АСХАБИ КИРАМ – 222

6 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Apr 29, 2026, 1:41:58 AMApr 29
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (60)

195) РАФИИ: Әбулқасым Абдулкәрим бин Мұхаммед – үлкен ғұламалардан. 623 [м.1226] жылы Казвинде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Имам Шафиидың (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мүснәд» кітабын шәрһ етті. Тәфсир, хадис және фиқһ кітаптары бар. Шафии мазһабында көп кітап жазды. Олардың арасында «Мухаррәр» кітабы өте құнды. Мұны көп ғалымдар шәрһ еткен немесе ықшамдап жазған. Имам Нәуәуидің (рахимә-һуллаһу та'ала) ықшамдап жазған «Минхаж» деп атаған кітабы көп қолданылуда. Минхаждың шәрһтері арасында ең құндысы Ахмед бин Хажәр Хәйтәми Меккидің (рахимә-һуллаһу та'ала) шәрһі. «Тухфә» атты бұл шәрһ төрт томнан тұрады. 53, 364.

196) РӘБИ БИН ХАЙСӘМ: Табииннен. Куфа қаласында тақуалығымен танымал болған. Соңғы күндерінде сал (паралич) болып қалды. 63 жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 84.

197) РӘБИ БИН МАЙСАРА: Асхаби кирамнан. Бәдір соғысына қатыспады. Хайбарға қатысты. Расулуллаһтың мута некесіне тыйым салғанын хабар бергендердің бірі. 125.

198) РУҚАЙЯ: Расулуллаһтың екінші қызы. Анасы Хадиша-тул кубра. Хазреті Османның жұбайы. Басында Әбу Ләһәбтің ұлы Утбамен атастырылған болатын. Кейін Әбу Ләһәб пен әйелі Расулуллаһқа қорлық көрсету үшін ұлына бас тартқызды. Ол хазреті Османмен Хабешке хижрет еткен (көшкен). Ол жақта Абдуллаһ есімді ұлы туылды. Абдуллаһ хазреті Руқайядан кейін төртінші жылы алты жасында қайтыс болды. Хазреті Руқайя хижреттің екінші жылы науқастанып Бәдір соғысында жеңіске жету сүйіншісі Мәдинаға келген күні қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһа). 123, 325, 326, 365.

199) СА’Д БИН ӘБУ УАҚҚАС: Асхаби кирамның ұлыларынан. Ашәрә-и мубәшшәрәдан. Алғаш мұсылман болғандардың жетіншісі. Он жеті жасында мұсылман болды. Бүкіл соғыстарға қатысты. Қаһармандықпен шайқасты. Алғаш оқ атқан кісі болған, мерген еді. Ухуд соғысында Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаудан келген оқтарды жерден жинап оған беретін. «Ат, ей, Сад, ата бер! Ата-анам саған пида болсын» дейтін. Халифа Омар-ул Фаруқ заманында Иранға жіберілген ислам әскерінің бас қолбасшысы болды. Әйгілі Қадсия жеңісіне жетті. Иран елінің астанасы Мәдаин қаласын жаулап, парсы қазыналары мұсылмандардың қолына өтті. Кейіннен Ирак әкімі болды. Куфа қаласын құрды. Хазреті Осман заманында Куфа әкімі болды. Жәмәл және Сыффин соғыстарына араласпады. Елу бес жасында қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). Мәдина қаласында жерленген. 100, 121, 140, 166, 176, 180, 188, 211, 241, 251, 259, 323, 346, 408.

200) СА’Д БИН МУАЗ: Ансар сахабаларынан Әус тайпасының көсемі еді. Мәдинаға хижреттен бұрын жіберілген Мусаб бин Умәйрдің сөздерімен иманға келді. Қауымын иманға келтірді. Бәдір, Ухуд және Хандек соғыстарына қатысты. Хандекте алған жарақатынан қайтыс болды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұған көп жылап, жаназа намазын өзі оқытты. Ол хадис шәрифтермен мақталған (радиаллаһу та'ала анһ). 50, 237, 250.

201) СА’Д БИН УБАДӘ: Ансар сахабалардан Бәни Саиданың көсемдерінің бірі. Жомарттықта теңдесі жоқ еді. Соғыстарда Ансардың туын көтеретін. Расулуллаһ қайтыс болғанда халифа болғысы келді. Бәрі Әбу Бәкірге биат еткенде (бағынғанда) Хавранға кетті. Он бесінші жылы сол жақта қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). Хавран Шамның оңтүстігінде орналасқан. 113, 114, 115.

202) САДУДДИН ТАФТАЗАНИ: Мәсуд бин Омар – ислам дінінің ең үлкен ғалымдарынан. 722 жылы Хорасанда Тафтазанда дүниеге келіп, 792 [м.1390] жылы Самарқандта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Әмір Темір оны қатты жақсы көріп, көп құрмет көрсететін. Ол тәфсир, фиқһ және ақида білімдерінде сол заманның теңдесі жоқ ғұламасы еді. Өте құнды көп кітаптары бар. Баян және мәани ғылымдарында Шам мүфтисі Жәлаледдин Мұхаммед бин Абдуррахманның [739] жылы жазған «Тәлхис-ул мифтах» кітабын шәрһ етіп, «Мутаууәл» деп атаған. Осы кітабы және «Ақаид-и Нәсәфия» шәрһі өте құнды. 16, 89, 204, 249, 294, 401, 402.

203) САДИ ШИРАЗИ: Муслихуддин бин Абдуллаһ 589 жылы Ширазда дүниеге келіп, 691 [м.1291] жылы сол жерде қайтыс болды. Отыз жыл білім алды, отыз жыл саяхат етіп, әскерлікпен айналысты. Отыз жылын шілдеге отырып, ғибадатпен айналысып өткізді. Өлеңдері өте құнды. Кітаптары өз заманында барлық жаққа жайылды. Үлкен атаққа ие болды. Көп құрмет көретін. Бағдатта Низамия медресесінде дәріс берді. Әһли сүннет еді. Әһли сүннет ғалымдарынан Әбул Фәрәж бин Жәузидің [508-597] шәкірті еді. Тасаууфта қадири болып, Шихабуддин Сухрауардидің сұхбатында кемелдікке жетті. Он төрт рет қажылыққа барды. Бағдат, Шам, Мысыр, Анадолы, Хорасан, Үндістан және Түркістанға барды. Крест жорықтарында еуропалықтарға тұтқынға түсті. «Гулистан» және «Бостан» кітаптары парсы тілінен Еуропа тілдеріне аударылған. Түрік тілінде түрлі аудармалары мен шәрһтері де бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 32.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages