ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 171

5 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 7, 2022, 11:34:55 PM10/7/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰСА КАЗЫМ БИН ЖАФӘР (радиаллаһу анһ) (4)

∙Тағы бір адам былай айтып берген: «Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) Басраға апарған кезде Мәдаин маңайларында кемеге бірге мініп отырдық. Біздің артымызда тағы басқа кеме бар еді. Ол кемеде келін апара жатқандықтан, қатты шулаған еді. Менен «Неге адам көп?» деп сұрады. Мен «Келін апара жатыр» деп жауап бердім. Біраздан соң ол кемеден айқай-шу естідік. Мұса Казым (радиаллаһу анһ) «Мына айқай-шудың себебі не?» деп сұрады. Мен «Келін теңізден бір уыс су алғысы келіп иілгенде алтын білезігін суға түсіріп алыпты, сол үшін айқайлап жатыр» дедім. Мұса Казым хазрет кемелерді тоқтатуды сұрады. Кемелер тоқтаған соң суға жақындап бір нәрсе оқыды. Кейін «Олардың кеме қызметкеріне айтыңдар, суға түсіп, білезікті шығарсын» деді. Бір қарасақ, білезік судың бетіне шығып тұрған еді. Кеме қызметкері суға түсіп, білезікті шығарды».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Бір досым жүз динар (алтын) беріп, Имам Мұса Казымға (радиаллаһу анһ) апаруымды сұрады. Өзімнің де біраз динарым бар еді. Мәдинаға барған соң алдымен ғұсыл құйындым. Өз динарларымды және досым берген динарларды жудым. Оларға миск сеуіп қойдым. Досымның динарларын санағанымда тоқсан тоғыз шықты. Тағы санап едім, тағы тоқсан тоғыз шықты. Өз ақшамнан бір динар қосып, әмиянына салып қойдым. Түнде Мұса Казымның (радиаллаһу анһ) үйіне бардым. «Сізге жаным пида, біраз сыйлығым бар еді. Сол арқылы Аллаһу та'алаға жақын болғым келеді» дедім. «Әкел» деген соң әуелі өзімнің динарларымды алдына қойдым. Кейін «Пәленше досыңыз да мен арқылы сізге сыйлығын жіберді» дедім. «Әкел» деген соң әмиянды алдына қойдым. Ол «Әмиянның ішіндегілерін жерге төк» деп бұйырды. Төккенімде мүбәрәк қолымен сол динарларды жайды да, мен қосқан бір динарды ажыратты. Кейін «Ол адам бұл динарларды санына қарап емес, салмағына қарап есептеген» деді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Әли бин Яктин мен бір адам маған «Куфаға бар, пәленшемен бірге жолға шық. Екі мал алыңдар да, мына сыйлықтар мен хаттарды Мұса Казым хазретке апарыңдар» деді. Мен Куфаға барып, айтылған адамды таптым. Екі қой сатып алып, жолға шықтық. Мәдинаға жақын бір жерде тұрақтадық. Тамақтанып отырған едік, сол кезде Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) көрдік. Қашырға мініп келе жатқан еді. Орнымыздан тұрып сәлем бердік. «Әкелгендеріңді беріңдер» деді. Заттарды беріп, хаттарды да тапсырдық. Ол бірнеше хат шығарып, «Мыналар әкелген хаттарыңның жауабы. Кері қайта беріңдер. Аллаһу та'алаға аманат болыңдар» деді. Біз «Жейтін тамағымыз қалмады. Мәдинаға аз жол қалды. Рұқсат берсеңіз Мәдинаға барып, Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиярат етейік және азық алып кері қайтайық» дедік. Бізге «Тамақтарыңның артылғандары бар ма?» деп сұрады. «Бар» деп артылған тамақты бердік. Мүбәрәк қолын оларға тигізді де, «Бұл сендерге Куфаға дейін жетеді. Аллаһу та'ала сендерді қорғасын, кері қайтыңдар» деді. Сол жерден кері қайттық, ол тамақ бізге Куфаға дейін жеткілікті болды».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages