|
204) САФИЯ: Абдулмутталибтың қызы, Расулуллаһтың апасы (әкесінің қыз бауыры) еді. Ашәрә-и мубашшарадан Зубәйр бин Аууамның анасы еді. Надандық дәуірінде Әбу Суфянның бауыры Харистың жұбайы еді. Хазреті Хамзаның анасы бір бауыры еді. Мұсылман болды (радиаллаһу та'ала анһа). 14, 408. 205) САФИЯ БИНТИ ХУЯЙ: Яһуди қызы еді. Хайбарда Кәнананың жұбайы болған кезінде хижреттің жетінші жылы тұтқынға алынды. Расулуллаһ оны азат етті. Шын көңілімен иманға келгенде Расулуллаһ онымен некелесті. Ол өте ақылды еді. Елуінші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһа). 69, 242. 206) САФИЯДДИН АРДЕБИЛИ: Ардебил қаласында мешіт имамы еді. 735 [м.1335] жылы қайтыс болды. Баласы Садреддин мен немересі Әли және кейіннен оның ұлы Жүнейд ретімен имам болып, Қарақоюнлы мемлекетінің патшасы мырза Жиһан шах оны шекараның сыртына шығарып жіберді. Ол Дияр Бәкірге барып, Аққоюнлылар патшасы Ұзын Хасанға барып паналады. Ұзын Хасан Әзірбайжанды алғанда қайтадан Ардебилге орналасты. Немересі Исмаил кезінде қамқор болып қорғаған Аққоюнлыларға қарсы шығып, билікті тартып алды. 908 жылы Тебризде «Сафеуи» мемлекетін құрды. 1135 [м.1722] жылы ауғандар Иранды басып алғанға дейін жалғасты. Надир шах 1142 жылы ауғандықтарды қуып шығарып, Үндістанға дейін жаулап алғанымен, 1160 жылы шәһид етілгенде Иранда бейбіт өмір жалғаспады. Рәйдегі Қашар есімді түркімен әулетінің көсемі Мехмед аға 1210 [м.1796] жылы Иранды басып алып, Қашар мемлекетін құрды. 1343 [м.1925] жылы Рыза Шах қанды шабуылмен Пехлеви үкіметін құрды. 1360 [м.1941] жылы қайтыс болды. Орнына отырған баласы Мұхаммед Рыза шах пехлеви Ирандағы сүнни мұсылмандарға құқық пен еркіндік берді. Ханафи мазһабында медреселер ашылды. Бұған шыдай алмаған фанатиктер көсемдері Аятуллаһ Хумайнидің арандатуымен көтеріліс жасады. Иранда көп қан төгілді. Шах Америкаға, кейін Мысырға қашты. 1400 [м.1980] жылы Мысырда қайғысынан өлді. Иранда Шии үкіметі құрылды. Мыңдаған мемлекет қайраткерлері, офицерлер, студенттер қаза тапты. Иракпен соғыс басталды. Соғыс жылдар бойы созылып, өнеркәсіп орталықтары қирады. 207) САФВЕТ ПАША: Есімі Мұхаммед Әсад. Екінші Абдулхамид хан заманында садри азам (премьер-министр) еді. 1230 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1301 [м.1884] жылы қайтыс болды. Сұлтан Махмұд кесенесінің бақшасында жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). 89. 208) САХИБ БИН ИБАД: Исмаил бин Әбилхасан Талқани – Буя әулетінен Муәйяддин, кейін бауыры Фахрудәуләнің уәзірі еді. Мемлекеттің басқармасы оның қолында еді. Ол өте жомарт еді. Ғалымдармен, ақындармен көрісуді жақсы көретін. 326 жылы Казвиннің Талқан ауылында дүниеге келіп, 385 [м.995] жылы Рәйде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Исфеханға жерленді. Мемлекет басшысы оның табытының алдында жүрді. Ол көп кітап жазған. 91. 209) САИД БИН ЗӘЙД: Асхаби кирамның ұлыларынан еді. Ашәрә-и мубашшарадан еді. Омар-ул Фаруқтың (радиаллаһу анһума) көкесінің ұлы. Әрі оның қайын ағасы және жездесі еді. Яғни хазреті Омардың қарындасы Фатиманың (радиаллаһу анһа) күйеуі болған. Жұбайымен бірге Хабешистанға хижрет еткен болатын. Хазреті Талхамен бірге Шам жолында қызметте болғандықтан Бәдір соғысына қатыса алмаған болатын. Басқа соғыстардың барлығына қатысты. Йәрмук соғысына және Шамды жаулап алуға қатысты. Елу бірінші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 100, 121, 166, 379, 380. 210) СӘҺЛ БИН ХАНИФ ӘУСИ: Ансар сахабалардан. Бүкіл соғыстарға қатысты. Ухуд соғысында Расулуллаһтың қасынан айрылмады. Еш кері шегінбеді. Хазреті Әлиге ең алғаш биат еткендерден (бағынғандардан). Хазреті Әли Басраға бара жатқанда оны Мәдинада өз орнына уәкіл етіп қалдырған болатын. Кейіннен Хорасанға әкім қылды. Халық шағымданғандықтан оны қызметінен босатты. Орнына Зияд бин Әбихті тағайындады. Сыффин соғысында хазреті Әлидің қасында еді. Ол отыз сегізінші жылы Куфада қайтыс болады. Жаназа намазын имам Әли (радиаллаһу анһума) оқыды. 113. 211) СӘҺЛ БИН САД: Ансар сахабалардан. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда ол он бес жаста еді. Тоқсан бірінші 91 [м.710] жылы тоқсан бес жаста қайтыс болды. Сахабалардан Мәдинада ең соңғы қайтыс болған кісі. Көп хадис шәриф риуаят етті. 19, 252. 212) СӘЛИМ ЖИҺАНГИР ХАН: Үндістан патшасы Әкбар шахтың ұлы. 977 жылы дүниеге келіп, 1037 [м.1628] жылы қайтыс болды. Лахорда жерленген. Кесенесі өте көркем және әшекейлі. 1015 жылы патша болды. Ағылшындарға Үндістанның сауда орындарын алғаш берген осы кісі. Орнына баласы Шах Жиһан отырды. 150, 152, 389. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |