|
Әрбір аймақта мектептер, ауруханалар, жолдар, ауыз су көздерін және Вена қаласынан басқа жерде теңдесі жоқ заманауи медицина факультетін салдырды. 1293 [м.1876] жылы Мемлекеттік басқару мектебін салдырды. [1296] жылы мұражай салдырды. [1297] жылы құқық мектебі мен қаржылық есеп мекемесін құрды және Бейоғлы әйелдер ауруханасын салдырды. [1299] жылы көркем өнер академиясы, [1300] жылы жоғары сауда мектебі, [1301] жылы жоғары инженерлік мектеп және қыздарға арналған интернат-лицей ашылды. [1303] жылы Теркос суын Стамбұлға жүргізді және мемлекеттік басқару лицейін ашты. [1305] жылы Германия императоры Стамбұлға келіп, Сұлтанахмет алаңында Неміс ауыз су көзі салынды. [1307] жылы Бурсада жібек өндіру мектебін салдырды. [1308] жылы Халқалы ауыл шаруашылығы және ветеринария мектебі мен Қағитханада полигон салдырды. 1309 [м.1892] жылы Бурса темір жолын және Аширет мектебін салдырды. [1310] жылы Ускудар лицейі мен Рушдия мектептері, жаңа пошта ғимараты, Османлы банкі мен Режи ғимараттары, «Яффа-Құдыс» темір жолы және Анкара темір жолы салынды. Сондай-ақ [1310] жылы Хамидия қағаз фабрикасы, Қадыкөй газ фабрикасы және Бейрут порты айлағы салдырылды. [1311] жылы Османлы сақтандыру компаниясын, Кучуксу бөгетін және «Манастыр-Салоники» темір жолын салдырды. [1312] жылы «Шам-Хоран» темір жолын және «Ескишеһир-Кутахия» темір жолын салдырды. Сондай-ақ [1312] жылы Хамидия жоғары сауда мектебі, «Галата-Топхане» айлағы және Долмабахче сағат мұнарасы салынды. [1313] жылы «Бейрут-Шам» темір жолы, Дар-ул-ажезе ғимараты, шам фабрикасы, «Афьон-Конья» темір жолы, Сакыз порты айлағы, қазіргі Стамбұл лицейі ғимараты, «Стамбұл-Салоники» темір жолы салынды. Ереглі көмір шахталары іске қосылды. [1314] жылы Дунай өзенінде Демиркапы арнасын және жабық базарды (Капалычаршы) жөндетті. [1313] жылы Грек соғысында жеңіске жетті. Психиатриялық аурухана салдырды. [1316] жылы Шишлиде Хамидие Этфал ауруханасын салдырды. [1318] жылы Мединаға дейін телеграф желісін жүргізді. 1320 [м.1901] жылы Хамидие-Хижаз темір жолы Зерқаға дейін жұмыс істеді. Қағытханада Хамидие су жүйесі салынды. Жаңа балық базары, Хайдарпаша айлағы, кен барлау мектебі, Шамда азаматтық медицина мектебі салынды. Хайдарпашада әскери медицина мектебі 1321 жылдың 24 қазанында ашылды. [1322] жылы саңыраулар мен мылқауларға арналған мектеп ашылды. [1322] жылы Бенгазиге телеграф желісі тартылды. [1323] жылы «Стамбұл-Көстенже» арасындағы су асты кабелі тартылды. Хайдарпаша вокзалының ғимараты салынды. Бешікташ төбесіндегі Йылдыз сарайын және оның алдындағы мешітті салдырды. Қысқасы, Еуропада жасалған барлық жаңалықтарды ең заманауи түрде елімізде жүзеге асырды. Алайда, өкінішке орай [1327] жылы тақтан түсірілген соң осы барлық өркендеу мен даму тоқтап, мемлекет қанға боялды. Абдулхамид хан «Стамбұл-Ескишеһир-Анкара», «Ескишеһир-Адана-Бағдат» және «Адана-Шам-Мәдина» темір жолдарын салдырған кезде басқа елдерде мұндай көлемде темір жолдар жоқ еді. Ол дін ғылымдары, жаратылыстану және әдебиет салаларында көптеген кітаптар бастырды. Ауылдарға дейін курстар аштырды. Тегін кітаптар жіберді. Соғыс қуатын жоғалтқан ескі кемелерді Халичке (Қара теңіз бұғазына) сүйретіп, Еуропада жаңадан жасалған заманауи крейсерлер мен сауытты кемелер арқылы флотты күшейтті. Әскер мен офицерлер абыройлы және беделді болғаны сонша, бір майор кафенің жанынан өткенде, іште отырғандар орнынан тұрып құрмет көрсететін. Ол кезде сондай бір береке бар еді, бір майордың үйінде пісірілген астан бүкіл ауданның кедейлері тоятын. Бүкіл жұртшылық, қарапайым халық та, әскери қызметкерлер де бір-бірін жақсы көретін. Бірақ [1313] жылы грек көтерілісі болды. Оған қарсы Етхем пашаның (рахимә-һуллаһу та'ала) қолбасшылығымен жіберген әскерін өзі сарайдан басқарған еді. Әскері жиырма төрт сағат ішінде Термопил өткелін асып өтіп, Афиныға кірді. Бұл оқиғаға бүкіл Еуропа қолбасшылары таң қалды. Себебі неміс штаб офицерлері «Османлы армиясы Термопилді алты айда да басып өте алмайды» деген рапорт берген болатын. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |