|
Дәйләми хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әбу Бәкір Сыддық адамдардың ең жақсысы әрі ең үстемі. Тек ол пайғамбар емес» делінген. Тағы Дәйләми хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әбу Бәкірдің есімі аспан халқының арасында Атиқ. Ол жер бетінде де Атиқ» делінген. Әбу Нуайм (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әбу Бәкір – Аллаһу та'аланың оттан азат еткен адамы» делінген. Хадис шәрифте: «Пайғамбарлардан басқа Әбу Бәкірден үстемірек ешкімнің үстіне күн тумады» делінген. Хадис шәрифте: «Ешбір адам маған сұхбатымен және мал-мүлкімен Әбу Бәкірдей пайдалы болмады. Егер Раббымнан басқа дос іздесем, Әбу Бәкірді дос қылатын едім» делінген. Хадис шәрифте: «Үмбетімнен бәрінен бұрын жәннатқа кіретін Әбу Бәкір» делінген. Дәйләми (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әбу Бәкірді жақсы көру және оған шүкір ету (алғыс айту) үмбетімнің барлығына мойнына уәжіп (міндет)» делінген. Хатиб Бағдади (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Қиямет күні адамдардың барлығы есепке тартылады. Тек Әбу Бәкір есепке тартылмайды» делінген. Хадис шәрифте: «Жақсы қасиеттер үш жүз алпыс дана. Аллаһу та'ала қаласа, құлына осы қасиеттердің бірін береді. Сол қасиеті үшін оны жәннатқа кіргізеді» деді, сонда хазреті Әбу Бәкір: «Йа, Расулаллаһ! Сол қасиеттердің бірі менде бар ма?» деп сұрағанында: «Иә, сенде ол қасиеттердің барлығы бар» деп жауаптады. Бір күні «Ей, тәрбиеленген нәпіс!..» аяты соңына дейін оқылды. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ): «Йа, Расулаллаһ! Бұл неткен керемет жағдай!» дегенінде: «Сен өлерде періште саған осылай айтады» деді. Хазреті Әбу Бәкір бір күні сахабалардың біріне ренжіді. Расул алейһиссалам мұны естігенде асхаби кирамды жинап: «Аллаһу та'ала мені сендерге пайғамбар ретінде жіберді, сенбедіңдер. Тек Әбу Бәкір ғана сенді. Маған мал-жанымен көмектесті. Мен үшін досымды ренжітпеңдер!» деді. Сол күннен кейін ешкім хазреті Әбу Бәкірді ренжітетін ештеңе айтпады және істемеді (радиаллаһу та'ала анһ). Хадис шәрифте: «Жәбрейіл алейһиссаламнан хазреті Омардың үстемдіктерін сұрадым. Жәбрейіл маған «Омардың үстемдіктерін Нұх алейһиссаламның пайғамбарлық уақыты шамасында (яғни 950 жыл) айтып берсем де аяқтай алмаймын. Сонымен қатар Омардың бүкіл жақсылықтары Әбу Бәкірдің жақсылықтарының біреуіндей» деп жауаптады» деді. «Бәрінен қатты кімді жақсы көресіз, йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)?» деп сұралғанда: «Айшаны» деп жауаптады. «Ер адамдардан кімді?» деп сұралғанда: «Айшаның әкесін» деп жауап берді. «Одан кейін кімді?» деп сұралғанда: «Омар бин Хаттабты» деді. Бір күні хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды (радиаллаһу та'ала анһума) көрсетіп: «Бұл екеуі пайғамбарлардан басқа жәннаттағы адамдардың ең үстемдері» деді. Бір күні Расулуллаһтың оң жағына Әбу Бәкір, сол жағына Омар (радиаллаһу та'ала анһума) келді. Расулуллаһ мүбәрәк қолдарымен екеуінің қолдарынан ұстап мешітке кірді де, «Қиямет күні үшеуіміз осылай келеміз» деді. Бір күні хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды көргенде Расулуллаһ: «Бұл екеуі менің көзім мен құлағымдай» деді. Бір күні сол екеуіне қарап: «Мені екеуіңмен күшейткен Аллаһу та'алаға шүкір!» деді. Хадис шәрифте екеуіне қарап: «Екеуің келіскен барлық мәселеде мен сендерден айрылмаймын» деді. Дәйләми (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әр пайғамбардың досы бар. Менің досым Әбу Бәкір» делінген. Хадис шәрифте: «Әр пайғамбардың үмбеті арасында ең көп жақсы көретін адамдары бар. Менің таңдағандарым Әбу Бәкір мен Омар» делінген (радиаллаһу та'ала анһума). Хадис шәрифте: «Үмбетімнен «Лә илаһа иллаллаһ» калимасын айтуды талап еткенімдей, Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көруін де талап етемін» деді (радиаллаһу та'ала анһума). Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар берген және Мунауиде жазылған хадис шәрифте: «Әбу Бәкір мен Омарды жақсы көру – иман. Оларға дұшпандық ету – күпірлік» деді. Осы хадис шәрифке сүйеніп ғалымдардың барлығы хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды балағаттау және дұшпандық етудің күпірлік болатынына бір ауыздан келіскен және Аллаһу та'ала шиилерді лағнет етсін деген. Хадис шәрифте: «Әбу Бәкірдің иманы бүкіл адамдардың имандарының жиынтығымен салыстырылса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады» делінген (радиаллаһу та'ала анһ). (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |