын оқитын және оқуға кеңес беретін еді. Мағынасы: «Ей Раббымыз! Бізге дүниеде де, ахиретте де жақсылық бер және бізді отта жанудан қорға!» Біз де осылай дұға етіп, отқа жетелейтін күнәлардан ұзақ болуымыз қажет.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 22, 2024, 6:15:45 AMFeb 22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жаңа туылған сәбиге жасалатын діни міндет

Ислам мәдениетінде өмір сүру салтын реттейтін, осылайша мұсылманның дүние мен ахиретте бақытты болуын қамтамасыз ететін өмірлік білімдерді «Ілімхал» деп атайды. Бұл білімдер мұсылман кісінің туылуынан өліміне дейін ұстануы қажет болған ережелерді үйретеді. Балалар біздің бақытымыз. Ата-ана болатын ерлі-зайыптылар оның туылатын күнін асыға күтеді. Дініміз дүние есігін енді ашқан балаға атқару қажет болған амалдарды былай көрсетеді:

1) Жаңа туылған баланың құлағына дереу азан мен қамат айту керек. Осылайша оларды жын мен шайтанның зиянынан қорғаған жөн. Хадис шәрифте айтылады: «Жаңа туылған баланың оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылса, «Үмми сибян» ауруынан қорғанған болады». (Бәйһақи)

«Үмми сибян» – жүкті әйелдерге және құрсағындағы балаға, жаңадан туылған сәбилерге және анасына тиісетін, ауруына жол ашатын жын тайпасынан ұрғашы шайтанның есімі. Одан қорғану үшін 22 рет «Бисмиллаһ», бір рет «Фатиха», бір рет «Аят-ул курси», бір рет «Ихлас», бір рет «Фәлақ», бір рет «Нас» сүрелерін және «Қаләм» сүресінің 51-52 аяттарын қағазға ислам әріптерімен жазып, тұмар қылып балаға тағу керек.

2) Балаға жақсы есім беру керек. Дінсіздіктің белгісі саналатын сөздерді және кәпірлердің есімін қоюдан аулақ болған жөн. Бала туылғанда жетінші күні есім беру және басын қырып, шашының салмағындай алтын немесе күміс садақа беру мүстаһаб амалға жатады, сауабы өте көп. Шашын алмай-ақ жобалап беруге де болады. Алтын мен күмістің орнына қағаз ақша беруге және жетінші күннен кейін де беруге болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Балаға жақсы есім беру, дінін үйрету және уақыты келгенде үйлендіру – баланың әкесінің мойнындағы хақысынан» деген.

3) Баланың есімін білімді, салих (діндар) кісіге қойғызу керек. Сахабалар балаларының есімін пайғамбарымызға қойғызуды жөн көретін. Балаға есім бергенде туыстар арасындағы жасы үлкен немесе білімі көп біреуі баланы жастық секілді жұмсақ бір нәрсенің үстіне жатқызып, құшағына алады. Дәретті болып, құбылаға қарап, түрегеп тұрып оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтады. Кейін есімін үш рет қайталап айтқан жақсы. Осы кезде баланың аузына тәтті жағу жақсы болады.

4) Балаға есім қойған соң салих азамат болуын және дінге қызмет етуін тілеп дұға ету керек.

5) Жаңа туылған балаға арнап, мүмкіндік болса «Ақиқа» қойын сою керек. Ақиқа оны ауру-сырқаулардан және бәле-жаладан қорғайды.

6) Баланы алты айдай анасының сүтімен азықтандыру жеткілікті. Бала тамағын жей алатын шаққа дейін емізу уәжіп, екі жасқа дейін емізу мүстаһаб, ал екі жарым жасқа дейін емізу рұқсат. Одан кейін емізу күнә болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 29, 2024, 6:34:56 AMFeb 29
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жүректер Жаратқанды ұмытса...

Бүкіл жамандықтардың басы – жүректің Раббысын ұмытуы. Ахирет күні харамның азабы болғанындай, халалдың да есебі болады. Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) «Ихия-ул Улум» кітабында осы тақырыпта мына хикаяны баяндайды:

Бір адам Иса алейһиссаламмен дос болғысы келеді. Ұлы пайғамбар оның көңілін қалдырмай, өзімен бірге ертіп, екеуі бірге жолға шығады. Біраз жол жүрген соң судың қасына тоқтайды. Оларда үш нан бар еді. Екі нанды жейді. Иса алейһиссалам су ішіп келуге барып, қайтып келгенінде үшінші нанның жоқ екенін байқап сұрайды:

- Нан қайда?

- Білмеймін, - деген жауап алады.

Хазреті Иса пайғамбар досымен жолды жалғастырады. Біраз жол жүрген соң әбден қарындары ашады. Сол кезде екі киікті көріп қалады. Иса алейһиссалам киіктің бірін шақырған кезде, ол жүгіріп келеді. Оны сойып, етін пісіріп, екеуі жейді. Кейін Иса алейһиссалам киікке «Аллаһтың рұқсатымен тұр» дейді. Киік тіріліп, жүгіріп кетеді. Иса алейһиссалам досына қарап тағы сұрайды:

- Саған осы мұғжизаны көрсеткен Аллаһтың атымен ант етемін! Нанды кім алғанын айт!

- Білмеймін, - дейді.

Жолды жалғастырады. Алдарынан өзен шығады. Арғы бетке өту қажет. Бірақ көпір де, қайық та жоқ еді. Иса алейһиссалам адамның қолынан ұстайды да, ағып тұрған өзен суының үстімен жүріп өтеді. Қайтадан сұрайды:

- Маған осы мұғжизаны берген Аллаһу та'ала үшін айт, нан қайда?

- Білмеймін, білсем айтамын.

Ақыр соңында бір сайға түседі. Иса алейһиссалам біраз топырақты бір жерге үйіп, дұға етеді. Топырақ алтынға айналады. Оны үшке бөледі. «Бірі маған, бірі саған, ал үшіншісін жоғалған нанды жеген адам алсын!» дейді. Адам бірден мойындайды:

- Ол нанды мен жеген едім!

Иса алейһиссалам:

- Ала бер, үшеуі де сенікі, - деп кетіп қалады. Адам алтынды қалай таситынын ойлап тұрғанда екі қарақшы келеді де:

- Бізді де алтынға ортақ қыл, әйтпесе өлтіреміз, - дейді.

- Онсыз да үшке бөлініп тұр, келіңдер, бөлісіп алайық.

Алтынды салатын қапшық пен тамақ алып келуге қарақшылардың бірін ауылға жібереді. Оның да ашкөздігі қозып, «Аналарды улап өлтірейін, алтынның бәрі өзіме қалсын» деп ойлайды.

Күтіп қалғандардың да ойы бұзылып, «Оны өлтірейік, үшеуіміз емес, екеуіміз бөлісеміз» деседі.

Сөйтіп ауылдан қапшық пен тамақ әкелген достарын аяусыз өлтіреді. Кейін әкелген тамағын жейді. Тамақтағы у екеуін де өлтіріп, бірінен соң бірі жерге құлайды.

Иса алейһиссалам қайтарында сол жерге келіп, алтын тұрған жерінде сол күйінде тұрғанын, қасында үш мәйіт жатқанын көреді. Ғибратпен қарап тұрып, «Дүние деген осы!» дейді.

Иә, дүние деген осы!

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 7, 2024, 6:48:15 AMMar 7
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ең қажетті және ең пайдалы білім қайбірі?

Хужжәт-ул-Ислам Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) хазретіне жылдар бойы қызмет етіп, одан білім алған бір шәкірті хат жазып былай сұраған екен:

- Ұстаз, жылдар бойы бейнетпен көп нәрсе үйрендім. Енді осыншама білімнен маған ең қажетті және ең пайдалы болғаны қайбірі? Ахиретте маған көмекке келетін, қабірде дүниедегі достарым мені жалғыз қалдырып кеткенде маған жолдас болатын, қабірден тұрғанда анасы баласынан, ағасы інісінен, дүниедегі достар бір-бірінен қашып, жеке басының қамын ойлайтын кезде мені құтқаратын білім қайбірі? Соны біліп алып, сол білімге берік болсам деймін. Ал дүниеде, ахиретте пайдасы жоқ болғаны қайбірі? Соны біліп алып, ол білімнен аулақ болсам деймін. Өйткені, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Пайдасыз білімді үйренуден, Аллаһу та'аладан қорықпайтын жүректен, дүниелікке тоймайтын нәпістен, Аллаһ үшін жыламайтын көзден, қабыл болуға лайықсыз дұғадан Аллаһу та'ала бізді қорғасын!» деген...

Имам Ғазали хазрет шәкіртіне мынадай жауап жазып жолдады:

- Ей, сүйікті ұлым және адал досым! Бүкіл насихаттар пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламнан алынған. Одан келмеген насихаттар пайдасыз. Пайғамбарымыздың әлемге жайылған насихаттарының бірі мынадай:

«Аллаһу та'аланың бір құлына мейірім көрсетпейтіндігінің, оған ашуланып, азап беретіндігінің белгісі – оның дүние мен ахиретке пайдасы тимейтін нәрселермен айналысуы, уақытын қажетсіз бос нәрселермен өткізуі. Адам өмірінің бір сағаты Аллаһу та'ала ұнатпайтын нәрсемен өтсе, қанша көп өкінсе де, қайғырса да, орны бар. Адамның, қырық жастан асса да, қайырлы амалдары, яғни сауаптары жаман істерінен, яғни күнәларынан көбірек болмаса, тозаққа дайындала берсін!»

Бұл хадис шәрифтің мағынасын жақсы түсінгендерге бұл насихат жеткілікті болады. Жақсылап біліп ал, амалсыз білім адамды құтқармайды. Мұны саған мысал келтіріп түсіндірейін:

Бір адам тауда жүргенде алдынан арыстан шықса, қолында мылтығы мен қылышы болса, оларды жақсы қолдануды білсе, қаншалықты ержүрек болса да, сол құралдарды қолданбастан арыстаннан құтыла алады ма? Құтыла алмайтынын өзің де білесің. Дәл осы сияқты, адам қаншалықты білімді болса да, білгенімен амал етпейтін болса, білімінің еш пайдасын көрмейді...

Біліп қой, еңбектенбегенше, дін жолында жүрмегенше сауап ала алмайсың! Әрбір ісіңнің, ғибадатыңның дінге сай болуы қажет. Пайғамбарымыз осы себептен бұрыннан қалған білімдер мен әдеттердің үкімін жойды, өзгертті. Олай болса, Ислам дінінің рұқсаты болмастан ауыз ашпау керек. Исламда орны болмаған сөздер мен білімдер және шәһуатпен араласқан ғапіл жүрек тозақтық болудың және пәлекеттің белгісі...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 14, 2024, 7:46:03 AMMar 14
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ораза адамды тозақ отынан қорғайды

Бүгін қасиетті Рамазан айының төртінші күніндеміз. Раббымызға қанша шүкір етсек те аз. Рамазан – «Он бір айдың сұлтаны», сүннеттерге парыз, ал парыздарға кем дегенде жетпіс есе сауап берілетін мүбәрәк ай.

Хадис шәрифте айтылғанындай: «Үмбетім Рамазан айындағы құндылықтарды білсе, барлық айлардың Рамазан болуын қалайтын еді».

Ораза ғибадаты тек осы үмбетке ғана емес, басқа үмбеттерге де парыз қылынған. Бірақ олардың оразасы басқа күндерде және басқа айларда еді. Ал бізге осы мүбәрәк айда парыз қылынды. Құран кәрім түскен, ішінде мың айдан да қайырлы Қадір түні бар болған айдың таңдалуы біз үшін ниғмет үстіне ниғмет...

Бізге бір ай ораза ұстауымыз парыз болды. Бұл айды таңдау еркіндігін бізге бермеді, әйтпесе әр ұлт өзіне ыңғайлы бір айды таңдайтын еді. Тіпті ол айдың қайбірі болатындығы туралы пікір таласқа себеп болар еді.

Әлемдегі бүкіл мұсылмандардың бірдей күнде оразаны бастауын және бірдей күнде айтты тойлауы, бірлік пен ынтымақты қалыптастыру үшін ол айды тікелей Раббымыз таңдады.

Рамазанның қамари айлардан болуы да үлкен ниғмет. Егер біз қазір қолданып жүрген шәмси деп аталатын айлардан болғанда, әр жылы бір мезгілде ораза ұстауға тура келетін еді. Кейбір жерлерде күндер өте ұзақ, олар әрдайым сол ұзақ күндерде ораза ұстайтын және үнемі қиналатын еді. Кейбір басқа жерлерде қысқа күндерде ораза ұсталып, олардың қарындары ашпағандықтан, шөлдемегендіктен, нәпістерімен күрестің және Раббымыздың разылығын алу үшін шегілетін қиыншылықтардың ләззатын сезіне алмайтын еді.

Рамазан айы әр жылы он немесе он бір күнге артқа жылжиды. Отыз үш жыл ораза ұстаған адам жылдың барлық мезгілдерінде, барлық айлары мен күндерінде ораза ұстаған болады.

Бұл мүбәрәк ай – рухани сауда мезгілі. Өз маусымында, өз мезгілінде жасалған сауданың табысы ерекше, көбірек пайда түсіреді. Егінді жинау мезгілінде өнім алмасаңыз, кейінірек алуыңыздан жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайсыз.

Бұл айда бізге көптеген сүйіншілер бар. Хадис шәрифте айтылған: «Қалқан адамды қылыштан қалай қорғаса, ораза да адамды тозақ отынан солай қорғайды».

Оразаның басқа ғибадаттардан өзгешелігі – онда көрсетіп істеу, көз боямашылық жоқ. Ол пенде мен Раббы арасында, басқалардың хабары да болмайды.

Осы себептен Раббымыз былай деген: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалдары тек өзі үшін ғана. Ал ораза болса, мен үшін тұтылады. Қулым ішіп-жеуді, нәпсінің қалауларын мен үшін тәрк етеді, оның марапатын мен беремін».

Көрсетіп істеуден, риядан ұзақ, Аллаһ үшін жасалған ғибадаттар өте құнды болмақ. Нәпіске ең ауыр келетін нәрсе – ықыласпен жасалған ғибадаттар. Өйткені онда нәпістің ешқандай үлесі жоқ...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 22, 2024, 1:20:47 AMMar 22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Оразаның өте көп пайдалары бар

Біздерді жаратқан және өмір сүргізіп жатқан, бізге тіпті өз анамыздан да қамқор болған Раббымызды тыңдасақ, әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтансақ, дүниеде де, қабірде де, ахиретте де бақыт пен шаттықта боламыз. Оразаның санауға келмейтіндей көп пайдалары бар. Бірақ біз оразаны сол пайдалары үшін емес, дініміздің әмірі болғаны үшін ұстаймыз. Бәрінен бұрын денсаулығымыз үшін ораза ұстауымыз керек.

«Ораза ұстаңдар, денсаулыққа қауышыңдар» – бұл хадис шәриф. Ораза ұстаған адам денсаулыққа қауышады. Күні бойы жұмыс істеген және шаршаған мүшелерімізді біз түнде ұйықтап жатқанда тынықтырамыз. Тынықпайтын, демалмайтын кейбір мүшелер бар: асқазанымыз, ішектеріміз және асқорыту жүйеміз. Бұлар үздіксіз жұмыс істейді, демалудың не екенін білмейді. Қарнымызды қатты тойдырып жатсақ та, оянғанымызда қарнымыздың ашқанын байқаймыз. Біз ұйықтап жатамыз, есімізді білмейміз, бірақ асқорыту жүйеміз ұйықтамайды, тоқтамай жұмыс істейді. Осы үздіксіз жұмыс істеу оларды шаршатады және тоздырады.

Ұйықтап жатқанда көзіміз, құлағымыз, аяқ-қолымыз және миымыз тынығады. Тыныға алмайтындарды ең болмағанда жылына бір ай, тек күндіздері болса да, ораза ұстау арқылы тынықтыруға мүмкіндік тапқан боламыз.

Ораза ұстаған кезде жүрегіміз де демалады, асқазан бос болғанда жүрек рахат жұмыс істейді. Денсаулық тұрғысынан тағы бір пайдасы – бауырымыздағы азық қорының еруі. Ораза ұстамайтындар бұл қажеттіліктерін азықтармен қамтамасыз еткендіктен, бауырдағы азық қорына тиіспейді. Олар қала беріп ескіреді, қажеттілік туындағанда жақсы нәтиже бермейді.

Ғылым дамыған сайын оразаның денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екені жақсы аңғарылады және дәрігерлер дәрілер тізіміне «ораза» деп те қосып жазады.

Сабыр етуді әмір ететін, сабыр етуге шақыратын жетпістен астам аяти карима бар, ең үлкені «Раббымыз сабыр етушілермен бірге» деген сүйінші.

Сабыр ету адамдарға тән. Періштелер сабыр етпейді, өйткені олар ішіп-жемейді және ауырмайды. Жануарларда да сабыр ету жоқ. Өйткені оларда ақыл жоқ, олар жауапкер емес.

Адам баласы осы екі болмыстың арасында. Ақылы бар, періштелер сияқты, нәпсі бар, жануарлар сияқты. Ақылын негізге алса, періштердің дәрежесіне қарай жоғарылайды, тіпті олардан да асып кетеді. Өйткені періштелер қаласа да, қаламаса да, жақсы болмыстар, ал адамдар нәпсімен күресу соңында жоғарылай алған. Нәпсі жеңіп кетсе, бұл жолы хайуан дәрежесіне қарай төмендейді, олардан да төмен түседі. Өйткені жануарлар ахиретте жауапкер емес.

Раббына бағынбағандар, харамдардан сақтанбағандар қиямет күні тозаққа жіберілген кезде: «Әттең, біз дүниеге адам болып келмегенімізде ғой, жылан, шаян болып келгенімізде ғой, осы ауыр азапқа душар болмасақ қой!» деп өкінеді. Жану өте қиын нәрсе, жанбаған адам білмейді...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 28, 2024, 7:20:40 AMMar 28
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ораза ұстаушыларға пайғамбарымыздың сүйіншісі

Бұл қасиетті айды ахиреттегі жағдайды жасқартудың жақсы мүмкіншілігі деп қабылдап, қолдан келгенше ғибадат жасау керек. Аллаһу та'ала разы болатын амалдар жасау қажет. Дін ғұламаларының айтуынша, «Жұма күні мен түні, Рамазан айының отыз күні мен түні ешкімге азап берілмейді. Рамазан айы кір киімнің кір жуғыш машинаға кіріп тазаруы секілді. Бұл бірінші күннен басталып, адам отызыншы күні тап-таза болып шығады».

Рамазан айы қыс мезгіліне тура келген күндері ораза ұстау оңайырақ. Жаздың ұзақ күндерінде және ыстықта ұстау әлбетте қиын. Бірақ қиындыққа төтеп беріп орындалған ғибадаттың сауабы да көбірек болады. Бұл айда үзірсіз (кешірімді себепсіз) ораза ұстамау үлкен күнә. Хадис шәрифте:

«Үзірсіз Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса, Рамазандағы сол бір күннің сауабын ала алмайды» делінген.

Әһли сүннет ғалымдары Рамазан айында былай дұға ететін:

«Йа, Раббым! Ұстаған оразамызды қабыл ет! Бізге қасиетті Рамазанның шапағатын нәсіп ет! Рамазан айында кешірген құлдарыңның қатарына бізді де қоса көр! Әмин».

Бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабаларына былай деді:

«Түсімде таңқаларлық нәрселер көрдім. Үмбетімнен бір адамды азаптаушы періштелер ұстап алған екен. Алған дәреті келіп, оны сол қиын жағдайдан құтқарды. Біреуді көрдім, қабірі оны қысып жатқан еді. Оқыған намаздары келіп, оны қабір азабынан құтқарды. Біреуге шайтандар тиісіп жатты. Жасаған зікірлері келіп, оны шайтаннан құтқарды. Тағы біреудің шөлден тілі салақтаған еді. Ұстаған Рамазан оразасы келіп, шөлін қандырды.

Біреуді қараңғы басты. Жасаған қажылығы келіп, қараңғылықтан шығарды. Біреуге өлім періште келген еді. Ата-анасына жасаған жақсылығы келіп, өліміне бөгет болды, кешіктірді. Біреуді мұсылмандармен сөйлескізбеген еді. Сыла-и рахим (туған-туысқандармен араласу) келіп, оған шапағат етті, олармен сөйлесті. Пайғамбарының қасына барғысы келген біреуге бөгет болған еді. Алған ғұсылы оны қасыма алып келді. Оттан қорғанғысы келген біреуге садақасы келіп, отқа қалқан болды. Біреуді зәбанилер (тозақ періштелері) алып, тозаққа сүйреп бара жатқанда жасаған әмри маруф пен нәхий мүнкәрі (уағыз-насихат) келіп құтқарды. Біреу тозақ отына тасталған болатын. Аллаһтан қорқып төккен көз жасы келіп, ол жерден құтқарды.

Біреуге амал дәптері сол жағынан берілмек болғанда Аллаһтан қорқуы келіп, дәптерін оң жаққа өткізді. Таразыда сауаптары жеңіл болған біреуге өзінен бұрын өлген балалары келіп, сауаптарын ауырлатты. Тозақтың шетінде қорқыныштан дірілдеп тұрған біреуге Аллаһу та'алаға деген жақсы ойы, үміті келгенде дірілдеуі басылды. Сырат көпірінен қиналып өткен біреу жәннатқа келді. Бірақ есік жабық еді. Кәлима-и шаһадат келіп, оны жәннатқа кіргізді».  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 4, 2024, 8:21:07 AMApr 4
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әр мейрам құндылығына қарай ұзақ немесе қысқа уақытқа созылады. Мысалы ораза айт үш күн, Құрбан айт төрт күн. Сондай бір мейрам бар, отыз күнге жалғасады. Ол мейрам – қасиетті Рамазан айы. Өйткені бұл айда күн сайын мыңдаған, жүз мыңдаған мұсылман кешірілуде. Қабірдегілер жәннатқа жіберілуде. Дүниедегілердің күнәлары өшіп жатыр. Бұдан үлкен мейрам болуы мүмкін бе?

Сондықтан әр күні кешірілгендердің көптігін ойлап, өзін де қосып, кеш болмай тұрып «Қап, мейрамның тағы біреуі өтті», ертеңіне кешке «Қап, тағы бір күн кетті» деп айту жолымен Рамазан айында әрбір күннің әр сағатын, әр түнін өте құнды деп біліп, соған сай қадірлендіру керек.

Қасиеттілігіне қараңыз, бұл айда орындалған зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалған парыздар секілді. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған жетпіс парыз секілді. Сондықтан бұл айда тілімізге ие болу керек, яғни аузымыздан ғайбат, өсек, жаман сөз айту былай тұрсын, тіпті бостан бос дүниелік сөздер де шықпау керек. Қайырлы істер жасап, қайырлы сөздер айтқан жөн. Құран кәрім оқу қажет. Қаза намаздарын өтеу керек. Уақыт тапқанда зиярат жасау, адамдардың көңілін аулап, сыйлық беріп сыйласу керек. Мүмкіндік болса, әһли сүннет ғалымдарымыздың кітаптарын, мысалы «Ислам Ахлақы» кітабын берген жақсы болады. Яғни жақсылық пен қайырымдылық нағыз қабыл болатын, қайтарылмайтын бір ай бойы бұл мүмкіндікті жақсылап пайдаланған жөн.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деген. Аллаһты ұмытып, дүниеге берілсек, иман, денсаулық, мал-мүлік, адамгершілік, мейірім ризықтары және басқа да әртүрлі ризықтар азаяды. Қасиетті Рамазан айында Хақ та'ала көп еске алынғандықтан, ораза ұсталып, Құран кәрім оқылғандықтан, мейірім көбейгендіктен, ауызашарлар, зекеттер, пітірлер берілгендіктен, иман ризығынан бастап заттық және рухани ризықтар артып жатыр. Тіпті мұсылмандықтан ұзақтау болғандардың өзі дін, иман жайында сөз қозғайды. Ал мұсылмандар ғибадатқа қаттырақ беріледі, мешіттер толады. Ауруханалар болса басқа айлардағыдай толмайды. Өйткені денсаулық ризығы молаяды. Ораза ұстаған адамның денсаулығы мықты болады. «Асқазан тамақтан бос болса, дене сау болады. Жүрек дүниеліктен бос болса, мұсылмандығымыз қуатты болады» делінеді. Демек, жүректе дүниелік жоқ болса, ақшаға, мал-мүлікке және мансапқа, яғни жүрек осыларға деген махаббатқа толы болмаса, ол адамның имандылығы дұрыс әрі мықты болады.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages