ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 8

1 view
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 23, 2026, 12:41:38 AMSep 23
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (5)

Осы ағымдардың барлығы 446 [м.1054] жылға дейін Римдағы папаға бағынышты еді. Көбі мүшрик болды. Бәріне католик делінеді. 1054 жылы Стамбұл патриархы Михаел Киролариус пападан бөлініп шығып, шығыс шіркеулерін өзі басқарды. Бұл шіркеулер «Ортодокс» деп аталды. Олар «Яқубия» ағымында.

Лютер есімді неміс поп та хижреттің тоғыз жүз жиырма үшінші [923] жылына тура келетін миладтың бір мың бес жүз он жетінші [1517] жылы Римдағы папаға қарсы шығып, шіркеулердің бір бөлігі оған бағынды. Олар «Протестант» шіркеулері деп аталды].

Байқалғанындай, христиандардың көбі мүшрик және яһудилерден төмен. Ахиретте азаптары көбірек. Өйткені олар әрі Мұхаммед алейһиссаламға сенбейді, әрі тәңірлікте шектен шығып, тәслиске (үш құдайға) сенеді. Иса алейһиссалам мен анасы хазреті Мәриәмға құдай деп табынатындар – мүшрик. Өлексені де жейді. Ал яһудилер тек қана екі пайғамбарға (алейһимассалауату уәттәслимат) сенбейді. Аллаһу та'аланы жалғыз біліп, өлексе жемейді. Сонымен қатар, яһудилердің исламға деген дұшпандығы көбірек. Яһудилердің бірнешеуі «Узәйр Аллаһтың ұлы» деп христиандар сияқты мүшрик болғанымен, көбі мүшрик емес. Ортодокс, католик және протестанттардың әрқайсы басқа-басқа Інжіл оқып, Иса алейһиссаламға бағынатынын айтады. Алайда сенімде және амалда бір-біріне қайшы келетін көп мәселелері бар. Бәріне насара және христиан делінеді. «Иса – пайғамбар» деп сенетіндері әһли кітап деп аталады. Қазір әһли кітап болған христиан жоқ. Мұхаммед алейһиссаламға сенбегендіктен бәрі кәпір. Яһудилер де өздерін мусауи деп атайды. [1997 жылы Францияда жарияланған екі томдық Діндер энциклопедиясында былай жазылған: 1995 жылы жер жүзінде 4 миллиард 550 миллион халық өмір сүрді. Оның 1 миллиард 60 миллионы мұсылман, 1 миллиард 870 миллионы христиан [оның 1 миллиард 42 миллионы католик, 505 миллионы протестант, 174 миллионы ортодокс], 14 миллионы яһуди, 1 миллиард 606 миллионы ешбір пайғамбарға сенбейтін кәпірлер, яғни мүшриктер].

Пайғамбарымыз (алейһиссалату уәссәләм) хижреттің он бірінші жылы ахиретке аттанған соң Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) халифа болды. Ол хижреттің он үшінші жылы алпыс үш жасында қайтыс болды. Одан кейін Омар-ул Фаруқ (радиаллаһу анһ) халифа болды. Жиырма үшінші жылы алпыс үш жасында шәһид болды. Одан кейін Осман Зиннурәйн (радиаллаһу та'ала анһ) халифа болды. Отыз бесінші жылы сексен екі жасында шәһид етілді. Кейін Әли (радиаллаһу анһ) халифа болды. Хижреттің қырқыншы жылы алпыс үш жасында шәһид болды. Осы төрт халифаны «Хулефә-и рашидин» деп атайды. Заман-ы саадатта «Ахкам-и исламия» (ислам үкімдері) толықтай орындалып, барлық жақ хақ, әділет және еркіндікпен нұрланғанындай, олардың заманында да солай еді. Ахкам-и исламия кемшіліксіз орындалатын еді. Бұл төрт халифа асхаби кирамның барлығынан үстем. Араларындағы үстемдіктері халифалық ретіне қарай.

Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) заманында мұсылмандар Арабстан түбегінен сыртқа шықты. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ахиретке аттанған соң түбекте тәртіпсіздік шықты. Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) түбекте пайда болған осы тәртіпсіздікті реттеді. Мүртәдтерді тәрбиелеумен айналысты. Заман-ы саадатта болғанындай бірлікті қамтамасыз етті. Омар (радиаллаһу анһ) халифа болғанда хұтба оқып:

«Ей, Расулдың сахабалары (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин)! Арабстан сендердің аттарыңа арпа өсіруге жарамды. Алайда Аллаһу та'ала Мұхаммед алейһиссаламның үмбетіне жер жүзінің әр тарапынан жерлер мен өлкелер беретінін сүйіктісіне уәде еткен болатын. Ендеше осы уәде етілген елдерді бағындырып, дүниеде олжаға, ахиретте ғаза (дін атына соғыс) мен шәһидтік мансабына жеткісі келетін ерлер қайда? Дін атына жаны мен басын пида етіп, отанын қалдырып, Аллаһу та'аланың құлдарын залымдардың қолынан құтқаратын ғазилер қайда?» деп асхаби кирамды жиһадқа және ғазауатқа шақырды. Ислам өлкелерінің үш құрлық бойынша жылдам кеңеюіне, миллиондаған адамның күпірден құтылуына себеп – хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) осы үндеуі. Осы үндеу бойынша асхаби кирам (алейһимурридуан) өлгенше жиһад пен ғазауат етуге бір ауыздан келісім берді. Халифа көрсеткен түрде әскер құрылып, әһли ислам жерлерін, отандарын қалдырып Арабстаннан шығып, шартарапқа тарады. Кеткендердің көбі кері қайтпай, барған жерлерінде өлгенше жиһад етті. Осылайша аз уақытта көп елдер жаулап алынды. Ол кезде екі үлкен мемлекет бар еді. Бірі Рум империясы, бірі Иран мемлекеті еді. Әһли ислам екеуін де жеңді. Әсіресе парсы елі толықтай жойылды. Барлық жерлері мұсылмандардың билігіне өтті. Халқы мұсылман болу абыройына жетті. Дүниеде тыныштыққа, ахиретте мәңгі бақытқа кенелді. Осман мен Әли (радиаллаһу анһума) замандарында да осы бағытқа күш салынды. Бірақ Осман (радиаллаһу анһ) заманында халифаға қарсы шыққан бүлікшілер, оны шәһид етті. Әли (радиаллаһу анһ) заманында харижи қақтығыстары шықты. Әһли ислам арасында алауыздық басталды. Ал жеңіс пен жаулаудың ең үлкен себебі бірлік пен ынтымақ болғандықтан, олардың заманында Омар (радиаллаһу анһ) заманындағыдай көп жер алынбады.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages