ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 165

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 16, 2022, 11:52:04 PM9/16/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ЖАФӘР САДЫҚ (радиаллаһу анһ) (2)

∙ Халифа Мансур Рәбиге: «Имам Жафәр Садық маған келсін» деді. Шақырған соң ол келді. Халифа Мансур «Егер сені өлтірмесем, Аллаһ мені өлтірсін! Түрлі қулықтармен фитна шығарып, мұсылмандардың қанын төккің келген екен» деді. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) ант етіп, «Мен ондай ештеңе істемедім, істегім де келмейді. Егер сондай хабар алған болсаңыз, ол өтірікшінің сөзі. Аллаһу та'ала сақтасын, сіз айтқанды мен істемеймін. Юсуф алейһиссаламға зұлымдық жасалды, ол кешірді. Әйюб алейһиссалам дертке душар болды, ол сабыр етті. Сүлейман алейһиссаламға көп нәрсе нәсіп болды, ол шүкір етті. Олар пайғамбар, сіздің тегіңіз де олардан келеді» деді. Мансур мұны естігенде «Дұрыс айтасың. Жоғары шығайық» деп бөлмесіне шақырды. Кейін «Бұл айтқандарымды маған пәленше айтты» деді де, сол адамды шақырды. Ол келген соң «Сен бұл сөздерді Жафәр Садықтың өзінен естідің бе?» деп сұрады. Ол адам «Иә, өзінен естідім» деді, сонда «Ант етесің бе?» дегенде «Иә» деп былай ант етті: «Биллаһилләзи лә илаһа илла һу алимулғайби уәшшәһәдәти (Өзінен басқа құдай болмаған, жасырын және ашық барлығын білетін Аллаһқа ант етемін)» деді. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) ол адамға «Былай ант ет» деді: «Бәрайту мин хаулиллаһи уә қууатиһи уәлтәжәту илә хаули қууати лақад фәалә кәзә уә кәзә Жафәр уә кәзә уә кәзә Жафәр (Аллаһтың күш-қуаты мен құдіретінен шығып, өз күш-қуатым мен құдіретіме сенген болайын, Жафәр былай былай деді және былай былай істеді)». Ол адам басында бұлай ант еткісі келмеді. Бірақ кейін солай ант етті де, сол мезетте құлап, өліп қалды. Халифа Мансур «Мынаның өлісін аяғынан сүйреп сыртқа шығарып тастаңдар» деді.

∙ Рәби былай айтып берген: «Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) халифа Мансурға келген кезінде ернін жыбырлатып бір нәрсе оқыған еді. Мансурдың ашуы ақырындап басылды. Тіпті оны қасына шақырып, күлімдеп, жылы сөйледі. Ол жақтан кеткен соң Жафәр Садықтан (радиаллаһу анһ) «Халифа сізге қатты ашуланған еді, сіз ерніңізді жыбырлатып бір нәрсе оқығаныңызда ашуы басылып қалды. Қай дұғаны оқыған едіңіз?» деп сұрадым. «Атам хазреті Хусейннің (радиаллаһу анһ) дұғасын оқыдым. Ол: «Йа уддәти индә шиддәти уә йа ғауси индә қурбәти ухрусни биайникәлләти ләтәнаму уә әкфини бин рукникә әлләзи лә йәраму» [Ей, қиналғанда сүйенерім, ей, қиналғанда нағыз медетім! Әрдайым көріп тұратын қасиетіңмен мені қорға және шексіз құдіретіңмен маған көмектес!] деген дұға» деп жауап берді. (Рәби: «Бұл дұғаны жаттап алдым. Қай кезде басыма қиындық келсе, осы дұғаны оқып құтылатынмын» деген). Кейін «Әлгі өлген адамға неліктен өз антынан басқа ант айтқыздыңыз?» деп сұрадым. «Құл Аллаһу та'аланы уахданиятпен және ұлылықпен зікір етсе, Аллаһу та'ала ол құлына мейіріммен және қорғанышпен қарайды және жазасын кешіктіреді. Ол адамға естігеніңдей ант айтқыздым, көргеніңдей Аллаһу та'ала оның жазасын тез берді» деп жауап берді».

∙ Халифа Мансур есік қарауылына «Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) келген кезде маған кірмей тұрып оны өлтір» деп бұйрық берді. Жафәр Садық бір күні халифа Мансурға келіп, кіріп, қасына отырды. Қарауыл ішке кіріп, оны халифа Мансурдың қасында көріп, таңқалды. Біраздан соң Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) кетіп қалды. Мансур қарауылды шақырып, «Саған қандай бұйрық берген едім?» деді. Қарауыл ант етіп, «Жафәр Садықты сіздің қасыңызда отырған кезде ғана көрдім. Кіргенін де, шыққанын да байқамадым» деді.

∙ Халифа Мансурдың жақындарының бірі былай айтып берген: «Бір күні Мансурға кірген едім. Оның ойланып отырғанын көрдім. «Ей, мүминдердің әмірі, неліктен ойланып отырсыз?» деп сұрадым. Ол «Әһли бәйттен көп адам өлтірдім. Бірақ олардың басшысын қалдырдым» деді. «Ол кім?» деп сұрағанымда «Жафәр бин Мұхаммед» деді. «Ол Аллаһу та'алаға ғибадат етумен ғана айналысады. Дүниелікке мүлде мән бермейді ғой» деп едім, маған «Сен оның халифа болғанын қалайсың, бірақ ол болмайды. Мен әрі кетсе осы түні оны ойлай беруден құтылғым келеді» деді. Кейін баскесерді шақырды. Баскесерге «Жафәр Садықты осында шақырамын. Келгенінде қолымды басыма қойған кезде оны өлтір» деп бұйрық берді. Кейін Жафәр Садықты (радиаллаһу анһ) шақыртты. Мансурдың қасына келгенінде мен де онымен бірге бардым. Ернін жыбырлатып бір нәрсе оқыған еді, не оқығанын түсіне алмадым. Мансурдың сарайына қарадым, теңіздің толқынында тербеліп тұрған кеме секілді шайқалған еді. Мансурды көрдім, жалаң аяқ, басы ашық, бүкіл денесі дірілдеп Жафәр Садық хазретті күтіп алды. Қолынан ұстап, оны өз тағына отырғызды. Кейін «Расулуллаһтың ұрпағы, не үшін келдіңіз?» деп сұрады. Жафәр Садық хазрет «Мені шақырған екенсіңдер, сол үшін келдім» деді. Мансур «Не қалайсыз, айтыңыз, бұйрығыңызды орындайын» деді. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) «Мен өзім қаламайынша мен шақырмаңдар. Өз қалауыммен келемін» деп кетіп қалды. Кейін Мансур төсегіне жатып, түннің жарымына дейін ұйықтады. Намаздарын өткізіп алды. Оянған соң қазасын оқыды. Мені шақырып алып былай деді: «Жафәр Садық қасыма келгенде айдаһар көрдім. Аузын ашқан, бір ерні жерде, бір ерні сарайымның төбесінде еді. Маған анық сөзбен «Егер Жафәр Садыққа (радиаллаһу анһ) тиісетін болсаң, сені және сарайыңды жұтамын» деді». Мен «Бұл сиқыр ғой» дегенімде «Жоқ, олай айтпа, бұл исми ағзам дұғасының қасиетінен. Ол дұға Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жетіп келген. Бұл дұғамен не тілесе де орындалатын» деді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages