|
[м.1967] жылы Стамбұлда басылған Т.Йылмаз Өзтунаның «Түркия тарихы» кітабының он екінші томында қысқаша былай жазылған: «Сұлтан Абдулазиздың өлтірілуі бірнеше опасыз немесе аңқау үкімет адамдарының жеке менмендіктерін қандыру үшін болды. Олардың басында садри азам (премьер-министр) Хусейн Авни паша тұрған еді. Ол штабта жетіліп, үш рет сераскер (қорғаныс министрі) болған еді. Қарапайым отбасыдан шыққан. «Кекшілдігім – дінім» дейтін кекшіл адамдардың бірі еді. Масон Фуад пашаның жетілдірген адамы еді. Қасиетсіздігі және жамандығы үшін қызметінен босатылатын, кейін түрлі жолдармен өзіне мансап тауып отырып алатын. Махмуд Недим паша тарапынан қызметінен босатылып, сүргінге ұшырағаны және мансабы мен медальдары алынғандықтан, патшаға кек сақтады. Сұлтанды тақтан тайдыруға және өлтіруге шешім қабылдады. Лондонға барып, ағылшындармен бұл істі жоспарлады. Қастандықтың екінші адамы Мидхат пашаның батыстың мәдениеті болмауымен қатар, діни білімі де жоқ еді. Туна мен Бағдат аудандарында атқарған істері Еуропа баспаларында қошемет көрген, әсіресе ағылшындар тарапынан асыра мақталған. Ол сезімдеріне берілген, асығыс және қате шешім шығарып, соның кесірінен жақсы қызмет атқаруға қабілеті жоқ адам еді. Әли паша секілді өмірінің соңына дейін премьер-министр болып қалатынын ойлап, екі айда қызметінен босағанын көтере алмай, намысына тиіп, патшаға дұшпан болған еді. Ішкілік үстінде мемлекетке қарсы шешім шығаратын. Англиядағы парламенттік басқарманы толықтай енгізсе, Түркияның дәл Англия сияқты болатынын ойлайтын. Осындай басқару жүйесін жүргізе алатын жалғыз адамның өзі екеніне сенетін. Мидхат паша конституциялық монархияны орнату үшін тақтан тайдыру ісіне араласты деу шындыққа еш сәйкес келмейді. Авни паша тақтан тайдыру жоспарын алғаш Мидхат және Ширванизаде Мұхаммед Рушду пашаларға, кейін сол кездегі садри азам, аудармашы Рушду пашаға ашты. Ширванизадеден қолдау көрмеген соң, оны Тайфқа жер аударып, сол жерде у беріп өлтірді. Мидхат паша садри азам Махмұд Недим пашаның өзін орталықтан алыстатпақшы екенін сезіп, бұл іске араласқан деуге болады. Тақтан тайдыру ісіне Мидхат пашаның бұйрығымен жалған пәтуа берген шәйх-ул ислам Хасан Хайрулла да бұл оқиғадан бұрын қызметінен алынған болатын, сол себепті сұлтанға өшпенділік сақтаған еді. Сұлтан Абдулазиз ол туралы: «Ол сарайда жүргенде бұзақы имам деп аталатын. Рушду пашаның ұсынысымен оны шәйх-ул ислам қылдық, Аллаһ сақтасын, бір нәрсе бүлдірмесе болғаны» деген болатын. Сұлтан Абдулазизді тақтан тайдыруды отансүйгіштік деп санаған жалғыз адам — соғыс мектебінің командирі Сүлеймен паша еді. 25 мамыр түні Редиф және Сүлеймен пашалар Авни пашаның Кузгунжуктағы үйінде жиналып, 300 әскери курсанттың Долмабахче сарайын қоршауын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Курсанттарға: «Сұлтанды қорғауға бара жатырмыз» делінді. Авни паша сұлтанды өлтіруді көптен бері жоспарлап жүрген және ақыры осы қылмысты іске асырды. Сарайда ұзақ уақыт тыңшысы болған екінші мабейнші (сарай хатшысы) Фахри бейді бұл істі орындау үшін пайдаланды. Алжирлік Мұстафа палуан, Йозгаттық палуан Мұстафа чавуш және Боябаттық қажы Мұхаммед палуанды Фәрийя сарайына бағбан етіп орналастырды. Фахри бей мен бұл палуандар бөлмеге кіріп, ұзақ күрестен кейін сұлтанның білектерін кесіп, терезеден бақшаға қашып шықты. Авни паша айқай-шуды ести сала Кузгунжуктағы үйінен қайықпен бірден Фәрийяға келді. Өлім туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан екі дәрігердің бірін Авни паша дереу Траблусғарбқа (Триполи) сүргінге жіберді. Екіншісі Омар бейдің погондарын сол жерде-ақ шешіп тастады. 1293 [м.1876] жылдың 4 маусымының таңында сұлтан Абдулазиздің Ортакөй жағасындағы Фәрийя сарайындағы бөлмесінен оғаш дауыстар естіле бастады. Сағат тоғыз жарымда бөлмеге кіргендер бұрынғы патшаны қан үстінде жатқан күйінде тапты. Келесі күні жарияланған үкімет хабарламасында былай делінді: «Сұлтан Абдулазиз сақалын түзету үшін сұратқан кішкентай қайшысымен екі білегінің тамырларын кесіп өзіне қол жұмсады. Сераскер Авни паша мәйітті полицияға жеткізді». Бұл хабарламаға қоса жарияланған дәрігерлік анықтама ешкімді иландыра алмады. Дәрігерлерге тек білектері ғана көрсетілген. Авни паша бірнеше жыл бұрын да сұлтан Абдулазизді улап өлтірмек болған. Мидхат паша бұл өлімді естігенде: (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |