Жұма мүбәрәк болсын!

20 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jan 22, 2026, 7:17:16 AMJan 22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Сүлейман пайғамбардың жәннаттағы досы

Өз жағдайына, тұрмысына шүкір етіп, сол жағдайымен Аллаһу та'аланың бұйрықтарын орындауға тырысатын, оған қарсы шықпайтын қаншама кедейлер бар. Міне осындай кедейлер ахиретте пайғамбарлармен, шәһидтермен бірге болады.

Бір күні Сүлейман пайғамбар (алейһиссалам) Аллаһу та'алаға дұға етіп былай сұрады:

- Йа, Раббым! Кедейлердің салих болғандарын жақсы көресің. Ахиретте оларға қандай марапат бересің?

- Ей, Сүлейман! Кедей және салих болған құлдарыма қандай сый-сияпат көрсететінімді мен білемін. Олардың кейбірлерін жәннатта пайғамбарларға дос қыламын. Әр кедей кісі бір пайғамбармен бір тақта отырады. Онымен бірге ішіп-жейді.

Мұны естіген Сүлейман алейһиссалам сұрақ қойды:

- Йа, Раббым! Жәннатта менің досым болатын кедейді маған білдіре гөр!

- Ей, Сүлейман! Егер жәннаттық досыңды білгің келсе, екінді уақытында қаланың солтүстік жағына бар, сол жақта кездестіретін адамың – сенің жәннаттағы досың болатын кісі.

Хазреті Сүлейман айтылған уақытта сол тарапқа барды. Ол жақта кәрі кедей кісіні көрді. Арқасында отын жүгі бар еді. Демалып алуға біраз отырған екен. Хазреті Сүлейман қарттың қасына барып сәлем берді.

Қарт кісі:

- Уа алейкум ассалам, йа Нәбийаллаһ! – деп сәлеміне жауап берді.

Кейін хазреті Сүлейман сұрады:

- Ей, қарт кісі, арқаңыздағы отынды не істемекшісіз?

- Мен кедей адаммын. Күнде тауға шығып, отынды арқама жүктеп алып келемін де, сатамын, сол ақшамен бала-шағамның напақасын қамтамасыз етемін.

- Ей, қарт кісі, күнде осылай жұмыс істеп шаршаған боларсыз. Бұдан кейін отын сатуды тоқтатыңз. Менімен жүріңіз, зәулім сарайымда менімен бірге боласыз, сол жақта тұрасыз, ішіп-жейсіз. Сізбен бір тақта отырайық, сіз менімен бірге патша болыңыз! Осы қартайған шағыңызда қиыншылық пен ауыр жұмыстан құтылыңыз!

- Йа, Сүлейман! Мына өткінші өмірде мен патшалыққа көз тіккім келмейді. Мен өз тұрмысыма разымын. Аллаһу та'ала сізге патшалық берген екен, ал маған кедейлікті нәсіп етті. Патшалығыңыз сізге берекетті болсын, маған кедейлігім жетеді.

- Мейлі, патшалығымды бөлісуімді қаламайды екенсіз, онда сізге ай сайын айлық төлеп тұрайық!

- Йа, Сүлейман, менің кедей болғаныма ешқандай шағымым, наразылығым жоқ. Мен өз жағдайыма разымын, бұған шүкір етуге тырысып жүрмін. Сіз патшалығыңызды жалғастыра беріңіз, мен де өз кедейлігімді жалғастыра берейін. Мен осы жағдайымда рахат жүрмін, бақыттымын!

Қарттың бұл жауабын естіген Сүлейман пайғамбар (алейһиссалам) салих кедейге сүйіншісін айтты:

- Ей, қадірлі адам! Бұл жерде ұсынысымды қабылдамадыңыз, бірақ жәннатта досым боласыз, менімен бірге боласыз! Мұны маған Аллаһу та'ала хабарлады...

Өз жағдайына, тұрмысына шағымданбайтын кедейлерге бұл қандай бақыт...

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdini_kz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jan 29, 2026, 6:50:02 AMJan 29
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Мұсылманның қуанышы жүзінде, мұңы жүрегінде

Адамдарды қуанту – жақсы қасиет. Мұсылман кісіні қуантқан адамға Аллаһу та'ала разы болады. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Аллаһу та'аланың таңдалған құлдары бар. Олар үнемі қуанышты. Аллаһу та'аланың мейірімділігін, қамқорлығын, кешірмділігін ойлаған сайын қуанышты болып жүреді. Бірақ олардың жүректері және іші махшарды ойлаған кезде, қабірді ойлаған кезде, тозақты ойлаған кезде боздап жылайды».

Үлкен ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) былай деген:

«Пайғамбарымыз «Мұсылманның қуанышы жүзінде, мұңы жүрегінде» деген. Ешкімді ренжітуге ешкімнің хақысы жоқ. Өйткені Аллаһтың пенделерінің сүйіспеншілікке, қуанышқа қажеттілігі бар. Бір мұсылман біреуді қуантса, әкесін, анасын, досын, көршісін қуантса, біреуге қуаныш сыйласа, оған Аллаһу та'ала разы болады. Егер сол Аллаһтың разылығы аспаннан шам болып жерге түскенде, оның нұрынан күн қараятын еді».

Бір әулие кісіден ауыр науқасқа дұға етуін сұраған екен. Әулие несі бар болса бәрін шығарып, «Бұларды пәлен жердегі пәлен кедейге беріңдер!» дейді. Кедей бұған қатты қуанады. Әулие кісіден неліктен бұлай істегені сұралғанда: «Аллаһу та'аланың бір құлын қуантсақ, Раббымыз біздің дұғамызды қабыл етеді» деген екен.

Тағы бір әулие кісінің ең сүйікті досы ауырып қалады. Ол әулиеге науқас досы «Маған дұға етсін» деп хабар жолдайды. Әулие кісі «Бір қой сойсын, кедейлерге таратып оларды қуантсын. Біздің дұғамыздың қабыл болуы үшін біреуді қуанту керек» деген екен.

Біреуді ренжіткен кезде таңға дейін түнімен жылап тұрып ғибадат етсек, ол кешіріп разылығын бермейінше еш пайдасы тимейді. Сондықтан біреуді ренжітуден аса сақ болу керек.

Бір ауылда бір салих мұсылман бар екен. Ашуланғанын және аузынан жаман сөз шыққанын ешкім көрген емес. Оның үстіне жамандық жасағанға, жаман сөз айтқанға ол жақсылықпен жауап беріп, сыйлық береді екен. Адамдар аң-таң болып, мұның себебін іздейді, бірақ еш таппаған соң оның әйелінен сұрамақ болады. Әйелінен сұрайды:

- Сіздің күйеуіңіз мүлде ашуланбай ма?

- Ашуланбауы мүмкін бе, әрине ашуланады.

- Ашуланғанда айқайлап шу көтере ме?

- Айқайламайды, бірақ ашуланғанын біз түсінеміз. Ашуланған кезде бізге міндетті түрде бір нәрсе береді, мысалы тәттілер әкеледі немесе ақша береді. Алтын бергенде қатты ашуланғанын түсінеміз.

Бұл жауапқа қанағаттанбаған адамдар кейінірек әлгі адамның өзін тауып, мұның хикметін өзінен сұрайды. Сонда оның жауабы мынадай:

«Ашуланған кезде алдымда дін бауырымның тұрғанын ойлаймын. Ашулы нәпсім «Ал баста, сазайын бер!» дейді. Нәпсіме «Аллаһтан қорық! Сен Аллаһтың дұшпанысың, ондай дұшпанды дін бауырыма ауыстырмаймын» деймін. Тіпті бай болуын, молшылықта өмір сүруін тілеп, бауырыма дұға етемін, сыйлықтар беремін».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 5, 2026, 7:37:34 AMFeb 5
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Мұсылманның мұсылмандағы хақылары

Мойнымызда хақылар көп. Ең үлкен хақы Ұлы Раббымыздың, бізден ешқандай талап болмаса да бізді жаратты әрі өмір сүргізіп жатыр. Дүниеге келген кезімізде соқыр едік, көру нығметін бізге ол берді. Керең едік, есту қабілетін берді. Күшсіз едік, бізге күш-қуат нәсіп етті. Аш едік, бізді тойдырды, әрі азығымызды біз әлі дүниеге келмей тұрып анамыздың омырауында (әлемде ешбір балалар асында кездеспейтіндей дәруменді, құнарлы азықты) дайындады.

Тек жаратумен ғана шектелмей бізді өмір сүргізіп жатыр. Біздің бір нан жей алуымыз үшін жерде, аспанда не бар болса, күн, ай, бұлттар, жел, топырақ және басқа нығметтердің бәрін дайындап қойды. Ауаны тыныс алу арқылы әр минутта өмірімізді құтқаруда.

Жер жүзінен ауаны алып тастаса, кем дегенде он минут ауасыз қалсақ, ешбір жанды қалмайды. Қанша шүкір етсек те хақысын өтей алмаймыз...

Бізді және барымызды жаратқан Раббымыздың бізде хақысы болмауы мүмкін бе? Оның хақысы – әмірлерін орындап, харамдардан сақтану. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хақысы бар, ата-анамыздың, ұстаздарымыздың хақысы бар, көрші хақысы бар, бала-шағамыздың хақысы бар, тіпті жануарлардың да хақысы бар.

Мұсылманның мұсылмандағы хақысы алтау:

1) Кездескен кезде сәлем беру керек. Сәлем беру сүннет, ал жауап беру парыз. Бірақ сәлем берушінің сауабы жауап берушінің сауабынан көп.

2) Қонаққа шақырған кезде үзірлі себебі болмаса бару керек. Шақырылған жерде күнә істелмейтін болса, ол жаққа бару сүннет. Әсіресе бұл шақыру үйлену тойы (асы) болса (мұны «уәлима» деп атайды), онда маңызы арта түседі. Тіпті уәжіп деген ғалымдар да бар.

3) Насихат сұраса, оған насихат айту қажет. Бәріміз қазір ең насихатқа мұқтаж уақыттамыз, бірақ ешкім ешкімнен насихат сұрамайды. Насихат айтылса ашуланатымыз да бар. Насихатқа тоқпын дейміз.

4) Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» десе, оған «Ярхамукаллаһ» деуіміз керек. Түшкіру Рахманнан, ал есінеу шайтаннан. Пайғамбарлар мүлде есінемейтін.

5) Ауырып қалған кезде көңілін сұрап бару керек. Науқастың көңілін сұрап барғанда таза киім киіп, күлімдеген жүзбен кіру қажет. Науқасқа ұнайтын сөздер айтып, ұзақ отырмаған жөн. Науқас бұған қатты қуанады, оның көңілі мұңды, қайғылы. Ал мұңды жүрекпен жасалған дұға қабыл болады.

6) Қайтыс болса, жаназасына бару, жаназа намазын оқу мойнымызға міндет. Оның сол жағдайынан ғибрат алуымыз керек.

Өмір бойы айналасында өлгендерді көрген, олардың жаназына барып, табытын көтеріп жүрген адам үнемі осылай жалғаса береді деп ойлайды. Алайда табытын көтерген адамымыз да кезінде көп табыт көтерген еді. Бірақ бүгін өзі мәйіт болды. Бір күн келеді, біз де мәйіт болып, жаназамыз оқылады, мұны ұмытпайық...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 12, 2026, 7:14:09 AMFeb 12
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Күлме досыңа, келер басыңа

Өзгенің басына келген пәлекетке, қиыншылыққа, дертке, зиянға қуану «Шаматат» деп аталады. Шаматат жаман мінез болып табылады. Хадис шәрифте: «Дін бауырларыңа шаматат етпеңдер! Шаматат ететін болсаңдар, Аллаһу та'ала пәлекетті одан алып, сендерге береді» делінген.

Залымның зұлымдығынан, жауыздығынан құтылу үшін оның өліміне қуану рұқсат болғанымен оның басына келген өлімнен басқа пәлекеттерге қуану рұқсат емес. Әсіресе пәлекеттердің келуіне өзі жасаған дұғаларының себеп болғанын ойлап қуану тіпті жаман болады. Бұл жағдай, адамды «Ужб» деп аталатын, өзін ұнаттыратын жаман мінезге душар етеді.

Бір залымға келген пәлекет ол залымның өзгелерге зұлымдық жасауына кедергі болса, залымға бұл пәлекеттің келгеніне қуану рұқсат және күнә емес. Дін қайраты (құлшыныс) болады. (Дін қайраты дегеніміз – дініне, діндес бауырына зиян келуін қаламау деген сөз). Әйтсе де залымға да бәле келуіне қуану жақсы емес. Бірақ басқаларға зұлым етуіне тосқауыл болғаны үшін және бұдан басқа залымдардың да сабақ алатыны үшін қуану рұқсат болады.

Сырри Сәкати хазрет бір күні сұхбатында шәкірттеріне: «Отыз жыл бұрын айтқан «Әлхамдулиллаһ» деген сөзім үшін 30 жыл тәубе-истиғфар етудемін» дегенінде шәкірттері таң қалып: «Ұстазым, бұл қалай?» деп сұрайды. Ұстазы басынан өткен оқиғаны былай айтып береді:

«Бір кездері дүкендер қатар орналасқан базарда өрт шығып, дүкендердің барлығы, аяқ-киім, тоқыма заттары, киімдер, барлығы толықтай жанып кеткен еді. Мұны маған хабарлаған кезде «сенің дүкеніңе ешнәрсе болмапты» деді. Мен ойланбастан «Әлхамдулиллаһ» дедім. Сосын өз-өзіме: «Дін бауырларымның мал-мүлкі жансын, сенікі аман қалды деп шүкір етудесің, бұл қандай мұсылмандық» деп қатты өкіндім, көп жылап, тәубе еттім. Дүкендері жанып кеткен дін бауырларыммен бірдей болу үшін дүкенімдегі барлық затты кедейлерге таратып жібердім. Отыз жыл тәубе етіп келемін, әлі ұждан азабынан құтыла алмадым. Өлгенімде мені шалғай бір жерге көміңдер, жердің мені қабыл етпейтінінен қорқамын. Достарымның арасында ұяламын».

Ахмед Рифаи хазрет жануарларға аса мейірімді еді. Бір ит қотыр ауруына шалдыққан еді. Ит аурудың нәтижесінде өте жиіркенішті болғандықтан, ешкім оны ауласына жолатпайтын. Әркімнің ауласынан қуыла-қуыла әлгі ит Сәйид Ахмед Рифаи хазреттің есігіне келеді. Дәрменсіз, жара-жара болып келген иттің бұл халін көрген Ахмед Рифаи хазрет оны алып, қаланың сыртынан бір ұя салып береді. Сол жерде итті емдей бастайды. Тазалап, жараларына май жағып, тамақ беріп тойдырады. Қырық күн осылай ем қабылдаған ит, соңында ауруынан айығады. Қотырдың ізі де қалмайды. Сосын итті жақсылап жуып, қалаға әкеледі. Ахмед Рифаи хазреттен:

- Мырзам! Бұл итке қатты мән бердіңіз, мұның хикметі не? – деп сұрағандарға:

- Қиямет күні Раббымның маған «Бұл итке неге жаның ашымады? Оған берген бұл пәлекетімнен неге құтқармадың? Дәл сол пәлекетке сенің де душар болу ықтималың бар екенін неге ойламадың?» деп сұрауынан қорықтым. Ей, адамдар! Жүректеріңді Аллаһу та'аланың жаратылыстарына деген сүйіспеншілікпен толтырыңдар. Аллаһу та'аланың сендерді де сондай дәрежеге душар етуінен қорқыңдар, - деп жауап берді.

Ибраһим Гүлшәни хазреттің заманында бір ханзада өзінің дұшпанының зиян шегуін қалайды. Осы ниетпен Ибраһим Гүлшәни хазретке келіп, дұшпанының зиянға ұшырауы үшін жазу жазып беруін сұрайды. Ибраһим Гүлшәни хазрет: «Бұл істі Хақ та'алаға тапсырған жөн болады. Кек сақтап, ашуланып бір мұсылманға зиян тигізуге ұмтылу, тіпті ұшыраған зиянына қуанудың өзі де рұқсат емес» - деп жауап береді.

Андалусияда жетілген, әйел әулиелерден Фатима бинти Мусәнна хазрет әр уақыт Аллаһу та'аланы ойлайтын және «Сенен басқаның барлығы бос» дейтін. Оның бұл хәлін түсінбегендер оны жынды, ақымақ дейтін. Бір Рамазан айтының кешінде Фатима бинти Мусәнна хазрет өзі тұратын аймақтың мешітінің алдынан өтіп бара жатады. Мешіттің муәззині (азаншысы) қолындағы таяғымен Фатима бинти Мусәнна хазретті ұрып балағаттайды. Бірақ ол ешқандай жауап қатпай, ол жерден кетіп қалады. Бірақ ренжіген еді. Ренжіген күйде үйінде ғибадатын жалғастыра береді. Таяқпен ұрған муәззин таң намазының азанын айта бастағанда Фатима бинти Мусәнна хазрет сол муәззин үшін Аллаһу та'алаға дұға ете бастайды. Өйткені Өзінің әулие құлын ренжіткен адамды Аллаһу та'аланың міндетті түрде жазалайтынын білетін еді. Муәззиннің бір бәлеге душар болмасы үшін былай дұға етіп: «Йа, Раббым! Түннің соңғы уақытында барлық адам ұйықтап жатқанда тұрып, Сенің есіміңді, шаһадат кәлимасын, кәлима-и тәухидті айтатын, Сенің және сүйіктіңнің атын зікір ететін, Сенің шақыруыңды, әміріңді, Сенің құлдарыңа білдіретін бұл адамды маған істегендері үшін жазалама! Оны кешіре көр! Мені ренжіткені үшін оған жаза бере көрме! Әмин» деп жалбарынады.

Қорыта айтқанда, ата-бабаларымыз: «Күлме досыңа, келер басыңа» деп нақыл еткен. Сондықтан өзгеге келген пәлекетке қуанбау керек, керісінше оған дұға етіп, бұл пәлекеттен құтылуына көмекші болу керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 19, 2026, 6:34:41 AMFeb 19
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ахиреттің бақытына кенелу үшін бұл ай мүмкіндік

Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан басталды...

Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.

Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят нәсіп етуін Раббымыздан тілейміз.

Хазреті Имам Раббани былай дейді:

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды. Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Тозақтан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек). Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахиреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек. Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні осы айдың ішінде. Рамазан айында ауызды шам уақыты кіруімен ерте ашу, сәре тамағын да имсак (фәжр) уақытына жақындатып кеш жеу сүннет болып табылады. Расулуллаһ бұл екі сүннетті орындауға қатты мән беретін еді. Ауыз ашуға асығу және сәре тамағын кешіктіру, бәлкім, адамның төмендігін, әлсіздігін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Ғибадат ету дегеніміз де осы. Құрмамен ауыз ашу сүннет. Ауыз ашқанда «Зәхәбәз-зама-у уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл-әжр иншаллаһу та’ала» дұғасын оқу, тарауих намазын оқу, хатым оқу маңызды сүннет болып табылады.

Бұл айда әр түні тозаққа түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жаннат есіктері ашылады. Тозақ есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен байланады. Рахмет (мейірім) есіктері ашылады. Аллаһу та’ала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған, ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Амин.

(Ораза тұту қиын болған жерлерде ораза тұтқандарға және дін дұшпандарының өтіріктеріне алданбай, оразаларын бұзбағандарға өте көп сауап беріледі. Рамазан шәриф айы ислам дінінің намысы. Бұл айда күндіз ашықша, адамдардың көзінше ішіп-жеген адам бұл айға құрмет етпеген болады. Бұл айға құрмет етпеген адам Исламның намыс пердесін жыртқан болады. Намаз оқымайтын адамның да ораза тұтуы және харамдардан қашуы керек. Бұлардың оразасы қабыл болады және имандарының бар екендігі аңғарылады).

Қадір түні жаңғақтың іші сияқты. Ал Рамазан айы қабығы сияқты. Сондықтан кімде-кім бұл айды құрметпен, жақсы өткізіп, бұл айдың жақсылықтарына, берекелеріне қауышса, бүкіл бір жылы жақсы өтіп, қайырлы және берекелі болады.

Аллаһу та’ала бәрімізді осы мүбәрәк айдың жақсылықтарына, берекелеріне қауыштырсын. Әрбірімізге бұлардан үлкен үлес берсін!

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 26, 2026, 6:27:30 AM (12 days ago) Feb 26
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ораза ұстаған кісі құрмамен ауыз ашсын!

Рамазан айында дастарханнан үзілмейтін азық – құрма, дінімізде өте маңызды орын алады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрмамен ауыз ашатын еді. Бір хадис шәрифінде «Ораза ұстаған адам құрмамен ауыз ашсын! Өйткені құрма берекетті» деген. Құрманың берекетті болуының себебін айта кетейік. Оның ағашы «Нахлә» деп аталады. Бұл ағаштың жаратылуында жинақылық пен әділеттік бар. Адамның жаратылысы да осындай. Пайғамбарымыз нахлә ағашын «Адамзаттың апасы» (әкесінің қыз бауыры) деген. «Апаларың болған нахләні құрметтеңдер! Өйткені бұл ағаш Адам алейһиссаламның топырағынан артылғанынан жаратылған» деді. Осы себептен, нахләнің жемісі болған құрманы жегенде ол адамның бөлшегі, тіні болады. Осылайша құрмадағы барлық нәрсе адамға өткен болады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) басқа бір хадис шәрифінде «Мүминнің сәре асының құрмамен болуы қандай жақсы» деген.

Құрманың пайдалары санаумен бітпейді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ажуә құрмасы уға қарсы, саңырауқұлақ суы көзге шипа».

«Жаңадан босанған әйел құрма жесе, балалары тыныш болады. Хазреті Иса туылғанда хазреті Мәриәм құрма жеді. Одан жақсырағы бар болғанда, Аллаһу та'ала соны беретін еді».

Әнәс бин Малик хазрет айтып берген:

Расулуллаһтан Әбу Бәкір Сыддықтың сондай үстемдіктерін естідім, таң қалдым. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін бір түні Оны түсімде көрдім. Алдына бір табақ құрма қойылған екен. «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'ала сізге берген нәрседен маған да беріңізші!» дедім. Маған бір құрма берді. Сонда мен «Йа, Расулаллаһ, сыйыңызды арттырыңызшы» дедім. Осылай тоғыз құрмаға дейін берді. Сонда да «Йа, Расулаллаһ, тағы беріңізші» деп едім, Билалдың азан дауысынан оянып кеттім.

Дәрет алып, мешітке келдім. Таң намазын Әбу Бәкір Сыддықтың артында оқыдым. Намаздан кейін бір сағат басымды иіп тәспих тарттым. Басымды көтергенімде Сыддықты көрдім. Арқасын михрабқа қаратып отыр, түсімде көрген Расулуллаһтың алдында тұрған құрма табағы Сыддықтың алдында тұрған еді. Сонда мен:

- Йа, Расулуллаһтың халифасы! Аллаһу та'аланың сізге берген ниғметтерінен маған да беріңізші! – дедім.

Маған бір құрма берді. «Арттырыңызшы» деп едім, тағы бір құрма берді. Осылай тоғыз құрмаға дейін берді. Мен «Йа,  Расулуллаһтың халифасы, тағы арттырыңыз» деп едім:

- Йа, Әнәс! Егер түнде Расулуллаһ көбірек бергенде, мен де саған көбірек берер едім, – деп жауап берді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 5, 2026, 7:24:47 AM (5 days ago) Mar 5
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Рамазан айында нұр жауады

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'алаға шүкір болсын, бізге Рамазан айының қасиеттілігін түсінуді, ораза ұстауды нәсіп етті, бұл қандай үлкен ниғмет! Рамазанның әрбір күні мейрам. Мейрам, қуаныш күндері өтуде. Өйткені Рамазан айында күнәлар кешіріледі, қанша қуансақ та аз. Сондай бір кешірім айы, ең үлкен күнәлар да кешірілуде. Бұлар қандай үлкен сүйінші!

Қасиетті Рамазан айында мейірім, кешірім, нұр жауады. Әсіресе соңғы он күн арасында Қадір түні бар. Дәл осы күндерде бір-бірімізге дұға етуіміз керек. «Білдірмей артынан жасалған дұға қабыл болуға жақынырақ» деген аталарымыз.

Ақыр замандамыз. «Әлхамдулиллаһ, өте жақсымын» деп айту ұмытылып кеткендей. Дерді, қиыншылығы жоқ адам қалмады. Алайда иман бар болса, бәрі бар, иман жоқ болса, ештеңе жоқ деген сөз. Барлық нәрсенің негізі, өзегі – иман. Басқа нәрселерді дерт санап, әуре болмау керек.

Сүйікті пайғамбарымыз және Оның мұрагерлері болған бүкіл Әһли сүннет ғалымдарының бәрі «Иманмен жан тапсыр, қалғанына араласпа!» деген. Өйткені бір зат неғұрлым құнды болса, ұрлықшысы және дұшпаны соғұрлым күшті болады. Иман – жәннаттың есігін ашатын кілт, жәннатқа кірудің жалғыз шарты. Ғибадатпен жәннатқа кірілмейді. Ғибадат – иманды қорғау үшін керек. Жәннатқа кіруге себеп – дұрыс иман, яғни Әһли сүннет сенімі.

Дінімізге мойынсұну жүректі қуаттандырумен қатар, нәпісті әлсіретеді. Осы себептен нәпіс жүректің дінімізге мойынсұнуын қаламайды. Дінсіз, имансыз болуын қалайды. Ақылына бағынбай, нәпсіне ерген адам, осы себептен, дінсіз болып кетуде. Адам не нәпіспен, не оның терісі болған ақылмен әрекет етеді. Ақылымен әрекет еткен адам нәпістің осы дұшпандықтарын білгеннен кейін оны тежейді, оған бағынбайды. Адам өз нәпісіне былай деп айту керек:

Сенің қалауларың маған қайшы келуде. Өйткен дәрігерге барсақ, дәрігер емделу үшін дәрі береді және емдәм ұстатқызады. Біз оның айтқандарына бағынамыз. Дәрігерімізге «Құп болады» деп жатқан болсақ, онда көңілдің дәрігеріне, яғни Әһли сүннет ғалымдарына неліктен «Құп болады» демеске? Неліктен осы әулиелерге ермеске? Дәрігерге қарсы шықсақ, нәтижеде денеміз осы дүниеде біраз қиыншылық шегеді, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Бірақ ғалымдарды тыңдамай, көңіліміз ауру күйде өлетін болсақ, қабір азабынан бастап, тозақ азабына дейін қаншама азаптар шегеміз.

Осы тұрғыдан нәпсімізге емес, әулиелердің Әһли сүннет кітаптарында білдірілгендей дінімізге мойынсұнуымыз керек.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages