|
70) ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ: Абдуллаһ бин Әбу Кухафа Осман бин Амир бин Ка’б бин Са’д бин Тәйм бин Муррә бин Ка’б Құрайши – асхаби кирамның ең үстемі, ашәрә-и мубәшшәрәнің біріншісі. Расулуллаһтың үңгірдегі досы және алғашқы халифасы. Анасының есімі Үммулхайр. Атиқ және Сыддық есімдері мәшһүр. Мата саудагері болып, өте бай еді. Құрайштың алдыңғы қатарлыларынан еді. Хадиша, Әли және Зәйд бин Харисадан кейін төртінші болып иманға келген. Расулуллаһқа өте адал және Оны жақсы көретін еді. Баршаны иманға шақыратын. Осман, Зубәйр, Абдуррахман, Са’д бин Әбу Уаққас, Талха секілді үстем сахабалар Әбу Бәкірдің шақыруымен иманға келді. Ол мал-мүлкін толықтай Расулуллаһтың жолында жұмсады. Көп хадис шәрифпен және аяти каримамен мақталды. Бүкіл соғыстарға қатысты. Өз денесімен Расулуллаһты жауып қорғайтын. Расулуллаһ қайтыс болған күні хазреті Омардың ақылы кетіп, «Расулуллаһ аспанға шықты. Кім Оны өлді десе басын шабамын» деп қылышын шығарды. Бәрі қайғыдан және Омардың осы жағдайынан қорықса да, Әбу Бәкір үлкен ержүректікпен арыстандай ортаға шығып, «Расулуллаһтың әр адам секілді өлетінін» хабар берген аяти кариманы оқыды. Әсерлі сөздерімен насихат айтып, халықты тынышталдырып, көңілдерін басты. Мұсылмандарға жұбаныш берді. Асхаби кирамның ауызбірлігімен халифа сайланып, алдымен мүртәд болғандармен және пайғамбар екенін жариялап сауатсыз қара халықты алдаған Әсуәди анаси, Мусәйләмәтул Кәззаб, Сижаһ ханым және Туләйхат ибн Хувәйлидпен жеке жеке соғысып, бәрін тас-талқан етті. Хира және Әнбар қалаларын жаулап алды. Халидті және Әбу Убәйданы үлкен әскермен Шамға жіберді. Ислам дінін қайтадан ретке келтіріп күшейтті. Екі жыл, үш ай, он күндік халифалықтан кейін хижреттің он үшінші жылы жәмазиәл ахир айының жиырма екінші сейсенбі күні кешке 63 жасында қайтыс болды. Өсиеті бойынша хужрә-и саадатқа жерленді. Жұбайлары Қутәйләдан Абдуллаһ пен Әсма, Умми Руманнан Абдуррахман және Айша есімді балалары болды. Жафәр Тайярдан жесір қалған Әсма мен Хабибаны алып, біріншісінен Мұхаммед, екіншісінен өзі қайтыс болғаннан кейін Үмму Гүлсүм дүниеге келді. Ғибратты оқиғалары, қарапайымдылығы және жомарттығы ауыздан ауызға өтіп дастанға айналған. Ол 142 хадис шәриф жеткізген. Құран кәрімді жинақтап, ислам дініне ең үлкен қызметі тиген. Әнсаб ілімінде өте озат болып, теңдесі жоқ еді (радиаллаһу та'ала анһ). Әбу Бәкір Сыддық ақ тәнді, арық, сирек сақалды, сымбатты кісі еді. 12, 13, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 28, 38, 40, 44, 54, 59, 60, 61, 64, 68, 72, 73, 75, 76, 79, 82, 85, 86, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 105, 107, 108, 109, 110, 111, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 123, 124, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 151, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 169, 170, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 181, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 195, 196, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 212, 215, 216, 219, 223, 229, 230, 232, 237, 242, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 262, 266, 267, 279, 310, 312, 315, 316, 318, 323, 325, 328, 329, 330, 340, 342, 351, 354, 356, 358, 361, 362, 365, 381, 383, 391, 402, 407, 408. 71) ӘБУ ЖӘҺЛ: Есімі Амр бин Хишам бин Муғира бин Абдуллаһ бин Амр бин Махзум. Махзум – Расулуллаһтың атасы Муррәнің немересі. Ол құрайш тайпасының көсемдерінен еді. Расулуллаһтың ең үлкен дұшпаны болған. Ислам дініне деген кегі мен қарсылығы көп еді. Көкесі Уәлид бин Муғира да исламның азғын дұшпаны болған. Хижреттің екінші жылы орын алған Бәдір соғысында Афра ханымның екі ұлы Муаз бен Муаууәз оны ауыр жаралап құлатты. Кейін Абдуллаһ бин Мәсуд хазрет келіп, жан таласып жатқанында өлтірді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оны көргенде Аллаһу та'алаға шүкір етіп, «Бұл үмбеттің перғауыны осы!» деді. Әбу Жәһлдің інісі Ас бин Хишам да сол кезде өлтірілді. Әбу Жәһл өлгенде жетпіс жасында еді. 15, 38, 92, 95, 109, 229, 312, 324, 326, 340, 343, 344, 350, 361, 379, 380, 381. 72) ӘБУ ДАУД: Сүлейман бин Әшас Сижстани – хадис ғалымы. «Сүнән» кітабы өте құнды болып, төрт мың сегіз жүз хадис шәриф бар. Ол Ахмед бин Ханбалдың шәкірті. 202 [м.817] жылы Иранның Ауған шекарасындағы Сижстан (Систан) қаласында дүниеге келіп, 275 [м.888] жылы Басрада қайтыс болды. 73, 165, 200. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |