ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 12

5 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 7, 2026, 6:27:45 AMOct 7
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (9)

«Мизан-ул кубра» кітабының авторы (рахметуллаһи та'ала алейһ) кіріспесінде былай дейді: «Ұмытылған мазһабтардың және бүгінде бар болған төрт мазһабтың барлығы хақ, сахих. Бірінің өзгесінен үстемдігі жоқ. Өйткені бәрі бірдей дін қайнарынан алынған. Барлық мазһабтарда орындалуы оңай амалдар [Рұқсат] болуымен қатар, орындалуы қиын [Азимет] болған амалдар да бар. Азимет болған амалды орындай алатын адамның оңай амалды орындауға кірісуі дінмен ойнау болып саналады. Азиметті орындауға шамасы жетпейтін, үзірлі адамның рұқсат болғанын орындауы жаиз болады. Ондай адамның рұқсат болғанын орындауы азимет орындағандай көп сауап болады. Әлсіз болмаған адамның өз мазһабындағы рұқсаттарды орындамай, азиметтерді орындауы уәжіп. Тіпті өз мазһабында тек рұқсаты болған амалдың басқа мазһабта азиметі болса, сол азиметті орындауы уәжіп болады. Мазһаб имамдарынан бірінің сөзін жақтырмаудан немесе өз ойын оның сөзінен үстем санаудан аса сақ болу керек. Өйткені мүжтәһидтердің білімі мен түсінігінің қасында басқа адамдардың білімі мен түсінігі дым болмай қалады». Үзірі болмаған адамға өз мазһабында рұқсатпен амал ету жаиз болмағанда басқа мазһабтағы жеңілдіктерді іздестірудің, яғни мазһабтарды «Тәлфиқ» етудің мүлде жаиз емес екені аңғарылуда.

«Дуррул мухтар» кітабының авторы (рахметуллаһи та'ала алейһ) кіріспесінде және оның «Рәддул мухтар» хашиясында [яғни Ибн Абидинде] былай дейді: «Бір амалды, ғибадатты орындағанда мазһабтардың жеңілдіктерін іздеп, сол бойынша орындау батыл (сахих емес, қате). Мысалы дәретті адамның терісінен қан ақса, шафии мазһабында дәреті бұзылмайды. Ханафиде бұзылады. Бөтен әйелдің терісіне ер адамның терісі тисе, шафииде дәреті бұзылады. Ал ханафи мазһабы бойынша бұзылмайды. Дәрет алған соң терісінен қан шыққан немесе терісі бөтен әйелдің терісіне тиген адамның осы дәретпен оқыған намазы сахих болмайды. Осы секілді бір амалды бір мазһаб бойынша орындағанда екінші мазһабты да ұстану бір ауыздан батыл. Мәселен шафии мазһабын ұстанып басының аз жерін мәсіһ еткен адамға ит келіп үйкелсе, ол адамның маликиді тақлид етіп сол жерін жумастан оқыған намазы сахих болмайды. Өйткені шафииде ит үйкелген адамның намазы сахих болмайды. Маликиде ит нәжіс емес, бірақ басын толықтай мәсіһ етуі қажет. Тағы осы секілді, қорқытып айтқызылған талақ ханафиде сахих болады. Басқа үш мазһабта сахих болмайды. Ол адамның шафии мазһабының үкімін қолданып, ажырасқан әйелімен және ханафидың үкімін қолданып сол әйелдің қыз бауырымен бір уақытта неке құруы жаиз емес. Өйткені бір амалды орындағанда мазһабтарды «Тәлфиқ» ету, яғни жеңілдіктерін іздеп сол бойынша амал ету бір ауыздан сахих емес. Төрт мазһабтың ешбірін ұстанбай бір амалды орындау да жаиз емес». Намаз уақыттарын түсіндіргенде былай деген: «Сапар және қатты жаңбыр секілді үзір болғанда бесін мен екіндіні және ақшам мен құптанды қосып оқу шафииде жаиз (рұқсат). Ханафиде рұқсат емес. Ханафи адам жолаушы (сафари) кезінде машақат болмаса да бесінді екінді уақытында оқыса харам болады. Өз мазһабы бойынша хараж (қиындық), яғни машақат болған кезде өз мазһабындағы рұқсатпен амал етуі жаиз болады. Рұқсатпен де орындау машақат болса, басқа мазһабты тақлид ету жаиз, бірақ сол мазһабта сол ғибадаттың парыз және уәжіп болған үкімдерін де орындауы керек». Бір амалды, ғибадатты орындағанда басқа мазһабты тақлид еткен адам өз мазһабынан шыққан болып есептелмейді. Мазһабын ауыстырған болмайды. Тек қана сол амалды орындағанда басқа мазһабтың шарттарына мән беруі керек.

Ибн Абидин (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Рәддул мухтар» кітабының екінші томы, бес жүз қырық екінші бетінде былай делінеді: «Ханафи адам дәрет алғанда ниет етпесе, сол дәретпен бесінді оқыса, жаиз болады. Екіндіден кейін шафии болып, екіндіні оқыса, сахих болмайды. Ниет етіп қайтадан дәрет алуы қажет болады». «Тазир» үкімінің түсіндірмесінде былай делінеді: «Кімде-кім діни, ғылыми қажеттілік болмастан дүниелік істері үшін мазһабын ауыстырса, дінін ойыншық қылған болады. Оның жазалануы қажет болады. Имансыз өлуінен қорқылады. Аяти каримада: «Білетіндерден сұраңдар!» делінген. Сондықтан мүжтәһидтен сұрау, бір мазһабты ұстану уәжіп болды. Бір мазһабты ұстану, яғни мазһабқа еру сол мазһабта екенін айту арқылы болады. Айтпастан жүрекпен ниет ету арқылы да болады. Мазһабты ұстану – мазһаб имамының сөздерін оқып, үйреніп, орындау деген сөз. Үйренбей, білмей, мен ханафимын, мен шафиимын деумен сол мазһабқа кірген болып саналмайды. Ондай адамдар ұстаздардан сұрап, ілімхал кітаптарынан оқып үйреніп ғибадат ету керек». Куәгерлікті түсіндірген кезде былай жазған: «Мазһабқа мән бермей немесе ыңғайына келгенін істеу үшін мазһаб ауыстырған адамның [және мазһабтарды біріктірген, жеңілдіктерін таңдап жинаған адамдардың] куәгерлігі қабыл болмайды».

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages