|
Үлкен ғалым Әл-Қади Әбу Бәкір Ибнул Араби «Әл-Ауасим» кітабында жазуы бойынша, «Бұхари»-дың Китабул фитән бөлімінде былай жазылған: «Мәдина халқы Язидті халифалықтан түсірмекші болғанда Абдуллаһ бин Омар жақындары мен балаларын жинап, оған «Аллаһтың және Расулуллаһтың халифасы ретінде биат еттік. Аллаһтың және Расулуллаһтың халифасымен соғысудан асқан опасыздық жоқ» деді». Абдуллаһ бин Омар Язидке биат еткенде: «Бұл биат қайырлы болса разы боламыз. Жаман болса сабыр етеміз» деді. Хамид бин Абдуррахман былай деген: Язидке биат етіліп жатқанда бір сахабаға бардым. Ол маған «Язид бұл үмбеттің қайырлысы емес. Одан асқан ғалымдар, одан да қадірлі адамдар бар дейсіңдер. Ал мен бұл үмбеттің ынтымақта болуын бөлінгенінен артық көремін. Үмбет-и Мұхаммед кіріп тыныштық тапқан жерге кірген адамның тынышы бұзыла ма? Әлбетте жоқ» деді. Язидтің шарап ішкеніне тоқталар болсақ, бұған сену үшін екі әділ куәгердің көрдім деп хабар беруі қажет. Ләйс бин Са’д: «Әмир-ул мүминин Язид алпыс төртінші жылы қайтыс болды» деді. Бұл сөзі Язидтің әділдігін хабар беруде. Оны әділ деп білмесе, «Әмир-ул мүминин» демес еді». Имам Ахмед бин Ханбал «Китаб-уз зухд»-та былай жазған: Язид хұтба оқығанда «Науқас болған адам ең жақсы амалдарын тауып, үнемі сол амалын жасасын! Ең жаман амалын тауып, оны доғарсын!» деді. Бұл жазбасы Язидтің сөзін құжат ретінде қабыл еткенін көрсетеді. Оған шарап ішті, фасық және фажир болды деп жала жапқан тарихшылардың ұялуы керек. Тарихшылардың көбі діни мәліметтерде надан. Олар бидғат дариясына батқан. Көбі асхаби кирамды және сәләф-и салихинді жамандай алу үшін хадис ойлап шығаруға да тартынбаған. Олардың мақсаттары дін емес, дүние еді. Адамдардың ең зияндысы ақылдысымақ болған надандар, айлакер болған бидғатшылар. Мал сатып алу үшін әділ саудагер ізделеді де, сәләф-и салихин туралы мағлұмат алу үшін діннен және әсіресе әділдіктен нәсібі жоқтардың сөздері, жазбалары қалайша қабылданады? «Ауасим» кітабынан аударма тәмәм болды. Бұл кітап 1371 [м.1951] жылы Мысырда басылған. Соңғы демде иманмен кету және тәубе ету мүмкін болу үшін Имам Ғазалидың (рахимә-һуллаһу та'ала) және басқаларының «Язидті лағнеттеуге рұқсат жоқ» дегені «Бәриқа»-ның бір мың оныншы бетінде жазылған. «Нухбәт-ул ләали» атты «Бәд-ул әмали» қасидасының шәрһін Мұхаммед бин Сүлейман Халеби жасаған. Бұл шәрһінде былай дейді: Язидке өлгеннен кейін тек жала жабуда шектен асқан фанатиктер ғана лағнет етті. Олар әһли сүннет ғалымдарының көпшілігіне ермейтін мылжың адамдар. Ақылы бар адам оған тіл тигізбейді, лағнет айтпайды. Өйткені оған лағнет айту бізге әмір етілмеді. Қияметте бұл бізден сұралмайды. Шиилер, харижилер және мутәзила ағымын ұстанатындардың бір бөлігі, тіпті Тафтазани Имам Хусейннің өлтірілгеніне разы болғаны үшін, бұған қуанғаны үшін, әһли бәйтті қорлағаны үшін әрі сол кезде күпірге себеп болатын өлең шумақтарын оқығаны үшін оны лағнеттеу рұқсат болады дегенімен, олай айтуы дұрыс емес. «Тәмхид» кітабында [Әбу Шәкур Сүләми] жазылуы бойынша: «Язид Имам Хусейнді өлтіруге әмір бермеді. Оған бағынуды немесе ұстап тірідей әкелуді әмір етті. Олар болса өз беттерінше өлтірді». Бұл жаман істі Убайдуллаһ бин Зияд жасады. Куфа қаласынан әскер жіберді. Кербелада кездесіп өлтірді. Имам Хусейнді өлтіру үшін әмір беру, тіпті пайғамбарлардан басқа кез келген адамды өлтіру оған халал демейінше лағнет етуге себеп болмайды. Әрі кетсе фасық болады, кәпір болмайды. Фасық болған мүминге лағнет ету рұқсат емес. Тіпті тірі кәпірді де лағнеттеу дұрыс емес. Өйткені оның мұсылман болып өлу ықтималы бар. Тек қана белгілі болмаған кәпірлерге және кәпір болып өлгені мәлім болған адамға лағнет ету рұқсат. Язидтің тұрақты намаз оқығаны анық. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) намаз оқитындарға лағнет айтуға тыйым салған. Садуддин Тафтазани «Ақаид-и Нәсәфия» шәрһінде жазған: «Язидті лағнеттеу мәселесінде әһли сүннет ғалымдары екіге бөлінді. «Хуласа»-да және басқа кітаптарда оны және Хажжаж Юсуфты лағнеттеу рұқсат емес екені жазылған. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) намаз оқитындарға және әһли қыблаға лағнет айтуға тыйым салды». Қорыта айтқанда, Язидтің Имам Хусейнді өлтіруге әмір берген-бермегені және бұған разы болған-болмағаны нақты мәлім болмағандықтан, үндемеген жақсы. Өйткені оны лағнеттеу әмір етілмеді. Лағнет етпеу де күнә емес. Иә, ол жасаған жаман істі жөн көрмейміз. Разы болмаса да ол себепкер екені айқын. «Нубхә» кітабынан аударма тәмәм болды. Үндістан ғалымдарынан Мәулана Хафыз Хаким Абдушшәкур Мирзапури «Шаһадат-и Хусейн» кітабында хазреті Хусейнді Куфа қаласында өздерін шии деп атайтындардың шәһид еткенін, шәһид еткен Шәммәр жауызының хазреті Әлидің әскері қатарында хазреті Муауияға қарсы соғысқанын дәлелдермен анықтаған. Бұл кітапты Мәуләуи Ғұлам Хайдар Фаруқи урду тілінен парсы тіліне аударған, 1395 [м.1975] жылы Қарашиде басылған. Аталмыш «Шаһадат-и Хусейн» кітабының кей бөлімдері осы «Асхаби кирам» кітабымыздың 135-ші бетінде және «Хақ сөздің дәлелдері» кітабының «Иманмен өлу үшін бауырым, әһли бәйт пен асхабты жақсы көруің керек» бөлімінің отыз алтыншы параграфында жазылған. Сол жерден оқыңыз! 27, 37, 63, 65, 76, 77, 88, 136, 137, 138, 139, 140, 194, 211, 244, 305, 317, 341, 344, 345, 346, 350, 357. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |